ӘӨЖ 683.04

 

 

Аға оқытушы техника және технология магистрі, Пернебаева Р.А. оқытушы техника және технология магистрі, Анарова Г.С.

 

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

КОСТЮМ СӘН ТАРИХЫ

 

Сән (франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.Сән ( modus деген латын сөзі) өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі.

         Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль – (styiosдеген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді.Сонымен қатар стиль сол дәуірдің  мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.Қазіргі кезде кезкелген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іскеқызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады[5].
         Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.

Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық  дәлелдейді.Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық,не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит  дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді. Дегенмен, біле білсек, сәндіксәндену деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған.

         Ер адамдар  пілдердіңмүйізтұмсықтардың ,сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап,мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен– теріден, кейін матадан  тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастағанТемір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды  сәнге айналдырады. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның  қоғамдық  өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді[1].

Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда  1350 жылдары,  Франция мен  Италияның  суретшілері  сәндік іздеп,  гильдиялар мен цехтар ашып,өмірге сән әлемі келген.

ФранцияИталияАнглияИспанияАмерика сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған  мода  1900 жылдары  болашақ  Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргіатағыжержаратын Поль Пуаре  мен Кристиан  Диор да сол 1903-1905  жылдары жарық көрген Ал Коко Шанельдің  кішкентай  қара көйлек ұғымы 1926 жылы пайдаболған. Әрине, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дәуірі басталғалы біраз болды.

Орта ғасырларда  тігу техникасы жетіле түсті. Бұл дәуірдің костюмінде тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайдаболды. Тар иықты, беліжоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын  белдемше, биік бас киім әйелдер костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлер киімі туниканың бұрынғы сипатын сақтап, өте тар болды. Орта ғасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне тән кескін–созылған үшкір пропорцияларКонус сипатты  бас киімі ұзын биік мұнараны еске салады. ХVII ғасырда біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары жоспарланады. Өнерде екі жаңа стиль – Барокко және классицизм туындайды. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар  бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедер мен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған  күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспашамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікті белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді. Дегенмен біле білсек,сәндік, сәндену деген ұғымдарсонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған.Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кеңетіп тігілді.

                             Сәнге байланысты маңызды ұғымдар

1. Костюм өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз  кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа  рококо (франц. Раковина таңғажайып  түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко  стиліндегі  киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады,тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды. Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.

Түзу силуэті өзінің ерекшелігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау.

Трапеция силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді[2].

Үшбұрыш силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. Сопақ және Жартышар силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш. Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлшектің өлшеміне байланысты алынады.Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа;үсті мен төменгі жағы бірдей.Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін  тигізеді. Қазіргі заман  жеткіншектерінің  киім үлгілері, көңіл– спорттық, фольклорлық еркін стильде  болуымен сипатталады.

2. Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін  геометриялық фигуралардың  (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуэттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.

3. Пішім –бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).

4. Пропорция –көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы.

Костюм (франц. сostume – «киім – кешек») – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, сословияның тұрақты киім үлгісі. Костюм әр дәуірдің эстетикалық идеалын көрсетеді.Костюм (франц. Costume – киім - кешек) – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі. Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.

Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. «раковина» таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады.тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды. Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.

           Костюм -тарихы қалыптасқан және әрдайым  дамып тұратын , адам денесіне киілетін , өзара келісілген  бұйымдар жиынтығы (киім, аяқ-киім , бас киім,қолғап және т.б)және оларға ілесетін қосымшалар (сөмке,қолшатыр және т.б ) сонымен  қатар адамның сыртқы бейнесін  құрайтын сәнді шаш, бет бояуы. Киімдердің қызметі негізінен  адамның дене құрылысына климаттық ортаның қолайсыз әсерінен (суық,жел,жаңбыр,күн радиациясы т.б) механикалық   зияндылықтардан зақымдану  және  өндірістің   қолайсыз әсерінен  қорғауға (кірлен, жуу, суық  т.б ) арналған  болып  табылады.

          Физико-гигиеналық  қызметі  киім дененің тыныштық  қалпында  және қимыл - қозғалыста ыңғайлығын қамтамасыз етеді.

          Ақпараттық қызметі- адам және оның киім туралы мәліметтерді  береді( мамандығы  , көзқарасы  ,  мәдениеттілігі  және  т.б).

Эстетикалық қызметі -адамның  киген  киімін   бір біріне   сәйкестігімен бұйым композициясының жетілдігімен оның өңдеусапалығымен  анықталады[1].

. Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильных изделий. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. – 260 с.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильных изделий. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. – 260 с.

2. Плаксина Э. Б., Михайловская Л. А., История костюма. Стили и направления, Академия,  2008 г., 340 страниц