ӘӨЖ 683.05

 

Аға оқытушы техника және технология магистрі, Пернебаева Р.А. оқытушы техника және технология магистрі, Анарова Г.С.

 

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

ІРІ ЖАНУАРЛАРДЫҢ МҮСІНДІК ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТҰЛЫБЫН ЖАСАУ

 

Мүсіндік жолмен тұлып жасау тоқтай темір каркастармен жасауда арнайы жұмыс станогы қосымша керек. Өйткені, жұмыс  күрделі әрі салмақ ауыр болады. Сондықтан да, қосымша тіреуіш көтергіш ілмек сияқты  құралдар керек. Бұл жағдай жұмыс аяқталғанға дейін  пайдалауымыз мүмкін. Бұл көбінесе ірі аң-жануарларға арналған амал №1  сурет бойынша А-көрініс. Аяқ сүйектерін темір арматураға бекіту тәсілдері. Арматура төмеңгі жағы болттық гайкамен қысып бекіту. Б-суреттерде бас қаңқанып армаураға каркасқа бекіту. В-суретте мүйізі ірі бассүйегі ауыр жануарларды штативке іліп орнату жасау амалы. Жануарлар мұсінін жасауда негізгі  тқраққа денені салмақты көтеріп тұратын тіреуіш материалын орнатамыз. Ол Г- суретте және  сонымен қатар тақтайшаға майда каркастар орнатылады. Г- 2-сурет қосымша майда каркастың қызметі жапсырылмайтын арнайы лай соған бекітіледі. Мүсіндік лайды аздан ұрып жапсырмалап отырамыз. Пішін қалыңдаған сайын басқа бөлік аймағын жабыстырамыз. Пішін сурет кейіпіне келе  бастағанда арнайы қасықшасымен сылап анатомиялық бұлшықет рельефін пішінін шығарамыз. Кейбір жерін ағаш болғанымен ұрғылап тегістейміз. Артық лайдың массасын пышақпен кесіп тастап отырамыз.

Осы суреттеме жалғасы жұмыстың келесі кезеңін анықтап көрсетеді. Ж суреті. Алдыңғы аяқты орнатудың кезегін соңына қарай қалдыруға да болады. Өйткені, тігісте, теріні жинауды ыңғайсыз жағдай жасауы мүмкін. Сонымен қатар алдыңғы аяқ бұлшықеттері өте аз. Тіреуіш каркас бүкіл салмақты ұстап тұр. Сондықтан да алдыңғы аяқ бос бекітіледі. Алғашқы сурет контурмен жасаңды бейнені жиі тексеріп тұру амалы №1 суретте жалғасады.

Жапсырмалап жасалып біткен мүсін тұлғамыздың сыртқы пішімін тексеріп отыру үшін бастапқы сурет эскиздің контуры бойынша кіші лекал суретін ойып алып, жұмыс барысында жиі пропорциясын тексеріп отырамыз. Мысалға №2 з суретте көрсетілгендей. Бұл әдіс мүсіншілер жиі қолданады.  Бұғының жасалып біткен дене мүсінін алдыңғы теріні кигізу амалымен жұмыс жалғасады. Дегенімен, ірі  жануар марал немесе бұлан сияқты жануарлар мүсіні ауыр болып кеткендіктен оған керісінше папиемаше тәсілін қолданамыз. Мысалығыа; №2 и суреттеме бойынша үздік сызықпен мүшелерін белгілеп алып, сол мүсін үстіне газет қағаздарды әзірленген клейстер немесе ПВА клеймен жапсырмалап мүшелер бетіне  ылғал күйіне  жазып, қысып, иіп пішін жасаймыз. Белгілі қалыңдықты жасап болған жағдайда келтіру жұмысын жүргіземіз. Қағаз толық кепкен кезінде бастапқы пішім сызықшасы бойынша кесіп аламыз. Алғаш екі жақ денесі оң сол жағы үшінші артқы, төртінші төсі, кеуде, қолтығының бөлігі. 5-екі бөліктен тұратын қарын бөлігінің пішінін жасап алу. Әзірленген картон папиемаше пішіндерін жинау және құрастыру кезінде тақтайша лекалды, арматураларды ішінен конструктивті бір-біріне бекітіп каркасты жасап аламыз. Жұмыс жалғасудағы кезеңіне келер болсақ. Жасалған каркас бойына картон лекаламызды жинастырамыз. Бір-бірімен дұрыс бекіту жұмысы өте ұқыпты орындалуы керек [1].   Бекіту кезеңінде тақтайға негізгі пішін төбесіне жотасына шегеленеді. Қалған бөліктері бір-біріне біріктіріп сыртынан және ішінен клейленеді. Кей жағдайда биндтті клей жағып, ылғалдап жабыстырамыз. Аяқ мойын бөліктерін ылғалды биндпен орауға болатыныдығын айта кетуге болады.

Жасалған картон папиемаше манекені пішіні жеңіл болады. Бұл әдістеме әчсіресе ірі аң-жануарларға арналады. Марал, бұлан т.б. қолданады. Дегенімен, гипстен, саздан жасалған өте ірі аң-жануарлар денесі ауыр болып қалады. Бқл амал тәсіл түрін М.А. Зайловский өзінің кітабында 1960-1970 жж аралығында зерттеген.

Ал, тап қазір менің жеке әдістемемде тәжірибемде ірі жануар каркасын темір арматурадан жасап алып, дене пішіміне «Пенабалон» арқылы бұлшықет орындарын құйып, кептіріп соңынан лезвия пышақпен артығыны кесіп тастап отырамыз. Мулляж пішін мүсінін жасап алып соңынан ПВА клейін жағып аламыз.

Дегенімен, пенопласт жұмсқ әрі сыңғыш болады. ПВА обой клейі біршама сыртын қатырып қояды. Ал, көзіне орг стекло немесе баклажка мөлдір капронынан қыздырып керегінше дөніс темір материалмен ішке иіп жасаймыз. Көлемді  дөңес пішімнің сырты көз алмасына ұқсас болып тұрады. Осы тәсілде мұражайда манекен адамдардың көздерінде жасайды. Ал, кірпік арнайы жасаңды кірпік жабыстырылады. Жалпы бет, мұрын және т.б. мүшелеріне арнайы материал (воск) балауызбен жасалады.[2]. 

 

 

Сурет-1. Бұлан тұлыбын жасау тәсілдері.

А-Дене каркасының лекалы;

Б-Дене пішіміне теріні кигізу әдісі;

В-Тұраққа бекітілетін тәсілдері.

 

 

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет -2. Бұлан тұлыбын жасаудағы қосалқы жұмыстары

 

А-Б-Мұрын кеңсіресін тығынмен ашу тәсілдері;

В-Г-Мұрын кеңсіресін шегелермен бекіту арқылы ашу;

Д-Бұланның таксидермиялық жалпы көрінісі.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.    Кузнецов Н.В., Плавильщиков Н.Н. Изготовление биогрупп и диорам для музейной экспозиции природы. М., 1953

2.    Симбирцева З.С. Изготовление художественных муляжей и плодов, Л., 1974