ӘӨЖ 683.04

 

 

Аға оқытушы техника және технология магистрі, Пернебаева Р.А. оқытушы техника және технология магистрі, Анарова Г.С.

 

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

ТҰЛЫП ЖАСАУДАҒЫ ҚҰСТАРДЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚҰРАСТЫРУ (МОНТАЖ)

 

Жоғарыда көрстелген профилактикадан кейін құрастыру жұмысы жалғасады. Әрбір жасалынатын жануар-құстың массасына байланысты, ағаштан тақтайшадан дене пішінінің лекалын жасау. Көбінесе (Бүркіт, қаз, бірқазан) т.б.  сияқты көптеген ірі құстарға жасалынады. Тақтайша лекал сол жасалатын құстың дене еті тушасы бойынан бірдей сызып, көшіріліп, оны кесіп алады. Кесіп алынған ағаш лекал каркастың негзі бөлігі ал қалған мүшелерін түрлі сым темірлерден жасап соған бекітеміз. Бұны (каркас) деп атаймыз. Техникалық суреттемелерде көрсетілгендей олардың әрбір мүшелерін мақта, лента, шүберек, арқылы орап нығыздап алғашқы алынған етін бейне пішінін жасаймыз. Аяқтарының  санды бөліктеріне алдын ала орауға, немесе кейін орауға да болады. Ал, мойын массасы денесімен бірге алғашқы кезеңде орындалады. Өйткені, бас бөліктен бастап кигізуді орнатуды бастаймыз. Ал, қанат бөлігіне келер болсақ, жоғарғы жілік еттерінің орындарына кесілген тесік арқылы каркас бойымен жұмсақ мығымдау жүргізіледі. Жұмсақ мығымдау деп, мақтамен сол жасалатын дене пішінін немесе құралдар арқылы тығыздап орындауды айтамыз.

Құстардың дене мүшелерін жеке-жеке құрастыру (монтаждау) денесімен бірге мойын, қанат, аяқ сирақтарымен қоса, құйрықты ұстап, тіреп тұратын каркас сымдар сәл болса да артығымен ұзындау болу керек. Бас қаңқасын мойын бөлікпен бірге бекітіп, сымның ұшын қайырып алып бас сүйектегі тесік қуысқа сұғып бекітеміз. Темір каркас ұшы барынша кіріп тірелуі тиісті. Бұл монтаж кезеңіндегі алғашқы операция болып табылады. Кезекті жұмыс теріге бас бөлігіне келесі мойын массасына айландырып кигізу жалғасады. Тері ашылған кең жерінен денесімен бірге оң қанатын және сол қанатының сымын каркасын кигіземіз. Келесі монтажда құйрық сымын жоғары иіп, құйрықтың астыңғы жағынан тесіп шығарамыз. Құйрық каркасы құйрықтың әртүрлі жағдайда келтіруіне және ұстап тұруына керекті. Құйрықтың каркас сым темір болып табылады. Басқа сымға қарағанда жіңішке болуы керек. Ол әр көрер көзге қатты көрінбеуі тиісті.

Бұл жағдайда тұлып жасау алдында арнайы жасалған көздердің монтажды жүреді. Көздердің жалпы каркасын жасау кезінде алдын ала әзірлеп қоямыз. Ал, соңына қарай құстың қимыл динамикасын жасау кезінде көз моншағын орналастырамыз. Кейбір ірі құс клеймен, порафинмен пластилинмен бекітіп аламыз. Мысалы; ірі құстар: (страус, пингвин, бірқазан) т.б. жатады.

Ал, майда ұсақ құстарды да лекал жасауға болады. Өйткені, тері жұқа шеміршектер нәзік болғандықтан кебу кезінде қатты қысылмай тырыспайды. Тікелей әзірленген сым каркасқа лайықты пішінді бинтпен мақтамен орап жасай береміз. Жіңішке қуыстарға пинцетпен мақтамен нығыздаймыз. Кейбір суреттерде бетін сызып тастаған жағдайдағы көрініс дұрыс емес деген белгі болып табылады. Жоғарыдағы ірі құстар сияқты құрастыру монтажын жасау. Тек сымның жіңішкелігі мақта басқа материалдың массасы өзгереді. Сым темір каркасы жілік өлшемімен және пішініне лайықтап әртүрлі градустарда майыстырып аламыз. Осы майда құстардың тұлыбын жасау кезіндегі жағдайлардың бір көрінісі жұмсақ шығымдау.  А). Негізгі дене бойындағы сым каркасы. Б). Қанат және аяқ каркасы. В)-денесімен жұмсақ шығымдай, (мақта және пакля). Г)-қанат аяқ мүшелерін негізге бекіту.  Д)-жіңішке қатты сымды сирақ жілігінен өткізіп алу. Құрастырудың соңына қарай каркас артық сым темірлерді  (бокараезбен) кесіп аламыз. Каркас жасауда әртүрлі сымдарды пайдаланмыз өйткені, корпустың салмағын ұстайтын аяқ сирақ арқылы кететін каркас сым қаттырақ болу керек. [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет -1. Құстың тұлыбын жасау тәсілі

 

А-Құстың денесінен етін бөліп алу; Б-Құстың дене ет пішімі; В-Темір каркасы; Г-Темір каркасқа дене пішімін жасау; Д-Теріге пішімді кигізу; Е-Ж-балықтың пішімін жасау тәсілі

 

Аяқты монтаждау кезінде сирақ жілігі арқылы табанына шығарылған сымды, негізгі тұрақ тақтайшаға немесе ағаш бұтасына бекітуге арналады. Техникалық 1-суреттемеде көрсетілген әдістерді қолданамыз. Келесі кезекті жұмыс, бұл құстың монтажы бітті деп санасақ, онда сол құстың түр-түсіне лайықты ине жіппен көрер көзге білдірмей ұқыпты тігіп аламыз. Жұмыс барысындағы қуыршақ тұлып өзінің бейне кейіпіне келе бастағынын көреміз. Дегенмен, жұмыс мұнысымен әлі біткен жоқ. Жасалған тұлып денесін өзінің (пішін фактурасы) бойынша ақырындап қысып сипап теріні дене бітіміне орнықтырамыз. Кеткен жерлерін саусақпен тартып оны келтіреміз. Сонымен бірге қауырсын жүздерін қанаттарын дұрыстаймыз. Тері ылғалды кезінде әртүрлі моневырға икемге келе береді. Ал, тері тым қатты кепкенде бұл жұмыс қиындай түседі.

Ендігі бір кезекте негізгі жұмыс сол құстың немесе аңның жоспардағы композициялық шешіміне қарай икемге келтіру. Диорама ішінде белгілі бір табиғат ландшафтысын бейнелейді. Сол табиғатта аң құс өзінің қандай қимыл жағдайда болуын біз алдын ала жоспарлап, соған лайықты жасалынады. Мысалы; табиғи шынайы көріністе қимыл динамикасы, мінез-құлқы сол жағдайдағы көрінісін икемдеп келтіріп аламыз. Тұлып жасауда қимыл динамика керемет әсер береді. Мысалы; бүркіттің қанаттарын көтеріп басын төмен алып  (гүржиіп) ашулы отырған жағдайы, оның тіршілікте шынай мінез берді. Үлкен көлемдегі және орташа құстардың тұлыбын тұрғызу кезіндегі қимыл динамика өзінің шынайы пішін көрсеті кезіндегі қосымша орындалатын жұмыстардың бір түрлерімен танысу. Қимылда ұшуда әртүрлі жағдайда жасау керек болады. Мысалы; бүркіттің қанат қағу құйрығының жайылуын тері жұмсақ кезді пайдаланып иіп керіп сол жағдайды жасап аламызда, қағаз картон пластинасымен және жіңішке сымдармен  (бондаж) жасап керекті жерлеріне бекітеміз. (Бандаж) деп сыртын уақытша берілетін көмекші материал. Бұл картон, пластик, қауырсын қанаттарын тегіс жатқызып, дұрыс қойып қайырылмай кебуіне жағдай жасайтын айла тәсілдің бірі. Мұнда жұқа пластиктер картон және сым темірлерді пайдаланымыз. Жасалған тұлыпты желде ыстық далада кептіруге болмайды. Тері тым қатты кебетін кездері тырысып, қауырсындар көтеріліп, бұралып кетуі мүмкін. Сондықтан да, оларды бір қалыпта бөлме температурасында кептіреміз. Мысалы; қанат қауырсындарды  (бандаж) тегіс қоюдың әдістемесі [1].

А-мақтамен жұқалап танып орау;

Б-қатты қағазбен бондаж жасау;

В-қанат құйрығын қағазбен бондаж жасау;

Г-қанат астынан сымнан жасаған тіреуіштер;

Д-Құр, шіл сияқты ірі құстардың құйрығын керу

Бұл бандаж каркас жұмысы соңында істеленітен жұмыс. Бірақ, бұл 10-15 күннен кейін алып тастаймыз. Темірдегі қауырсындар дұрыс тегіс жатады.

Айта кетер жағдайда тұлыпты келтірер алдында тұрған күйінде тұрақты немес ағашқа, бұтаға, түрлі техникада бекітуге болады. Ұсақ және орта төрт аяқты аң-жануарлардың тұлыбын жасау

Орта және ұсақ жануар аңдардың тұлыбын жасау әдістері ұсынылады. Ұсақ аңдар қосаяқ, тиін, т.б. қоянға дейін әрі қарай орта аң түлкі, борсық елікке дейін орта болып саналады. Ұсақ орта аң жасауда монтажында құстардыкіне ұқсасытық бар. Дегнімен аң жануарларда алдыңғы және артқы төрт аяғы бар. Сонымен қатар, бассүйегі құйрықтары артық ерекшелігімен бөлінеді. Мұндағы ұқсас жұмыстар, теріні еттен сыдырып алу және теріге концервация жасау жұмыс. Сонымен қатар терідег майда сіңірді және шеміршектерді тазалау. Өте ұқсас болып келеді. Жоғарыдағы алғашқы айтылған әдістер бойынша орындаймыз. Дегенімен, аң жануарлар, балық, су жыландары құстардың қасында ерекше күрделі болады. Өйткені, дене бітімі анатомиясы артық мүшелерінің көптігі. Бастапқы кезеңдегі алғашқы жұмыс кезеңдерді еске түсіреміз.  Аң-жануарлардың дене пішімінің өлшемін аламыз. Біріншіден лекалын аңның контурын сызып алып өлшемдерін өлшеу және ұзындығын, енін, алдыңғы бойын, артқы енін өлшемін алып суретке белгілеп қоямыз.

Келесі жұмыс сою теріні еттен ажырату. Әсіресе, майда аңдардың ішінде мысалғы ақ тиінді алар болсақ, терісінідегі шеміршектер аз жұқа болғандықтан көп қырудың тазалаудың қажеті жоқ. Бірақ, майлы су жерлерін құрғату керек. Майлы жерге крахмал немесе гипс ұнтағын жиі жағып артынан қырып тастаймыз. Тиінді союда бас бөлігін алып оның орнына ағаштан немес қатты пенапластан ойып жасауға болады. Көздің тұсына белгіленген жерден орын қалдырамыз. Барлық жұмыс соңына қарай көзді орнатамыз.

Теріні шеміршектен тазалау кезеңінде құлақ табан тырнақтарымен және құйрығы терімен бірге қалады. Құйрықтағы омыртқаларды біраз тіліп, аршып, суырып алып тастау керек. Соңынан консервация жасау жұмысы жалғасады. 5-10 % формалин ерітіндісін тұзбен араластыра жағамыз. Тері каркас жасағанға дейін 5-6 сағатқа дейін тұрады. Тұзбен формалин терінің жүннің бір-бірінен ажырмауынан үлкен септігін тигізеді. Әртүрлі бактерияларын, құрттарын қырып тазалайды. Жұмыс міндетті түрде салқын лабараториялық бөлмеде жасалу керек. Жасалынатын ақ тиіннің басын және денесін үлгі кезекті жұмыс болып табылады.

Басын және дене бітімінің моделін жасауға арнайы материалдар; сым темір, пенопласт мақта, бинт, жіп сияқты заттарды әзірлеп алу каркас қаңқасын лекал өлшеммен немесе сол сылынған денесімен бағыттап құрастырамыз. Бассүйекті қатты пенопласт бетіне қойып контурын сызып, қаңқасына қарай отырып пішінін жасаймыз. Жасалған бас пішінін мойын бөлік каркасына бекітеміз. Тиіннің модельдеу және монтаждау жұмысы.

Көрсетілген 1 жасанды пенопласттың басы. 2. Шынайы бас қаңқасы еттен сылынып тазалаймыз. Бастағы бұлшық еттер орнына (порафин, воск) жабыстырылып моделін жасау. Көрсетілген екі амалға да бірдей  көз моншағы орнатылады. Көз алмасын клей немесе пластилинмен ұстатамыз. Шынай қаңқада тиіннің суыр, бобра т.б. күрек тістер өз орнында ерекше болып тұрады. Келесі жалғасатын жұмыс аяқтарының монтажы, дене мүшесіне жұмсақ шығымидау. Әрбір кезекті орындалатын бөлімдер бойынша жүргіземіз. [2].

А-көз тесігі арқылы қосымша бұлшық ет көз алмасының  орнын толтыру;

Б-Алдыңғы аяқтарына каркас орнату;

В-Жіппен, паклямен, аяқ моделін жасау;

Г-Мойын, иық, бел құрылысы

Д-Е Жотасы және ішіне шығымдау.

А-құйрық етек жеңін орнату;

Б-артқы аяқ монтажын құйрықрпен біріктіру;

Г-белгіленген жоспардағы жағдайы.

Д-тұраққа орналастыру.

131011175711

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-2. Жыртқыш құстар тұлыбының көрінісі

 

Осы көрсетілген техникалық суреттедегідей тиынның орындалу амалына шамалы ұқсас, дегенімен өзгеретін әдіс тәсілдері. №2 суретте қаттырақ манекендегі монтаж түрін ұсынамыз.

А-дене манекенді орнату;

Б-паклямен мойыннан басқа қарай орау;

В-басты денеге бекіту;

Г-алдыңғы аяқтарын орнату бекіту;

ДЕ-құйрықты корпусқа бекітіп және тігу;

Ж-Тұлыптың біткен жағдайы

 

Қолданлыған әдебиеттер тізімі

 

1.  Заславский М.А. Изготовление чучел птиц, скелетов и музейных препаратов: Таксидермия птиц. М: Л., 1966.

2.     Воробьева К.Е. Руководство по набивке чучел крупных мелкопитающих. Л., 1932