Экология магистрі Шамшеденова С.С.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қоршаған ортаға атмосфералық атмосфералық ауаның экологиялық әсері

 

         Атырау қаласында орналасқан ірі өндірістік орындар қала атмосфералық ауасының жай-күйін жасайды. Сонымен бірге, қазіргі кезде газ өндіру және табиғи газбен қамту өркендеуі қала тұрғындары үшін тұрмыс тіршілігіне қажеттілігінің мөлшері жылдан жылға артуда. Бірақ, бұлардың барлығы тұрғылықты аймақ ауасына кері әсерін тигізіп адамдардың денсаулығына ықпал етеді.

        Газды тасымалдау, газ құбырларын монтаждау кезінде қоршаған ортаға тигізер әсеріде болатындығы байқалған. Қазіргі кезде газбен қамту кәсіпорынның шығарындыларының қоршаған ортаға әсерін, экология тұрғыдан көп мән берілмей тасада қалуда. Өнеркәсіп объектілерінен шығарылатын шығарындылардың атмосфераны  ластап жатқаны ескерілмей, көбіне - көп үлкен мұнай және газ өндіретін өнеркәсіп шығарындыларына мән беріліп, «Атырау Трансгаз» кәсіпорны секілді өндіріс орындары қоршаған ортаны ластаудағы үлесі назардан тыс қалуда.

        Қоршаған табиғи ортаның қазіргі жағдайын ескере отырып, Атырау қаласы тұрғылықты аймақтарының ауасының жай-күйін зерттеу және улы шығарындылардың шығу нәтжесінде табиғаттың құрамдас бөліктерінің өзгеруін болдырмайтын шараларды анықтау.

        Барлық техникалық шешімдер ҚР стандарттары мен нормалары ережелеріне сәйкес жасақталған.

         Сондықтан, дәл сол шеңбер аясында қоршаған ортаға әсерін бағалау жасалған және құрамы келесі этаптардан тұрады:

      - Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына атмосфералық ауа, гидросфера, литосфера, флора мен фаунасының сипаттамасы және оларға антропогендік ықпалдың әсерін көрсету;

      - Құрылыс аймағында табиғи – кеңістік ұйымдастыру жұмыстарының талдауы, түрлерді нақтылау және қоршаған ортаға әсердің интенсивтілігі мен әсер ету көздерінің кеңістіктік таралуын көрсету мақсатында.

      - Мүмкін қауіпті жағдайлардың талдауы және олардың алдын-алу шаралары;

- Жоспарланған құрылыс бойынша қоршаған ортаның өзгеруінің болжамы және бағалауы.

- Қоршаған ортаға және адамға антропогендік әсерді төмендету мақсатындағы табиғат қорғау нұсқаулары.

          Қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін болдырмау үшін қоршаған ортаны қорғау шаралары мен шығарынды газдардың мөлшерін азайту үшін арнайы қондырғылар ұсыну осы жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Сурет 1– Кәсіпорындардан таралатын зиянды шығарындылары көрсетілген:

Күкірт қос тотығы

 

Көмір электростанция лары

 

Транспорт двигательдері

 

Екінші ретті ластау-шылар

 

 

Қалдықтарды жағатын пештер

 

Азот оксиді(II)

 

Көмірсутектер

 

Улағыш  газ

 

 

Жүзгіндер

 

Азот оксиді

 

 Сурет 1– Кәсіпорындардан таралатын зиянды шығарындылар

      Тұрғылықты аймақтарының ауасының экологиялық жағдайын жақсарту үшін табиғат  қорғау шараларынның кешенін тиімді іске асыру тиіс. Апаттарды  болдырмау, адамдар денсаулығын сақтауда,  қорғауда басты принцип болып және қоршаған ортаның ластануымен күрес шараларын күшейтуге бағытталуы керек.

     Қоршаған ортаға әсерін бағалау бөлімі беткі және  жер асты суларының, ауа экожүйелердің әр түрлі өнеркәсіптердің қызметтерінің әсерінен жағдайының өзгерісіне жауап береді. Осы қоршаған ортаға әсерін бағалауын жасау негізінде барлық ынталы жақтар жоспарланған іс-әрекеттердің зардаптарын түсінуге ұмтылады. Қоршаған ортаға әсерін бағалау обьектідегі жұмыстарға байланысты мәселелерді шешеді, жоспарланған операциялардың әрқайсысының қоршаған ортанының жағдайына потенциальды әсері және осы әсердің салдарын жою және алдын-алудың потенциальды шараларын белгілейді.

Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз - бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайының 50-52 пайызы - өмір сүру салтына, 20-25 пайызы - тұқым қуалау факторларына, 18-20 пайызы - қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы  заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда xenos - бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физика-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.

Зиянды заттардың 2014 жыл 3 кварталында орташа мөлшері: азот диоксиді бойынша-0,045 мг/м3, күкірт диоксиді- 0,022 мг/м3, күкіртсутек -0 мг/м3. Мәліметтерден көрініп тұрғандай негізгі зиянды заттар бойынша ауадағы мөлшерлер шекті рауалды мөлшерлер шамасынан аспаған. Жалпы, 2014 жылғы мәліметтері бойынша Атырау қаласы тұрғылықты аймақтарында жоғары ластану деңгейі тіркелген жоқ.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Степановских А.С., Охрана окружающей среды. -М, 2001. 559с. 

2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау.А.,2003.

  3.  СанПиН 2.1.4.559-96. Питьевая вода. Гигиенические требования к качеству воды   централизованных систем питьевого водоснабжения. Контроль качества.

  4.  ГОСТ 17.2.3.01-86.  Охрана природы. Атмосфера. Правила контроля качества   воздуха населенных пунктов.

  5.  Журнал «Экология производства».// 2006 г., № 5.