Э.ғ.к. Бекетова Қ.Н.,
Магистрант Базыл А.Е.
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
Мемлекеттік
басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет және оның
қалыптасу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару
жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы
Жарлығында Н.Ә. Назарбаев жүйені реформалаудың негізгі
қағидаттарын белгілеп берді. Мемлекеттік органдар
құрылымын жетілдіру барысында Үкімет кейбір аралық буындарды
алып тастау арқылы биліктің барлық деңгейіндегі
лауазымдық сатыларды қысқартуы тиіс. Басқару шешімдерін
қабылдаған кезде мемлекеттік органдар жұмысының
кешенділігі қамтамасыз етілгені жөн. Мемлекет басшысы Парламентте
сөйлеген Әкімшілік реформа мәселелеріне қатысты
сөзінде: «Мемлекеттік басқаруды жаңарту, саяси реформаларды
жүргізу біздің қоғамымыздың топтасуына,
Қазақстанның әлемдік қауымдастық
алдындағы беделі мен абыройын өсіре түсуге
жәрдемдесетіні сөзсіз» деген болатын. Елбасының осы
айтқаны мемлекеттік қызметшілердің саяси беделінің
артуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік органдардың
өкілеттілігін орындаудың кәсіби қызметішісі ретінде
мемлекеттік қызметті қарастыра отырып, оның
құрамындағы екі компоненттің болуын бөліп
көрсетуге болады – мемлекеттік қызмет персоналының
өзіндік кәсіби қызметі және мемлекеттік
қызметкерлердің кәсіби дамуын ішкі
ұйымдастырушылықпен басқару. Бұл компоненттер
бір-бірімен тығыз байланысты, себебі мемлекеттік қызмет тиімділігі
персонал сапасына байланысты сәйкес олардың басқаруынан да
тәуелді. Әсіресе бұл мемлекеттік қызмет жүйесіндегі
кадр саясатын жүзеге асыруда және дайындауда есепке алу
маңызды, өйткені мемлекеттік қызметкерлердің
кәсіби дамуы оның элементтерінің бірі ретінде
анықталады.
Мемлекеттік қызмет
мемлекеттік құрылымының қажетті және
маңызды элементі болып табылады. Ол мемлекет пен қоғам
арасындағы байланыстырушы звено ролін атқарады.
Кәсіби қызметшілер
институтының қалыптасуын Егеменді Қазақстанның
саяси жүйесінің стратегиялық реформалауының
мақсаты ретінде қарастыруымыз қажет. Бұл мақсат
ең алғаш Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың қол қоюымен «Мемлекеттік қызмет
туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсанда №2730
заңдық күші бар Жарлығында нормативті бекітілуге ие
болды. Бұл нормативтік құжат ең алғаш мемлекеттік
қызметті кәсіби іс-әрекеттік ерекше саласы ретінде тапты.Мемлекеттік
қызметті институционалды рәсімделуінің жаңашылдығы
болып, біріншіден,мемлекеттік қызметшілердің заңмен
бекітілген ерекше мәртебесі мен олардың
құқықтық ережесі; екіншіден,мемлекеттік қызметші лауазымыныңжіктелуін
ендіру және мемлекетік қызмет институты жүйесіндегі
олардың градациясы; үшіншіден, партиялық және
кеңестік жолын ұстаушылық қағидаларын
демократизмнің мемлекеттік қызметке қолжетімділік,
алқалық пен дара басшылық; мемлекеттік қызметшіге
қойылатын талаптардың біртұтастығы сияқты
қағидалары ауыстырды [1].
Олар, Қазақстан
Республикасында мемлекеттік қызмет институтын ұйымдастырудың
жалпы концепциясының құқықтық бекітілуі
болған, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды жасау мен қабылдау
процесінде анықтаушы факторлар болды.
Мемлекеттік қызмет
туралы қазіргі заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа
үлгісіне негіз қалады. 1998 жылғы 18 қыркүйекте
мемлекет басшысының шешімімен мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттік және оның аумақтық органдары
құрылды, сондай-ақ Президенттің жанындағы мемлекеттік
басқару академиясы құрылды.
Мемлекеттік қызмет
кең мағынасында мемлекеттік органдардағы,
кәсіпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы кез-келген
қызметкердің қызметін білдіреді. Өйткені, ол
тұтасымен мемлекеттік міндетті шешуге, оның функцияларын
атқаруға бағытталған. Алайда,
әкімшілік-құқықтық мағынада
мемлекеттік қызметті тікелей материалдық
құндылықтар жасаушы жұмысшының функциясынан айыра
білу керек. Тар мағынасында – бұл қызметшілердің
өз міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.
Осылайша, олардың
бірінші кезектегі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметті
ұсынудың халықаралық, сервистік тәртібіне
көшу. Қатаң бәсекелестік жағдайында үнемі
өз қызметтерінің сапасын арттыратын жеке меншік секторлардан
мемлекеттік органдардың айырмашылығы - өздерінің
даралығынан бұл мәселелерге аз көңіл
бөлінді.
Мемлекеттік
қызметтің жұмыс істейтін құрылымын талдау
оның өзгешелігін анықтауға мүмкіндік береді,
оларға жанама және тікелей бойынша биліктің бөліну
қағидасынан туындайтын, мемлекеттік қызмет
жүйесінің дифференциациясы; қызметкерлік қатынастарды
реттеу мен зорлық пен заңсыз жұмыстан шығаруға
жол бермейтін мемлекеттік қызмет жүйесіндегі
тұрақтылық; лауазымдар, дәрежелер, атақ,
мамандық дәрежелер мен талаптар біртұтас номенклатурасын
болжайтын, мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар бірлігі;
құқық пен заңдылықтың,
кәсібилік, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен
жауапкершілігінің үстемдігі жатады.[2]
Мемлекеттік
қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында
белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттері үлгі
біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік
органдардың басшылары бекітетін қызметтік
нұсқаулықтарда көрсетіледі (Сурет 1).


Ескерту - [2] әдебиет
негізінде құрастырылған.
Сурет 1 -
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік
нұсқаулары
Мемлекеттік орган
қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында
оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған
уәкілеттік берген лауазымды тұлғалары сөйлейді.
Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметінің беделіне
нұқсан келтірмей, пікір-таласты әдепті түрде
жүргізуі тиіс.
Мемлекеттік қызметті
зерттеудегі теориялық негіздерін талдау мемлекеттік қызмет
көп аспектілікпен сипатталатын, күрделі көпфункционалды
институт болып табылатыны туралы қорытынды жасауға болады:
- саяси аспектіде – мемлекет
пен қоғамдағы саяси консенсустың маңызды факторы
болып табылатын, саяси-билік мақсаттары мен мәселелерге қол
жеткізу бойынша саяси күштерді жасақтаған, мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудағы лауазым, оның тиімділігі мен
қызмет көрсетуіне әлеуметтік-саяси қатынастардың
тұрақтылығы тәуелді;
- әлеуметтік – мемлекет
тапсырысы бойынша, мемлекеттік ұйымдарда қызметтегі
тұлғалардың қоғам үшін пайдалы лауазымды
кәсіби іске асыру;
-
құқықтық – мемлекеттік қызметті өту,
қызметшілердің лауазымын ынталандыру, олардың жауапкершілігін,
шектеулерін, тыйымдарын реттейтін, құқықтық
нормалар ретіндегі міндеттердің,
құқықтардың және мемлекеттік-қызметкерлік
қатынастардың заңды орнатылған тұжырымы;
- бұқаралық
– бұқаралық-құқықтық ұйым
түрінің бірі әкімшілік ұйым шеңберінде формалды орнатылған
мақсаттар мен ұйымдастырылған адамдар-қызметшілер
біртұтастығынан көрініс табады;
- ұйымдастырушылық
– мемлекеттік аппараттың ұйымдастырушылық және
процессуалды негіздерінің қалыптасуы, лауазым иерархиясының
құрылуы мен құқықтық сипаты, қызметкерлердің
жауапкершілігі, ынталандырылуы, бағалануы сияқты элементтерден
тұратын жүйе;
- арнайы – кез-келген мемлекет
лауазымға конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшінің
мансабын анықтайтын, арнайы кәсіби дайындықтың
кең желісін көздейді;
- этикалық – мемлекеттікқызметшінің
этикалық кодексінің немесе басқаша айтқанда «ар-намыс
кодексі» бар болуын көздейді.[3]
Жалпы, демократиялық,
құқықтық мемлекеттің мемлекеттік
қызметі, өзінің мақсаттары, саяси-билік қатынастар
жүйесіндегі ұйымдастырылу қағидасы мен функцияларымен
бірге, саяси жүйесінің ажырамас элементі болып табылады.
Осылайша, жоғарыда
аталған отандық ғалымдардың еңбектерін және
тараушаны қорытындылай келе, келесідей тұжырым жасауға
болады: мемлекеттік қызмет - динамикалық, дамушы және саяси
және әлеуметтік-құқықтық институт
болып табылады. Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік мекемелер
жүйесін, ең біріншіден, ғылыми теориялық негізделген
жағдайда, өз потенциалын ашатын, қоғам мен мемлекет
арасында белгілі типтегі қатынастарды орнату ретіндеконцептуалды
жағынан қарастыру керек. Қазіргі Қазақстан
мемлекеттік қызмет институтының қалыптасуы концептуалды,
саяси-құқықтық және ұйымдастырушы
сипаттағы бірқатар мәселелерді туындатты. Өткізіліп
жатқан реформалар процесінде, оларды түсіну мен өту
Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуының
кепілі болып табылады.
Литература:
1.«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР
Заңы / Егемен Қазақстан, 2010, қаңтар.
2.«ҚР мемлекеттік қызметшілердің
ар-намыс кодексі туралы» ҚР Президентінің Жарлығы / Егемен
Қазақстан, 2013, мамыр.
3. Есімова Ш.А. Қазақстан
Республикасындағы Мемлекеттік басқару жүйесінің
тиімділігі: теория және тәжірибе. Монография. Астана, 2010, 425б.