Байтугелов О.Б.,
э.ғ.к., доцент
Елдесбаев Г.А.,
магистрант
Аймақтық
әлеуметтік-инновациялық университеті
АУТСОРСИНГТІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖРИБИЕСІ
Шағын және орта
кәсіпкерлік төңірегінде көптеген
мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы
маңыздылығын дәлелдейді.
Статистика агенттігінің
мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл
шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен сауда
саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен,
өндіріс саласының даму қарқыны төмен екені
көрініп отыр. Шағын, орта және ірі
кәсіпорындардың қызмет ету мәселелері жан-жақты
зерттелген шет елдерде өндірістік кәсіпорындардың
үйлесімді қызметін қолдаудың бірқатар тиімді
құрылымдары бар. Соның бірі аутсорсинг.
Мемлекет орындайтын шағын
кәсіпорындарды тарту арқылы
ірі кәсіпорындарға тапсырыстарды орналастыру арқылы
ынталандырады. Себебі өндірісте жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың
көпшілігі ірі кәсіпорындардың тапсырысынсыз тұрақты
жұмыс істей алмайды. Нарықтық экономикадағы
барлық мемлекеттерде әрбір ірі өндірістік компания ондаған,
жүздеген шағын
кәсіпорындармен бірлесіп қызмет етеді.
Шетелдік зерттеулерде әр
бір өндірістік компанияның
500-ге жуық шағын
жабдықтаушылары мен 3000 мыңнан астам түрлі сатушылары
бар [1].
Ірі және шағын
кәсіпкерліктің өзара әсерлесуін белгілеуде ірі
кәсіпорындарға тартымды қылу үшін шағын
кәсіпкерлікке жеңілдіктер
ұсынуды ерекше маңызды роль
атқарады.
Шағын кәсіпорындарда
тапсырыстарды орналастыру арқылы
өндірістік шығындарды азайтуға болады. Отандық
әдебиеттерде аутсорсингтың екі негізгі американдық және
жапондық үлгілер кеңінен қарастырылады.
Аутсорсингның
американдық үлгісін қарастыратын болсақ, бұл
дамыған субконтаркциялық
нарықты талап етіп, тапсырыс берушілер мен орындаушылар санының
көп болуына негізделеді. Тапсырысты орындаудың негізгі
көрсеткіштеріне ұсынылатын
баға жатады. Бұндай жүйе дамыған шағын кәсіпкерлік нысандарымен
тығыз байланыс, орындаушы фирмалардың инновациялық
белсендігі, субконтракторлар үшін лизингтік қатынастардың
қол жетімдігі жағдайында жұмыс істейді [2].
Аутсорсингның
американдық үлгісінде тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қатынас бір реттік сипатта
болып, ұзақ мерзімге есептелмеген. Орындаушылар
ұсынысының көп болуы тапсырыс беруші үшін ең
ұтымды орындаушыны таңдауға мүмкіндік беріп отыр.
Автомобиль құрылысындағы ірі кәсіпорындар 2-2,5
мың субконтракторлерді иеленеді. Chrysler, Ford, General Motors
компанияларында жинақтаушы
бөлшектердің 1/3
бөлігінен көбі өз бетінше дайындалады.
Қалған жинақтаушы
бөлшектерді субконтракторлік тапсырыс шеңберінде жеткізіледі.
Аутсорсингның
американдық үлгісінің дамуына тек қана либералды экономикалық саясат қана
әсер еткен жоқ, сонымен бірге
қорғаныс секторына
мемлекеттік тапсырыс
жүйесінің орналастырылуы да
әсер етті.
Жапондық үлгіде
субконтрактор кәсіпорындарды өндірістік
қуаты мен технологиялық деңгейіне байланысты бөледі.
Жапонияда көп деңгейлі аутсорсингтік
жүйе қалыптасқан. Контрактор тапсырысты, бірнеше
субконтрактерлерге береді, ал олар одан да төмен деңгейлі субконтракторлармен қызмет етеді.
Ірі жапондық автомобиль
құрылыс кәсіпорынының
орташа шамамен 300-400
субконтакторлары бар.
Бірінші деңгейдегі
субконтракторлер мен тікелей ұзақ мерзімді қатынастар
белгілейді. Жапон автомобиль құрылысының Nissan және
Toyota алпауыты құрастырушы бөлшектердің 1/4 өндіріледі.
Ал қалғандарын субконтракторлар тапсырысы арқылы орындалды. Субконтракторларды
таңдау көрсеткіштеріне баға маңызды роль
атқармайды.
Аутсорсингтің
жапондық үлгісінің ерекшелігі ірі тапсырыс берушілер мен
майда орындаушылар арасында өндірістік - техникалық интеграцияны
орнату болып табылады. Тапсырыс беруші
орындаушымен жиі байланыс жасап,
бөлшектерді өндіру өндірісін игеруде белсенді
қатыса алады.
Сапасының
жоғарылауына әсер етіп,
техникалық, технологиялық, қаржылық көмек
көрсетіп отырады. Аутсорсингтің жапондық үлгісі
салалық және салааралық кластер қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Бұл оның американдық үлгіден
артықшылығы болып табылады [1].
Индустриалды дамыған
елдерде өндірістік коооперация мен Аутсорсингның дамуы мемлекеттің экономикалық
саясаты болып табылады. Шағын кәсіпорындарға аутсорсингтік
тапсырыстарды беру заң негізінде бекітілген.
Испания субконтракторлік
қатынастарды дамытудың тәжрибиесі үлкен
қызығушылық тудырып отыр. ХХ ғасырдың 70
жылдарының ортасында Испания индустриалды дамыған елдердің
өнеркәісібінен бәсекеге қабілеттілігі артта
қалған. Осыған байланысты өндірістік кооперация мен аутсорсинг
механизмін белсенді енгізе бастады [3].
Жобаны бастаушы: сауда
өнеркәсіб палатасы, шағын және орта
кәсіпорындардың институты, сыртқы сауда институты болып
табылады. Негізгі экономикалық тоқыраудан шығу жолында ірі
трансұлттық компаниялардың
өндірістік тапсырыстарын испандық өнеркәсіптік кәсіпорындарына
орналастыру жүзеге асырылады.
Сауда-өнеркәсібтік
палатаның негізінде Бильбао қаласында өнеркәсіп
кооперациясы мен субподряд орталығы құрылды. Сауда
өнеркәсіб палатасы қызметінің бастапқы қызметінде субконтрактор
кәсіпорындардың шығаратын өнімі мен испандық
фирмалардың өндірістік
мүмкіндігі туралы мәліметтер базасы қалыптастырылған
болатын. Мәліметтер базасының негізінде субконтракторлар каталогы
шығарылды.
Аутсорсинг тәжрибесін
кеңінен таралуы аз уақыт ішінде алғашқыда ірі шетел
компанияларының тапсырыстарын
орындауға маманданған шағын және орта кәсіпорын торабтарын дамытуға
мүмкіндік береді. Өндірістік кооперация процесінің тереңдеуі мен
экономикалық өсім ірі өнеркәсіптің
жандануына әкеліп, Аутсорсингтің
ішкі нарығын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қуатты
өнеркәсіптің дамуы Испанияның шет ел компанияларына
тәуелділігін төмендетіп, тұрақты экономикалық
өсім мен тұрғындардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауына
әсер етті.
Еуроодақ ірі
кәсіпорындары шағын және орта кәсіпорындарды негізінен
келесідей қарым-қатынас жасау арқылы өздеріне тартады
[4].
А) түрлі деңгейдегі
жадықтаушылар мен мердігерлер;
Б) арнайы қызмет
көрстуші провайдерлер (жөндеу, ақпарат, дизайн, маркетинг,
кеңес беру, әлеуметтік салаға қызмет көрсету);
В) жаңа технологияларды енгізу бойынша
жаңа кәсіпорындар.
Олардың
қарым-қатынастары акционерлік емес, келісім шартты негізде
қалады. ЕО заң жүзінде ірі кәсіпорындары мемлекеттік
қолдауға ие болатын шағын және орта кәсіпорын
капиталының 25% артығын
иеленуге құқығы жоқтығы бекітілген.
Бұл ірі бизнестің шағын кәсіпкерлікке бекітілген жеңілдіктерді иеленбеуі үшін жасалған шара.
Сонымен бірқатар елдерде
мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын ірі кәсіпорындардың
өндіретін өнімінің 20% көлемін шағын және орта
кәсіпорындардың субмердігерлері
мен субжабдықтаушылар, кеңес берушілер, инспекторлерге беруін
заңмен міндеттеген.
Евроодақ елдерінде aутсорсинг
процесіне 293 мың кәсіпорын тартылып, 4 миллионнан астам адамды
жұмыспен қамтамасыз етеді. Субконтракторлардың өндірген
өнім көлемі 350 млрд евро құрап, ЕО елдерінің
жалпы өнім көлемінің 15% құрайды. ЕО елдерінде
ірі және шағын кәсіпорындардың әсерлесуінің
жаңа сапалы деңгейі
шағын кәсіпорындарды қолдаудың
аймақтық орталықтары болып табылады. Билік органдары
орталықтарды шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
түрлі қорлары арқылы қатысып, қаржыландырылады. Ірі
кәсіпорындар орталығы шығындарының бір
бөлігін өз мойындарына алып, ұйымдастыру жұмыстарына
көмектеседі [2].
Бельгияның Гента
қаласында шағын кәсіпорындарды қолдау орталығы 18
акционерлерден тұратын Вольво, Хонда сияқты компаниялардың, 5
ірі банктер, қала
әкімшілігі, мемлекеттік қаржыландырудың түрлі
ұйымдарымен
ұйымдастырылған [5].
Ресейде аутсорсингтік
орталықтардың ең алғашқысы Москва қаласында
«Аймақаралық өнеркәсіптік аутсорсинглық және
серіктестік орталығы» 1998 ж
ашылды. Бүгінгі таңда аутсорсингтік орталықтардың
тораптарын қалыптастыру мен Ресей субконтрактілік
орталықтың Ассоцияциясын
құрудың жұмыстары жүргізіліп жатыр [3].
Аутсорсинг
орталықтарының қызметі келесідей бағыттарды иеленеді:
- өнеркәсібтік
кәсіпорындар туралы
мәліметтердің ашық базасын енгізу;
- аймақтағы
өнеркәсіптік климаттың дамуына қатысуы;
- әдістемелік қызмет:
Аутсорсинг сұрақтары бойынша кеңес беру, кәсіпорындарды
қажетті әдістемелермен
қамтамасыз ету, аймақтағы кәсіпорындар
үшін әдістемелік семинарлар өткізу;
- тапсырыстарды бөлу
және қалыптастыру, басқа орталықтармен іс-әрекет
ету; аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың
мемлекеттік тапсырыстарға қатысуын ұйымдастыру, қаржы
институттарын сапаны басқару
жүйесін сертификаттау ұйымдармен қызмет етуді
үйлестіру;
- табыстар, кәсіпорындар,
жаңалықтар туралы ақпараттармен алмасуға қатысу.
Санкт-Петербургтағы
орталық өндірістік кооперациялар бойынша ақпараттық
алмасумен серіктестерді іздеу жүйесін орындаушылармен тапсырыс берушілерді тез және тиімді
табуға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларды осы жүйе арқылы табу
бастапқы бағаны 10-30% үнемдеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік тәжрибені
дәл сол қалпында өзімізге ендіре алмаймыз. Экономикамыздың
қолда бар әлеуеті мен даму үрдісінің ерекшеліктерін
ескере отырып, дамыған елдердегі тәжірибенің озық
үлгілерін ең тиімдісін таңдауымыз қажет. Осыған
сәйкес алдыңғы қатарлы
елдердің өндірістік шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту үлгілерінің
артықшылықтарын
отандық өндірісті дамытуда пайдалануды ұсынып
отырмыз.
Шағын және ірі
кәсіпорындардың үйлесімді дамуының испандық тәжрибиесі еліміздегі шағын
және жүйені құраушы ұлттық кәсіпорындары
арасында өзара байланысты дамытуды қажет етеді.
Аутсорсингтік
қатынастың Жапондық үлгісі үлкен
қызықтырушылық тудырып отыр. Азия елдірінің жолбарысына
айналған бұл ел үлгісінде экономикалық тиімділік пен
қатар ұлттық құндылықтарымызға
тән өзара көмек пен
қолдау, әлеуметтік даму бағыты басымдылықты иеленсе, ал
ЕО тәжрибесіндегі құқықтық қолдау
ұлттық компаниялардың импорт тауарларына деген
қажеттілігінің 20% отандық шағын және орта
кәсіпорындарда орналастыруды заңмен бекітуді қарастыру керек.
Испания мен Ресей тәжрибесі кәсіпкерлікті қолдау департаменті
жаңынан «Аймақаралық өнеркәсіптік аутсорсингтік
және серіктестік орталығын»
ашу қажеттігін уақыт талабы көрсетіп отыр.
Сондықтан шағын, орта
және ірі кәсіпкерлік
мәселесі кешенді шешімін табу үшін олардың өзара
тәуелді түрде дамуын ұйғаратын экономикалық тетігін дайындау
қажет. Бұл механизм шағын,
орта және ірі бизнес арқылы
жүзеге асырылатын
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының
барлық жағын қамтуы керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Информационные
технологии управления: Учебное пособие / Под ред. Ю.М. Черкасова. - М.:
ИНФРА-М, 2001.-216 с.
2.
Гринберг
А.С, Король И.А. Информационный менеджмент: Учебное пособие. - М.: ЮНИТИ-ДАНА,
2003. - 415 с.
3.
Законодательные условия РК в сфере информатизации и развития Интернет,
1999г.
4.
Каренов Р.С,
Дюсембаев А.Д., Андарова Р.К. Региональная экономика: (проблемы, концепции,
решения). - Алматы: Гылым, 1997. - 224 с.
5.
Токсанова А.Н. Развитие
малого предпринимательста: концептуальный подход с позиций менеджмента. Алматы.
Ғылым 307с