Экономические науки/ 5.Управление трудовыми ресурсами
к.э.н.,Казбайкызы А., магистрант Орынбаева
А.
Кызылординский государственный
университет им. Коркыт-Ата
Әлеуметтік еңбек нарығын реттеу тетіктері
Еңбек нарығы жұмыс күшін жалдау, пайдалану
және оны өмірлік құралдарға айырбастау шарттары
бойынша еңбек қатынастары кешенін кіріктіретін және
еңбек құнының өзгерістері түрінде білінетін
ақпараттар негізінде қызмет атқаратын өздігінен
жүзеге асыру механизмінің, сұраныс пен ұсыныс
механизмінің әлеуметтік-экономикалық жүйесінен
тұрады. Еңбек
нарығының элементтері жұмыс күшінің иесі мен оны
сатып алушының өзара қатынасын анықтайтын күрделі
құрылымнан тұрады. Ғылыми әдебиеттерде
еңбек нарығы оның әрқайсысынан қалыптасу және қызмет
атқару процестері көрініс табатын үш блок түрінде
беріледі:
– нарықтық қатынастар блогы еңбекке деген жеке
қабілетті жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне
қажетті өмірлік құралдар қорына айырбастауды
шарттастырады;
– мемлекеттік басқару және реттеу блогы ұйымдастыру
шараларының көмегімен еңбекке қабілетті халықты
жұмыспен қамту, мамандарды оқыту және қайта
даярлау жүйесінен тұрады;
– халықты әлеуметтік қорғау блогы
жұмыссыздыққа байланысты және аз қамтамасыз
етілген топтарға берілетін төлемдерді кіріктіреді[1].
Еңбек нарығына оны тауарлар мен қызмет
түрлерінің нарығынан ажыратып тұратын ерекшеліктер
ғана емес, сондай-ақ, өндірістің өзге де
факторларына қатысты айырмашылықтар тән:
1.Тауарға деген меншік құқығының ажыратылмайтындығы
сияқты жұмыс күшінің де оның иесінен
ажыратылмайтындығы.
2.Жұмыс күшін сатушы мен сатып алушының бір-бірімен
қарым-қатынас жасауы барысындағы уақыттың
едәуір ұзақтығы.
3.Ерекше түрдегі институттық құрылымдар
санының көп болуы.
4.Жұмыс күшінің түрлі кәсіби-біліктілік
деңгейімен, еңбекті ұйымдастыру мен технологияларының
әртүрлілігімен және т.б. байланысты келісім- шарттардың
жіктелуінің жоғары деңгейі.
5.Кез-келген затты, тауарды айырбастаумен салыстырғандағы
жұмыс күші айырбасындағы өзгешелік.
6.Жұмысшы үшін келісім-шарттың ақшалай емес
аспектілерінің маңыздылығы еңбек мазмұны мен
шарттары, ұжымдағы микроклимат, қызмет бойынша жоғарлау
мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің мақсаты
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету,
оларға материалдық қолдау көрсету, еңбек
әлеуетінің біліктілігін арттыру және жұмыссыздарды
әлеуметтік қолдау, еңбек нарығын реттеу жөніндегі
негізгі шаралар мен экономиканы дамыту
саласындағы шешімдерді үйлестіру болып табылады. Осы орайда,
әлеуметтік еңбек қатынастарын құру
жүргізіліп отырған қоғамдық және
мемлекеттік реттеу шаралары жүйесі негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Әлеуметтік еңбек қатынастары жүйесінің
қалыпты жұмыс жасауы жұмыспен қамту, еңбек
жағдайы, ақы төлеу, демографиялық, көші-қон
саясаты және т.б. әлеуметтік еңбек салаларының
барлық бағыттарын қамтитын мемлекеттік
бағдарламалық-нормативтік реттемелеуді негізге ала отырып,
мемлекеттік, өңірлік, ұйымдық деңгейде
қарастыруды және басқаруды қажет етеді.
Қазіргі жағдайларға сәйкес
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жүйесін ҚР
еңбек қатынастарына енгізу қажеттілігін алға тартады.
Жүзеге асырылып жатырған жұмыспен қамту саласындағы
реформалар, бірінші кезекте әрбір адамның, сондай-ақ жалпы экономика
мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік
мүдделерін қамтамасыз ету ескеріле отырып адам ресурстарын тиімді
пайдалануға бағытталған. Дегенмен, жұмыспен қамту
саясаты мен осы саладағы әлеуметтік кепілдіктер арасындағы
теңдікті қамтамасыз ету қажет[2].
Еңбек нарығын
реттеудің ұйымдастырушылық тетігі (Cурет - 1). Мұнда
ұйымдық-институционалдық қамтамасыз ету,
әкімшілік шаралар және
нормативті-құқықтық реттегіштерді жүйелі
әрі тұрақты жүзеге асыру көзделеді.
Әлеуметтік-еңбек
қатынастарының үйлесімділігін сақтау мен гендерлік
шиеленісті болдырмау мақсатында мемлекеттің араласуы, оның
реттелуші рөлінің күшеюі қажеттілік. Оның
нәтижесі келесідей болуы тиіс: өркениетті дамыған еңбек
нарығын қалыптастыру, әлеуметтік әділетсіздікті жою,
азаматтық қоғамның дамуына жол ашу, елдегі демократияны
нығайту, әлеуметтік ахуалды жақсарту, әлеуметтік
өзара келісімді дамыту және барлық әлеуметтік саясат
субъектілерінің белсенділіктерін арттыру.
Қоғамдағы кедейшілік мәселесі, жеткілікті
ресурстардың болмауы, әлеуметтік және психологиялық
тәуелділік жағдайынан туындайтын келеңсіздіктердің бірі
болып саналады.
Еңбек
нарығын реттеудің
ұйымдастырушылық тетіктері
Нормативтік –
құқықтық реттегіштер Ұжымдық келісім шарттар мен еңбек келісімдерінің жүйесі Кәсіби біліктілікке қойылатын сапалық талаптар![]()
![]()


![]()



![]()
Сурет 1 –
Еңбек нарығын реттеудің ұйымдастырушылық тетігі
Сол себепті әлеуметтік ахуалды
жақсарту және адамдық әлеуетті дамытудың
қосымша көздерін қарастыру маңызды болмақ.
Аймақта кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі таңда
еліміздің экономикалық саясатының басым міндеттерінің
біріне саналады, оның маңызы тұтынушылар тауарының
нарығындағы отандық тауар өндірісін қалыптастыру
тұрғысынан арта түспек.
2020 Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың бірінші
базалық шарты бизнес-ахуалды елеулі жақсарту. Елбасы Үкіметке
2011 жылы бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты
операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы
30%-ға қысқартуды тапсырды. Онжылдықтың
соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі
үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс. 2020 жылы
Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің
қатарына енуі керек.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301
қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасының мақсаты
экономиканың шикізаттық емес секторындағы жұмыс
жасайтын кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап,
жаңа жұмыс орындарын ашу және аймақтардағы
кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Елбасының дағдарыстан
кейінгі өрлеу туралы тапсырмасы - қазақстандықтардың,
бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге деген
көзқарастарын өзгерту. Сол үшін «Интеллектуалды
ұлт – 2020» жобасы жасалынды. Бұл жоба мынандай негізгі мақсаттарды көздейді:
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс;
ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін
арттыру; инновация жүйесін дамыту[3].
Қазақстанда қазіргі таңда қалыптасып
отырған әлеуметтік әріптестіктің тең паритетті
моделін аймақтық-салалық бағытталуы басым болатын
үшжақты келісімдер моделіне айналдыру орынды болар еді. Бұл
жағдайда ұжымдық келісім шарттар мен келісімдердің
параметрлері қолда бар, әлеуметтік-еңбек қатынастарын
сипаттайтын көрсеткіштер мен жетістіктерге ғана емес,
сондай-ақ, ғылыми тұрғыдан негізделген
стандарттарға сүйеніп жасалуы керек.
Ұлттық деңгейдегі әлеуметтік диалог шын
мәнінде, үштарап үшін де маңызды болып есептеледі.
Олардың әрқайсысының экономикалық өсу,
өмір сүру деңгейін көтеру, сондай-ақ,
әлеуметтік әлемді сақтауға қатысты ортақ
мақсат-мүдделері бар. Әлеуметтік әріптестік
үкіметке тиімді саясатты жүргізуге қажетті саяси мәселелерді шешу
тәсілдерін табуға мүмкіндік береді. Еңбек нарығын
экономикалық реттеу механизмінде республикада экономикалық
саясаттың басымды міндеттерінің бірі ретінде
қабылданған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыдан
қолдау ерекше орын алады. Мемлекеттік
тұрғыдан шағын кәсіпкерлікке қолдау
көрсетілуі өндіріс саласында жұмыс істейтін
кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру арқылы жүзеге
асырылады. Бұл шағын бизнестің саудадағы белсенділігін
нақты өндірісті дамытуға қарай бұрудың,
нарықта отандық тауар өндірушілердің позицияларын
нығайтуға, әлеуметтік-бағдарлы экономика
қалыптастыру үшін қажетті шағын кәсіпкерліктің
дамуы қарқындылығын арттыруға мүмкіндік
жасайды.
Әдебиеттер :
1.
Умирзакова М.А. Халықты әлеуметтік
қорғау- әлеуметтік саясатының басым бағыты.
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университеті.» Әлемдік
саясат және Қазақстан: мәселелер және
перспективалар». Халықаралық ғылыми-теориялық
конференция. Алматы 2011ж 18 мамыр.303-307б
2.
Умирзакова М.А..Халықты
әлеуметтік қорғау ғылым нысаны ретінде. Социально-экономическое
развитие и качество жизни:история и современность.// Материалы III
международной научно-практической конференции 15-16 марта 2013 года. Прага .с
43-45
3. Куангалиев
Б.К. Еңбек нарығының қалыптасуының
теориялық-әдістемелік негіздері.
// Поиск-Ізденіс.- 2012
,- №2, - 66-70 б.