Магистрант Байталяков К.А.

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

Жедел-іздестіру қызметі кеден қылмыстарымен күресудің жетілдірілген әдістерінің бірі ретінде

 

 

Қазіргі кезде кеден саласындағы қылмыстар кең таралған және Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстардың бірі болып саналады.Осы жағдайда кеден қылмыстарымен күресу, жедел-іздестіру бөлімшелеріне айтарлықтай рөл берілген.

Жедел-іздестіру қызметі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып саналады. Ол қызмет мемлекеттік органдарымен және жедел-іздестіру бөлімшелерімен жүзеге асырылады.Олар өз құзыреті шегінде жеке тұлғалардың өмірін,денсаулығын,құқықтары мен бостандықтарын және мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы қорғайды.

Жедел — іздестіру қызметінің түсінігі Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның 1 бабында жедел — іздестіру қызметіне төменгідей түсінік беріледі:

Жедел іздестіру қызметі – бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіріп іске асырылған нағыз заңмен, басқада Қазақстан Республикасының заңдармен; нормативті құқықтық актілермен, арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуде және мемелекетті шетел мемлекеттінің тыншылық арнайы қызметінінен қорғалған деп ғылыми дәлел беріледі [1].

Бұрын Қазақстан Республикасының ‘‘ҚР кеден ісі туралы’’ кодексінің 243-ші бабы бойынша,кеден органдары жедел-іздестіру қызметтерін атқарған болатын.

Кейін 2001 жылы ‘‘ҚР жедел-іздестіру қызметі туралы заңына’’ өзгерістер мен  толықтырулар енгізіліп, кеден органдары  жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады. Оған қоса 2015 жылы ҚР құқық қорғау органдарына қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізіліп,кеден органы құқық қорғау органдары қатарынан шығарылып, кеден органынан кедендік қызмет болып қайта құрылды. Жаңа қабылданған өзгерістер бойынша бұрынғы кеден органы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің қарамағына кедендік қызмет болып енді. Басқаша айтқанда кеден органдарынан барлық құқық қорғау функцияларын алып қойды. Енді олар өздері кеден саласындағы қылмыстармен күресе алмайтын болды.Қазір кеден саласындағы қылмыстармен экономикалық тергеу қызметі айналысады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Кеден одағына мүше мемлекет. Нарықтық экономика жағдайында ҚР басқа мемлекеттермен үнемі байланыста.Яғни елімізден көптеген тауарлар шығарылып және сырт мемлекеттерден кіріп жатыр.Заңды тұлғамен жеке тұлғалар сырқы саудамен айналысуда.Елімізге контрабанданың ену қаупі өте жоғары.Жоғарыда көрсетілген мәселелерді бұрын кеден органдары шешетін. Қазір өкінішке орай бізде кеден органдары жоқ,жай ғана кедендік ресімдермен айналысатын кеден қызметі ғана бар [2].

Сондықтан менің ойымша елімізге қайтадан кеден органын қайтару керек.Құқық қорғау органы функцияларын әсіресе кеден органдарының жедел-іздестіру қызметін жандандыру қажет.

Кеден органдарына жедел-іздестіру қызметін беру, заңсыз айналыстағы есірткі контрабандасымен белсенді түрде күресуге алып келеді.Қазіргі танда есірткі заттарының контрабандасы ең ірі мәселелерінің бірі болып саналады.Есіркі заттары Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға өтуде.Кеден органдары есірткі заттарының Қазақстан аумағында таратылуына жол бермеумен қатар, олардың сырт елдерге шығуын болдырмау керек. Бұл бағытта кеден органдарының қызметі нәтижелі болуы үшін, оларға алдын-ала дайындалып жатқан қылмыс туралы ақпаратты иемдену керек.Кеден органдары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған кезде,басқа құқық қорғау органдарымен қатынаста болады. Олар: ішкі істер органдары,ұлттық қауіпсіздік органдары. Осы органдармен кеден органдары заңсыз түрде келген есірткі және қару туралы ақпарат көздерімен алмасу қажет. Кеден және өзге құқық қорғау органдарының қызметтері келісілген болып, бақталастыққа емес, керісінше ұлттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталу керек [3].

Ол үшін экономикалық және есірткі заттары контрабандасымен күресуді қамтамасыз ететін кеден органдарының кадрлық бөлімшелеріне анализ жүргізу қажет.

Жедел-іздестіру қызметінің көптеген қызмет түрлері бар,соның ең маңыздысы  ақпараттық қызмет болып саналады. Ақпараттық аспект үлкен маңызға ие,өйткені ақпаратпен және ақпарат көздерімен жұмыс істеу басты мазмұнды құрайды.

Қылмыстар жайында ақпарат алудың ең маңызды тәсілдері ол агентурамен жұмыс болып саналады,яғни қылмыс туралы ақпаратпен толық қамтылған,қылмыстық жолмен жүргендер.

Ең басты жедел-іздестіру қызметінің жағымды жағы ол,оған жұмсалатын қаражаттың аздылығында. Жедел-іздестіру қызметін жүргізуге қатысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алады, және қаражаттың көп бөлігін агентура мен техникалық құралдарға жұмылдыру керек.Алынған ақпараттардың дәлелдігін растау үшін, арнаулы техникалық және криминалистік құрылғылар қажет.

Жедел-іздестіру қызметін атқаратын бөлімшелерге мыналар жатқызылу керек: 1)ішкi iстер органдары;2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;4)Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;6)ҚР кеден органдары [4].

Қорыта айтқанда елімізге кеден органдары өте қажет. Тез арада оларға құқық қорғау және жедел-іздестіру функцияларын беру керек.Контрабанда еліміздің экономикалық мүддесіне зиян келтіруде.Жаңа құрылған экономикалық тергеу қызметі тек экономикалық қылмыстармен айналысып жатыр.Егерде кеден органдары бұрынғыдай қылмыстық істерді өздері қозғап,қылмыскерлерге қатысты жедел-іздестіру қызметтерін атқарса,жақсы әрі дұрыс болар еді.Қазіргі жағдайда кеден қызметтері тек қағаз жұмыстарымен айналысып жатыр.Егер қылмыс жайлы ақпарат келіп түссе,немесе контрабандистерді тексеру кезінде ұстап алған болса, олар дер кезінде ештене істей алмай,экономикалық тергеу қызметін күтеді. Ал ол өте көп уақытты талап етеді,процестін созылып кетуіне алып келеді.

Менің ойымша кеден органдары ондай іс-әрекеттерді ешкімді күтпей-ақ жүргізе берсе, кеден ісі саласындағы қылмыстарға нәтижелі тойтарыс болар еді.Кеден органдарын құрып, жедел-іздестіру қызметпен айналысуға рұқсат беру әлі де кеш емес.Өйткені ел президенті айтқандай: «Кеден қызметі-Қазақстанның экономикалық қалқаны» [5].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Жедел-iздестiру қызметi туралы», Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы.

2.«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі.

3. Әлібеков С. Т. Қазақстан Республикасының кеден құқығы: Оқулық. – Алматы: – Нұр-пресс, 2007. – 267 б.

4.«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi», Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.

5. http://e.customs.kz/wps/portal/customs.