Рахманова Ж.С., Абай Г.К., Базарбаева Г.Ж.
Тараз инновациялық - гуманитарлық
университеті, Қазақстан
Интеграциялық менеджмент жүйесін
құру деңгейлері
Қазақстан
Республикасындағы экономикалық реформаның даму шаралары
бойынша сапаға үлкен көңіл бөлінуде. Ал өз
кезегінде яғни сапалы өнім – еліміздің бәсекеге
қабілетті болуына жол ашады.
Қазіргі уақытта, жалпы сапаға
бағытталған ИМЖ құру
және қолдау саласының зерттеулері, өз дамуының бастапқы сатысында. Қазіргі
уақытта толық интеграцияланған және
сертификатталған бірде бір менеджмент жүйесі жоқ.
Қазіргі уақытта, көптеген
ұйымдарда сертификаттауды ендіру және халықаралық
стандарттардың, мысалы ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000,
ISO/TS 16949, ISO/IEC 20000, ISO/IEC 27001 және т.б. талаптарына
сәйкес менеджмент жүйесінің әрі қарай
жүзеге асуы әртүрлі сатыда.
Осы
ұйымдардың көпшілігінің ерекшелігі, олар біртіндеп
немесе аддитивті әдістермен екі және одан да көп менеджмент
жүйесін енгізуге ұмтылыс көрсетуде. Менеджмент
жүйесінің интеграциялық моделі ретінде келесі жүйелер
әзірленуі қажет: ISO 9001 талаптарына сәйкес сапа менеджменті
(СМЖ), ISO 14001 талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент (ЭМ), сондай-ақ
OHSAS 18001 талаптарына сәйкес кәсіби қауіпсіздік және
еңбекті қорғау менеджменті.
ISO 9001, ISO 14001стандарттарының талаптары
негізінде менеджмент жүйесін бірлесе қолдану бойынша
мәселелер алғаш рет бірнеше жыл бұрын тіркелгендігімен,
жоғарыда аталған халықаралық стандарттардың
талаптарын қолдану бойынша теориялық ұсыныстар мен
әдістемелік нұсқаулар жеткіліксіз болды. Мүмкін,
оған әлемдікпен салыстырғанда кәсіпорын экономикасы
үшін пайдалы сапа менеджменті жүйесінің және
қоршаған ортаны басқару жүйесінің күшті
дамыған тәжірибесінің болмауы әсерін тигізген болар.
Әрбір
ұсынылған менеджменттің жүйесі мынадан тұрады:
ұйымдасқан құрылым, жоспарлау, жауапкершілік матрицасы,
процедуралар, процестер мен ресурстар және белгілі аймақтағы ұйымның
саясатын құру, енгізу, іске асыру, талдау және
өзектендіру мақсатында.
ISO 9001стандарттары мына
стандарттарды бірлесе пайдалану кезінде әмбебап болып табылады: ISO 14001
(ЭМЖ), OHSAS 18001 (кәсіби қауіпсіздік және денсаулық
менеджменті жүйесі (КҚжәнеДМЖ)). Соның барысында, ISO
9001 стандарттары ИМЖ құру үшін базалық болып табылады.
Халықаралық стандарт талаптарына сәйкес, менеджмент
жүйесі - бұл осы мақсатты тарату жолын көрсететін
және ұйымның мақсатының саясатын орнататын
жүйе.
Біздің
байқауымызша, қашан ұйымның жалпы менеджментінің
барлық аймағындағы стандарттар жасалынады, сол сәтте
«Интеграциялық менеджмент жүйесі» және «жалпы менеджмент
жүйесі» түсініктері ұқсастығын
анықтауға болады.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан
тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның
жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың
алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда
келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі
жақтылық негізінде немесе қалыптасқан
интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында
жасалуы мүмкін.
Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге
қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл
интеграцялық процестің дайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты
саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны
мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА)
құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен
қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым
көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл
шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға
қолданылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО)
құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік
тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге
қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және
бірыңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.
Интеграциялық процестің
төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде
интеграцияланатын мемлекеттер тек
тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс
факторларының – капитал және жұмыс күші –
қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл
экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ
кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар
қозғалысының еркіндігімен қатар,
макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты
негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты
үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа
айналады.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін –
бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің
үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің
басым көпшілігін мемлекетті басқаратын органдарға беруді
көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің
егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация
құруды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі менеджмент
жүйесін дамыту тұжырымдамасы
2 Вирьянский З.Я.,
Интеграционная система менеджмента. Учебное пособие, 2012
3 ISO 10011-1:1990
Руководящие указания по проверке систем качества. Часть 1. Аудит
4 ISO 10011-2:1991 Руководящие указания по аудитам систем качества. Часть
2. Квалификационные критерии для аудиторов систем качества
5 ISO 10011-3:1991 Руководящие указания по аудитам систем качества. Часть
3. Управление программами аудитов.