Педагогика

 

Абдыкаримова Гүлшат, Арынбаева Айжамал

Қарағанды қ. «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешілері, Қазақстан

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ

 

Кілт сөздер: объект, субъект, жүйе, «ұстаздар-оқушылар» жүйесі, педагогикалық процесс (үдеріс).

 

Педагогикалық үдерістің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта -қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады.

М.А Даниловтың көрсетуінше, педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады. Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзаттық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.

Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбіреуінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.
Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындағы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықталады. Бұл мақсаттың өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан
өсіп түсінуде (Р.Г. Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал-мақсат) ретінде қарастырады.

Алайда мақсат-идеал немесе іс-әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты. Егер идеал-мақсатқа жету ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртұтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат-міндеттері аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.

Кейбір мақсат-идеал мен мақсат-міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан, міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Педагогикалық процес екі жақтылы болғандықтан, субъект-субъектілік қатынастарды оқушылармен бірге жасау керек.

Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері тандап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезендегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға бағытталуы керектігіне сеңдіреді. Э.С.Маркарян өте айқын түрде қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамзат коллективтерінің ұйымшылдығына әкелетін адамдар әрекетін біріктіру мен ұйымдастыру үшін аса маңызы бар болатындығын дәлелдеді. Әрбір адам материалдық, рухани және әлеуметтік реттелуші немесе адамгершілік мәдениеттерді меңгеруі керек.

Әрбір көрсетілген қабат өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Материалдық ол мәдениет адамзат жасаған заттар жиынтығы материалдық құндылқтар (машиналар, саймандар, техника әртүрлі міндеттері бар объектілер). Бұл мәдениет қабатымен мұра болмайтын біліктер байланысты адамның бар материалдық құндылықтарды жаңа тәжірибеге енгізуге және жананы жасауға, мүмкіншілігіне себеп болады. Рухани мәдениетті, кейде оны интеллектуалды дейді, адамдардьщ айналада қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортада, ғылымда, өнерде белгіленеген белгілі бір қабылдау мен бейнелеп көрсету деңгейін айтады. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың қоғамдық өмірлерін ұйымдастыру мен (экономикалық, құқықтық, саяси этикалық және т.б.) байланысты және ол әдетте мұра болмайтын жүріс-тұрыстарының әртүрлі формаларында материаланады. Мәдениеттің әрбір қабаты адамзат белгілі бір іс-әрекетте «орындаған».
Жалпы адамзат мәдениетінің әрбір қабатының ерекшелігі ең алдымен тұлғаның жан-жақты дамуы дәл адамзат мәдениетінің барлық байлығын меңгеруді талап етуін көрсетеді. Екіншіден, мәдениет қабатының
әрбіреуі, адамды дайындаудың бір жолын көрсетеді. Үшіншіден, әрбір мәдени мұраның мазмұнының ерекшеліктері, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолдануға болатын, яғни индивидке мәдениет мазмұнын меңгеруге көмектесетін іс-әрекет түрлерін, кұралдарды анықтау қажеттігіне бағыттайды.

Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекетті айқындау (затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс-әрекет тәсілдері арқылы жасалғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру). Іс-әрекет педагогикалық міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.

Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырьшған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс -әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондъгқтан педагогикалық ықпал ету кдлыптасу барысыңдағы тұлғаның ортамен ( тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады , іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің езі барлық адамның саналы өмір кезендерінде маңызды.

Жоғары айтылғандардан  мынадай қорытынды жасауға болады:
 – қаңдай да болмасын біршама аяқталған салыстырмалы мектеп
жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген
педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.)
жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі
құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б
объективтік алғы шарттарын көруге болады;

– кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану
мақсатымен міңдеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың
барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші,
негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді;

Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс-әрекеттерге қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес сонымен бірге ол оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, барлық бұрын педагогикалық ықпал ету құралдары туралы айтылғандар педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстын формасы, оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайлы таңдау жайлы егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны және іс -әрекеттер түрлері) әдетте айыпталмайды.

Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жқмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс, тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген, міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбегін затын»талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс -әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындауға кажет. Оқушылар үшін таным іс-әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады. Сондықтан, егер формада ( өзара әрекеті ұйымдастыруда) ынтымақтастыктын объективті алғы шарты ішінде болса, онда олар балалардың іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы белгілі бір жеке алынған әрбір оқушыға немесе топқа арналған мұғалім тарапынан немесе коллектив атынан берілген тапсырмаларды орындауда жүзеге асырылады. (Котов В.В., Лийметс Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.).

Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығынын бар екендігінің көрсетеді, оны ескерілмейінше педагогикалық пропестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларды да анықгауды шамалайды. Педагогикалық процестің заңдылықтары қандай да болмасын мұғалімнің жұмысындағы ұқсас жағдайларда байқалатын себеп-салдар жалпылықпен сипатталады. Заңдылықгар объективті осы процеске қатысушылардан олардың ұнамды көңіл-күйінің тілектеріне тәуелсіз.

Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігі эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық экспериментальдық жұмыстарды орындау барысыңда анықталды. Егер зандылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол үш себептен ұтымды болды. Анықталған зандылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін,өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте
түседі. Ең ақырында қандайда болмасын процестің зандылықтарын
тану оны басқару мен мұғалім іс -әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.

Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың 20-шы жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г., Трахтенберг О.В.). Одан кейін педагогикалық процестің оқудан
тыс уақытындағы (Болдырев. Н.И., Щукина Г.И.; Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) зандылықтары зерттелді. XX ғасырдың
соңғы он жылдығыңда пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынбағанымен біртұтас педагогикалық процестін зандылықтарына шолу жасалған (И.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б. Т. Лихачев , В.А. Сластенин).
Педагогикалық процестің зандылықтары «ұстаздар — оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысы (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша, педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын) бейнелейтін заңдылықтар анықталады.

Сондықтан да педагогикалық процестің мынадай негізгі зандылықтары болады:

– оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сай болады;

– педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын
көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде білім беру заңдары
арқылы талап етіледі;

– педагогикалық процесс екі жақгы процесс, ол ұстаздармен
оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен
байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;

– оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият
ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;

– педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырлуы
оқушылар коллективі, соньгмен катар жеке оқушьшардың жас
ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

– педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне
әсері бар;

– педагогикалық процесс ұзақ мерзімге бағытталған;

– педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің
ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды
тудырады,соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесті негізгі жағдайда заңдар мен зандылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасының төмендеуіне әкеледі.

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті принциптерін тұжырымдауға мүмкін болды.
Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып саналады және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық түрде көрінеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Астана, 1986.

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н.  Педагогика. – Алматы, 2004.

3. Біржанұлы Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. – Алматы, 1986.

4. Сағындықұлы Е. Педагогика. – Алматы, 1999.

5. Нұрғалиева Қ. Кәсіптік білім. – Алматы, 2002.