Прімбетова Е.Ө.
т.ғ.к., доцент
«Философия және тарих» кафедрасы
Т.Рысқұлов
атындағы
Жаңа Экономикалық Университет
Алматы
қаласы
Қазіргі Қазақстандағы білім мен ғылым стратегиясы
Қазіргі кезеңде
қоғамның өркендеп өсуі білім
жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды
кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы педагогтар
дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін
халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді көздеп отыр.
Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына
жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді
қолдануды игеру, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру
және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін алға тартады. Осы
бағытта Қазақстанда әлемдік
қоғамдастыққа ықпалдасу мақсатында
атқарылып жатқан жаңашыл идеяларда өз нәтижелерін
көрсетіп жатқандығын баспасөз арқылы
көру,есту жаңа міндеттерді жүктейді. Шетелдік тәжірибелерді бақылай
отырып, тиімді жақтарын өзімізге енгізу уақыт талабы.
Дегенменде, бұл тұрғыда әр елдің өз жолы
болуы заңды . Олай дейтін себебім,әр ұлттың менталитеті
бар. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік үрдісі
мүлдем жойылып кетуі мүмкін емес жағдай. Бірақ,
қазіргі таңда уақыт талабына сай бетбұрыс жасауда
керек.
Қоғамның
интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және
мәдени деңгейі, білім сапасының дәрежесі
мемлекеттің әлемдік орнын айқындайды. Егемен қазақ елінің білімі
мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесіндегі
ұлттық білімнің құндылықтарын сақтай
отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі жолында әлдеде
қыруар өзгерістер енді. Қазіргі уақытта
Қазақстанда білім берудің өзіндік сұлбасы
қалыптасып жатыр. Бұл
білім саласындағы бағдарламалардың өзгеруімен
жаңа оқыту әдістерінің енгізілуімен қатар жүруде.Оқыту
әдісіндегі жаңа ұстанымдар студенттерден өз бетінше көбірек жұмыс
істеуді,ізденуді талап етеді. ЖОО
әлемдік стандартты енгізудің нәтижелерін түрлі мамандықтар бойынша білім
алушы студенттердің жұмыс қарқынынан байқай
аламыз. Қоғамда оған алғышарттар жасалған.
Оның басты көріністерінің бірі- заманауи ақпараттану.
Кеңестік дәуір түлектеріне қиял болған уақыт енді жетті. Ғылым
саласының өзінде шетел жаңалықтарын білгісі келіп
құмартқан жаңашылдардың қудалану
күндері тарихта қалды. Ендігі жерде ақпараттық
қоғамда өмір сүруші азаматтың талабы
мағыналы болып табылады. Бұл студенттің ізденісінен,белсенділігінен,қабілетінен
көрініс табатын жағдайлар. Нақты алғанда, қазіргі
кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім
жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды
кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы педагогтар
дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық
стандарт деңгейіне жеткізуде оқытушы қауымның орны
ерекше. Болон хартиясына қол қою 2003жылы жүзеге асып, содан
бері білім саласында нарық экономикасына бейімделген, бәсекеге
қабілетті білімді де білікті мамандар дайындау негізгі стратегиялық мақсат болып отыр.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі
кезеңде әрбір Жоғарғы оқу орныныңда
қызмет етуші педагогикалық
қауымның алдына қойып отырған басты
міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеру. Аталған міндеттерді жүзеге асыруда
елімізде атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстар бар.
Осыған орай, бүгінгі ЖОО мен педагогика ғылымы алдында білім
берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің
стратегиялық бағыттарымен оны орындаудың
әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар
қалыптасуда. Оның ішінде бiлiм берудi ақпараттандыру
мәселесіне ерекше мән берілуде.
Елімізде бiртұтас бiлiмдiк
ақпараттық ортаны құру заманауи талап болып табылады.
Ол біртіндеп бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық
технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы
ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру
кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Білім
беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын
көтеруді жүзеге асыруға бағытталған
процесс,яғни ақпараттық қоғам
құру. Ол арқылы
студенттің логикалық – құрылымдық ойлау
қабілетін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму
мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын
қалыптастыру. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге
айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін
студенттердің творчестволық қабілеттері мен
құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының
құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.Бұл технологияның
өзектілігі қоғамның ақпараттандыру
жылдамдығының артуымен сипатталады. Ақпараттық
қоғамда ақпараттық-коммуникациялық
құзіреттілік қалыптасады. Оның ұтымдылығы
студенттің аз уақыт жіберіп көп білім алуында, тапқан
ақпаратты өзгелерімен салыстырып оның
артықшылықтарын ажыратып талдау жасап яғни логикалық
операцияларды өз бетімен орындау мүмкіндіктерін пайдалана алуында.
Ғылым мен
техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер
ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін
қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру
мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру
кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару педагогтың қажымас ізденімпаздығы мен
творчестволық жұмысының
арқасында қалыптасады. Сондықтан да студенттерді
диференциалды оқытуға
көшу жемісті болуы әбден ықтимал. Қабілетті студенттерді жобаларға икемдеу, нақты
ғылымдар саласында жаңалықтар ашуға баулу, оған
мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, түрлі
жеңілдіктер жасау, марапаттау іс-шараларын өткізу арқылы
оның қызығу қабілетін күшейту. Бұл әр
жастың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа бағыттауға бетбұрыс болып
табылады.
Әрине,
Қазақстанда озық тәжірибелі кәсіби педагог мамандар
бар, солардың өздерініңде заман талабына сай икемделуі инновациялық оқыту технологиясын
меңгеруін уақыт талап етеді. Бұл өз қызметіне
творчестволық жолмен баратын, жеке басының белгілі іскерлік
қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да
әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі
қалыптастырады. XXI ғасырда
болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін
қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті
қоғам талабы. Болашақ мамандардың жаңа
инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға
даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды.
«Қазақстан-2050»
Стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚРТ БҒМ 2014 жылы
жарияланатын байқау аясында 2015 жылы ғылыми зерттеу жұмыстарына
4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлетіндігі туралы ресми
ақпаратты ҚР БҒМ ғылым комитеті мәлімдеді.
Бұл құптарлық жағдай. Өнеркәсіпті,
аграрлық саланы ғылымиландырудың зор пайдасының боларын
дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бұл пікірді
қоғам толық қолдайтындай жағдайға уақыт
жетті.
Елімізде 2014 жылдан
бастап зерттеу институттарын,
ғылыми-ауыл шаруашылығы институтын дамыту қолға
алына бастады.. Яғни, институттармен өндірісті байланыстыру,
олардың ғылыми жұмыстарына сұранысты арттыру үшін
корпоративтік басқару жүйесін енгізу керек. Бұл
қаржыландыру жүйесінің көзі болып табылады. Осы негізде
ғалымдар мен бизнес-кәсіпорындары қатыса алатын және
олар қаржының 20-25% өздері құятындай етіп грант
бойынша жобаларды қаржыландыру үшін байқау жарияланды.
Өндіріс салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге
мүмкіндіктер жасау арқылы алға қарай даму, үстеме
пайда табу немесе тамақ өндірісі болса, онда адам ағзасына
тигізер пайдалы жақтарын айқындау жалпы қоғам
үшін тиімді болары белгілі. Осындай жаңашыл идеяларды ұсынуда
белсенділік танытқандарды кәсіпорын қолдап, нәтижелі
жұмыс қаржыландырылатын болуы тиіс. Басты мақсат -
ғылым мен өндірісті тығыз байланыстыру.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007
ж.
2.
Ахат Н.А. Ұлы Ыбырай ұлағаты hәм тілдерді оқыту
тауқыметі.// Білім – 2010. -№ 6. – 41б.
3
Абжанов Х.М. Тарихты қазақ
мемлекеттілігі тұрғысынан жазуымыз керек. // Ана тілі газеті. –
2013. -2-4 қаңтар. – 2б.
4.
Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
5. Корчагин В.П.//Молодой ученый.-2014-№17.