Педагогика. Современные методы  педагогики

Ағманова Раушан Рамазанқызы

Директордың оқу  ісі  жөніндегі орынбасары,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№57 жалпы  білім беретін мектебі,

 Алматы  қаласы Қазақстан

 

 

Мұғалімнің  құзіреттілігі - жеке  тұлғаны  дамытудың тиімді  жолы

Мұғалім - өзінің  білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді  тоқтатқанмен  оның  мұғалімдігі де жойылады.   К.Д. Ушинский.

      Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман  талабына  сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында  күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,  тиімді болары  сөзсіз.

      Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасы «Білім туралы»  Заңының  8-бабында «Білім  беру   жүйесінің  басты міндеттерінің  бірі-оқытудың жаңа  технологияларын  енгізу,  білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникакациялық желілерге шығу» деп  атап көрсеткен.         Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті  дамыған елдердің қатарына  ену  үшін заман  талабына  сай білім қажет.  Қазақстанды  дамыған 50 елдің  қатарына жеткізетін, терезесін  тең ететін- білім». Сондықтан,  қазіргі даму  кезеңі білім беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әртүрлі  технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,  мектеп өміріне  енуде.

      Қазіргі  білім беру  жүйесінің  мақсаты- бәсекеге қабілетті маман  дайындау. Мектеп  – үйрететін  орта,  оның  жүрегі –мұғалім. Ізденімпаз  мұғалімнің  шығармашылығындағы  ерекше тұс-оның сабақты  түрлендіріп, тұлғаның  жүрегіне  жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,  қастерлеу, арындай таза  ұстау- әр мұғалімнің  борышы. Ол  өз кәсібін,  өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формациядағы  ұстаз-педагогикалық құралдардың  барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани  дамыған,  толысқан  шығармашыл тұлға  құзіреті.   Жаңа  формация мұғалімі табысы, біліктері  арқылы  қалыптасады, дамиды. Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын  талаптар: бәсекеге  қабілеттілігі,  білім беру сапасының  жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік  жұмыстағы шеберлігі.

      Осы айтылғандарды  жинақтай келіп, жаңа  формация мұғалімі-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа  құзіреттіліктердің  жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

       Қазіргі  білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге  көшуді  көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін,  теориясы  мен тәжірибесін тереңірек  қайта қарауды  қажет етеді.  Сондықтан  бүгінгі  күні еліміздің  білім  жүйесінде   оқыту үрдісін  тың идеяларға  негізделген  жаңа мазмұнын қамтамасыз  ету   міндеті тұр.

       Француз қайраткері «Адамға оқып-үйрену  өмірде  болу,  өмір сүру  үшін қажет» дегендей  оқыту процесін  технологияландыру, осыған сәйкес  оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен  жаңашыл педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мұғалімдердің  үздіксіз  ізденісін айқындайды. Білім  сапасын арттыру және нәтижеге  бағытталған үлгіге  беталуы барысында мұғалімдер  мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге  жетуде  кәсіби шеберлікпен  меңгерген зерттеу  біліктері мен  дағдылары   нәтижесінде  проблеманың  шешімін  таба алатын, ақпараттық –коммуникативті мәдениетті   жоғары  тұлғалық –дамытушылық  функцияны атқарады. Қазіргі  заман адамның  осы құзіреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби  икемділігін  оңтайландыруды қаматамасыз  ету ғана емес, іске  асырылу  мүмкіндігін «үнемі оқып-үйрену және  өзін-өзі  жасау талабын қалыптастыра  алады. Білімнің  сапалы да саналы түрде берілуі  білім  беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялы қауымның  деңгейіне байланысты.

       Құзіреттілік - дегеніміздің  өзін  қазіргі заман талабына  сай педагог  қауымның өзін-өзі өзгерте  алу қабілеттілігі деп  түсінуге  болады. Білім  саясатындағы  түбегейлі өзгерістерді күнделікті  оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын  көрсетілген.  Білім алушылар мұғалім қауымнан  тек  білімге ғана емес,  өмірге үйрететін қабілеттілікті  қажет етіп  отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай: жедел ойлаушы; жедел  шешім  қабылдаушы; ерекше  ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт-бағдар  беруші болып  шығуы –бұл  қазіргі  заманның  талабы.

       Міне,  құзіреттілік  қалыптастыру дегеніміздің  өзі - болашақ  мұғалім-қазіргі  білім алушылардың шығармашылық  қабілеттерін   дамыта отырып ойлаудың,  интеллектуалдық белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу, жаңаны  түсіне  білуге, білімнің  жетіспеушілігін сезінуге  үйрету арқылы ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы күтілетін  нәтижелер  болып табылмақ. Бұның өзі  өз кезегінде қазіргі  ұстаздардан шәкіртті  оқытуды,  білім беруде,  тәрбиелеп өсіруде белгілі  бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке  тұлғаны  қалыптастыруды талап етеді.

     Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Жаңа  педагогикалық  технологияның  ерекшеліктері –өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты  дамыту. Инновациялық білімді дамыту,  өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық  идеялар  мен жаңалықтарды  өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы  тек тыңдаушы, орындаушы болса,  ал қазіргі  оқушы –өздігінен  білім  іздейтін жеке  тұлға екендігіне  ерекше  мән беруіміз керек.

     Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,  жаңа дәуірдің  күн тәртібінде  тұрған мәселе-білім  беру, ғылымды  дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым,  тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

     Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкіріттерімізді  білім нәрімен  сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан  баланы жеке тұлға  ретінде  өздігінен  дамуға  итермелеуіміз керек. Себебі,  жаңа білім  парадигмасы  бірінші орынға  баланың білім алу  арқылы өз бетінше  дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа  жетуде өз бетінше  жұмыстардың  алатын орны ерекше.