Педагогика.
Современные методы педагогики
«Тіл және
әдебиеті» ЦПК
төрайымы,
қазақ
тіл мен әдебиет пәнінің оқытушысы,
Тургенбаева
Шынар Сатыбалдиевна
Орталықазия техника-экономикалық колледжі
Алматы қаласы, Қазақстан
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ОҚУ
САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бүгін
әлемдік деңгейдегі білім беру - қазіргі білім берудегі
басты бағыт. Яғни, оқытудағы білім алушыны жеке
тұлға болып қалыптастыру, оқытудың заманауи
әдістерін қолдану арқылы бәсекеге қабілетті
тұлғаны жетілдіру, тұлғааралық
қарым-қатынастарға бейімдеу болып табылады. Елбасы өз
сөзінде: "Бүгін
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен
инновациялық әдістерді дұрыс қолдануына тікелей
байланысты".
Міне, осындай
мақсатта білім беру жүйесіне де айырықша мән беріліп
отыр. Яғни,
ХХІ ғасыр деңгейіне сай білім беру. Ол дегеніміз ұстаздар
қауымынан инновациялық білім беру, өз тәжірибесінде инновациялық
әдіс-тәсілдерді және технологияларды қолдану болып
табылады. Бұл заңды процесс, себебі елде болып жатқан саяси,
экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер
білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды талап
етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында "Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын
құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене
дамыту керек болады ".
Бүгінгі білім мен тәрбие
технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін
мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде
шығармашылығының орны ерекше. Инновациялық
технологияларды пайдалану бүгінде сапалы білім беру негізгі шарттын бірі.
Ал осы басты міндеті атқаруда әрбір ұстаздың бойында
мынадай проблема бірден қалыптасады: оқушылардың
танымдық қабілеттерін, оқу процесінде жүретін (есту,
көру және т.б.) негізгі әрекеттерін дамыту бүгінде
заман сұранысына сай қолданып жүрген
әдіс-тәсілдердің аздығы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды
қарастыру қажет. Оны шешу үшін білім берудің
мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді
өндеп шығару қажет.
«Интерактив» сөзі бізге ағылшын
тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл
«өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.
Интерактивті
әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену
процесінің өзіне, шәкірттердің “қалай”және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы
үйренетіндігіне” аударады. Яғни,
интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді
немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса
әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады.
Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен,
сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен
оқушының өзара әрекет етуі жүзеге
асырылады. Осы жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің
шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі,
интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап
табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық,
өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу
оқушыларға пайдасы зор. Ал мұғалімнің міндеті – оқушының
неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет
кезде жол көрсету болып табылады. Мұнда
мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі
үлкен рөл атқарады. интерактивті
әдісті сабақ барысында диалог тәсілі көмегімен
және топқа бөлу жұмысына негізделген. Нәтижесі
жинақталған білімін сырта пайдалана алады. Интерактивті
әдістің ерекшелігі - оқушыға жаттанды білім беру емес,
керсінше әр оқушының танымдылық қабілеттерін
және танымдық үдерістерді, яғни қойылған
сұраққа бірнеше нұсқалы жауап беру, ойлауды,
ынтаны, қабылдау қабілеттерін, сөздің қорын
белсенді түрде дамыту болып табылады.
Қолданып жатқан әдістің
нәтижесінде оқу процесінің барысында оқушылар
мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар
мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс
істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен
(көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені
талқылау барысында);
6. Техника түрлерімен (мысалға,
компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).
Сабақ барысында топқа
бөлудің мақсаты: топта отырып пікір бөлісу, өз ойын
анық жеткізу, өз білім деңгейін тексеру және
ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады. “Миға
шабуыл” әдіс арқылы оқушыларға жаз
мезгілі бойынша
бұрын не білетінің, өзіне таныс мәліметтерді
ұсынуға кезең беру болып табылады. Сын тұрғысынан
оқыту технологиясының İNSERT статегиясы көмегімен кесте
толтыру бойынша білімдерін жинақтайды.
Жаңа сабақты толық игерту
мақсатында АКТ-ны қолдану тиімді Себебі, оқушы тек
құлақпен естімей, көзбен көруді де пайдалы.
Сабаққа деген қызығушылығы қалыптасады.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу деңгейлерін жетілдіру
мақсатында таныстырылым ретінде постер
құрастырады. Ал сабақты толық түсінгеннен кейін, рөлдік
ойындар немесе казус шешу сияқты интерактивті әдістерді
қоладану арқылы сабақты жүйелі де сапалы
өткізудің бір жолы.
Осыдан түйіндейтін, интерактивті
оқыту білім беруде ұжымдық іс-әрекетке
тәрбиелейді, тіл байлығын жетілдіреді, ізденушілік, ойлау мүмкіндіктерін
қалыптастырады, когнитивті ойлау деңгейлерін сонымен
қатар, сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды
синтездеу, өзінің оқуына қатысты бағалауды
анықтауға үйретеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде
оқытудың иновациялық әдісті пайдаланғанда
оқушыны субъект тұрғысынан қарастыру
оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы
және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген
жауапкершілігі қызығуы күшейеді. Оқушының
өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, оның ізденушілік –
шығармашылық қабілеттері арттады. зейінін
төмендетпеуге, есте сақтау қабілетін күшейтуге
және пәнді терең білуге қалыптастырады.
Интербелсенді әдістердің
бірі- диалогтік оқытуды қолдану арқылы
оқушыларда ынта пайда болды. Өз ойларын айтуға бейімделе
бастады. Топтық жұмыста бірлесіп, ынтымақтастықпен
жұмыс істеуге дағдылана бастады. Оқушылар бір- бірінен
үйреніп, білмегендеріне көмек көрсету барысында өз
білімдерін жетілдіріп отырады. Өз бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды
бірлесіп орындау арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Диалогтік
оқыту әдісін қолдану нәтижесінде
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта
түсті.
Диалогтік оқыту немесе
сұрақ беріп, жауап алу барысында оқушылар бір нәтижеге
жету үшін бар білімін салып, бірлесіп, жұптасып, топтасып ой
бөлісіп,пікір алмасады. Диалогтік сөйлесуде оқушылар терең ойлап, күрделі тапсырмаларды шешуге ,
берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге, сөз
жарыстыра жүргізуге (дебат), достарымен, бауырларымен және
туған-туыстарымен тіл
табысуға үйренеді.
Диалог жүргізу кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойлап,
зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті бола
түседі. Диалогтік оқыту оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын арттырумен қатар білім
сапасының көтерілінуіне
көптеп көмегін тигізеді.
Ұлы ғалым Д.И.Менделеев:
«Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген
мұғалім ғана
оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген.
Қорытындылай келе, интерактивті әдіс
арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде
оқушылардың шығармашылық әрекетін
дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды
мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық
шешімнің бірі. Біз әр технологияны қолдану арқылы
белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақты
бәсекеге қабілеті жеке тұлға қалыптастыру -
қазіргі заман талабы.