Педагогика. Современные методы педагогики
Төлегенова Күляйхан
Рақымқызы
Қазақ тілі
мен әдебиеті
пәнінің жоғары санатты
оқытушысы
Орталықазия техника-экономикалық колледжі
Алматы қаласы, Қазақстан
Жаңа
инновациялық технологияларды
казақ тілін оқытуда тиімді қолдану
Қазақстан
Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында «Еңбек
нарығының, еліміздің индустриялық инновациялық
міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін
қанағаттандыратын және білім беру саласындағы
үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасын
жоғары деңгейге жеткізу» деп,
негізгі мақсат атап көрсетілген.
Осы
бағдарламада жастардың бойында белсенді азаматтық
ұстанымды, әлеуметтік
жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік
және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру
мақсаты да ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Еліміздің іргелі ел
болып егемендігін алған асулы жылдарында мұғалім алдында
жаңа талаптар мен міндеттері қойылуда. Яғни, болашақ
ұрпағымызды білімді де білікті, мәдиниетті де саналы етіп
тәрбиелеуде мемлекеттік тілді заман талабына сай жаңаша оқыту
мұғалім тарапынан өмірлік зор маңызы ие болып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір
ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруға ұмтылуы. Қазіргі кезде мектептерде жаңа қолдану
жөнінде жие айтылып жатыр. Қазіргі педагогикалық
технологиялар балалардың қабілеттерін біліктілік деңгейін,
зеректіліктерін ескере отырып, даралап оқытуды қамтамасыз етеді
және оқытуда құзыреттіліктерін іске асыруға
көмектеседі.
Қазіргі таңда
қысқа мерзімде ақпараттың көлемді
бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы
деңгейде игеретін және тәжірибеде бекіте алатын
әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында
инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқыту мен
үйретудің негізі ретінде тұлғалық дамуды
қарастыру, себебі динамика мен өзгерістерге толы
ақпараттық кезең адамның білімді әрі білікті
тұлғасына тәуелді, өйткені бұл
дәуірдің идологиялық, экономикалық, әлеуметтік,
саяси сұраныстары адамнан төмендегідей құзырлықтарды
талап етеді:
- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым,
түсінік келтіру, оларды дәлелдеу және
қорғай білу;
- кез келген жағдайда ауызша және жазбаша
түрде қарым-қатынас құра білу,
бірлесе жұмыс жасай білу;
- өмірде көзқарасын, ұстанатын
сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын
жалпы адами
құндылықтармен байланыстыру;
- өздігімен үйрене білу, өз білімін
әрқашан да дамытып отыру.
Инновациялық технология
оқу мен үйренудің негізін ойлау мен рефлексияға негізделген
интербелсенді әдістер құрайды.
Ағылшын тілінен келген «interactiv» cөзі «inter» дегеніміз
«өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау»дегенді
білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйретуші мен
үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың
негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай
жасайтын әдістер.
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз өзара әлеуметтік қарым-қатынаста болу, бірлесе
әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу»
дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға)
негізделген оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету,
яғни «үйретуші-үйренуші»« үйренуші- үйренуші»«
үйренуші-өзімен өзі» тұрғысынан жасалған
қарым-қатынас: әңгіме, сұхбат, пікірлесу,
бірлескен әрекеттер болып табылады.
Интербелсенді оқытудың
мақсаттары:
1. Орта
қалыптастыру.
- Оқушы
тіл үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін
сезінетін
жағдайлар жасау;
- Оқушылар
арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас
орнату;
- Оқушылар
білімді дайын бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу,
2. Әрекет
арқылы үйрету
- оқушыларға бөлімнің өзіндік
әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде
меңгерілетіндігін
дәлелдеу;
- оқушыларды белсенді әрекеттерге баулап,
олардың білім игеру
әрекеттерін ұйымдастыру
3. Өмірмен
байланыстыру
Интербелсенді оқыту әдістемесіндегі білім игеру үдерісін
ұйымдастыру жолдары :
- барлық
оқушыларға бірлескен таным үдерісіне белсенді
араласуға
мүмкіндік жасау;
- әрбір оқушының өзінің үйренгені мен
өз білімі туралы түсініктерін ортаға
салып, бірлесе талқылап, олар туралы
өзара пікірлесу, ой толғауына мүмкіндік жасау;
- оқушылар
білімді өздігімен құрастыратын тілдік орта
құру;
Интербелсенді оқыту - әрекетпен және әрекет
арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге
жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші
кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен
жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай
ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған
айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте
сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі
дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту тіл
үйренушілердің оқу үдерісіндегі белсенді
әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән
тәсілдері ретінде танылады.
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік,
дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық
қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау
және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп,
жан-жақты талдап, таңдап алу;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім
құрастыру;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы
мен пікірін дәлелдеу;
- шешім қабылдау және қиын
мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда
оқушылар келесі әрекеттерді
атқаруға дайын болу керек:
- бірлескен жұмыс;
- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік
тұрғыдан белсенділік таныту.
Интербелсенді оқыту барысында тіл
үйренушілер белсенді болуы, өзіндік пікір қалыптастырып,
өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз
қөзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге,
басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға
және онымен санасуға үйренеді.
Интербелсенді әдістемесінің жұмыс
түрлері мен әрекеттері:
- бірлескен жұмыстар (жұптық,
топтық, ұжымдық),
- рөлдік және іскерлік ойындар,
пікірталастар,
- ақпараттың әртүрлі
көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
құжаттар, мұражай т.б.)
- презентациялар,
- тренингтер,
- интервью,
- сауалнама т.б.
Интербелсенді әдістің ерекшеліктерін ескерсек,
құрастырылған тапсырмаларды орындау студенттерге
оқытылып отырған тілдің практикалық тұрғыдан
қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді
және қазақ тілін оқып үйренуге деген
қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда бұл
интербелсенді әдісті өздерінің педагогикалық
жұмысында барлық оқытушылар қолданып жүр.
Сонымен, қазіргі әлем бойынша
индустриялық қоғамнан интербелсенді қатынас
жасауға, оны жүзеге асыратын ақпараттық
қоғамға көшу үрдісі жүріп жатқанда,
интербелсенді әдістерді тиімді қолдана білсек, оқушыларымызды
жаңа ғасырдың білікті, бәсекеге қабілетті,
білімді, ақыл-ойы дамыған азаматы етіп даярлай аламыз.