УДК 371.307

ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ СОДЕРЖАНИЕ СИСТЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ

 

PEDAGOGICAL CONTENT OF MODERN EDUCATION

 

Данияров Т.Ә.

п.ғ.к., доцент

Расулов М.А.

№14 Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебінің  информатика  мұғалімі

 

 

Аннотация

В данной статье описывается педагогическое содержание системы современного образования. Объединение интенсивных и экстенсивных путей образовательных систем позволяет реализовать «интегрированные инновации», они составляются из разноплановых, разноуровневых образовательных систем и их компонентов. Интегрированные инновации являются обсужденными, невозможно увидеть их «внешними» мероприятиями, но являются признанными реконструкциями, вытекающих из глубоких потребностей и познания систем. Можно повысить общую эффективность образовательной системы с помощью укрепления новых технологий «несозревших» элементов.

Ключевые слова: педагогическая система, интенсивный, экстенсивный, интегрированные инновации, уровень, система, знание, технология. 

 

Abstract

This article describes the pedagogical content of modern education. Combination of intensive and extensive ways of educational systems allows to implement "integrated innovation", they are made up of different planned, different leveled educational systems and their components. Integrated innovation is to discuss, you can not see them as "external" events, but they are recognized reconstructions derived from deep necessities and knowledge systems. It is possible to improve the overall efficiency of the education system with the help of new technologies to strengthen "immature" elements.

Keywords: educational system, intensive, extensive, integrated innovations, level, system, knowledge, technology.

 

Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына осыдан бұрын жолдаған Жолдаулары­ның барлығымен де таныспыз. Елбасы соның барлығында да уақыттың сипатын дәл анықтауымен және болашақты алдын-ала көре білуімен ерекшеленген еді. Біз ол айтқан Жолдауларда көрсетілген жолмен жүріп келеміз. Шүкірлік етуге болады, адасқан жоқпыз, тура жолда, нұрлы жолда келеміз. Қазақстан халқына бұл жолғы Жолдауында да санамызды сілкіп, алдағы уақытқа талпындырды, болашаққа деген сенімді нығайтты. Қазір өте күрделі уақытта өмір сүріп отырмыз. 2007 жылы басталған қаржы дағдарысы дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттерге ауыртпалық салды. Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның осындай қиындықтардан шығуының бағыт-бағдарын көрсетті. Бұл біз­дің Мемлекет басшысының көре­­гендігі екенін айтуымыз керек. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы бақытты болашаққа бағдар. Нақты істерге негізделіп, ел экономикасының жаңа стратегиясын, уақыт рухын сезіндірді және ұлтты ұйытар сөз, сын сағатта жасалған бағдар. Келешек келбетін көреміз деген ұлтқа жинақылық пен жүйелілік – табыс кілті болса, аталған сындарлы құжат әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ғана емес, білім көкжиегінің кеңейуіне де жасалған бағдарлама болуымен де ерекшеленді [1].

Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында мектептің міндеті  оқушыларға тек білімнің жиынтығын беру ғана емес, оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзіндік білім алудың тәсілдеріне үйрету де болып табылатындығы жайлы айтылған. Сондықтан білім беру, оқу үдерісін ұйымдастыруға деген көзқарасты қайта қарап, білім, білік және дағдыны меңгертуде мұғалім құзыреттілігін дамытуға, оқушыға оқу ақпаратын беруде оқушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін оқу үдерісін жобалауға, оқушының әр пәнді меңгеру икемділігін қалыптастыруға қарай өзгерту қажеттілігі туып отыр [2].

Білім беру үдерісінің жақсаруы, ғылымның дамуы арқылы техника мен технология және өндірістің өсуінің жүзеге асырылатыны белгілі. Дамудың негізі философиялық заңдылықтардың жүзеге асырылуымен байланысты қарастырылады. Қоғам дамуындағы білім беру жүйесі дамуы айқындалады. Өндірістің және өндірістік қатынастар дамуының нәтижесінде білім берудің, білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың дамуы жүзеге асырылады. Осыған байланысты білім беру жүйесіндегі даму оның барлық құраушыларымен жүзеге асырылатындығын көруге болады. Тарихи материалдарды зерделеу негізінде білім беру жүйесінің, мазмұнының, құрылымының дамуын қоғамның дамуымен, олардағы өзгерістермен байланыстылығын көруге болады. Мәселен, ХХғ. 60-70-жылдарында жаппай орта білім алуға көшуге байланысты бастауыш мектептің білім мазмұнын жетілдіру, оқушылардың ғылыми-теориялық білімдері мен қоғам дамуына сәйкес қарапайым біліктерін, көзқарастарын қалыптастыру, еңбекке дайындау талап етілді. Бұл кезде бастауыш мектеп үш жылдық оқуға көшірілді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімін дайындауды жетілдіру қолға алынып, оларды дайындау педучилище, педкласс, педагогикалық курстар, педагогикалық жоғары оқу орындарының педагогикалық факультеттерінде жүзеге асырылды. ХХғ. 70-жылдары ғылым мен халық шаруашылығының жетістіктерін ескере отырып, жалпы білім беретін мектептің барлық сатыларындағы ғылым негіздері жаңа мазмұнда құрылды. ХХғ. 80-90-жылдары мектепте білім беру саясаты да өзгере бастады, бірте-бірте авторитарлық жұмыс стилі демократиялық, ізгілікті сипат алып, педагогикалық үдерістің басты мақсаты баланы дамыту, оның ішкі мүмкіндіктерін ашуға бағытталды. Бастауыш сынып мұғалімдері түрлі әдістемелік ізденістерге, шығармашылықпен жұмыс істеуге назар аудара бастады.

Елімізде қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан түрлі саласында өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарға өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткізуге болады. Инновациялық оқыту технологиясы негізінде пәндік білім беру идеясы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде инновациялық оқыту технологияларының теориялық негізіне терең зер салуды талап етеді.

“Инновация” ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген деген пікір бар. Кейбір ғалымдардың еңбектеріне “жаңа“, “жаңалық енгізу“ деп көрсетілген. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Кейбіреулері оны “өзгеріс“ деген терминмен анықтайды. Мәселен, И.П.Подласый “Педагогика” атты еңбегінде ХХғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналистер, содан кейінгі кездерде педагогтар “инновация”  сөзін пайдалана бастағанын жазады [3]. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) – бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында  кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде көпке дейін берілмей келді. Берілетін анықтамалардың көпшілгі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмады. Сондықтан да “Инновацияны “білім беру жүйесінде жаңалық енгізу“ деп айтсақ, “Введение принципиального в образовательную систему“ ұғымының мағынасын тарылтқан болар еді“ – деп, жазады ізденуші Қ.Нағымжанова [4].

Ресейде ғалымдардың көбі бұл ұғымды әр түрлі түсіндіреді. Орыс ғалымдары В.И.Днепрова, В.С.Лазереваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда бола бастады. Олар «инновацияны білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасау, енгізу, қолдану және тарату деп сипаттайды. М.М.Поташник, А.С.Доренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде, ал «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үдерісі деп санайды.

Республикамызда “инновация” ұғымын пайдалану соңғы жиырма жылдықтың еншісіне тиеді. Ең алғаш болып “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай дейді: “Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” [5].

 Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтіріп педагогтар төмендегідей қорытынды шығарады: инновация - жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үдерісі; өзгеріс; құрал, әдіс. Ал, біздің пікірімізше, инновация дегеніміз – білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі.

Педагогикалық инновациялар – бұл педагогика саласында жаңа енгізілімдер, оның жеке компоненттерін, сондай-ақ жалпы білім беру жүйесінің, білім беру ортасына қалыпты элементтер (жаңашылдықтар) енгізетін, сипаттамаларын жақсартатын мақсатты бағытталған прогрессивті өзгерістер.

Педагогикалық инновациялар білім беру жүйесінің жеке қоры есебіне (дамудың интенсивті жолы), сондай-ақ қосымша күштердің (инвестициялық) – жаңа құралдардың, жабдықтардың, технологиялардың, капитал тартылудың (жатырымдардың) және т.б. (дамудың экстенсивті жолы) есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Педагогикалық жүйелердің интенсивті және экстенсивті жолдарының қосылуы «интеграциялық инновацияларды» жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олар әртүрлі жоспарлы, әртүрлі деңгейлі педагогикалық жүйелердің және олардың компоненттерінің тоғысуынан құралады. Интеграциялық инновациялар, ойластырылған, «сыртқы» іс-шаралар ретінде көрінбейді, бірақ терең қажеттіліктер мен жүйені білуден туындайтын мойындалған қайта құрушылар болып табылады. «Жетілмеген» жерлерін жаңа технологиялармен нығайту арқылы педагогикалық жүйенің жалпы тиімділігін арттыруға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Нұрлы жол – болашаққа бастар жол. Астана, 12 қараша 2014 жыл.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007. 27-шілде

3. Подласый И.П. Педагогика. Гуманитарный издательский центр. Владос, 2000. -576 с.

4. Нағымжанова Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп. 1999 №3. 9–11 бб.

5. Нұрахметов Н.Н. Қазақстандық мектептер дамуының жаңа бағыттары //Қазақстан мектебі – 1996. №2. -11-15 бб., 1996. №3. – 39-44 бб.

 

Жетібаев К.М.

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ

Тел: 87756476873

Shakarim08@mail.ru