Жалиева Нуржамал Бухарбаевна
Ел даналарының еңбегіңдегі дидактика мәселелері
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қазақстан

Дидактиканың біртұтас жүйесінің алғашқы қадамы физио-психологиялық процестер десек, оның ішінде ойлау қабілетінің өзара байланысын айқындап, мәнділік сапасын өз еңбектерінде дәлелдеп берген даналарымыз: Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Қ. Иассауи, Бұхар жырау, Ш. Құлекеұлы, А. Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, III. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов және т.б..

Ел арасынан  өздерінің  табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан Аталған зиялы қауым өкілдері ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының  тұңғыш қарлығаштары бола білді.  Ахмет Байтұрсынов,  Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев,          Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа Құрманбаев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев…  бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.  Шын мәнінде, олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айрықша, энциклопедиялық ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. білім,талғам ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр.

Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы.

А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда «Қазақ» газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.

Ахмет Байтұрсынов өз еңбектерінде  сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда «Баяншы» деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды .

Ыбрай  Алтынсарин - қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық негіздерін дүние жүзі педагогикасының қол жеткен алдыңғы қатарлы деңгейінде құра білген ұлы ұстаз. Ғылым негізің балаға өте қызықты, түсінікті етіп оқытуға ерекше көніл бөліп, орыс тілі, ана тілі, арифметика, табиғаттану сабақтарына, сөзді бір тілден екінші тілге аударуға  Ыбрай  Алтынсарин  аса зор мән  берді.

Ал, ұстаз-психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері («Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл») т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен  шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе,  Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады.  «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын –мұғалімдікі»  - дейді ұстаз .       

Мыржақып Дулатов ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов  сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Мыржақып Дулатов өзiнiң «Есеп құралы» кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды.

Кесте-1  Қазақстанда   дидактиканың  дамуы

Еңбек сіңірген ғалымдар

Еңбектері

Негізгі ойлары

1

Ыбрай Алтынсарин

«Қырғыз хрестоматиясы», кел, балалар, оқылық», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»

Қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жолы. Оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттейді

2

Мағжан Жұмабаев

«Педагогика»

«Сауатты бол»

Жастарды қалай оқитын өмірге дайындау жолын зерттейді

 

3

Жүсіпбек Аймауытов

«Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл»

Педагогиканың дидактика саласын негіздеген

4

Ахмет Байтұрсынов

 «Әлiпби», «Тiл құралы», «Баяншы», «Әдебиет танытқышы», «Тiл жұмсар»

Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартудың проблемаларын зерттейді;

Бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп дәлелдеген

5

Мыржақып Дулатов

«Қирағат»

Математикалық оқудың негiзiн салды;

Оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiн зор деп көрсетеді.

6

С.Қожахметов

«Педагогика мәселелері»

Баланы өз бетімен кітап оқыту дағдыны қалыптастыру, оны алған білімі мен дағдысын іскерлілігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады.

Қорыта келе айтарымыз, отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалымдар сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан қарастырды.

Түйіндеме

Дидактиканың біртұтас жүйесінің алғашқы қадамы физио-психологиялық процестер десек, оның ішінде ойлау қабілетінің өзара байланысын айқындап, мәнділік сапасын өз еңбектерінде дәлелдеп берген ХХ ғасырдың екінші жартысында негізінен қазақ халқының ұлы ағартушыларының көзқарастары

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1.  Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1984.-255 б.

2. Педагогика. БСЭ, 3-е изд., т. 19. - М. - 1975. - 298 с.

3. Бес ғасыр жырлайды. - А.: Жазушы, 1989. - 290 б.

5. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994. - 143 б.

6. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995.-348 б.