Педагогика/Социальная педагогика
Аға оқытушы, п.ғ.к Атемкулова Н.О.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
БАҚ
МАТЕРИАЛДАРЫН ЖОО-дағы САБАҚТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА
ҚОЛДАНУ
Болашақ
ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесі, оның дамуы
қашанда аса маңызды мәселелердің бірі болса, жаңа
ғасырға енген қазіргі кезеңде жоғары
технологиялық ақпараттық қоғамның мүмкіндіктерін
пайдалана отырып білім мен тәрбие беру көзделіп отыр. Өйткені,
қоғамның қай саласында болсын жаңа
технологияға кеңінен мән беру өмірдің өзі
талап етіп отырған мәселе, олай болса қандай да
жаңалықты қабылдауға бейім және оларды
меңгеруге дайын жастардың жаңа технологияларға
лайықталған білім мен тәрбие алуына ерекше көңіл
бөлу заңдылық.
Қазіргі кезде рухани-адамгершілік
құндылықтарды жастар мен жасөспірімдердің бойында
қалыптастыру үшін әртүрлі іс-шараларды жүзеге
асыру арқылы қол жеткізу керек. Бұл орайда, әсіресе
бұқаралық ақпарат құралдарының ЖОО-дағы
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында тиімділігі зор. Себебі оның бұл
мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды құрал
екендігі баршамызға мәлім.
Олай болса, бүгінгі күні
ақпараттық технологияларға бейімделген білімді,
тәрбиелі, мәдениетті тұлғаны өмірге дайындауда
негізгі құралдардың бірі ретінде бұқаралық ақпарат
құралдары мүмкіндіктеріне қоғамның
кеңінен көңіл бөле бастауы бекер емес. Өйткені,
өзінің кең мүмкіндіктеріне қарай кейінгі кездері
бұқаралық ақпарат құралдары адам
өмірінде белгілі дәрежеде ықпалды роль атқарып отыр.
Осы тұрғыдан қарастырғанда, қазіргі уақытта
ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін ескермей
рухани өмірдің қай саласындағы да
әлеуметтік-мәдени дамуды елестету қиын болса, олардың
ең алдыңғы қатарында білім беру жүйесі тұр.
Демек, жаңа технологиялар заманында уақыт талаптарына жауап бере алатын
тәрбиелік әдістерді, құралдарды анықтап, оны
қолданысқа ендірудің қажеттілігі туындайды. Педагог
ғалымдар әр елдің тәжірибелерін қарастыра отырып,
тәрбие беруде барлық әлеуметтендіру институттарының
бірлесіп әрекет етуі тиісті нәтиже беретінін үнемі айтуда. Ал
тәрбие институттары ретінде ең алдымен отбасын,
оқу-тәрбие мекемелерін қарастыратын болсақ, сонымен
қатар соңғы уақыттарда олардың қатарына
бұқаралық ақпарат құралдары да еніп отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының
оқу-тәрбие үрдісіндегі ролінің ұлғаюына
қарай, оның мүмкіндіктерін педагогика және психология
тұрғысынан тереңірек талдауды қажет етеді.
Әсіресе БАҚ-тың танымдық-тағлымдық,
ақпараттық, рекреативті, релаксациялық, коммуникативті
мүмкіндіктері жан-жақты зерттеле бастады және педагогикада жаңа
«медиабілім» бағыты пайда болды. Медиабілім берілу 4 қажеттігін
ұсынған тұжырымдамалар мен оларды жүзеге асыруға
арналған бағдарламалар бұқаралық ақпарат
құралдарының барлық түрлерінің және
соған қатысы бар техникалық құралдарды пайдалана
білуге жасөспірімдерді үйретуді, соған орай бұл
іс-әрекетке болашақ мұғалім мамандардың
дайындығын жүзеге асыруды көздейді. Осы
тұжырымдамаларды негізге ала отырып ғалымдар медиабілім проблемасы
бойынша зерттеулер жүргізуде және бұл зерттеулерде медиабілім
берудің негізгі тармағы болып табылатын БАҚ ролінің
оқушылар өмірінде барынша артып отырғандығы
көрсетіледі. БАҚ-тың жасөспірімдердің дамып,
қалыптасуындағы орнын әртүрлі аспектіде (философия,
мәдениеттану, педагогика, психология) қарастырып жүрген бір
топ шетелдік ғалымдарды атап өтуге болады. Олар: Е.Н.Барышникова,
А.Н.Богомолов, Г.Г.Воробьев, Г.Т.Волкова, С.А.Герасимова, Г.В.Грачев,
Г.Г.Громов, И.Ю.Глинская, Е.Л.Доценко, А.А.Марков, Н.В.Махова, Л.С.Зайцева,
О.В.Краснова, И.А.Колесникова, К.Г.Кречетников, А.А.Журин, Е.С.Полат,
Е.В.Шуварикова, И.В.Челышева, С.Б.Цымбаленко, И.А.Яременко және т.б.
Сондай-ақ, соңғы уақытта педагогикада жаңа
бағыт деп танылып отырған медиабілім беру негізінде
бұқаралық ақпарат құралдарын
оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселесіне зерттеу жүргізудің
бір ізділігін жасаған ғалымдардың (Л.М.Баженова, О.А.Баранов,
Л.С.Зазнобина, И.С.Левшин, Л.Мастерман, С.Н.Пензин, А.А.Новикова, Ю.К.Усов,
А.В.Федоров, А.В.Шариков) еңбектері назар аударарлық. Бұл ғалымдардың
зерттеулерінде бүгінгі күні медиабілім берудің аса
маңыздылығы және оны жолға қою арқылы
жасөспірімдердің бойында бұқаралық ақпарат
құралдарын тиімді пайдалануға деген көзқарасты қалыптастыру
мүмкіндігі жоғары екендігі нақтыланған. Баспасөз
құралдарын (мерзімді, педагогикалық) оқу-тәрбие
үрдісінде пайдаланудың тиімділігіне байланысты Г.В.Абросимова,
А.П.Апполонова, В.Ш.Самедов, О.П.Симанчук, Н.В.Иванова, Н.С.Малеванный, Г.Х.-
А.Махмудова, Ю.М.Новокшонов, Д.Ф.Мезенцев, Г.С.Мельник, Т.А.Репида,
С.В.Миликидзе, Н.К.Шипатильник, С.Н.Янпольский, ал отандық
ғалымдардың ішінде Қ.А.Ақтамбеков, С.Абдукадирова,
Р.Г.Ахмадиев, В.А.Бородин, И.П.Гуляева, Ү.Жұмабекова, С.Н.Имашев,
Г.Исмағұлова, Н.М.Наренов, Ә.О.Оразова, Н.П.Скальковская,
А.А.Тіленбаева және тағы басқалар зерттеу жүргізген.
Бұл зерттеулер бұқаралық ақпарат
құралдарының қай кезеңде де мектеп
оқушылары үшін дүниетанымдық тұрғыда
негізгі білім көзі және басты тәрбие құралы,
сондай-ақ әлеуметтендіруші институттардың бірі болып
отырғанын нақтылайды. Бұқаралық ақпарат
құралдарын жасөспірімдердің дүниетанымын
тәрбиелеуде, көзқарасын қалыптастыруда және
өмірге бейімдеуде негізгі әлеуметтік институттардың бірі деп
танитын болсақ, оның мүмкіндіктерін тәрбие ісінде
пайдалана білуге болашақ мұғалімдерді дайындау
қажеттігі маңызды мәселе. Өйткені, бүгінгі
күні тәрбие үрдісінде БАҚ тәрізді
мүмкіндігі кең құралды пайдаланбау мүмкін емес.
Сондықтан,
педагогикалық мамандыққа білім алып жатқан студенттер
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
тәрбие үрдісіне оқу орындарында дайындалуы өте
маңызды мәселе болып табылады. Дейтұрғанмен,
соңғы кездері бұқаралық ақпарат
құралдарының тәрбиеге ықпалдылығы мен
әсерін ізденушілер біршама қарастырып жүргенімен, зерттеу
жұмыстарының арасында болашақ мұғалім мамандарды
оларды тәжірибеде пайдалана білуге дайындау туралы нақты
ғылыми тұрғыдан негізделген, жүйеленген
еңбектердің жоқ екендігіне көз жеткіздік.
Тәрбие
жалпыға ортақ үрдіс болғандықтан, бұл
үрдісте басты тәрбие және әлеуметтендіру
институттарымен бірге БАҚ – тың қатысуы аса маңызды.
Өйткені, қазіргі кезде БАҚ-тың қай
тұрғыдан болсын ықпалы зор болып отырғандығы
байқалады, сондықтан БАҚ-тың педагогикалық
мүмкіндіктерін пайдалануды тәжірибеге ендіру қолға
алына бастады. Тәрбие мәселесі отбасы мен білім беру
мекемелерінің ғана міндеті емес, ол көпшіліктің
бірлесіп атқаратын ісі болғандықтан, бұл
мәселемен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және
жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана оң
нәтиже болмақ. Осы тұрғыда пәнаралық
педогика сөздігінде берілген «тәрбие –
қоғамдық-тарихи тәжірибені болашақ
ұрпаққа берудегі күрделі әрі
қарама-қайшылықты әлеуметтік-тарихи үрдіс, ол
барлық әлеуметтік институттардың: қоғамдық
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының, діни мекемелердің, отбасының,
әртүрлі дәрежедегі және барлық
бағыттағы білім беру мекемелерінің қатысуымен
жүзеге асырылады. Ол қоғамдық прогресс пен
ұрпақтардың сабақтастығын қамтамасыз етеді»
деген анықтамамаға толық қосыламыз. Олай болса,
қоғамдағы кейінгі кезеңдердегі өзгерістерге орай
тәрбие үрдісінде бұрыннан мойындалған басқа
әлеуметтік институттармен қатар, бүгінгі күні
бұқаралық ақпарат құралдарының да
ролі жоғары болып отыр. Зерттеу проблемамыздың нысаны
болғандықтан, біз үшін ең алдымен БАҚ-тың
тәрбиеге қатысын, мән-мағынасын ашып алу маңызды
мәселе. Сонымен, бұқаралық ақпарат
құралдарына әртүрлі әдебиеттерде берілген
анықтамаларға мән бере отырып, «БАҚ – баспасөз,
радио, теледидар сияқты көптеген каналдардың
біртұтастығы, олар журналистика мен аудиторияның
арасындағы байланыстырушы болып табылады және журналистиканың
басты құралы ақпарат беруді пайдалана отырып көптеген
міндеттерді шеше 14 алады. Ол міндеттерге аудиторияға ақпарат
тарату арқылы білім беру, дамыту, тәрбие беру т.б. жатады». деген
анықтамаға тоқталуды жөн көрдік: Зерттеу
жұмыстарына талдау жасаудың және әртүрлі
анықтау жұмыстарының нәтижесінде, балалардың
көпшілігі БАҚ-ты өзін қызықтыратын сұрақтарға
жауап алатын білім алу көзі деп есептейдіндіктері анықталды.
Өйткені, бүгінде БАҚ-тың ауқымы кең,
олардың назарынан тыс қалатын мәселе жоқ, оның
ішінде балалардың ерекше қызығушылығын тудыратын
мәселелер де аз емес. Оны ақпарат құралдарының
балалар өмірінде елеулі орын алатындығын дәлелдеп
жүрген пікірлерден, сонымен қатар олардың бала мінез-
құлқына әр түрлі әсер ететіндігі туралы
мәселені қарастырған еңбектерден көруге болады.
Бұл еңбектерде бүгінгі күні бұқаралық
ақпарат құралдары қоғамдық пікірді
анықтаудың және қалыптастырудың, сонымен
қатар қоғам мүшелерін тәрбиелеудің,
әлеуметтендірудің ең тиімді және әмбебап
құралы болып отырғандығы, сондай-ақ оларды
дұрыс пайдалана білмеген жағдайда кері әсері болу
мүмкіндігі айтылады. Ақпараттық кеңістік заманында
қазіргі жастар мен жасөспірімдер қандай да бір қажетті
ақпаратты алуда үнемі БАҚ мүмкіндіктеріне
жүгінетіні анық мәселе. Мемлекет қазіргі уақытта
жастардың білім алуы мен тәрбие жұмысына үлкен
мән беріп отыр және олардың уақыт талаптарына
лайық білім алып, өз отанына қызмет көрсете алатындай
дәрежеде тәрбиеленгенін талап етуде. Бірақ,
қоғамдағы кездесетін кейбір келеңсіз жайттар
жасөспірімдерді тәрбиелеудің әлі де тиісті
дәрежеде емес екенін көрсетеді. Мұның кейбір себептерін
ақпарат әлеміндегі үлкен өзгерістерден де іздеуге
болады. Өйткені ақпараттық ғасырда БАҚ-тан
әркімнің қандай болмасын ақпаратты алуға
мүмкіншілігі жоғары. Сондықтан, бүгінгідей ақпараттар
ағынының заманында БАҚ-тың қызметін
жоққа шығару қиын. Қазір
жасөспірімдердің көпшілігі өздеріне қажетті
ақпараттарды теледидардан алатын көрінеді. Бірақ,
бүгінгі күні теледидардан берілетін кейбір
бағдарламалардың бала психологиясына кері әсерінің бар
екені жиі айтыла бастады. Сана-сезімі қалыптасып үлгермеген мектеп
оқушысының, адамгершілік, имандылық сияқты
құндылықтардан гөрі, қатыгездікті ашық
насихаттайтын бағдарламалар арқылы өмір туралы
түсініктері мүлде басқа бағытта даму мүмкіндігі
жоғары болып отыр. Демек, ақпараттандыру заманында, оның
зиянды ықпалынан қорғай отырып, бала санасының дамуына
мейлінше тиімді тұстарын пайдалануға ұмтылу тәрбие
беруші мекемелердің басты міндеттерінің бірі болуы шарт. Ал
ақпараттану үрдісін зерттеуші ғалымдардың пікіріне
сүйенсек, қазіргі қалыптасып отырған
ақпараттық қоғам, бұл: ақпараттық
және телекоммуникациялық технологияларды дамытуға негізделген
қоғам; адамға және мемлекетке қажетті
білімнің бәріне ақпаратты кедергісіз алу арқылы
қол жеткізуге болатын және онымен жұмыс істей алатын шарты
бар білім қоғамы; бір жағынан әлем мәдениетін
қабылдай отырып, екінші жағынан өз мәдениетінің
дамуына жол ашатын қоғам. Сонымен, қазіргі қалыптасып
отырған жағдайда сырттан келетін ақпаратқа шектеу
қою өте күрделі. Өйткені, бұл қадам
елдің ақпараттық және телекомуникациялық
технологияларын дамытудағы қажеттілік болып 15 тұрғандықтан,
оларға шектеу қою мүмкін емес және мемлекеттің
әлемдік деңгейдегі ақпараттық қоғамға
енуінің қажеттігі бар жерде сырттан келетін ақпаратқа
шектеу қоюдың өзіндік қиындықтары да бар. Олай
болса, сырттан келетін ақпаратқа шектеу қою проблеманы шешудің
жолы емес. Осындай объективті және субъективті жағдайларға
байланысты, соңғы кездері жиі айтыла бастаған
ғаламдастыру немесе жаһандану заманында бір жағынан
ақпаратты кедергісіз алатын қоғамның орнауы
заңдылық деп табылса, екінші жағынан жеткіншектерді
ақпарат тасқынының кейбір кері ықпалдарынан
сақтандыру керектігі қазіргі уақытта педагогикалық
тұрғыдан көкейкесті проблема болып саналады. Дегенмен, қазіргі
кезде аталған проблеманы шешудің жолдары да ұсыныла бастады.
БАҚ-тың жастарды рухани- иманыдылыққа
тәрбиелеудегі орнына аса мән бере отырып, еліміздің
президенті Н.Ә.Назарбаев жастармен кездесуінде,
рухани-имандылыққа тәрбиелеу үшін арнайы телеарна ашу
керектігін ұсынды. «Бұл арнаны мемлекеттік «Ел арна»
арнасының негізінде құру қажет, ал «Жас Отан» осы
телеарнаның бағдарламаларын құруға және
дайындауға белсене қатысуы тиіс» деп, бұл жауапты істе
жастардың өздерінің де жан-жақты атсалысуын, яғни
олардың белсенділіктерін арттыруын тапсырды.
Жаһандану
заманында сырттан келетін ақпараттарға ешбір тосқауыл
қойылып отырған жоқ. мұның өзі
балалардың БАҚ материалдарын ретсіз тұтынуына әкелді. Профессор
А.Құсайынов бұл әрекетті медиазорлық деп санайды.
Ғалымның пікірінше, қоғам балаларға барлық
16 материалдық жағдайды жасай отырып, бірақ оларды
агрессиядан қорғай алмай отыр. Осындай
қарама-қайшылықтардың болу салдарынан
қоғамдағы көптеген келеңсіздіктер туындауда.
Бұдан жасайтын тұжырым, бүгінгі күні жастар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеуде негізгі құрал бола алатын БАҚ-тың
тәрбиелік ықпалын пайдалануды дұрыс жолға қою аса
маңызды мәселе. Өйткені, БАҚ жан-жақты
мүмкіндіктеріне қарай көптеген функцияларды атқара
алады. Біз ғалымдардың БАҚ-тың негізгі функцияларын
топтастыруын есепке ала отырып, өзіміздің топтастыруымызды
жасадық. Зерттеу проблемамызға орай біз педагогикалық
үрдістегі функцияларды жүйелеуге тырыстық.
Педагогикалық үрдістегі функция – педагогикалық процеске
арнайы ұйымдастырылған және мақсатты түрде пайда
болып өмір сүріп келе жатқан орын, роль дегенді білдіреді.
Педагогикалық процестегі функциялар білім берушілік (білім, іскерлік,
дағдыны, мәдени құндылықтар жүйесін беру
арқылы), тәрбиелеушілік (тәрбие мен оқыту
үрдісіндегі құндылық бағыттар мен қарым-қатынастар
жүйесін қалыптастыру кезінде байқалады), дамытушылық
(тұлғаның танымдық психикалық үрдісінде
дамуы мен қалыптасуын, логикалық әдістердің,
операциялардың, талдау-талқылау, ойтоқтамының,
танымдық белсенділігінің, қызығушылықтарын,
қабілеттерін көрсетеді), әлеуметтендіруші (бірлескен
іс-тәжірибені меңгерумен, қоғамдық
қатынастар мен әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы
мінез-құлықты иеленумен көрінеді).
БАҚ-тың
функцияларына тоқталғанда ерекше атап өтетін мәселе, ол
теледидардың бір өзі ғана адам өмірінде бірнеше
функцияларды атқаруға толық мүмкіндігі бар екендігі.
Сондықтан, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда бұл
БАҚ-тың функциялары әлеуметтік-педагогикалық
мәдени-ағартушылық білім берушілік нормативті
ақпараттық ұйымдастырушылық интегративті
релаксациялық идеологиялық сын және бақылау рекреативті
коммуникативті 17 функциялардың қызметі міндетті түрде
ескеріліп отыруы және тиісті дәрежеде пайдаланылуы қажет.
БАҚ-тың насихат құралы ретіндегі қызметінің
өзі тәрбие үрдісіндегі көптеген іс-шараларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал олардың белгілі
дәрежеде жасөспірімдердің білімін жетілдіру, толықтыру
тәрізді маңызды мәселелерді шешуде орны тіпті ерекше.
Яғни өздігінен білім алуға, өзін-өзі
тәрбиелеуге жағдай туғызатын функциясының маңызы
адам үшін өте жоғары болып табылады. Сонымен қатар,
жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу жұмыстарына
талдау жүргізу нәтижесінде анықталғанындай
бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы
функцияларымен қатар, нақты балалар өмірінде атқаратын
біршама негізгі функциялары бар екендігіне көз жеткіздік. Атап
айтқанда: - ақпараттық (хабар беру) функция; -
рекреативті(көңіл көтерушілік) функция; - релаксациялық
функция; - мәдени-ағартушылық функция; - білім берушілік; -
коммуникативті; - әлеуметтік-педагогикалық.
Сонымен,
БАҚ-тың тәрбие үрдісінде атқаратын
функцияларының қай-қайсы да білім берушілік,
тәрбиелеушілік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік міндеттерді
жүзеге асыратыны сөзсіз. Аталған функцияларды жүзеге асыра
отырып, олар білім беру жүйесінде айтарлықтай үлкен роль
атқарады.
Әдебиеттер:
1.
Рысбаев Е, Ильясов С. Танымдық белсенділікті дамыту — өзекті
мәселе. Қазақсатан
мектебі. № 2. 2007. 66-67б.
2. Сейітқазы
П.Б. БАҚ материалдары негізінде тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру //Оқу- әдістемелік құрал. – Астана:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2007.
− 77 б.
3. Сейітқазы
П.Б. Студенттерді тәрбие үрдісіне дайындауда
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану
//Оқу құралы. – Астана: Күлтегін, 2008. − 173 б.