Студенттердің
шығармашылық және ізденіс қабілетін шетел тілі
сабағында дамыту
п.ғ.к. Кансеитова
У.Р.
Алматы,
ҚазмемқызПУ
Кез-келген
мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол едің
білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.
Олай
болса, ертеңгі бәсекеге қабілетті, өз бетімен білім
алатын, өмір сүруге икемді, шығармашылыққа бейім,
жаңалыққа құмар, әлемнің кез-келген
елінде қажетке жарайтын білімі мен біліктілігі бар тұлғаны
қаллыптастыру қажетттігі туындайды. Осы орайда бүгінгі
таңда жас мемлекетіміздің өркениетке жету жолында шетел тілдерін жетік білетін маман
даярлау алда тұрған
маңызды міндет деп санаймын және ізденіс қабілеті жоғары, өз іс-әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыра
алатын жеке тұлға даярлауы керек.
Қай
салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен
бағаланады. Сапалы оқыту және студенттердің
шығармашылық пен ізденіс қабілетін шетел тілі сабағында
дамыту өздігінен оқып білім
алуға баулу тікелей оқытушыға, оның білім
дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Білім беру үрдерісінде
оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай,
алдындағы студетті шыңдай түсуде төмендегі міндеттерді
орындауы тиіс:
1.
әр түрлі әдістерді қолдана білу;
2.
берер білімнің ғылымилығын арттыру;
3. алған
білімін өмірде қолдана білуге және маңызды
мәселелерді шешуге бағыттау;
4. шығармашылдық пен іздемпаз қабілетін дамыту;
5. әр студенттің қабілетіне қарай іскерлігін,
қызығушылығын дамыту;
6. білімді
шығармашылықпен меңгеру әрекетерін дамыту,
қалыптастыру нәтижесінде жоғарғы сапаға жету;
Қазіргі
таңда, шетел тіліне деген талап күн санап өсуде. Ағылшын
тілін меңгеру барысында студенттердің шығармашылық ізденіс
қабілетін дамытуға көп көңіл бөлініп, меңгерген
тілін өмірдің түрлі саласында өздігінен сапалы, дәлелді
шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
Шығармашылық
дегеніміз – тұлғаның өмірде өзін-өзі
тануға ұмтылуы, ізденуі, ал шығармашылық қабілет
дегеніміз адам іс-әрекетінің барысы. Кез-келген дамыған
өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс
жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Сонымен ағылшын тілі
сабағында студенттердің шығармашылық пен іздемпаз
қабілетін дамытуды жүзеге асыру арқылы олардың
қарым-қатынас дағдысы мен шеберлігін дамыту, өзі
меңгеріп жүрген тілде сөйлейтін елдер жайлы білімін
кеңейту, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ
барысында студенттермен шығармашылық бағыттағы жұмыс
олардың есте сақтау, ойлау, елестету, пайымдау мен қиялдау
және интеллектуалдық қабілетінің дамуына жол ашады. Олардың
шетел тіліндегі сөздік қоры дамып, дұрыс сөйлеуге,
сауатты жазуға үйреніп, шетел мәдениетіне бір табан
жақындай түседі. Қазіргі кезде студент өзі ізденіп,
өзі оқып, өзі үйренеді. Студенттерді
шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін
шығармашылық пен іздемпаздық қабілеттерін сабақта
және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі
әдіс-тәсілдерді қолдану өз нәтижесін берері
сөзсіз. Осы тұрғыдан
алғанда сабақта дәстүрлі емес әдістермен
шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесін
ұсынудың маңызы зор. Шығармашылық ізденіске жетелейтін жолдың бірі –
проблемалық оқыту технологиясы. Оның негізгі ерекшелігі –
жеке тұлғаның танымдық, шығармашылық,
іздемпаздық қабілеттерін және белсенді сөздік
қорын дамытуға бағытталуында. Мысылы: (жағдаятты шешу,
балаға ой тастау, “миға шабуыл”, пікір алмасу, жеке ізденіс,
дебаттар, т.б.).
Оқытушы
сабақта проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденуге
бағытталған тапсырмаларды өзі баяндап түсіндіреді,
логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың
пайда болуын, оларды шешудің жолдарын көрсетіп оқушыға
бағыт-бағдар береді. Әрбір оқушының дамуы
басқа студентпен емес, өзімен салыстырылады. Студенттке өзін-өзі
бағалауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар проблемалық
оқытуда іскерлік ойындар, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық
хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек
үстелдер, пікірталас және тағы басқалар жаңа әдістері мен
түрлерін айтуға болады. Проблемалық
оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын
түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық
міндет қояды. Бұл технологиялық әдістегі ең
маңызды мәселе – шешімді және шешу құралдарын
оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Сонымен
бұл технологияда жеке және
жұптық, топтық оқыту түрлері негізгі болып
табылады. Онда:
1.
Ортақ мақсатқа
жету үшін бірге
әрекет жасау іскерлігі;
2.
Өзара қойылатын
талаптардың болуы;
3.
Әр оқушылардың өз
жұмысына ортақ
топтың жұмысы ретінде
қарауы;
4. Өзнің жетістіктерін
және кемшіліктерін ортақ
жұмыс нәтижесінен бағалау, сонымен қатар нәтижесіне қызығушылық білдіру;
5.
Өзіне сын көзбен қарау іскерлігі.
Мысалы, топтық оқытуда студенттерді
шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту кезінде студент
өз даралығын жоғалтпайды, айтайын деген ойын
жинақтайды, бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ
міндеттерді шешеді, ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады. Сабақ барысында әр
студент тіл арқылы өзіндік
пікірлерін дәлелдейді, пікірталастар мен талқылауларға
қатысады, бірге әрекет жасау іскерлігі яғни өзара
қарым- қатынас барысында сұрақ қою және жауап беру және
өзіне сын көзбен қарау іскерлігі қалыптасады.
Жаңа тапсырмаларды орындау кезінде студентті өз бетінше жұмыс
істеуге үйретеді, оқуға деген ынта – ықыласын оятады.
Ал жеке (индивидуалды) оқыту түрінде студент берілген кейбір
тапсырмаларға тереңінен ізденіспен тоқталуға болады,
бұл өз кезегінде студенттің де, мұғалімнің
де алдындағы тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапкершілікке,
шығармашылыққа бейімдейді. Өзіне берілген жағдаятты
шешу барысында оның барлық жолдарын ой елегінен өткізу
арқылы, ізденіс барысында жаңа нәтижеге қол жеткізеді. Сонымен
қатар сабақ барысында проблемалық ситуацияны туғызу
арқылы студент жаңа білім алады, ізденіс дағдысы
қалыптасады, маңызды шығармашылық іскерлікке
үйренеді. Проблемалық оқытудағы негізгі тәсіл
проблемалық жағдаяттар тудыру барысындағы берілген
тапсырмалар студенттердің ой-өрісін кеңейтеді, ойды
тұжырымдай білу мен ізденіс қабілетін дамытады,
ғылымға, пәнге деген қызығушылығын
арттырады.
Студенттің шығармашылық қабілеті, әрекеттері
оның ізденімпаздығы арқылы дамиды. Сабақта берілген
тапсырманың сантүрлілігі қамтамасыз етілсе студенттер білім
игеруде жетістікке жетеді, сабақтың тиімділігі артады. Аса шеберлікпен
ұйымдастырылғын сабақтың болашақ мамандарға
берері көп және сабақ сапасы артып, оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі,
ізденімпаздығы, шығармашылығы арта түспек.
Сонымен қатар,
студенттердің шығармашылық әрекеті мен
іздемпаздығын дамытуда төмендегі әдіс-тәсілдерді
қолдануға болады: «Ой қозғау», схемалармен жұмыс,
кластерлермен, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, т.б. Оларды
құру да өте жеңіл: Мысалы: “My Future profession”,
“Hobby” “Ecology” т.б., тақырыптарына «Кластер» әдісін
қолдануға болады. Кластерлер - бұл студенттерге әр тақырып аясында еркін
әрі ашық түрде ойлауға мүмкіндік беретін
әдіс.
Жұптық,
топтық жұмыстарды өтілген жаңа тақырыпты
тереңірек түсіндіру үшін жүргізуге болады және бұл
технология барлық тілдік әрекеттің дамуына септігін тигізеді. Шығармашылық
әрекеті қалыптасқан адамның, бір жағынан, іскерлігі
жетілсе, екінші жағынан, бойындағы рухани байлықтары жетіліп,
адамзат мәдениетіне мол үлес қосатыны белгілі.
Қорыта айтқанда, студент бойындағы
шығармашылық пен іздемпаздық қабілеттің дамуы
үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген
ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами
түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры
тасып, оқушы дүниетанымы одан әрі арта түсері
анық. Осы орайда ағылшын тілін жоғары
деңгейде меңгерген студент жаңа білім түрлерін іздеуге
талпынатын, интеллектуальды-рухани жан-жақты дамыған, тіл
меңгеру ұстанымы мығым, бәсекеге қабілетті
тұлға бола алады деп есептеймін