ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ХАНДЫҚ ДӘУІРІ
Доктор, профессор Сабри Хизметли
Шет тілдер және іскерлік карьера
университетінің ректоры
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің маңызды міндеттерінің біреуі жас
ұрпақты ұлтшыл қасиетте тәрбиелеу болып
қабылданған. Қазақ хандығын жақсы білу
және ұлттық тарихын үйрену ұлттық
тәлім-тәрбиенің негізін құрайды.
Қытай, араб, түрік, орыс,
неміс және парсы тілдерінде жазылған шығармаларда
қазақ хаңдығы жайлы терең мәлмет орын
алған.[1]
Асылы-тегі
жағынан қазақ хандығының қайнаркөзіне
келетін болсақ, тарихи болмысы б.з.д. 8 ғасырға созылатын бір
қауым болып табылатын қазақтар алдын ала «Шудың»
басшылығында «Чу» аймағында бірігіп жиналған тайпа.
Яғни қазақ
хандығының қайнаркөзі «Шу» немесе
«Сақа-сақ» қауымы болып қабылданады. Бұл екі есім
(Шу, Сақ) б.з.д. 8 ғасырда Орта Тянь-Шань тауларының
қиылысында ұлы Сақ мемлекетінің екі тобының аты
болуы да мүмкін, өйткені түріктерде осыны растайтын миттер
болған. Тарихшылардын жалпы
көзқарасынша сақтар(скиттер) алғашкы түрік
қауымдарынан бірі болып б.з.д. VII-IV
ғасырлар арасында Қазақстаң геоғрафясында
өмір сүрген.[2] Яни Әбүл-қайырдын басшылығын
мойындамағаң түрік топтары
Ферғана аймағынан Жәнібек және Керей
сүлтаңдар басқарғаң тпрақтарға
көшіп қонды. Осы кауымдарға қазақ, өмір
сүргени геоғрафяға да қазақстаң делінді.[3]
Сақтар
дәуірінің бастауышы «тарих алдыңғы» заманнан
«алдыңғы тарих» дәуіріне өту кезеңі, кейінгісі
тарих. Бұл демек, атап өтілген заманда және Қытай
шекараларынан Еуропаға-Туна өзеніне дейінгі аймақтарды
қамтитын бір «сақтар мемлекеті» болған. Осы
сақтардың бір тобы, дел ғұндар, көктүріктер
және монғолдар дәуірінде болған сынды, Шығыс
Еуропаны жаулап алды. Осыған байланысты грек жазушылары сақтарды,
басқа бірнеше қауымды қарамағына алған «Скит»
қоғамының ең құзыретті халқы ретінде
қабылдаған. Бірақ олардың ойынша «Сақ» есімі Орта
Азияда егемен болған халыққа берілген және
олардың Таяу Шығысымен Әзербайжан аймақтарында
орналасқан топтарының аты болған. Шығыс Еуропаға
келгендері де тек қана «скит» атымен танымал.[4]
Сақтар көбінесе мал шаруашылығынан айналысса да
үш түрлі өмір сүрген; көшпелі, жарты көшпелі, щырықшы. Ауыл
шаруашылығынан айналысқан сақ тайпалары батыс және орта
Қазақстан далаларында, Жетісу мен Алатау қиылысында
орналасқаң.
Шын мәнінде Сақтар
Шығыс Еуропаға келерде солтүстік Кавказияда
тұрған «киммерлерді» Кавказияның оңтүстігіне
және Кіші Азияға қашып кетуге мәжбүр еткен.
Киммерлер, грек жазушысы Прокопиустың пікірінше, кейінгі
болгарлардың ата-бабалары болатын.[5]
Атап өтілген жазушылардың
ойларына қосыла отырып, Сақтардың алғашқы
түрік қауымдарынан және қазақтардың
сондай-ақ, қазақ хандығының қайнаркөздері
ата-бабалары болатындарына сенеміз. Өйткені, сақтар/Скидтер
әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, наным-сенімдері
және жерлеу салтанаттары жағынан толығымен Алтайлық
қауымдардан болғанын көрсетеді. Осыған қоса, олар
түрік «киіз үйлерінде»,
яғни кешеден жасалған «кубба түркі», яғни, «түрік
киіз үйі» деп аталған жерлерде өмір сурген екен. [6]
Скиттер дел түрік қауымдары
сияқты қымыз ішкен және сүттен құрт жасап
жеген, наным-сенімдері жағынан көбінесе шаманизмге
бағынған екен. Олар мал-мүлік жинауға мән
бермейді, дұшпандарға қарсы қаһарманша
соғысады.
Табари сынды араб жазушылар болса,
скиттерден «қымыз ішкен, жылжымайтыны болмаған «Түрікмен»,
«Тергман» қауымы деп атайды. Аты не болмаса да Скиттер- Орта Азия
географиясында мемлекет құрған, «қаған»
атындағы басшы тарапынан басқарылған бір түркі
қауым болып уақыт өткен гермен және гректер тарапынан
құтылып еріген. [7]
Парсы/Иран деректері бойынша
Сақтар тарих сахнасына үш топ ретінде танылған:
1-топ: Ферғана, Орта Тянь-Шань
және Қашқар аймақтарында өмір сүрген;
2-топ: Арал мен Каспий теңізі аралығында орналасқан; 3-топ:
Қазіргі Ресейдің солтүстігінде өмір сүрген.
Осылайша Скиттер алдыңғы Азия мен Қытай шекаралары
арасындағы географияда б.з.д. 8 ғасырларда мемлекет құрып, өмір сүрген түркі
қауымы болып табылады.
Қытай деректері
жоңғарлардың бір тобының «Суи жоңғары» деп
аталғанын және
Сақтардың Шығыс тайпасы болып табылғанын айтады.
Түрік дастандарында «Тунга
Алпер», Иран дастандарында «Афрасяб» атымен танымал қаһарман,
ұлы Сақ мемлекетінің ең тыныш, ең күшті
дәуірін жасаған ең құзіретті қаған
болып табылады. Осы дастан түрік аңыздарында[8]
«Тунга АлпЕр» атымен, түрік падиша сулалесінің ұлы атасы,
оның туыстары мен әулеті, оның күлті баяндалады. Иран
аңыздарында болса, Афрасябтың Ирандықтармен
қарым-қатынастары, оқиғалар; Иран падишасы
Кайхұсреу тарапынан жеңілгеннен кейін, оның тарапынан
Тянь-Шаньда Коскарбасы және Кімектер өлкесі, яғни
Алатауларға дейін ізденіп, ақырында Әзірбайжанда
Кайкусреудің қолына түсіп өлтірілу және одан
кейін әулетінің дәуірі анықталуда.[9]
Сақтар егемендігінің осы алтын кезеңінің
ұлы сақ басшысының өлтірілуімен бірге б.з.д. 625
жылында аяқталғаны да баяндалған. Сақтар
мемлекетінің 12 үлкен елбасшысы болған. Кейбір Иран деректері
бойынша Сақ мемлекеті АлпЕрдің әулетінің
басшылығында б.з.д. 485 жылына дейін өз болмысымен
жалғастырған.[10]
Қазақ
хандығының құрылуы
Қазақ
Хаңдығың 1456 немесе 1465 жылы құрылған. ХV ғасырдың ортасында
Қыпшақ өлкесіндегі (Дешті қыпшақ) Өзбек
қағанаты (Әбул-Хайыр қағанаты) ішкі
қақтығыстармен айналысып отырған, хандығың
негізін құрған тайпалар мен рулар арасында үстемдік
талас-күресі болған. Әбул-Қайыр хан, тақты
сақтап қалу үшін қарсы қалғандарды
қатаң тексеріп тұрған. Жәнібек және Керей
сұлтандар, Әбул-Қайырдың басшылығын танымайды.
Өзбек хан өзіне қарсы бас көтерген Ақорда ханы
Ұрыс ханның әулетін жеңген. Осыған орай
Жәнібек пен Керей сұлтандар Арал аймағындағы
жұрттарын тастап өздерінің қарамағындағы тайпалар және рулармен бірге Чу
аймағына көшіп кеткен.[11]
ХV ғасырда Чу географиясында Шағатай
ұлдарынаң Монғолия ханы Есен-Бұға хаң
егемен екен. Өзінің жерлеріне жаман көзбен қарап
жүрген Өзбек қағанатының жойылуын қалайды.
Сондықтан Жәнібек пен Керей сұлтандарды жақсы
қарсы алып, оларға көмектесті. Жетісу аймағының
батысы мен Шу және Талас өзендерінің арасындағы
жерлерді басып алған Жәнібек пен Керей билерге қарсы болмады.
Міне, Жәнібек пен Керей сұлтандар осы аймақта
қазақ хаңдығың құрды. Осы хаңдыққа,
оңың түрлі түрік тайпаларынан пайда болған
халқына «қазақ» аты берілді.[12]
Әбул
Қайырдың 1468 жылы қайтыс болуынан кейін Өзбек
қағанатында тақ таласы басталды, ішкі
қарама-қайшылықтар пайда болды, халықтың
маңызды бөлігі Жетісу аймағына көшіп келді,
Жәнібек және Керей хандарға бағынды, қазақ
хаңдығы күшейді.
Әбул Қайырдың
немересі Мухаммед Шавйбани (1451-1510) Хаңдықтың
тақ таласында жеңіске жетті, таққа отырды.[13]
Қазақ
хаңдығының негізін салған Жәнібек хан 1480 жылы
қайтыс болды, оның орнына ұлы Бұрындық хан болды
(1480-1511 жж.), бірақ тез арада Мухаммед Шайбани мен
Бұрындық хандар арасында егемендік талас-күресі пайда болды.
Сырдария бойындағы Отырар, Сайрам және басқа қалаларды
өздеріне қаратып алу үшін бір-бірімен қанды
соғыстар болды. [14]
Қазақ
хаңдығының дамуы
Қазақ
хаңдығының дамуы XVI ғасырда Қасым хан дәуірінде
болған. Жәнібек
ханның ұлы Қасым хан, Бұрындық ханның
кезінен бастап басқару құзретін қолына алған.
Қасым ханға жеңіліп, Самарқантға кеткен
Бұрындық хан осы жерде қайтыс болған. Осылайша
Жәнібек әулетінің билеушілігі кезені бастаған. [15]
бірақ Қасым хан дәуірінде қазақ
сұлтандарымен Шайбан ұлдары Сырдария қиылысындағы
қалаларды жаулап алу үшін өзара талас-күрес пайда
болды. Экономика жағынан да саяси әскери жағынан да
Шайбанұлдары табысты болмады. Ал Қасым ханның егемендігіндегі
топырақтар кеңейді, халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайлары жақсарды, өлке дамыды. Қасым хан кезінде
қазақ қағанаты әлемде танылған және
саяи құзіреті қабылданған мемлекет деңгейіне
көтерілді. Яғни қазақтар әлем тарихы сахнасына
қазақ хаңдығы арқылы шыға бастады:
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз де қазақ
жүздері ретінде танылды. Бірақ қазақтардың
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп жүздерге,
руларға, топтарға бөлінуі көптеген деректердің
айтуынша XVI ғасырда және Қасым ханның
қайтыс болуынан кейін болған.[16]
Ұлы жүз он рудан, Орта жүз алты рудан, Кіші жүз
үш рудан бірігіп топтасқан болатын.
Сонымен бірге
қазақтар тілі, мәдениеті, әлеуметтік-экономикалық
өмірі, әдет-ғұрыптары бірдей болған бір
халық болып табылады. Ханға бағыну, әмірдін тапсырмасын
орындау тиісті болған. Тақ- ханның әулетіне және
туыстарына мұра арқылы
өтеді. Яғни қазақ хаңдығында мемлекетті
басқару әдет-ғұрып құқығы
негізінде жүргізіледі. Тәуке хан дәуірінде (17 ғасыр)
осы орайда «Жеті жарғы» (Жеті әмір) атымен жаңа бір
құқық жүйесі ортаға салынған.[17]
Қазақ
хаңдығындағы экономикалық жүйе
ауылшаруашылығына сүйенеді. Сауда-саттық пен кейбір
қолөнер өнімдері де осы орайда өте маңызды
болған.[18]
Қазақ
хандығының ыдырауы
Қасым
ханнын кайтыс болуы қазақ хаңдығының
әлсіреуіне себеп болды. Өйткені одан кейін қазақ
сұлтандары өзара тақ таласын бастады, осы ішкі
қақтығыстардың бірінде Қасым ханның
ұлы Мамаш өлтірілген, хаңдықта үлкен
қақтығыстар ортаға шыққан, саяси
тұрақтылық жойылған. Хаңдығың
маңызды топырақтарың Жайбаниттер, Монғолия жаулап алды.
1530 жылында
қазақ хаңдығы тақына отырған Қасым
ханның ұлы Хақназар (1538-1580) хаңдығын
әкесінің дәуіріндегі күш-қуатын сақтап
қалу үшін көп жұмыс жасады. 1550 жылы Ноғай
хаңдығының Шығыс аймағын өлкесіне қосқаң
Қасым, хаңдығын топырағын кеңейтті, бірақ
Монғолдарға қарсы соғыстарда табысты болмады.
1580 жылы
Хақназардың қайтыс болуымен бірге Жәнібек
әулетінен таққа отырғандар хаңдығың
әлсіреуін тоқтата алмады. Тәуекел ханның қайтыс
болу 1598 кезінде Бұхара, Ташкент, Самарқант хаңдық
топырағына қосылса да, XVII ғасырда саяси тұрақтылық
жойылды. Есім хан (1598-1628) Ташкентті хаңдығының астанасы
жасап тұрғанда қазақ Тұрсын Мухаммед сұлтан
бас көтеріп, тәуелсіздігін жариялады. Осыған қоса
үш жүздің әрбіреуінен жеке-жеке хандар ортаға
шыға бастады.
XVII
ғасырда 1628 жылы Есім ханның
қайтыс болуынан кейін Жихангір хан таққа отырған,
бірақ көбінесе қалмақ-жоңғар
шапқыншылықтарына қарсы таласумен айналысқан. 1680 жылы
қазақ хаңдығының басында Жихангір ханның
ұлы Тәуке хан болған (1680-1718). Тәуке хан ұлы
қазақ хаңдығың басын қосып, саяси тұрақтылықтарды
іске асырды, кейбір топырақтарды қайтып алды,
әлеуметтік-және экономикалық жағдайын жақсартты.
Бірақ Монғол шапқынышылықтары оған тыныштық
бермеді, өйткені монғол Қалмұқ (Ойрат)
қағанаты қазақ хаңдығын жоюды мақсат
еткен.[19]
Әсіресе, 1681-1685 жж. Аралығында ақырындап
ұйымдастарған жоңғар-қалмақ
шапқынышылықтарды қазақтарға өте қиын
болды, бірақ XVII ғасыр бойынша Сырдария бойынан өте
алмады. Яғни Мәуаренақыр Жоңғар шапқыншылықтарынаң
қорғанды. XVIII
ғасырда, 1720
жылы қалмұқ-жоңғар шапқыншылығында
көптеген қазақ өлтірілді. Қазақ
жерінің ортақ дұшпанға қарсы бірігіп
соғыспауы, жүздердін бөлек саясат ұстануы
жоңғарлардың жеңіске жетуінің және
қазақ жерін жаулап алуының негізгі себебі болып табылады.[20]
Сонымен бірге XVIII
ғасырда осы қиындықтарды тоқтату мақсатымен 1723
және 1726 жж. Қазақ жүздері Ордабасыда кездесіп
«халық» болу туралы шешім қабылдаған. Әбілқайыр
бүкіл қазақ әскерлерінің «бас қолбасшысы»,
яғни, бас команданы тағайындалды.[21]
Осының
айғағында біріккен қазақ әскерлері 1730 жылы
Балқаштың оңтүстік-шығысында Аңырақай
деген жерде қалмақтарды жеңді.
Сонымен бірге
жоңғар-қалмақ дұшпандығын толығымен
жоя алмады. Кіші жүз ханы Әбілқайыр 1730 жылы
жоңғар шабуылдарын тоқтату үшін Орыс шарлығынан,
Шарыша Анна Ивановнадан көмек сұраған, шарыша да орыс
егемендігін мойындау шартымен сұранысты қабылдаған. Осылайша,
қазақ хаңдығы 1731 жылы Орыс мемлекетінің
егемендігіне кірумен бірге өзгеше тәуелсіз болмысын жойып
қойса да, қазақ хаңдығының ыдырауы,
қазақ халқы ретінде өз болмысын ХХІ
ғасырға, яғни осы күнге дейін жалғастырып келді.[22]
Хандықтың
Қазақстан тарихындағы орны
Қазақ хаңдығын
тану Қазақстанның шынайы тарихын тануға негіз болады.
Осы хандықты жазу және жастарға таныту өте игілікті іс
болып табылады. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің
оқытушы-ғалымдар ұжымы да Қазақ
хандығының 550 жылдығына арналған осы
халықаралық конференция арқылы үлес қосып отыр.
Конференцияның материалдары
арнайы кітап ретінде баспадан шығатын болады.
Қазақ хандығын тану
және мерейтойын өткізу алғашқы қазақтар мен
Қазақстан тарихын танып-білуге, ел рухын, ел мүддесін көтеруге, ұлттық
құндылықтарды жаңартуға және
жаңғыртуға өз үлесін қосады.
Көшпенділер дәуірінен тамыр тартқан бұл тарих
қазіргі күнде экономикалық дамумен, тұрақты
және тыныш қоғамдық өмірмен дүниеге танымал
тәуелсіз Қазақстанның жасампаз мемлекетке айналуымен
ұштасып отыр.
Қазақ
хандығының қалыптасу тарихы Қазақстанның
елдігін әлемге паш етері анық. Жәнібек пен Керей
сұлтандардың жеке ұлыс құруы
қазақтардың тарихындағы күрделі де маңызды
оқиға.
М.Х.Дулати-Тарихи Рашиди атты
еңбегінде былай жазады: «Ол кезде Әбілқайыр хан Дешті
Қыпшақты билеп тұрды. Ол Жошы әулетінің
сұлтандарына көп түрткі көрсетті. Жәнібек хан
және Керей хан одан Моғолстанға кашты. Есенбұға
хан оларды ықыласпен қабылдап, Моғолстанның батыс шетін
қамтитын Шу мен Қозыбасы аймағын берді. Олар дәурендеп
жатқан кезде Өзбек ұлысы Әбілқайыр хан
дүниеден өткеннен кейін әлсіреп, келеңсіз
жағдайлар басталды. Оның қарауындағы
халықтың басым бөлігі Жәнібек пен Керей ханның
қарауына көшіп, олардың маңындағы адамдар екі
жүз мыңға жетті. Оларға
өзбектер-қазақтар деген атау жабылды. Қазақ
сұлтандарының билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан басталады.»[23]
Қазақстан
Республикасының Президенті және түркі әлемінің
қосбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ
хандығының ұлттық қазақ
тарихыңдағы маңыздылығын былай баяндайды:
«Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын
ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы
даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн,
үйсін мемлекеттерінің бергі замандағы ұлы түрік
қағандығы, Дешті қыпшақ пен Алтын Орда
мемлекеттерінің заңды мұрагерлері болды.
Осылайша Елбасымыз қазақ
халқының тарихының қазақ хандығымен тікелей
байланысып жатқандығын айтады. Әрине тарихты
шыққан тегімізден таратқан дұрыс болар. Қазақ хандығы –
тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретінде
қазық қағуының бастауы бола алады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
қазақ хандығының құрылуы мен
ұлттық тарихымызда алған орны туралы да былай дейді:
«1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет
хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ
мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін бұл термин біздің қазіргі
түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл
әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ сол замандағы басқа
барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең
маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі
қаланғандығы, ал біздердің ата-бабаларымыздың
ұлы істерін жалғастырғанымыз».
Мұхаммед Хайдар Дулати
қазақ хандығының хижраның 870 жылында (1465-1466)
құрылғанын айтады. Қазақ хандығы –
бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші
аймақтардын топырақтарында 1465-1847 жж. аралығында
өмір сүргендігі ақиқат. Ол Еділден Жайыққа
дейінгі аймақты, Сырдария мен Әмудария өзендерінің
аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ
хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясын
арқау еткен монархияға негізделген. Хандар мемлекет басшысы ретінде
саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан
шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде
сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш
ханы – Керей болса, соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы.
XVI-XVII
ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның
шекарасы едәуір ұлғая түсті. Оның
нығайтып, шекарасын едәуір
ұлғая түсіргендердің бірі Жәнібектің
ұлы Қасым хан. Қасым ханның тұсындағы
(1511-1523) қазақ хандығы саяси және экономикалық
жақтан нығая түсті. Оның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір мен елшілік және
сауда байланыстары қалыптасты. Орыс мемлекетімен қарым-қатынас
болды. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
Сөйтіп, «Қасым ханның қасқа жолы» атты
халықтық әдет-ғұрып ережелері негізінде
қазақ заңдары жасалынды.
XVI
ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты
нығайтып біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар
(1538-1580) өз үлесін қосты. Ол Жайық
өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Тянь—Шаньмен
Жетісуды басып алуға ат салысқан Моғол ханы Абд Рашидке
қарсы да ұтымды күрес жүргізді, өзара тартыста
Өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы
қалаларды өзіне қаратып алды. Осылайша, Қазақ
хандығы қайта бірігіп, дами түсті.
Сөйтіп, XVI ғасырдың
60 жж. Ноғай ордасы ыдырады да, баяғыда оған
қараған қазақ тайпалары және олардың
этностық территориясы
қазақ хандығына қосылды. Қазақ
хандығына біріккен, оның құрамында орын алған осы
қазақ тайпалары да өздерін барлық тайпаларға
ортақ болатын символдық атаумен атала бастады. Яғни
қазақ хандығының дүниеге келуі бір тайпаның
мүддесі тұрғысынан емес, ұлт болып ұйысу, елдікке
бет бұруы тұрғысынан туындаған жағдайдың
нәтижесі болатын.
Қазақ хаңдығы
XV-XVII ғасырлар арасында щкеф
азия географиясында екі ғасыр өмір сүрген,
сөйтіп қурылу, даму және әлсіреу кезендерінен
өтіп, XVII ғасырда
бөлек бөлек хаңдықтарға жүздердін өмір
сүрген аудандары мен аймақтары бойынша бөлініп кеткен.[24]
Қазақ хандығы
ұлы дала тарихының өте күрделі де ауыр кезеңінде
пайда болған саяси құрылым болып табылады. Он төрт хан
тарапынан биленген, оның жетеуі қаза тапқан, жоңғарлармен
жан алысып, жан беріскен, орыстардың бодандық бұғауына
түсті, қанды қырғынға, аштыққа
ұшырады. Бірақ қазақ хандығы ата-баба
аманатқа қалдырған киелі де, қасиетті кең
байтақ жерінен, туған ана тілінен, ұлттық биік рухынан
айырылмай, бүгінгі күнге жетті.
Ие, ұлы дала еліміз!
Қазақстан – ата-бабаларымыздың ежелгі жұрты,
өсіп-өнген Отаны. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің
қасиетті жерімізді ықылым замандардың Ұлы Дала елі; ал
бабаларымыз да Ұлы Даланың ұрпақтары! Біз
солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагеріміз!
Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың көгінде
халқымыздың бақ жұлдызы болып жаңа
Қазақстан дүниеге келді. Біздің
Қазақстанымыз – ұлы Дала Елі. Бұл – біздің
тағдырымыз! Бұл – таңдауымыз!» деп жүрегінен
ұлттық тарихымызды ерекше сөздермен сипаттайды.
Біз – жаңа
Қазақстанның, Ұлы Дала елінің
тұрғындары ретінде тәуелсіз елімізбен мақтан етеміз!
Оның келбетіне қарай отырып мейірленеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Баймырза Хайыт, Түркістан дәулеттерінің Милли
Мүжаделелері, Анкара 1995.
2. Мәйдан Ларус энциклопедиясы, 7-том, 124 бет.
3.
Хизметли С., Түрік тарихшылары
қазақ-жоңғар қатынастары туралы, Алматы 2001.
4. С.Хизметли, С. Жолдасов, Қазақ тарихындағы Ордабасы
дәуірі, Алматы2005
5. C. Хизметли, қазақ үлүсу уа
қазақ тарихы узеріне, стамбүл 2011, истем жүрналы,
17-сану, 23-43 беттер
6. Қазақ ССР тарихы, 1 том, Алматы, 1957.
7. Қазақстан тарихы (Очерктер)», Алматы, 1994.
8. «Қазақ ССР тарихы, Көне заманнан бұл күнге
дейін», Алматы, 1983.
9. W.W. Бартхолд, Орта Азия түрік тарихы туралы
дәрістер, Анкара, 1975.
10. А.Кайум
Кесіші, Қазақстан, өткені мен бұл күні, болашағы, Стамбул, 2003.
11. З.
В. Тоғаң, Умұми түрік тарихына кіріс, Стамбул 1981.
12. З. В. Тоған, Түрік тарихы деріслері,
Стамбул 1928.
13. М. Сарай, қазақларын уянышы, Стамбул 2004.
14. Ибрахим кафесоғлу, милли түрік културу,
Стамбул 1996.
15. Нихал Атсыз,
Түрік тарихы узерінде топламалар, Стамбул 1935.
16. М.Х. Дулати, Тарихи рашиди, Лондон 1895.
17. Е.
Шавәннес, Докумант сур ле тай-кие оксиданто, Петербург 1903.
[1] Қазақ хаңдығы түралы мәлімет үшін қараңыз: Pauly-Wissowa, Real Encyclopedie der Klassischen Altertumswissenschait; Encyclopedie de L’Islam; İslam Ansiklopedisi ; W.W. Barthold, Turkestan down to the Mongol Invosion; Z.V. Toğan, Umumi Türk Tarihine Giriş, İstanbul 1981; Türk Tarihi Dersleri, İstanbul 1928; R. Grousset, L’Empire des Steppes, Paris 1939; Nihal Atsız, Türk Tarihi Üzerinde Toplamalar, İstanbul 1935; E. Chavannes, Documents sur les Tou-kiue Occidentaux, Petersbourg 1903; C. Хизметли, қазақ үлүсу уа қазақ тарихы узеріне, Стамбүл 2011, истем жүрналы, 17-сану, 23-43 беттер; М. Х. Дулати, Тарихы рашиди, Лондон 1895; осыларға қоса Керей мен Олжас түралы әдебиетпен қазақ жазушылврымен тарихшыларының қазақ хаңдығы, батыс түрік қағанаты жайлы зерттеулері және шығармалары осы тақрыпта ерекше айтылатын деректер болып табылады.
[2] Мехмет Сарай, Қазақтарын уянышы, стамбүл 2004, 19-20; Ибрахим Кафесоғлу, тұрік милли култүру, стамбүдһл 1996, 14-басылымғ 49-54 бет.
[3] Көне дәуірлерден бүлкунге дейін қазақстаң және қазақтар, түрікшеге аударған Абулуахап қара, стамбүл 2007, 56 және жалғасуы; М. Сарай, аталған шығарма, 29;
[4] З. В.Тоғаң, Умұми түрік тарихына кіріс, 34-бет; С. Хизметли, аталған китап, 27 бет.
[5] R. Grousset, Histoire de L’Extreme Orient, I, 135-148; Тоғаң, аталған шығарма, 34-бет.
[6] F. W. Thomas, Sakaston, Journal of the Royal Asiatic Society, 1906, 181 vd.; Тоған, аталған шығарма, 34-бет.
[7] Taberi, Tarih(Annales), ed. De Goeje, I, 348-351; III, 1562, 1595; O. Frankee, Beitrage aus chiesischen Qullen zur Kenninis der Türkvölker, Berlin 1904, 60-62; З. В. Тоған, аталған шығарма, 404-408, 415-421.
[8] Тоған, түрік тарихы деріслері, стамбүл 1928, 100-116; С. Хизметли, аталған китап, 29 бет.
[9] Қазақ ССР тарихы, 1,161-162; Қайум Кесіші, аталғаң кітап, 37-бет.
[10] Қазақстаң тарихы(Очерктер), Алматы 1994, 163-164-бет; С. Хизметли, аталған китап, 32 бет.
[11] Осы орайда қараңыз: Қазақ ССР тарихы, көне заманнан бүл кунге дейін, Алматы 1983, 2-томе, 260-262; Бартхолд, орта азия түрік тарихы түралы дерістер, аңқара 1975, 320-322; А. Қайум Кесіші, Қазақстаң,; өткені, бүлкуні және болашағы, стамбүл 2003, 31-бет.
[12] «Қазақ ССР тарихы, Көне заманнан бұл күнге дейін», Алматы, 1983, 2 том, 260-262 бет, W.W. бартхолд, Орта Азия түрік тарихы туралы дәрістер, Анкара, 1975, 320-322 бет; А.Кауит Кесіші, Қазақстан, Өткені мен бұл күні, болашағы, Стамбул, 2003, 31 бет.
[13] Қазақ ССР тарихы, 1 том, Алматы, 1957, 153 бет.
[14] Кайум Кесеші, аталған шығарма, 33 бет; М. Сарай, аталған шығарма,29-36 беттер
[15] «Қазақ ССР тарихы», 275-276 беттер; С. Хизметли, аталған китап, 30 бет.
[16] «Қазақстан тарихы (Очерктер)», Алматы, 1994, 163-164 беттер.
[17] Қазақстан тарихы (Очерктер)», 164-бет; С. Хизметли, аталған китап, 26-29 бет.
[18] Қазақ ССР тарихы, 1 том, Алматы, 1957, 161-162 беттер, Кайум Кесеші, аталған шығарма, 37 бет.
[19] Осы тұрғыда қараңыз: Хизметли С., Жолдасов С., Қазақстан тарихындағы Ордабасы дәуірі, Алматы, 2005, Хизметли с., Түрік тарихшылары қазақ-жоңғар қатынастары туралы, Алматы, 2001, 1-4 бет.
[20] Кайум Кесіші, аталған шығарма, 61-62 беттер.
[21] Ордабасы кездесу, менімен маңыздылығы туралы қараңыз: С.Хизметли, С. Жолдасов, Қазақ тарихындағы Ордабасы дәуірі, Баймырза Хайыт, Түркістан дәулеттерінің Милли Мужаделелері, Анкара 1995, Мәйдан Ларус әңсиклопедиясы, 7-том, 124 бет.
[22] С. Хизметли-С. Жолдасов, аталғаң кітап, 31-38-бет.
[23]
Қазақ хандығының құрылуын баяндаған
ең негізгі жазба дерек Мухаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551)
«Тарихи-Рашиди» деп аталатын шығармасы болып табылады.
[24] Ескі дәуірлерден гунумузе қазақ тарихы аударғаң А. Қара, 205 бет.