Аймақтық
Әлеуметтік-Инновациялық Университетінің 2 курс магистранты
Пиримжанова Марияш Молдаханкызы
„Алғашқы мерзімді
баспасөз тілі қорындағы
кірме сөздер“
Тілдегі
сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам
немесе лексика деп аталады дейтін болсақ. Сөздік құрам
белгілі бір халықтың тұрмыс тіршілігін, күнкөріс
жағдайын, кәсібін түгел қамтып көрсетіп отырады.
Қазақ тіліндегі сөздік қорға енген
сөздердің барлығы сол тілде сөйлейтін
халыққа түгел таныс болмайды. Кейбір сөздер танымал болғанымен, енді бір
сөздер мүлдем бейтаныс болып тұрады. Себебі,
қазақ тілінің лексикалық құрамы
ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан байырғы сөздер де, кейін пайда
болған жаңа сөздер мен термин сөздер де, диалектизмдер
мен кірме сөздер де, қысқасы тіліміздегі барлық
сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де кіреді. Мұның бәрін
түгелдей жеке адамдардың білуі мүмкін емес. Осыншама мол
сөздің қолданылу жиілігі, қалыптасу тарихы,
атқаратын қызметі де бірдей болмайды да. Осының негізінде сөздік
құрам өз ішінде бірнеше топқа бөлінеді. Ең
алдымен сөздік құрамдағы сөздер халық
арасында қолдануына қарай актив сөздер және пассив
сөздер деп, 2 салаға бөліп қарастырамыз.
1. Актив
сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдардың күнделікті
қолданылуында тек түсініп қана қоймай, әрі жиі
пайдаланып отыратын сөздер жатады. Актив сөздер тіл дамуының
белгілі бір кезеңінде осы тілде сөйлейтін адамдардың
бәріне ортақ болып келеді. Бұған күнделікті
өмірде өзіміз айтып, қолданып жүрген таныс сөздер
кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне тән
тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи
сөздер, диалектизмдер, кітаби сөздер жатады. Қоғам
өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер
тілге әсер етіп отырады. Әсіресе оның лексикасы
өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал
келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс -
әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан
сөздік құрам қоғам өмірінде не бар соны
дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, Кеңес
Өкметі жылдарында қазақ тілінің сөздік
құрамында мынадай басты өзгерістер болды.
1) Қазақ
тілінің лексикасы қаншама жаңа сөздермен толығып
байыды. Бұлар өндіріс ауыл шаруашылығы, техника мен
ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның
нәтижесінде Қазақ лексикасында неологизмдер, терминология
салалары пайда болды.
2. Ескі салт-сана,
әдет-ғұрыпқа қатысты, көне
құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер
күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп
сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды.
Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің
мағыналары түрлі өзгерістерге ұшырады:
а)
Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының
үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп
мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз қазан төңкерісінен бұрын ел, ру, ата (тек)
ұғымында ғана жұмсалған болса, Қозғамбайдың табы
Бәймеке атанған. Бір жерде 12-13 үй қыстайтын.
Бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы
кеңейіп, орыстың класс деген термин
сөзінің қазақша баламасы болумен бірге, тіл біліміндегі
сөз табы деген терминді жасауға негіз болып қалыптасты.
Сонымен, тап деген актив сөз ретінде және бірнеше
мағынада жұмсалатын көп мағыналы сөзге айналды.
ә)
Ертедегі мағынасынан айырылып, басқадай мағынаға ие
болған сөздер де кездесіп отырады.
Мәселен, бұрын ұран
деген сөз ел мен ел, ру мен ру
жауласқанды, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде
ата-бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген
сөз болтын, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру дегенді
білдіретін болып қалыптасты. Сол сияқты жасақ бұрын
әскер, қол мағынасында айтылса, қазір
қоғамдық тәртіпті сақтайтын, ерікті жастар
ұйымын білдіретін болып отыр. Сөйтіп, бір дәуірдегі
жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз
мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке,
пассив активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөз
бейнелі сөзге ауысып отыру заңдылығы тілдің
сөздік құрамына тән нәрсе екендігіне көз
жеткіземіз. Сөздік құрамдағы сөздердің
көпшілігі үздіксіз дамып, үнемі толығып өзгерумен
болатындығы заңды құбылыс.
Қазақ тілі негізгі
сөздік қорының құрамы әр түрлі.
Сөздік қордың негізі көне түркі тілдеріне
ортақ байырғы сөздерден бастап, бүгінгі күнге дейін
қалыптасқан сөздер кіреді.
Оларға бір буынды
көп мағыналы сөздер: тау, кел, жүр, сен, мен, ол, бір,
көл, тас, үй, күн, түн, ай, жыл, айт, бар, екі,
үш, төрт, көк т.б. сонымен қатар негізгі
сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасып келе
жатқан қазақтың көне төл сөздері кіреді.
Мысалы: туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы,
жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге;
мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын; хайуанат
атаулары: қасқыр, түлкі, арыстан, қоян,
қарсақ; ағаш атаулары: қайың,
қарағай, емен, тобылғы; киіз үй атаулары: шаңырақ,
туырлық, кереге, уық, бақан; жұмыс
құралдарының атаулары: күрек, балта, ұршық
пышақ, құрық, біз; сапалық сындық
атаулар: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ,
жылы, суық т.б. Ежелден сіңісіп жалпыхалықтық
сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. Мысалы: дастарқан,
астар, жеке, жәрдем, жан – жал, жануар, сыпайы, қорек,
қошемет, зиян, орамал, ораза, намаз, нан, кітап, базар, мектеп,
ғылым, рет, самауыр, бөтелке, бәтеңке.т.б.
Тілдің сөздік
құрамының толығып кемелденуі бір ғана
өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып
қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді
өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің
сөздік құрамын байытады және ол үнемі сол тілде сөйлейтін
халықтың өз ыңғайына көндігеді.
Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз
жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста
болғандығын көреміз. Бұл жайында «Қазақ ССР
тарихында» былай деп жазған: «Қазақстан жеріндегі
халықтардың Қытай мен, Орта Азия мен Волга Булгариясымен
әсіресе Қазақстанның батыс, солтүстік батыс
аудандарының халқы Руспен өте-мөте берік байланыс жасап
тұрған. Русьпен, Шығыс Еуропаның басқа
халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі
делдалдыққа жүргендер булгарлар, казарлар, онан кейін печенегтер
мен половецтер болған. Византияның деректемелері Орта Азия
халықтарымен Шығыс Еуропа халықтарының арасында
біздің заманымыздың VI ғасырынан
бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен
мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен
халықтарының мәдениетінің дамуында үлкен роль
атқарған» [2,25].
Ел
мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым –
қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз
байлығының құрамынан да айқын байқалады.
Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал – мүлік пен киім –
кешек, ыдыс – аяқ сияқты жалаң заттарды ғана алмастырып
қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір –
бірінен молынан ауысқан. Әсіресе бір тілден екінші тілге
көптеген сөздер кірген. Осымен байланысты тіліміздегі қыруар
кірме сөздерді қоғам тарихымен, қазақ
халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланысты.
Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму
тарихында бір сыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі
қарым-қатынастар жасағандығы мәлім. Ертеде
тәжік, өзбек, татар халықтарыны арқалы VIII-XI
ғасырларда араб-парсы елдермен, ХІІ-ХІІІ ғасырларда монғол
халқымен күшті байланыста болса XVIII ғасырдан, яғни
Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған
кезеңнен (1731ж) бастап күні бүгінге дейін орыс
халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді.
Осындай ұзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан кейін
қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар
шетел сөздері пайда болған. Кірме сөздер (заимствавание)
дегеніміз тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес,
басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген
сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы
да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер
делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан
үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын
өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі.
Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай
қойғанда, мәдениеті гүлденіп өскен ең озат
деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума
сөздерден құралмайтындығы дәлелденген.
Зерттеушілер ағылшын сөздік құрамының не бары 30
проценттейі ғана өзінің төл сөздері, ал
қалғаны өзге тілдерден ауысып келген дегенді айтады.
Түркі тілдері мен басқа тілдердің арасында да сөз ауысу
тек бір жақты болмай, екі жақты болып отырған. Т.
Мұсабаевтың пікірінше, аң атаулары әсіресе,
құс атауларының көпшілігі иран тіліне түркі
тілдерінен ауысқан. Сонымен қатар араб-парсы тілдеріндегі мынандай
сөздер түркі тілдерінен ауысқанын атап айтады. Мысалы: ата,
аталық, адырна, орда, ақша, емші, адас, ұлы,
құрылтай, бүлдіршін, қылыш, қонақ,
бұғау, ту, темір, шабар, сорпа, тоқпақ,
қаймақ, құл, олжа, өлік, жылқы, қаз,
қарға, қарақұс, сұңқар,
қызыл, қылшық, қалпақ, қамшы, қосын,
қарауыл, қарақшы, қайық, аю, арыстан.
Орыс
тілінің сөздік құрамындағы айран, алтын, апара, аул, балбес,
башка, балкон, ералаш, қабырға, қаймақ, караул,
кочеват, кумыс, кунак, очаг, сайга, серьга, сургуч, табун, тамга, тумақ,
урман, тюбетейка, чекьмен, шй, чубарый, чулан, тютюн тәрізді
сөздер ертеден түркі халықтарынан ауысқан.
Н.К.Дмитриевтың пікірінше, түркі тілдерінің ықпалы
славян тілдерінің тек лексикасына әсер етіп
қоймаған,славян тілдерінің граматикасы мен фонетикасына, бір
сөзбен айтқанда, жалпы тілінің жүйесіне күшті
ықпал еткен [3,14]. Бұған қарағанда өзге
тілдер түркі халықтарының тілдеріне қаншалықты
игілікті әсер еткен болса, түркі халықтарының тілдері
де сол тілдерге кем ықпал етпегендігі байқалады. Алайда, бір тілден
ауысқан сөздердің сан мөлшері әрдайым тең
болады деген теріс ұғым тумауға тиіс. Қазақ
тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер
негізінен төрт халықтың тілінен келіп енген 1) араб тілі 2)
парсы тілі 3) монғол тілі 4) орыс тілі. Түркі тілдерінен араб,
парсы тілдерінен соң ауысу процесі қазақтың
біртұтас халық тілі қалыптасудан көп бұрын, орта
ғасырлардың алғашқы кезінен басталады. Араб, парсы
сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең
мол қорын жасайды.олар тұлғасы жағынан да,
семантикалық топтары жағынан да, қазақ тілінде игерілуі
жағынан да әр түрлі дәрежеде. Араб – парсы тілдерінен
ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ
тілінің сөздік қорына енбегенімен, оның ішінде
сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей
ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға
ұйтқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп
табылады. Мысалы: аса, абырой, ар, дүние, аспан, бақыт, шаруа,
қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар,
пайда, әйел, қас, баға, әл, азамат, айуан, дос.т. б.
бұл сөздер кірмелігіне қарамастан, ұзақ
өмір сүріп, сөздік қордағы сөздерге
тән барлық қасиетке ие болған. Мәселен, ас (аш)
деген сөз парсы тілінен ауысқанымен, өте ерте заманнан бері
тілімізде өмір сүріп келе жатқандығын дәлелдейтін
мынандай толып жатқан мақал – мәтелдер бар: ас адамның
арқауы, ас жүрген жерде дерт жуымайды, ас иесімен тәтті,
таспен атқанды аспен ат, тас – тасты жібіткен ас, ерді
қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар
т. б. Ас сөзінің жаңа сөз тудыруға
қабілеттілігін лексика – синтаксистік сөз тудыру жолымен жасалған,:
ас бұршақ, ас жаулық, ас қазан, ас бөлу, ас беру,
ас ішу т.б. күрделі сөздер дәлелдейді. Тіліміздегі араб –
парсыдан ауысқан сөздердің көпшілігі сыртқы
түр - тұрпаты жағынан
да, ішкі мән – мағынасы жағынан да әбден жымдасып
қазақтың өзінің тума төл сөздеріндей
етене болып кеткендігі байқалады. Тіліміздегі араб – парсы елдерінен
келген сөздер түр – тұрпаты мен мән – мағынасы
жағынан бәрі бірдей емес. Кейбіреулер сыртқы
тұлғасы мен мағынасын түп – түгел толық
сақтап, ешбір өзгеріске ұшырамаған. Мәселен араб
тіліндегі бұлбұл, хал, мирас, сахара, ұстаз, алла, ниет
сөздері мен парсы тіліндегі арай, ишан, дидар, шарт, дана, жай, саз, нан,
надан, шер, базар, рай, шабандоз, жар, дариға
сөздерінің мағынасы мен тұлғасы қазақ
тілінде толық сақталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Кәкiшев Т.
Қағидаға арналған қателер.–Алматы: Нәубет, 1990. -205 б.
2.Дулатов М. Баспасөз үмесi
// Еңбекшi қазақ 1923 V/5
3.Әбiлқасымов
Б.Малбақов М. XX ғасырдағы қазақ әдеби
тiлi. -Астана: Елорда, 2000. – 344 б.
4.Оразов М. «Етiстiк». Ы. Алтынсарин
атындағы Білім Академиясының Республикалық Баспа Кабинеті
–Алматы:.2001.-385 б.
5.Кононов А.Н. Грамматика языка
тюркских рунических памятников (VII-IX). –Ленинград: Наука. 1980, -183 б.