Аймақтық Әлеуметтік
Инновациялық Университетінің 2 курс магистранты Калиева Назекет
Мадиевна
«Оралхан Бөкей шығармасындағы портреттердің
берілуі»
Оралхан
Бөкей! Жазушының жаратқан аямай-ақ берген табиғи
таланты мен қабілетіне үңілген сайын суреткердің
драматург ретіндегі қолтаңбасы да өзіндік ерекшелігінен хабар
береді. Тіпті сонау жетпісінші жалдары Оралхан Бөкейдің
«Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес» сынды қойылымдары
да сахнаны дүр сілкіндіріп еді. Оралхан Бөкеев драматургияға
алғаш жол салған саңлақтардың бірі. 1974 жылы
режиссер Қ.Жетпісбаев сахналаған «Құлыным
менің» қойылымы сол кездегі қазақ сахнасындағы
үлкен жаңалық болды. Жалпы, Оралхан Бөкеевтің
драматургия саласына жазған шығармаларының барлығы да
театрда сахналанды. Сахна төрінде ерекше талғаммен қойылып,
өміршеңдік танытқан жазушы Оралхан Бөкеевтің
«Құлыным менің» туындысы. «Құлыным менің»
драматургиясы қазақ топырағында ғана емес, Кеңес
драматургиясындағы айтулы оқиға болды. Қойылымнан
соң тікелей репортаж жасап, редакцияның өзінде үлкен
пікірталас өткізді. Бұл сол кездегі қазақ театр
өнеріне арналған бірінші «Дөңгелек үстел»
болды. Жазушы Оралхан Бөкеев негізінде, проблема қоюға,
тартысты материал жасауға, шынайы, шыншыл кейіпкер сомдауға
құштар еді. Оның қаһармандарының барынша
қаны тулап, қайратқа мол болып жатуын қалайтын қаламгер
философиялық өреге ұмтылып, қажымас, қайтпас
жандардың кескінін жасауға құмар болды. Бірақ
қалай десек те, Ор-ағаң әдебиеттің қай
саласында болмасын өзінің беретінін беріп кеткен қаламгерге
жатады. Оның драматургияға араласуының өзі осыны
аңғартады. Мысалы, «Жылымық» деген әңгімесінен
кейін «Жанар» деген атпен екі актілі пьеса жасады. Оның
шығармаларында кеңдік бар, оқиға аясын шектемейді.
Қайта кейіпкерлер арасындағы қым-қуыт тірлік,
мәселелердің барлығын үлкейтіп, ірілендіріп береді.
Сирек кездесетін детальдардың өзін шындыққа балап,
сонысына сендірмей қоймайды. Ешкімді қайталамайтын. Сұлу
қызды боранды түні қасқыр жеп кететін
«Қасқыр ұлыған түнде» және «Аспирант
қыздың тракторшы жігіті» атты әңгімелерінің
сұңғыла өзектілігі де осында. Өзінің бар
саналы ғұмырын жазуға арнаған қаламгер адам
бұл құрметке әбден лайық. Оралханның
кез-келген шығармасы оқырманын не көрерменін селқос
қалдырмайды, оның өзіндік оқушысы, көрермені бар.
Өмір дегеніміз
ақиқат десек, ендеше ақиқат тек әділдік
болғанда ғана орнайды. Бұл туралы жазушы Оралхан Бөкеев
өзінің ойын «Атау кере» шығармасында да нақты
мысалдармен дәлелдеген. Пенделік дүниенің ырду-дырдуынан
қашып байлықтың қызығына алданған бас
кейіпкер Ерік өзі өскен ауылды тәрк етіп, табиғатты
мекен етеді. 70-80-жылдардағы қазақ прозасындағы ауыл
тақырыбы елеулі тақырыптардың бірі болды. Ол Оралхан
Бөкеевтің «Мұзтаудағы» Ақтан, «Жетім
ботадағы» Досым бейнелерінде анық берілген. Мысалы:
- Саған ризамын, Досым... Сен
алғашқы күйіңде қалған екенсің.
- Өзің ше, өзгеріп кеттің бе?
- Мен баяғы Тасжан емеспін, мүлдем
бөтен біреумін. Бұл жерде
кейіпкерді
Оралханның суреткерлік жұмбақ кілттері жеке зерттеп,
айрықша талдап, сөйлетуі тиіс. Ол ол сөйлету жазушының
тіл шеберлігіне, тіл шұрайлылығына байланысты. Сонда ғана
шығарма сәтті шықпақ. Жазушы жекелеген адамдар
тағдырын зерттеп, суреттей отырып, бүкіл әлеуметтік
айтыс-тартысты қарастырады. Жалпы О.Бөкейдің бүкіл
шығармаларын роман, повесть, хикаяттарын тұтастырып
тұрған замана тынысын тарылтып тұрған пенделік
тақырыптар. Ал «Атау кере» повесінің шарықтау шегі мынадай
трагедиялық жағдайда аяқталады. Оны жазушы диалог
арқылы шебер, көркем бере білген.
«...Бұл
табиғаттың құдыретіне дауа бар ма?
- Бұлай тұра
берудің реті жоқ, не ем-дом жасаймыз?
- Білмеймін, аға білмеймін.
Апамның түбіне ара жетеді деп кім ойлаған?
- Ерік үйге қас
қарая кіріп, анасының тамырын ұстады, алақанын
алақанына апарды.
- Апа, не айтасың
маған? - шешесі басын шайқады.
-
Артық-кемім болса кеш, анашым. - Қанша
қатыгез десек те, үні дірілдеп шықты. Шешесі басын изеді.
Өлім аузындағы адамның халі өте аянышты, әрі
өкінішті.
Нюра Фадеевнаның тұла
бойы, саусақтарынан бастап, суына бастағаны рас-ты. Бірақ
шыбын жаны ұшып кете қоймаған...
Оның дәл осына өлім
арбасына мінер тұсында,
қандай құдіреттің күші екенін кім білсін,
құлағына шіркеу қоңырауының үні
естіліп, тау-тасты жаңғырықтыра күмбірлеп ала
жөнелген.
...Әне, Нюра Фадеевнаның алдынан ескі діндарлар (староверы) жұмағының есігі
айқара ашылған... Ол-мәңгілікке сапар шекті.
Бұл трагедиялық сюжеттің шарықтау шегінен
түсінетініміз өз ұлтыңды, өз халқыңды
сүюден туған шексіз мәңгілік махаббат. «Отан отбасынан
басталады» демекші, Еріктің буданның тұқымы болуы, жазушы
Оралхан Бөкеевтің кейіпкерлері, олардың сан қилы
тағдырлары шығарма бетінде өрнектелген. Оралхан
Бөкеевтің көптеген шығармалары лиризмге толы туындылар.
Оралхан Бөкеев портреттерінен біз шындығында да Алтай
табиғатынан оған деген
ұқсастығын анық байқаймыз. Оның
әңгімелерінің тілі сондай жатық, сондай
қарапайым, оқуға жеңіл. Оралхан өз
шығармаларында символ, халықтық
аңыз-әңгімелерді көбірек пайдаланады. Оралхан
Бөкеев ХХ-шы, ХХІ-ші ғасырлардағы қазақ
әдебиетінің көкжиегіне көрік берген жазушы. Оның
«Атау кере» шығармасындағы Аспан қарт пен таза жүректі
Таған Аспанның Аспан, Тағанның Айна - адам
жанының мөлдірлігін көрсетсе, Ерік - есер образды
көрсетеді. Барлық шығармада ортақ ойдың желісі -
бас кейіпкер. Көркем шығармада үлкен орын алатын
құндылық - деталь болып табылады. Жазушы шығармада адамның ішкі жан иірімдері мен рухани сырын
аңғартуы тиіс. Одан бастау алып, бүгінгі күнге дейін
жалғасын тауып жатқан рухани өзек - тамаша нәзіктік,
әдемі сыршылдық пен әуез қатар өрілуі тиіс.
Қаламгер шығармашылығындағы кейіпкердің
психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері,
іс-әрекеті, ішкі монолог, психологиялық диалог, ым-ишарат, жест,
деталь, портрет және т.б. арқылы жүзеге асып отырады.
Бөкеевтің «Атау кере» повесіндегі: «Бекзат менің
келгенімді білді ме екен?» Терезенің қақпағын
айқара ашып қойды. Бұл - Еріктің түскенін сатушы
әйел Бекзатқа сездірер белгісі еді. «Бекзат үйінде-ау деймін.
Магазин жабық қой... Онда анау ат неге байлаулы тұр?..» Арашы
жігіттің жүрегін қызғаныштың асыранды ала
мысығы тырнап алды. «Перінің қызы Бекторы деп бекер
айтпаған-ау сен сайқалды». «Жо-жоқ, ол ондай емес. Адал.
Бірақ кісіден жем жеп үйренген» деп өз ойына өзі
қарсы шықты», - деген жолдар, - [1,5] деген суреттеулер кейіпкердің бір
қарағанына осынша терең мәнді сыйдыра білген
қаламгердің әйел психологиясының білгірі екенін
аңғартады. Көз жанарының түрлі сипаты
арқылы адамның ішкі дүниесінде болып жатқан
түрліше психологиялық хал-күйді таныту арқылы жазушы
кейіпкерлерінің образдарын тереңдете ашып көрсетеді. Ал,
«Атау кере» повесінде жазушы Еріктің барлық тұрмысын
оның бір сәттік көзқарасы арқылы анық
аңғарта білген. Адам мен қарым-қатынас,
әңгімелесу үстінде өзгенің бет-әлпетінен
тек сол сәттегі эмоциялық сезімді, көңіл-күйді
ғана емес, оның бүкіл ғұмырынан сыр шертер
нәзік нюанстарды аңғара алатынын сезімталдықпен жаза
білген. Айнаның бойындағы керемет назды да биязды
қылығын жазушы аса шеберлікпен бере білген. «Айна әдеттегіден де ерте
тұрды. Есік алдыңдағы үстің шатырлап,
қолдан қалап қойған пешке от жақты, пештің
үстіндегі шойын қазаңға су құйды.
Беті-қолын жуып, тілерсегіне түсетің шашын тарап,
төбесіне түйді. Табиғат сыйға тартқан
көл-көсір мол шаштың ұйысқаның жазып, тарап
өруден қиын нәрсе жоқ-ты. «Құдайға
күнәлы болсам да, ұлымнан гөрі сені жақсы
көрем, келінжан» деп, Нюра кемпір айналып-толғанатын», - [1,36].
Бұл жерде жазушы кейіпкердің болмысын, іші
мен сыртын бірлікте суреттей отырып, дарынды суреткер екендігін танытады.
Жаңа келін болып түскен Айнаның ерекше жаратылысын,
нәзік табиғатын, аса қамқорлығын,
ұлттық психологияға тән портретін мінездеу ашық
тұрғыда сипатталады. Ұлттық психологиялық
портретті беруде Айнаның қазақи қасиеттерді бойына мол
жинақтаған жан иесі екенін жан-жағына мейірімді көзбен
қарайтын жанарын суреттеу арқылы ұқтырады.
О.Бөкеев шығармаларында кең қолданылған
жұмыс көзі - еңбек. Жазушының қай
шығармасын алсаңыз да, адам да, мал да, жан-жануар да, жәндік
те қайнаған еңбектің ортасында жүреді. «Тау қойнауындағы жалғыз
үйдің күйбің-күйбің шаруасы
жалықтырған емес, белі талып шаршаған да емес. Бірақ
бұл үйде бал арасын өсіруден басқа да тіршіліктің
көзі мол, тайынша, торпағын қоса есептегенде, оннан аса сиыр
малы, бес-алты жылқы, елу шақты қойдың
қысқы азығын дайындаудың өзі-ақ
ерлі-зайыптыларды сүріндіріп жығатын. Әсіресе, бірер
күн ғана ашылып, қалған мезгілде төпелеп
жаңбыры құйып тұрар өлкенің шөбін
шірітпей, қораға үйіп алудан азапты жұмыс жоқ.
Қоғадай болып бойлап өсе береті, балдырлы шалғынның
малға жұғымы аз, қырдың бір түп
күреңсесіне бір шөмелесі татымайды, сондықтан да
мая-мая пішен дайындамасқа лажың жоқ. Әуелі қос
тігіп, шабылған пішенді соның үстіне үйгенде
ғана, шірітпей кептіріп алар еді. Екі-үш күннен бері
ғана қабағы ашылған күннің әр
сағатын пайдаланып қалу үшін, жалғыз өзі
жанталасқан Айна ертеңнен қара кешке дейін тыным таппай
шөп үйеді. Оның ара-арасында үш биенің алты-жеті
уақ сауымы бар», - [1,5].
«Еңбек - адамның
өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу
тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін
қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы
табиғатқа әсер етеді», - [2].
Еңбек адамның табиғи жетістігі, адамның өмір
сүруінің маңызды жағдайы. Ол адамның өмір
сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктері,
яғни тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен
араласуға, білім алуға, өнерге және тағы
басқа өмір сүру қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның
ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып
табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін
қалыптастырады [3].
Еңбек ектсең - емерсің», деген
халық мақалы да тектен-текке айтылмаса керек-ті. Еңбектің
зейнетін көру де бір үлкен ғанибет. Еңбек адам санасы
мен мінез-құлқындағы қуаныш, өмірлік
қуат пен орасан күш. Жазушы шығармасында осы бір бейнелеулер әсерлі,
сәтті берілген. Повесте сонымен қатар табиғат туралы
суреттеулер де мәнді берілген. Қаламгердің өзінің
туған жеріндегі Бұқтырма өзенін суреттеуі де
адамның шабытына шабыт қосады. Бұл суреттеулерден
жазушының туған өлкесіне деген шексіз, мәңгілік
махабатта аңғарамыз. Оны повестің мына жолдарынан
көреміз. Мысалы: «Алыстан, биіктеу тұстан
қараған адамға қалың қайың, тал,
шырша-самырсын көмкерген өзен, анау кәперсіз жайылған
төрт түлік, түтіні будақтаған ағаш
үй, жыпырлаған араның ұясы - бәр-бәрі ертектегідей ересен
әдемі еді. Қатын суы қаншалықты қазымырлана
бұлқынғанмен, соншалықты сұлу еді
сайқал... Жек көре тұрып, есіңнен жаңылып
еріксіз ғашық боласың... жақындасаң ажал
бүріккен ақ жал толқынынан шошынасың әрі құмарпаз
құштарлықпен жақсы кересің.
Сұп-суық суынан тісіңнің
сырқырағаныңа қарамай қомағайлана
жұтасың. Іргеде тұнып тұрған орманнан шауқарғаның
тоқылы, күшігеннің кісінегені естіледі. Елік әупілдеді. Анау бір
самырсынның бұтағында қолында аппақ қып
аршып алған балқарағайы бар тиін жүр, ал
түбіндегі сала-сала боп адырайған тамырдың қуысынан
баршатышқан жылтыңдайды. Екі ұрты томпайған, тегі,
балқарағай дәнін толтырып алып, ініне асығыс тасып
жүр», - [1,46-47].
Қаламгер өз
шығармаларында әйел жанының нәзік иірімдерін де
кереметтей етіп бере білген. Айнаның өзінің ері Ерікке деген
жарасымды әзілі, жеңіл ғана байқалмас назын да дөп
басып бере білген. Айнада реніш те, зіл
де жоқ, керісінше, нәзік әйелдің қатал еріне
деген таңырқауы, сонымен бірге нәзік құрмет пен
нәзік сезім жатыр. Адамның адамгершілік қасиетін анықтауда,
оның рухани байлығын биік азаматтық тұрғыда
түсіндіруде махаббат тақырыбының ерекше маңызы бар.
Адамның ескірмейтін, тозбайтын осы бір мөлдір сезімін жазушы жете
зерттей отырып, жас келіншектің нәзік жүрегінің
лүпілін оқырманға сездірту арқылы өмірге
құлшындыратын өршіл сезім күйін тап басқан.
Күйеуінің тоң мойын тұйық мінезін Айна тек
қана күлкіге айналдырып, әзілге жеңдіріп жүреді.
Өзінің еркін де ерке жаратылысына сай «барлығы да
жақсылыққа қарай өзгереді» деп сендіреді. Оны
жазушының келесі суреттеуінен көреміз. Мысалы: «Артына жалт қарағанда, Тихойдың ѳткелінен салып
ұрып ѳте берген Ерікті кѳрді. Кѳрді де:
«Тәңірім- ай, келдің бе?» - деп, екі бетін алақанымен
басқан күйі шөге түсіп, еңіреп жылап жіберген.
Әйел затына тән босаңдық немесе долылықпен емес,
адам тѳзгісіз ауыр азаптан құтқарушысын оқыстан
кѳріп, кебік ата шалқып-тасыған қуанышынан
жылаған... жыласын... жыласын...
Ерік кѳкбестісін лекілдете аяңдап аяулы
жарының қасына келді. Айна белі кеткендей отырған орнынан
тұра алмады. «Ой, саған не көрінді» - деген
ерінің сѳзін естімеген секілді, қос жанарынан
сорғалаған жас жүзін жуып, мең-зең отыр. Шошына аттан секіріп
түсіп, қолтығынан демегенде ғана, Айна мойнына асылып,
бетін күйеуінің тер сасыған кең кеудесіне басып
өксігі-ѳксіп еңіреген.
- Не болды, Айнаш? - Күн иісі аңқған қолаң шашынан иіскеп, арқасынан сипап ѳзіне тартты. - Амансыңдар ма?
- Аманбыз, - деді ѳксігін баса
алмаған Айна.
- Тәтеме бір нәрсе болып
қалған екен деп... Апыр-ай, мұндайың жоқ еді, не
кѳрінді. Қой, жаман ырым бастама.
- Қойдым, - деді келіншегі
кѳзінің жасын балаша алақанымен сүртіп.
Мұншалықты кешікпеуші едің...», - [1,83].
Өмірде адам баласында қуанышпен
қатар қайғы да қатар жүреді. Жамандық пен
жақсылық, күн мен түн, қуаныш пен
қайғы, күлу мен жылау, ақ пен қара. Жақсылықты
көрген жақсы, ертеңгі күнді көрген жақсы,
қуаныш пен мәңгі күліп жүрген жақсы.
Бірақ, әрине өмір болған соң, ақ пен
қара қатар жүретіндігі даусыз. Адам баласында күлкіге
қарама қарсы эмоциялық күй - жылау. Осы үрдіс те
жазушы шығармасында орын алған. Мысалы:
«Ерікті
тоса-тоса таң алдында
көзі ілініп кеткен Айна өз түсінен өзі шошып оянды:
ағаш бөлменің іші салқын болса да, ақ тер ,
қара терге шомылып, ауа жетпей
қысылып оянды. Жүрегінің соғысы қатты естілді. Көрпеге
оранған күйі,
көрген түсін есіне түсірді... Жап-жасыл дала, сол
далада астарына сары ала сырмақ төсеп, қымыз сапырып
ішіп отырған анасы мен енесі жас
ботадай тәй-тәй басқан Айнаны аймалап толғанып, қаз тұрғаның қызықтайды.
Тұсауын кеседі... Енді бір мезетте екі бірдей ананың арасында мәз болып күлген сәбиді жалғыз
қалдырып, қалықтап ұшып кеткен қос ана аспан
төсіне сіңіп, көзден ғайып болды.... Айна жылады... Зар
еңіреп жылап оянды»... [1,326-327].
- Айна
енесінің омырауына бетін басып, өксіп-өксіп жылады-ай...
Сұмдық қой,
сұмдық қой,
адамнан айнымайды. Емшегінен
сүт ағып жатыр... Келініне күбірлеп дем салып, шашынан сипаған кемпірдің де жанары жасқа
шыланып еді... [1,331].
Қаламгер шығармаларында осы үрдісті
түрлі сипат арқылы кейіпкердің жан түкпіріндегі,
қалтарысындағы жайт арқылы жарыққа шығара
білді. Адам басына
түскен ауыр қасіреттің салмағын шегіне жеткізе
суреттейтін тұста да жылауға тән түрлі эмоциялық
сәт көрсетілген. Оралхан Бөкеев туындыларына тән тағы бір
ерекшелік қарапайымдылықпен, күлкімен, уытты тілмен
қатар трагедиялық оқиғалардың орын алуы болып
табылады. Жазушы шығармашылығында трагедия белгілі бір
дәрежеде кездесіп отырады. Талданып отырған «Атау кере» повесіндегі
қазақ келініне тән барлық асыл қасиеттерді бойына
жинақтай білген Айнаның Ерік екеуі екі жаққа жолдарының
айрылуы оқырман жүрегін жаралайды. Бірақ Айнаның ерінен
кетуі «қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген
халқымыздың нақыл
сөзін ойымызға оралтады. Тағы бір атап өтерлік жайт,
Оралхан Бөкеев шығармашылығының дені трагедиямен
аяқталады. Өлім, өмірмен қоштасып бақилық
болу, арманына жете алмау, баянсыз тіршілік жиі кездеседі? Бұл -
кейіпкердің басындағы қасірет қана емес, тұрлауы
жоқ алдамшы өмірдің жалғандығын сезініп
үлгермеген, қамшының сабындай ғана қысқа
өмірде бір-бірінің бағасына жете алмай тірі жүрген
барша жанның қасіреті. Мысалы: «Аюдың ішін жарып, өтін
алған Ерік,жон арқасына тығыз біткен майын да далаға
тастағысы келмеді. Сан етінен де кесіп алып,тұздап,
самырсынның бұтағына ілді. Бұдан соң
қалған мүшелерін
қонжыққа қоса сүйреп ағаш арасына апарды да, жер
қазып көмді. Осы қаракетті бейне соғым сойғандай
аса бір ықыласты ниет, өте пысықтықпен
атқарған соң,
колының қанын жуып, үсті басын тазалады. Осы
шақта оның көзіне қашада жаюлы тұрған
аюдың терісі шалынды. Әуестікпен ұстап, әсіресе екі
қонжықтың терісіне
жаны аши қараған. «Дегеніне жеткен екен, - деп ойлады. -
Өлтіріп тыныпты», - [1,331].
Жазушы шығармаларындағы Еріктен бастап,
ақыр аяғы Құлашаның шоты, Таған образы да
қызығарлық. Яғни адамдар арасындағы тас
бауырлық, қызғаншақтық, қаталдықтың
«жемісі» көрініс береді. Міне, жазушы философиясының
құдіреттілігі, Бөкеев шығармаларының ерекшелігі
де осында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Бөкеев
О. Ұйқым келмейді: Повесть, әңгімелер. - Алматы:
Жалын,1990. - 560 б.
2.Қазақ тілі терминдерінің салалық
ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат
қорғау / Жалпы редакциясын басқарған - түсіндірме
сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі
ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
А.Қ.Құсайынов. - Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002
жыл. - 456 бет.
3.Биекенов
К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. -
Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 344 бет.