РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ –
ТІЛ.
Тұранқұлова Дариға
Алматы қ., Қазақстан
Әрбір ұлт, ұлыс өз тарихын,
салт - дәстүрін, мәдениетін қалай
құрметтесе, өзінің ана тіліне де солай карауы керек.
М.Әуезовтің "Кімде - кім казіргі уақытта ана тілін,
өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты,
мәдениетгі адам деп санауға болмайды" деген ой -
пікірінің де бүгінгі таңда маңызы орасан зор. Тарихқа
үңілсек, қаһарлы хандар да, айбынды батырлар да аузынан от шашқан, орақ тілді
шешендердің уәжді сөзіне токтап отырған."Бас кеспек болса да тіл кеспек жок" деген мақал осыған
орай туса керек. Адамдарды ажалдан, өлімнен, ауыл мен ауылды жауласудан
құтқарған да, әрине, сөз
құдіреті екені даусыз. Осындай дуалы ауыз,
киелі сөздің қасиеті қазіргі уақытта да өз күшін жойған жоқ және жоймақ емес.
"Егер, - деп
жазды Дағыстанның әйгілі ақыны Р.Ғамзатов, - ертең туған тілім жоғалар
болса, мен бүгін өлуге даярмын!" Қай ұлт,
қай ел болса да, өз тілін, ана тілін қастер
тұтады. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп,
сүйекке сіңеді. Өкінішке қарай, ана тілінде мінсіз
сөйлей білмейтін адамдар әлі де бар. Төл тілінде сөйлеуден
безіну — ақ сүтін беріп асыраған, аялап, мәпелеп
өсірген анаңды ұмытумен бірдей, өйткені ана тілі — ар
өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау — арға дақ
түсіру, көңіл тұнығын лайлау болып табылады.
Өміріміздің алмастай қырын, абзал сырын білуімізге басты
себепкер де — ана тіліміз. Ана тілінің бүге - шігесіне дейін біліп,
терең иірімдеріне бойлай білу — саналы азамат болғысы келген
әр адамның парызы. Сондықтан да ана тілінің
байлығын пайдалана алмаған адам — пақыр, ол қашан да күлкіге ұшырайтын жан. "Өнер алды — қызыл тіл.
Тіл өнері дертпен тең. Тіл жүректің айтқанына
көнсе, жалған шықпайды..." деген ұлы Абай
атамыздың ұлағатты ойларына қалайша тебіреніп -
толғанбайсыз. Ұлы Абай сөз кестесін өлеңмен де,
карасөзбен де төге білген. Сөзді қадірлеп, оны
қолданудың үлгісін көрсеткен. Абайдың әрбір
сөйлемінде терең тебіреніс, философиялық ой түйіні
жатыр. Табысып, түйісіп қатар тұрған сөздер -
ақындықтың айғағы. Ақын сөздері
асылды шақпак тасқа шаққандай боп, әсем
сөйлем ішінде ұшқындап от төгіп тұрады. Ал
М.Әуезов шығармаларында өзіндік ой түйіндері өте
әсерлі беріліп қана қоймай, үлгі аларлықтай
нақышты келеді. Сондай - ақ, сөз шебері, сөз зергері
Ғ.Мүсірепов ұстаханасынан шыққан сөз
әбден шыңдалып, қайнап, пісіп, өнделіп, кемелденіп
келіп, жетіліп шығады. Ондай сөздер кандай жүректен болса да орын алады, ол жүректі тебірентіп, толғандырады, сол
жүрекке oт салады. Ұлағатты
ойдан туған мағыналы сөз маржанына назар аударсақ,
алтынмен аптап, күміспен қаптағандай, бір сөзі екінші
сөзіне жарығын түсіріп, ой мен сезімге дәл тиіп жатады.
Демек сөздің күші жүректі тебірентіп, сезімді оятуда.
Сөйтіп акын айтқандай, жүректен шыққан сөз
жүрекке жетеді. Сөз
проблемаларына байланысты актер шеберлігі әрі кең, әрі көп
мағыналы ұғым. Автордың ойы пьесада әр
түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Шығарманың
стилистикалық қасиеті, сөйлеу ерекшелігі, кейіпкерлердін,
ойын бейнелеп көрсету және басқа көптеген сөйлеу
өзгешеліктері сахналық шығармаларда басты роль атқарады. Осы ерекшеліктер
спектакльде толық байқалуы қажет. Мұның
бәрі оқушының, яғни орындаушының сөзінде
өзіндік орнын табуы басты шарттардың бірі болмақ. Ең
алдымен сөйлеу техникасы, яғни көрерменге кейіпкердің
толғанысын көркемдік формада жеткізетін және іске асыратын
қажетті сапа керек. Ал сахна тілін меңгеру үшін оймен мазмұнмен тығыз байланысты рольдердегі сөздермен
жұмыс барысында автор ойынан ауытқымаған жөн. Бұл сөйлеу
техникасымен жаттығу кезінде, әдеби материалдармен жұмыс барысында бүкіл жүйені
анықтауға мүмкіндік береді. Сөзбен
жұмыс істеуге ерекше күш салу қажет. Бұл ретте
қажетті материалдар ретінде көбіне прозалық көркем
шығармалар қолданылады. Шығармалардың авторлары да, жанрлары да,
айтар ойлары да әр түрлі болуы
мүмкін. Aл актердің
сөйлеу шеберлігін қалыптастыруда драмалық емес әдеби
көркем шығармаларды да пайдалануға болады, өйткен сахна
өнері жанрларының негізгісі көркемсөз болып табылады. Көркемсөзбен
шұғылдану дұрыс техникалық дағдының
қалыптасуына барынша көмектеседі. К.С. Станиславскийдің;
"Мақам ақауы тілде емес, киялда түзетіледі", —
деген сөзі осы бағытта жұмыс істеудің нақтылы
бағыт - бағдары болса керек. Көркемсөз
өнері мен драма өнері
арасында маңызды айырмашылық бар. Актер шеберлігі мен көркемсез өнерін
салыстырғанда бірқатар өзгешеліктерді байқауға
болады. Мысалы, көркемсөз оқушы өзінің серігімен
емес, көрерменмен байланысады. Көрермен алдында өтіп
жатқан оқиға барысы жайында емес, өткен
оқиғаны әңгімелейді, образды жаңа түрге
енгізе отырып емес, кейіпкер мен оқиғаға байланысты белгілі бір қатынасты
"өз атынан" әңгімелейді, сахнада көркемсез
окушыда дене қозғалысы, қимыл - әрекет болмайды. К.С. Станиславский: "Дауыстап
оқушының актерден айырмашылығы, ол — ойнамайды, кейіпкерді
бейнелемейді, оның дикциясы мен
дауыс ырғағын қайталамайды", - дейді. Дауыстап оқушының міндеті —
бәрімен байланыса отырып, мәтінде не туралы айтылады, өзінің кейіпкері
жайында, оны бүгінгі жағдайда, қазір тындаушыға не үшін жеткізетінін
әңгімелеу. Дауыстап оқушы мен актердің негізгі
айырмашылығы — тындаушыға шығарманың формасы мен
әдісін жеткізе білуде. Бұл айырмашылық спецификалық
жағынан, негізінен, әдеби көркем материалды тындаушыға
жеткізе білудегі мәнерлілік әдісін, яғни дауыстап оқушының
қабылдауы мен икемділігін қамтиды. Бұл икемділік
көркемсөз шеберлігінде маңызды рөл атқарады. Ал
оларды қолдану шеберлігі мен шеңбері өте кең.
Оның ішіне төл сөзді
қолданудың, образдарды сипаттаудың басқа әдістері
мен сипаттары, нақты шығармашылық тапсырыстарға байланысты екпінді тасымалдау
т.б. кіреді. Дауыстап окушының негізгі міндеті —
адамдарды, олардың мінез - құлықтарын, істеген
қылықтарын өткен оқиғалар ретінде ойнамай,
жаңа түрге енгізе әңгімелеу. Бұл орайда олардың
психологиялық өмірлерінің белгілері пайдаланылады. Тыңдаушыға кейіпкердің
ішкі жан - дүниесі, олардың ойлары мен сезімдері жеткізіледі.
К.С.Станиславский: "Адам туралы әңгімелей отырып, дауыстап оқушы ол
үшін өзі бастан кешіріп, қимылдайды", —деп тегін айтпаса
керек. Дауыстап оқушы өз кейіпкерлерінің қайғысымен
қайғырып, қуанышымен қуанып, онымен болған
және оған қатысты барлық жайға,
оқиғаларға араласады. Дауыстап оқушының айтып
тұрғаны өзінің өмірбаянының бір
бөлігі іспеттес. Ол бұл
өмірді алдымен өзі елестетеді. Қиял күші арқылы оны өзінің
өткені етеді. Ол айтып түрған жай оның өзін
терең ойландырады, бәріне өзіндік көзқараспен
қаратады. Бұл өтксн өмір оған ой мен сезімді
тудырып, бүгін, қазір, дәл осы жерде тыңдаушыларымен
сөйлестіреді. Ал бұл шындық, үлкен үміт оның
әңгімесінде сенімдірек шығып, тындаушыларын
өз қайғысымен, ойымен баурап алады, oл өнерді мағыналы, мәнді етіп,
ойдағыдай шығуға ықпал етеді. Соған
қарамастан, рольді ойнайтын актерге қандай дайындық
қажет болса, дауыстап оқушыға да соншалықты
дайындық кажет болады. Бұлар: көріністі, идеяны талдау,
автордың бұл шығарманы жазуына не себеп болды, оған не итермеледі деген
сұрақтарға, қоршаған ортамен карым -
қатынастағы оның мінезіне талдау жасау. Сөзді
меңгеру әдісі мен тәсілі драма актері, опера артисі
көркемсез шебері, камералық немесе эстрадалық артист үшін бірдей және ортақ. Актер немесе дауыстап оқушы автор сөзінен кейіпкерін тірі адам бейнесінде
көруі, мәтіннің астарында жасырынып жатқан "екінші
жоспардағы" ұсынылатын жағдайды құруы керек.
XV - XVII ғасырларда өмір
сүрген ақын - жазушылар, шешен - көсемдер, батырлар, даналар
қаншама өшпестей мәңгілік мұралар қалдырды.
Олар өз бастарынан өткенді саралап, өлшеп, ақыл мен
билік айтып, "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін" жасаған. Жаңа заман ұрпақтары сол
асыл сөздерді игілігімізге пайдалана білуіміз қажет. Өйткені
қазақ халқы сөз сөйлеуге, нақылдарды ойната
білуге өте шебер. Ата - бабамыз бір ауыз сөзге тоқтап, бір
ауыз сөзге күйініп не сүйініп отырған. Міне
осыған қарап асыл сөздердің оттай ыстық, мұздай
суық, қылыштай өткір, мамыктай жұмсақ,
өрмекші торындай нәзік, шуақтай жылы екеніне көз
жеткіземіз. Заман өзгергенмен, адамның елі, жері, тілі, ділі,
тәрбиесі, бесігі өзгермейтін игілік емес пе?!
XV ғасырда өмір
кешкен әрі батыр, әрі жырау, әрі шешен Қазтуған
жырау Сүйінішұлы былай дейді:
Алаң да алаң,
алаң жұрт
Ақ ала ордам
қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған,
Батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт...
Өзінің туған жүрты әркімнің өзіне
қымбат екеніне сүйіспеншілікке толы инабаттылық, шын
ниеттілік білдіреді. Әкең - күйеу, шешең - келін
болған, кіндік қаның тамған жерді ұмытасың
ба? Тай - құлындай тебіскен балалық шақтың бал
күндеріне ой жүгіртіп еске аласың, сағынасың.
"Туған елдей ел болмас, туған жердей
жер болмас" деген
түйінді сөздерді салмақтай отырып, туған жерді, елді,
атамекенді сүюге құлшындырады. Ақын
- жыраулардың өлең жолдары өздері өмір
сүрген кезеңнің көрінісін көз алдыңа
әкеледі. Өлеңнің әр жолын оқи отырып,
әр адам тарих беттеріне үңіліп, ата - бабасының
өткен тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады.
Бүгінгі тәуелсіздік жолына дейінгі ата - бабаларымыздың ауыр да тауқыметті өмір
жолдары оңайлықпен келген жоқ. Демек, оқып отырған
шығармаңыздың басты идеясын түсінген болсаңыз, оның
бірқатар негіздерін де атап өткен жөн. Сонымен, көркем
мәтіннің түрлі ассоциацияға толы болуы
мәтіннің өзіндік еркшелігін түсінуге септігін тигізеді.
Бұл тыңдаушыға да үлкен әсер етпек. Бұл жерде
идеяның нақтылығы басты рөл атқарады.
Өйткені идея -
жазушының өзі суреттеп отырған өмір
құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір
құбылысына деген көзқарасы. Анығырақ
айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір
құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса,
қайда бағыттаса, сол идея болып табылады. Рухани тәуелсіздігін
қамтамасыз етпеген елдің болашағы бұлыңғыр.
Рухани тәуелсіздіктің негізі - тіл. Бабаларымыз аманаттап кеткен
асыл мұрамыз — ана тіліміз. Тіліміздің жұлдызы жанбай, халыктың да бағы ашылмайды. Халық тілі — бай қазына. Ол ешқашан
таусылмайтын, сарқылмас қазына іспетті. Керегінді ал да, қажетіңе жарата біл. Тіл - адамдардың өзара
түсінісу, қатынас құралы болумен қатар,
қоғам мен табиғат құбылыстарының,
адамның рухани өмірінің айнасы да.
Академик
жазушы
Ғ.Мүсіреповтің "Ана тілін ұмытқан адам
өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді" деген даналық
сөздерін еске алсақ, онда туған тілге немқұрайлы
қарау кешірілмес күнә болар еді.