ТАТУЛАСУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
з.ғ.к., Сартбаева У.К., Базарбекова М.Б., Бекембаев Д.Д.
М.Әуезов
атындағы ОҚМУ
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру
қылмыстық-құқықтың негізгі
қағидаларын бұлжытпай сақтай отырып жүргізілуі
тиіс екендігі тұжырымдама талаптарының бірі болып танылады [3, б.
18-19].
Татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасын іс-тәжірибеде жиі және жаппай
қолдану азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының бұзылуына алып келуі сөзсіз.
Елімізде жүргізіліп жатқан
қылмыстық құқықтық саясаттың
алға қойған мақсаттары, татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату нормасына талдау жасау
қажет ететіндігін дәлелдейді. Мұның өзі осы
көрсетілген мәселені зерттеудің қажеттілігін және
оның өзектілігін көрсетеді.
Қылмыстық
құқықтағы қылмыстық
жауаптылықтан босату институтының бір түрі
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасын іс тәжірибеде қолдануда бір
бағыттағы түсінік болмауына байланысты аталған
норманың негізгі мақсаты мен міндетін айқындау керек болды. Қазақстан
Республикасының қылмыстық
құқықығында бас бостандығынан айыру
жазасына ізгілендіру бағытында балама ретінде татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату институты бірінші рет 2015 жылдың қаңтарынан бастап
қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 68-бабында орын алып,
қылмыстық құқықта қолданыла бастады.[2].
Қылмыстық құқықта
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасы жаңадан енгізілген заң
болғанымен қылмыстық іс жүргізу
құқығында бұрыннан орын алып келген
құқық нормасы. Аталған норма бұрын
қолданыста болғанымен ол сот құзырында және
қазіргідей жалпылай қолдануда болған жоқ. Осыған
дейін және қазіргі уақытта да Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде орын
алып келе жатқан жеке айыптау істерінің қолданылу
деңгейі бірнеше ғана қылмыстық істерге қатысты
болып саналады, яғни нормада көрсетіліп аталған
қылмыстық істерге ғана қолданылады.
И.Ш. Борчашвили, Р.Б. Кульжакаева,
А.Н. Ералиндердің айтуы бойынша Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабына берген
түсінігінде татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасы қылмыстық іс жүргізу
тәртібін толықтырып отырған норма болып саналатынын айтады [3,
б. 171].
Бұл жерде И.Ш. Борчашвили,
Р.Б. Кульжакаева, А.Н. Ералиндердің айтқандарымен
толық келісуге болады себебі «татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату» институты шыныныда да
өзінің құрылымы бойынша және
қылмыстық құқықтағы рөлі
бойынша қылмыстық іс жүргізу құқығын
толықтырып отырған заң нормасы болып саналады. Татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын
қолдану барысында қылмыстық құқық
бойынша қылмыстық қудалау органдары мен сот органдары
қылмыстық іс жүргізу құқығы мен
азаматтық құқық негізінде шешім қабылдай
алады.
Татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасының іс тәжірибеде қалай
қолданылуда екендігі және оның негізгі
мақсаттарының бірі қылмысқа тосқауыл болу және
қылмыстың алдын алу, жасалған қылмыстарды анықтап
қылмыскерлерді анықтау. Осы аталған норма мақсатына
жете алды ма анықтау қиын. Себебі аталған норма бойынша
құқықтық статистикада толық мәлімет
жоқ. Оған себеп жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолдануға
байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу кодексіне және Қылмыстық кодексіне бірнеше рет
өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп оның іс-тәжірибеде
бір қалпы қолданылуына өз кедергісін келтірді.
Іс-тәжірибеге сүйенер болсақ жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы
қылмыстық құқықтың негізгі
мақсаты- қылмысқа тосқауыл болуда өз көздегеніне
жеткен жоқ деп айтуға болады.
Яғни айтқанда, жасалып жатқан
қылмыс азайған жоқ. Қылмыстық
құқықтың негізгі мақсаты өзінің
жаза түрімен еріксіз және сендіру арқылы
қылмыстың алдын алып азаматтармен қылмыс жасалмауды
көздейді. Осыған орай қылмысқа жол бермеу барысында
қылмыстық құқық негізгі рөл
атқаруы тиіс.
Негізінен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату институты белгілі бір мөлшерде қазіргі
біздің қоғамымыздың жаңадан қалыптасуына
өз үлесін қосуда.
В.В. Скибицкий қылмыстық
жауаптылықтан босату институты жөніндегі өзіндік көз
қарасын қылмыстық жауаптылықтан және жазаны
өтеуден босатуды іс тәжірибеде қолдануды ары қарай өркендету
қоғамымыздың қазіргі кезеңіндегі қылмыспен
күресудегі тиімді жолдарды қарастыру міндеттерінің бірі болып
табылады деген түсінік бере отырып, қылмыстың алдын алуда
қылмыстық жауаптылықтан босату мен жазадан босату
институтының атқаратын ролінің зор екендігін көрсетеді
[4, б. 170].
Негізінен В.В. Скибицкийдің айтайын дегені
қылмыс жасағандарды кепілдікке беру арқылы
қылмыстық жауаптылықтан босату, жолдастық сотқа
беру арқылы қылмыстық жауаптылықтан босату,
әкімшілік жазаға тарту арқылы қылмыстық
жауаптылықтан босату нормаларын қолдану арқылы
қылмыспен күресуге бүкіл қоғам болып кірісу.
Қазіргі қолданыстағы татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы
қылмыс жасаған адамды еш қоғамдық бірлестікке
немесе белгілі бір тұлғаларға кепілге беру арқылы
тәрбиелеу көзделмеген, аталған норма тек жәбірленген
тұлға алдында кешірім сұратып қылмыс барысында келген
зиянды қалпына келтіруге бағытталған.
Қазіргі қылмыстық саясаттың
талабына сай татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату институты Қазақстан Республикасының
қылмыстық құқығында өз орнын
толық алды деуге ерте болып отыр.
Себебі аталған норма жөнінде заңгер
ғалымдар арасында әлі де болса бір бағыттағы
түсінік жоқ, сондықтан әлі де болса талас тудыратын
жақтары жетерлік.
Татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасы Қазақстан Республикасының
қылмыстық құқығында ғана орын алып
отырған институт емес ол бұрынғы КСРО- мемлекеттері
арасындағы Республикалардың да Қылмыстық
құқығында орын алып отыр. Біздегі туындап отырған
проблемалар басқа да Республикаларда кездесуде.
Қылмыстық кодекстің 68-бабында орын
алған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасы негізінен батыс мемлекеттердің
қылмыстық құқығында орын алып, сол
мемлекеттерде кеңінен қолданыста болған заң нормасы,
сондықтан алдағы уақытта сол батыс мемлекеттерінің
тәжірибесіне көп көңіл бөлініп, олардың осы
бағыттағы қылмыстық құқықта
орын алып отырған алдыңға қатарлы іс-тәжірибелерін
өзімізге үлгі ретінде алып өзіміздің
әдет-ғұрпымызға сәйкестендіруіміз керек.
Қылмыстық құқықта жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы
қылмыстық құқықта өз орнын алу
үшін аталған норма әлі де болса кең талқылауды
қажет етеді.
Осы тарауда көрсетілгендерді ескере отырып
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
заң нормасының мақсаттары мен міндеттері болып біздің
ойымызша:
– ізгілік;
– жәбірленушінің қылмыстық
құқықтағы рөлін арттыру;
– тараптарды татуластыру;
– қылмыстың қайталануына
және жаппай қылмыстық қудалауға тосқауыл
болу екендігі танылып отыр.
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 68-бабындағы көрсетілген
заң нормасының, қылмыспен күресуде және
қылмыстың алдын алуда өзіндік рөлін жетілдіру
бағытында татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату заң нормасына келесі міндеттер мен
мақсаттарды жүктейтін өзгертулер мен толықтырулар
енгізілуі қажеттігі туындап отыр деуге болады.
Татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату заң нормасы, қылмыс бойынша
жәбірленген тұлғаның мүддесін ғана
қорғамай мемлкет мүддесін де қорғауы қажет.
Бұған себеп болып отырған қылмыс жасаған
адамға мемлекет тарыпынан қолданылатын шараларды қылмыс
бойынша жәбірленген тарап бұзады да қылмыс жасаған
адамды қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде шешім
жасайды.
Бұл дегеніміз, мемлекеттің қылмыспен
күресудегі беделін түсіріп, қылмыскерлер алдында мемлекет
беделін төмендетеді дегенді білдіреді.
Сондықтан, жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасын
қолдануда мемлекет тараптардың татуласуына, тараптар
арасындағы туындап отырған дауды шешуге араласуы тиіс дегенді
алға тартамыз.
Татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату заң нормасының қылмыспен
күресудегі және қылмыстардың алдын алу
барысындағы міндеттері мен мақсаттарын және
қылмыстық құқықтағы рөлін
жетілдіру тұрғысында жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарды есепке ала
отырып, олардың мінез-құлқын бақылауда ұстап
олар тарапынан басқа да қылмыстар жасалмауын бақылап,
профилактикалық жұмыстар жүргізуді реттейтін норимативтік
құқықтық актілер қыбылдануы қажет.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының
құқықтық саясат тұжырымдамасы. –Концепция
правовой политики Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы. 2002. – 56
б.
2 Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЖШС «Издательство «норма-К», 2014. –
236-бет.
3 Комментарий к Уголовному кодексу РК / Под ред. д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш., к.ю.н., доцент
Рахимжановой Г.К. – Караганда: РГК ПО «Полиграфия», 1999. – 960 с.
4 Скибицкий В.В. Освобождение
от уголовной ответственности и отбывания наказания. – Киев: Наукова думка, 1987. – 182
с.