Сейітқазиева Қ.Ә
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,Тараз ,қ.
Жарамсызданған
жерлерді қалпына келтірудің мелиоративтік-экологиялық тәсілдері
Ғаламдық экологияның негізгі қағидаларын
ескерсек – толық қамту керек, яғни оның
қалыптасуына көңіл бөліп, экологиялық –
мелиоративтік шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Ең алдымен,
экологиялық дағдарысты тудырушы себеп-салдарды: алып
энергетикалық жылу мен зиянды қалдықтарды шығаратын
фабрикалар мен зауыттарды тежеу, автокөліктер мен
тікұшақтардың қатынастарын реттеу, ауыл
шаруашылығынан, өсімдіктерден келетін улы заттарды бақылау,
зәулім ғимараттар салу мен орман ағаштарын отау және
тілсіз жау өрттер мен су тасқындарынан сақтану шараларын
қолға алудың экологиялық тиімді жолдарын іздестіру
болып табылады.
Жоғарыда аталған тіршілікке
қажетті, ғаламдық экологияның негізгі әрі
сақтанып, қорғауды талап ететін мәселелерінің
шешімін табу үшін: табиғатты қорғауда –жер, су, ауа,
ландшафт (жер көрінісін), өсімдік және жануарлар әлемін
қорғаудың алғы шарттары мен оларды қорғап,
сақтап қалу шараларын жүзеге асырмайынша болашақ
жастарға тәрбие беруді, Отанды сүюді негізгі де
қасиетті ықпалды күштеріне айналдыру – табиғатты сүюдің,
отанын сүюмен қатар қою керек. Табиғатта –
қоршаған ортаның таза болуы, тіршілік кеңістігіндегі –
биосферадағы ауа, жер, су, ландшафт, өсімдік және жануарлар
әлемінің тазалығы, әр өлкедегі, жергілікті
жердегі қоршаған орта тазалығы, адамзаттың өмірдегі
тазалығы. Табиғат тазалығы – жан мен тәннің
тазалығы. Жұтқан ауа, ішкен су, жеген тағам –
бәрі жерден, өсімдік пен жануарлардан келеді. Ал оларды
қорғау – адамзаттың өзін қорғау,
сақтау, дұрыс қалыптасып, өсіп-өнуіне,
жақсы демалуына, еркін тыныс алуына тамаша мүмкіндік береді.
Мәселен, жерді қорғаудың және
сақтаудың топырақты құнарландырудың
мәселелерін шешуде ең алдымен, жобалауды, зерттеу жұмыстарын
жүргізуде төмендегі мелиоративтік – экологиялық шараларды
жүргізу қажет:
- топырақтың агрохимиялық және
сулы–физикалық қасиеттерінің нашарлауын бақылау;
- топырақтың тозуына ықпал етуші – сулы-ауа,
жылу, жарық, тұзды–қоректік алмасуларының
өзгеріске ұшырау құбылысын зерттеу;
- каналдар мен гидротехникалық
құрылыстарды салудағы өсімдік қабаттары
орналасқан қалыңдықтарда қарашірінді
қорының сақталып, қайта пайдалануды бақылау;
- топырақты жаңарту шараларын
жүргізуде, құрылыс үрдісі кезінде бұзылған
жерлердегі топырақ құнарлығын қалпына келтіру;
- мелиоративтік – экологиялық шараларды
жүргізуде геожүйедегі, топырақтағы улы заттардың
жиналуына әсер етуші ықпалдар мен оның туындау себептерін
анықтау.
Жерді
суғару мен құрғату жағдайында, бүлініп,
ластануынан су қорларын қорғау үшін –
суқорғау аймақтарымен тақталарын құрады, бұл көпсалалы
агротехникалық, гидротехникалық шараларды белгілеп, артық
каналдар, қашыртқылар
мелиорациялаудың сағалық бөліктерін нормативтік талапқа сай сапалы жүргізуді
қамтамасыз етеді[1-2].
Мелиоративтік-экологиялық жүйелерде
құрылысты зерттеп - жобалауда, су нысандарын реттеуде
төмендегідей шаралар дайындалуы қажет:
-
арналарды
реттеуде тікелей ұзын жерлерді мүмкіндігінше қысқартып,
арнаны табиғи жағдайына келтіру;
-
су
нысандарында тұрғындардың сауықтыру қажеттілігін
қанағаттандыру үшін, болашағы бар ауыл
тұрғындарына талапқа сай жағдай жасау;
-
кәсіпкерлік
өндірістер мен олардың тіршілігі үшін, сонымен қатар,
ерекше қорғалатын су өсімдіктері мен су жануарлары
түрлеріне жағдай жасау;
-
суқорғау
аймақтарын құру.
Жерді
құрғату және суғаруда ластанудан су
қорларын қорғау үшін, комплексті агротехникалық
және гидротехникалық шараларды ұйымдастыру үшін, суды
шығаратын, ағытылған және магистральдардың
сағалық бөлігін, ағытылған сулардың
нормативтік талабын қамтамасыз ететін су қорғайтын аймақтар
мен тақталарды жасайды (жобалайды).
Тазаланған жерлерді пайдаланып және игеруде
артық мөлшерде минералдық тыңайтқыштар мен
пестицидтер қолданылады, бұлар суаттар және
суағыстарында керіздік ағыстармен шығарылуы мүмкін.
Ең қарқынды жуылатын – азотты тыңайтқыштар.
Техникалық дақылдар және сүдігерлік танаптағы
азотты тыңайтқыштар жоғары мөлшерде шығарылады.
Қуаңшылық аймақта әртүрлі суғару
тәртібі мен әртүрлі тыңайтқыш элементтері
тұзды топырақты шаюда шығарылады, әсіресе, артық
азоттық керіздік суда нитраттың артуын тудырады. Ағытпа
сулардың құрамына кіретін судың барлық
құрамы (компоненті) ластанбайды, тек қана, органикалық
заттардың артық құрамы, азот және пестицидтер
қосылады.
Жақсартып-тазартылған жерлерден өтетін
жер бетіндегі және керіздік сулар – су мекемелері пайдаланатын санатты
ескеріп, ластайтын заттар шекті рауалы концентрациядан (ШРК) аспайтын
мөлшерде болуы шарт[3].
Алқаптарда
жоғары дәрежеде дара және жоғалатын өсімдіктер
түрлерін жинақтау, сонымен қатар, бағалы
техникалық және дәрілік биоценоздардың сақталуы
үшін жалпы табиғи көпсалалы инженерлік шараларды немесе
алқаптарда қорықтар жасау арқылы қамтамасыз
етеді.
Мелиоративтік-экологиялық
шараларды белгіленген ұялау, бордақылау, суда жүзетін,
қыстайтын, балшықты құстар нысандарында, олардың
тіршілігі жөнінде жоғарыда аталған шараларды жүргізуге
болмайды. Бұл үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасын
көбейтетін табиғи жағдайлары азжарамды болуы қажет.
Мелиоративтік
жүйелерді жобалауда және балықтарды қорғау
шараларды белгілеуде, ерекше жағдай болу керек, қайтарымды жолдарын
қарастыру керек, яғни өтейтін шаралары биологиялық
процестердің бұзылуын толық жабу мүмкін емес.
Ландшафты
қорғау – ауа райының өзгерісін қорғаумен
пара-пар. Белгілі аймақтың ауа райының өзгергіштігі ауа
ағымымен жердің үстіңгі қабатының байланысы
арқылы анықталады. Адамның жерге жасаған антропогендік
өзгерісі сол жердің ауа райына да өзгеріс ендіреді. Аса ірі
су қоймаларын жасау арқылы атмосфера ауасын дымқылдандырып,
ауа райын белгілі мөлшерде жұмсартады. Алқаптағы
орманды кесу арқылы адам ауа райын нашарлатады. Мұның
салдарынан күшті жел пайда болып, ауаның ылғалдылығы төмендейді
де, ол жер құрғақшылыққа ұшырайды.
өндіріс шоғырланған жерлер мен ірі қалаларда
өзіне тән микроклимат пайда болады. Бұл құбылысты
ауа температурасы арқылы анықтайды.
Құрғақшылық пен қатты соққан
дауылдардың пайда болуы, желдің әсерінен топырақтың
ұшып, егістің бүлінуі, күздік астықтың,
бау-бақшаның үсіп кетуі көп жағдайда адам
әрекетінің әсерінен болады. Олай болса, негізгі ауыл
шаруашылық және табиғи апаттың қауіпі бар
аудандарда табиғатты қорғау жұмысын қатаң
жолға қоюды қажет етеді.
Әдебиеттер:
1.Фурсов В.И.
Экологические проблемы окружающей среды. Алматы,- 150
с.
2.Вальков В.Ф.
Почвенная экология сельскохозяйственных растений. – М., 1986. - 208 с.
3.Сейітқазиев Ә.С.Топырақ
ылғалдылығына байланысты
экологиялық -мелиоративтік шараларды қолдану тәсілдері//Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия
ұлттық университеті
ХАБАРШЫ,№ 4(83),2011, Б .146-149.