АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫН САҚТАНДЫРУ МЕХАНИЗІМДЕРІН ҚОЛДАНУ
ТӘЖІРИБЕСІ
Әнесова
Алмира
Алматы Технологиялық
Университеті, Алматы, Қазақстан
Сақтандыру ісі әртүрлі
экономикалық кезеңдерде маңызды рөл атқара отырып
бірқатар экономикалық институттардың ішінде маңызды
орын алды. Соңғы 5 жыл ішінде республика бойынша сақтандыру
сыйақыларда ауыл шаруашылықтың үлесі 1% көлемінде
тұр. Экономикалық салалар ішінде ауыл шаруашылық жоғары
тәуекелдерге ие сала, сол себептен сақтандыру компаниялары оны
сақтандыруға көп қызығушылық танытпайды.
Қазіргі таңда тек 2 сақтандыру ұйымы өсімдік
шаруашылықты міндетті сақтандыру бойынша лицензияға ие
оған дәлел бола алады. Сонымен қатар, 2012-2016 жж. міндетті
сақтандыру келісім шарттардың саны күрт қысқарды:
3897 келісімнен 1630 келісімге дейін [1]. Сонда, ауыл шаруашылық тауар
өндірушілерге өз мүдделерін қорғауын
сақтандыру ұйымдарына емес мемлекетпен көрсетілетін кепіліне
ғана сенуге қалады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін
сақтандырудың бірнеше ерекшеліктері бар. Олардың ішінде
малдардың жас ерекшеліктері маңызды рөл алады, яғни
сақтандыруға тек қана ересек малдары қабылданады,
мысалы, ірі қара мал – 6 ай, жылқы – 1 жыл, т.с.с. Малдарды
инфекциялық аурулардан, өрттен көбінесе сақтандырады. Жануарлар
үшін сақтандыру соммалары
әрбір жануар үшін жекелей
және жынысы мен жасына қарай топтастыру арқылы
орнатылады, алайда оның мөлшері жануарлардың
нарықтық құнынан аспауы тиіс. Сақтандыру келісімі
әдетте 1 жылға жасалады.
Егер сақтанушы жануарларды ұстау және
пайдаланудың зооветеринарлық ережелерін бұзу
нәтижесінде жануарлардын жаппай өліміне алып келсе, онда
сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы бар.
Өсімдік шаруашылығында міндетті
сақтандыру объектісі ретінде сақтандыру жағдайының
нәтижесінде өсімдік өнімдерін өндіру процесінде
сақтанушының шеккен ақшалай шығындарының орнын
толтырумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері
қарастырылады. Өсімдіктердің зақымдануына немесе
жойылуына алып келетін құрғақшылық, аяз, жылудың
жетіспеушілігі, шектен тыс ылғалдылық, жауындар, борандар, селдер
және т.с.с. табиғи апаттар сақтандыру жағдайлар болып
танылады. Сақтандыру соммасы ауыл шаруашылық
дақылдарының әрбір түрі бойынша оны өсіруге
кеткен шығындар нормативіне сүйене отырып анықталады. Мәселен,
бидай өнімдері - 3,48-9,15, май өнімдері - 3,44, қант
қызылшасы- 3,89, т.с.с. Міндетті сақтандыру келісімі егіндік
жұмыстары біткеннен кейін 15 күннен кешіктірмей 1 жыл мерзімге
жасалуы тиіс.
Шет елдердің тәжірибесі қарайтын
болсақ, ең дамыған жүйелердің қатарына
АҚШ, Канада мен Испания кіреді. Канада елінде ауыл шаруашылық
өнімдерін сақтандыру 40 жылдан аса уақыт ұсынылады.
Барлығы Канадада 10 өңірлік сақтандыру
бағдарламасы жұмыс істейді. Олардың ішінен 5 шет жері
өзінің ауыл шаруашылығының тәуекелді профелін
халықаралық қайта сақтандырушылар арқылы
қайта сақтандырады. Канадада өнімдер бойынша сақтандыру
жабындының орташа деңгейі – 74%.
Қазақстандағы ауыл шаруашылық
дақылдарының өсіруге ықпал ететін ең көп
таралған тәуекелі – құрғақшылдық,
осыған орай, кейбір өңірлері тәуекелді егіншілік
аймағы болып есептелінеді. Деректерге сүйінсек еліміз құрғақшылықтан
- 5 жылда 2 рет, ал қатты
жауынсыздықтан – 6 жылда 1 рет зардап шегеді. Нәтижесінде, ауыл
шаруашылығының астық өнімділігінің жиі және
күрт ауытқулары байқалады. Мәселен, соңғы
10 жылда астық дақылдарының шығымдылығы орташа
алғанда 10,2 бастап 13,3 ц/га түрленеді [2]. Құрғақшылықтан
басқа, елдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының
өндірісіне әсер ететін тәуекелдер – бұршақ пен
жауын және ерте қатқақ болып
табылады. Сол себептен ауыл шаруашылық өнімдерін сақтандыру
маңызды мәселе, бірақ та біздің елімізде ауыл
шаруашылығын сақтандыру төмен деңгейде тұр. Осы
тұрғыда келесі мәселелерді атап көрсетуге болады:
- АӨК субъектілер міндеттемелерін кепілдендіру
құралының дамымағаны;
- саланың жоғары несиелік
тәуекелдерінен АӨК субъектілерінің қарыздарын
сақтандыруға және кепілдендіруге, ақша бөлу
тетігіне сақтандыру компанияларының лайықты қызығушылығы
мен кепілдіктері болмағаны;
- өзара сақтандыру
қоғамының қызметі сақтандыру
компанияларының қызметіне қарағанда мемлекеттік
реттеуші органдарымен бақыланбайды;
- саланың жоғары табиғи-климаттық,
эпизоотикалық, фитосанитариялық, карантинді, экономикалық
тәуекелдері.
Бұл мәселелерді реттеу мақсатында
келесі шаралар ұсынылады:
1. Өзара сақтандыру
қоғамының аккредиттелген агенттерге немесе лицензияланатын
брокерлерге трансформациялау;
2. Өңірлер мамандану сызбасының
негізінде табиғи-климаттық аймақтарға байланыстыра
отырып, өндірістік шығындар нормативін нақты шығындар
сәйкестігіне келтіру;
3. Табиғи климаттық аймақтар бойынша
сақтандыру тарифтерінің анықтау градациясын енгізіп,
тарифтерді жыл сайын қарастыру;
4. Сақтандыру туралы заңының
қолданысы таралатын дақылдар мен өңірлердің
мамандануы картасын белгілеу;
5. Агросақтандыру жүйесіне омбудсменді
енгізу;
6. Сақтандыру полисі жоқтығы үшін
ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жауапкешілігін
күшейту.
Қорыта келе, елімізде ауыл шаруашылық саласы
ең ірі салалардың бірі, оны тиімді басқару негізінде
жоғары табысты алуға болады, ал ол үшін әр түрлі
қауіп қатерлерден сақтану механизмін дамытуға тек
мемлекет тарапынан ғана емес, сақтандыру ұйымдары да
көп көңіл аударуы тиісті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Шинкеева
Г. Анализ страхового сектора Республики Казахстан в 2017 году / RFCA rating
Agency – август, 2017. – 12 с.