ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНДА КЕДЕНДІК
ОДАҚТЫҢ РӨЛІ
Болатхан
Ардақ
Алматы
Технологиялық Университеті, 3 курс, Алматы, Қазақстан
Әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді
мақсат тұтқан мемлекет елбасымыздың салиқалы саясатының
арқасында біршама жетістіктерге қол жеткізді. Бұл әр
қазақ азаматының мақтанышына айналуы тиіс.
Бүгінгі таңда мемлекеттің саяси
тұрақтылығы мен әлеуметтік сапасы тікелей
экономикалық дамуына байланысты. Елбасымыздың «бірінші-экономика, одан
кейін саясат» деген сөзі соған дәлел.
1995 жылдың 20 қаңтарында
Қазақстан, Ресей және Белорусия мемлекеттерінің
президенттері Кедендік Одақ құру туралы
құжаттарға қол қойды. Кеңес
үкіметінің құлдырауынан кейін біртұтас кедендік
аумақты және ТМД-ның біртұтас ақша
кеңістігін жою кезеңінде әсіресе, 1992-1994 жылдары
дезинтеграциялық тенденциялардың әрекеті қатты
байқалды. Нәтижесінде ТМД елдерінде баға
деңгейінің ерекше құлдырауы орын алып, алып-сатарлыққа
және маңызды материалдық ресурстарды тасып алып кетуге мүмкіндік
береді. Батыс нарығымен, Ресей, Қазақстанмен және
басқа да Орталық Азия мемлекеттерінің арасында өзіндік
ерекше аймақ болып Балтық жағалауы елдері тұрады. Бұл
елдер арқылы шикізаттың құнды түрлері: жез, цинк,
қорғасын және ҚР-ның басқада тауарлары
тасылды. ТМД елдерінің шекараларындағы бақылаусыз
жағдайды ұйымдасқан қылмыстық топтар пайдаланады.
Осындай жағдайлардан кейін ТМД елдері сыртқы сауда-саттықта
әр түрлі шектеулер енгізіп, өз шекараларында Кедендік
одақ құруға бел буды. 1996 жыды 29 наурызда осы
келісімдерге Қырғыстан қосылды. Осы кезде
Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан және Ресей
экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны
тереңдету туралы Келісім-шартқа қол қойды [1].
Астанада өткен ІІІ экономикалық форумда
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сөйлеген сөзінде. «Бұдан әрі ықпалдастық
қажет етіледі.Өткен он жылдықтардың
ықпалдастығы түрлі құрлықтар арасында
жасалды.Біздің алдымызда Еуразиялық құрлық
ішіндегі әлеуетті пайдаланудан орасан зор мүмкіндіктер ашылуда. Осының
жарқын аймағы ретінде Қазақстан мен Ресей арасында
құрылып, бүгін қол қойылған Кеден
одағы мысал бола алады»,- деді.
Кедендік одаққа мүше елдер:
Қазақстан - 1 шілде 2010ж; Россия - 1 шілде 2010 ж; Белоруссия - 6
шілде 2010 ж; Армения - 2 қаңтар 2015 ж; Қырғызстан - 12
тамыз 2015 ж.
Кедендік одақтың берері мол, келешегі кемел
деп айта аламыз. Осы елдерге тауар шығарғанда және тауар
әкелгенде баж салығы салынбайды, қандай да бір
құжаттар қажет етілмейді. Алайда, одаққа
мүше емес басқа шетелдерден келетін тауарларға салынатын
кедендік баж салығы едәуір өсетін болады. Кедендік
одаққа енудің бірінші кезеңінде, яғни 2010 жылда мүше
елдер арасындағы 11000 түрлі тауар айналымына салынар кедендік баж
салықтары алынып тасталды. Аталған елдер өз
аймақтарында тауарларды еш кедендік бақылаусыз шығара алады. Сонын
арқасында тауар құны едәуір төмендеп, тиімділігі
көп болады.
Елбасы: «170 миллион халқы бар орасан зор
нарық қалыптасты. Елдеріміздің жалпы өндірістік
көлемі 600 миллиард долларды құрып отыр.Тек қана мұнаймыздың
қоры 90 миллиард баррель. Бұл бізді әлемдік энергия
көздері нарығындағы аса маңызды ойыншыға
айналдырды. Ауыл шаруашылығының ортақ әлеуеті 112
миллиард доллар. Әлемде өндірілетін бидайдың 12 пайызы, оның
экспортының 17 пайызы біздің елдерге тиесілі.ішкі жалпы
өнімдеріміз екі триллион,ал ортақ тауар айналымымыз 900 миллиард
доллардан асып жығылды», - деп атап өткен еді [2].
Кедендік одақ құрылғаннан бері
біршама тиімді істер жасалып, ел экономикасын қазіргі заман тауарларына
сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде.
Кедендік одақты құру процесінің
маңыздылығы-осы одаққа мүше мемлекеттердің экономикасына
инвеститциялар тартуға жағымды жағдайлар жасау, мемлекеттердің
экономикалық әлеуетін ескере отырып,бірлескен кәсіпорындар
құру болып табылатындығында. Инвесторлар біздің рынокка
келу-келмеу туралы шешім қабылдау кезінде, тек жекелеген Қазақстан рыногы ғана емес,
осы жалпы Кедендік одаққа кіретін мемлекеттер мүдделерін де
ескеретін болады. Қазақстан экономикасын әртараптандыру
ең маңызды мақсат болып табылады.
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінен (АӨК)
дамытуға және бүгінгі әлемде қалыптасқан
күрделі жағдайларға байланысты азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беру қажеттігін
үнемі басты назарға қойып келеді. Сонын арқасында
АӨК экономикамыздың тұрақты даму саласына айналды. Азық-түлік
қауіпсіздіген қамтамасыз етуге шешуші үлес қосатын мал
шаруашылығы саласы екені ескеріліп,ауылшаруашылық малдарының
тұқымын асылдандыруға айрықша мән беріліп, қомақты
қаржы бөлінуде. Егін шаруашылығын дамытуда жаңа
технологиялар енгізіліп,жоғарғы сапалы және мол өнім
алуға деген талпыныс бар. Ең бастысы, сыртқа экспортталатын
астық көлемін биыл 10 млн. тоннадан асыру көзделіп отыр. Мұның
өзі ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
қатар,аштық жақындай түскен елдерге де қол
үшін созуымызға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, Кедендік Одақтың
қызмет етуі мүше елдердің бәсеке қабілеттілігін
арттыруға, сауда қызметтерін арттыруға, сыртқы
экономикасын жетілдіруге септігін тигізеді.
Пайдалынған
әдебиеттер:
1.Стрежнева М.В.Европейский Союз И СНГ: сравнительный
анализ институтов - М 1999.
2.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында. Қазақстан Президентінің Қазақстан
халықына жолдауы // Ақиқат – 2005 - №3 – 16б.