Утегенова К.А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті, э.ғ.к.

Шайхы Б.М.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің магистранты

 

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесінде құрылыс өнімі сапасы менеджментінің атқаратын функциялары

 

Құрылыс кәсіпорындары қызметінде өнімінің сапасы маңызды көрсеткіштер қатарына жатады. Құрылыс сапасын арттыру мәселесі стратегиялық сипатта және құрылыс кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететіндіктен өзекті мәселе болып қала бермек. Дегенмен, құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қалыпты деңгейде ұстау үшін сәйкес материалды техникалық база, білікті және ынталы персонал ғана емес, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың, оның ішінде құрылыс өнімі сапасын тиімді басқарудың жақсы қалыптасқан жүйесі болуы қажет. Құрылыс өнімі сапасының артқанынан, құрылыс кәсіпорнының дамуын, ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуін, құрылыс өндірісінің тиімділігінің артуын білуге болады.

Құрылыс саласына сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселесі – қолданыстағы нормалар мен ережелерді техникалық сақтау мәселесі ғана емес, сонымен қоса Қазақстанның жаңа салынған құрылыс нысанында әрбір қазақстандықтың өмір сүру, кәсіпкерлікпен айналысы жайлылығы мен қауіпсіздік мәселесі.

Құрылыс жүргізуші кәсіпорындардың қызметін дамыту мәселесін анықтауды зерттеу барысында сыртқы орта тарапынан болатын бәсекелестіктің қатаң талаптары маңызды орын алды. Өйткені, даму стратегиясын таңдаған әрбір кәсіпорынның болашақта қызмет ету тиімділігін және даму динамикасын айқындайтын жеткілікті дәрежеде бәсекелестік потенциалы болуы керек. Оның ішінде, құрылыс саласының бәсекелестігі неғұрлым қатаң және ол бәсекелестер санымен, саланың табысымен, салаға кірігу бөгетінің шамасымен, салалық бәсекелестердің нарықтық үлестерінің қатынасымен анықталды.

Сонымен, құрылыс жүргізу өндірісінің дамуына әсер ететін факторларға: құрылыс өнімі мен қызметінің сапасы, инновациялық потенциал, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инвестициялық тартымды ахуал, материалдық, қаржылық, еңбек және басқа да өндірістік ресурстар, өнімді жабдықтау және өткізуді рационалды ұйымдастыру, құрылыс кәсіпорындарындағы еңбеккерлерді әлеуметтік қолдау жатады.

Сапа қазіргі таңда саяси, экономикалық және адамгершілік  категориялар ретінде қалыптасты. Құрылыс өнімінің сапасы дегеніміз - азаматтардың денсаулығы, ыңғайлылығы және көңіл-күйі, сонымен қатар, тұрғызылған нысандардың қауіпсіздігі, сенімділігі, қаражат. Өнім сапасы кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерінің қатарына кіреді. Ал өнім сапасын арттыру нарық жағдайында әрекет ете білуді, ғылыми техникалық жетістіктерді енгізгендікті, өндіріс тиімділігінің артқандығын білдіреді. 

Жаһандану үдерісі кең көлемде дамымай тұрған кезде, құрылыс кәсіпорындары моральдік және физикалық жағынан тозған өндірістік қуаттарды (экскаваторлар, көтергіш крандар, цемент араластыратын жабдықтар, темір бетон бұйымдар, кірпіш, керамика және т.б.) пайдаланған уақыттарда соңғы өнімнің сапасына кері әсер ететін.

Жаһандану үдерісі Қазақстандық құрылыс компанияларының импорттық жоғары технологиялық, озық құрылыс техникасын пайдалана отырып құрылыс нысандары мен материалдырын пайдалануы нәтижесінде өнімдерінің сапасын арттыруға итермелейді. Зерттеулер сапаны басқару оны қалыптастыру, ынталандыру және сақтау арқылы жүзеге асатынын көрсетті. Нәтижесінде, сапаға әсер етуші факторларды үшке бөлуге болады: сапаның қалыптасуына әсер етуші факторлар, өнім сапасын ынталандырушы факторлар, өнім сапасын сақтауға ықпал етуші факторлар [1].

Сапаны басқару инвестициялық құрылысты жобалау жүйесінде өтеді .

 

 


Тендер

 

Тиімділікті есептеу

 
                                                                                    

Жобалау

 
 


Келісім шарт

 
                                                                                     

 

Келісу

 

Тиімділікті нақтылау

 
                                                                                        

Сапаны басқару

 
 


Құрылыс жүргізуге келісім шарт

 

Құрылысқа тендер

 
                                                                                     

 

 

 

 


                                    

Эксплуатациялау

 
                                    

Утилизациялау

 
 


                                     

 

 

1 cурет  - Құрылысты жобалауда сапаны басқару жүйесі

 

Сапаның қалыптасуына әсер етуші факторларға құрылыс өнімі нарығын зерттеу, өнімге қойылатын талаптарды қалыптастыру, бастапқы шикізаттар мен материалдардың сапасы, жобалау сапасы, дайын өнімді бақылау жатады. Өнім сапасын ынталандырушы факторларға: өндірістің әлеуметтік және экономикалық мақсаты, басқару ерекшеліктері, баға қалыптастыру, еңбеккерлердің материалдық қызығушылығы, сапасыз құрылыс өндірісіне санкциялар жатады. Өнім сапасын сақтауға ықпал етуші факторларға: сақтау, ұқсату, тасымалдау жағдайы, құрылыс өнімдерін пайдалану деңгейі, қызмет көрсетудегі техникалық көмек және т.б. жатады [2].

Сонымен, құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету дегеніміз – тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру үшін өнім шығаруға барлық жағдайды жасайтын жоспарланған және жүйеленген шаралар жиынтығы.

 Құрылыс өнімінің сапасына қолданылатын ресурстардың жиынтығы әсер ететінін де атап өту керек. Мысалы, негізгі қорлар, заттай айналым қорлары және еңбеккерлер ресурсы. Қолданылатын ресурстар өндірістік факторлар болып табылады және олардың сапасына соңғы өнімнің сапасы тәуелді.

Құрылыс сапасына оны жүргізудегі барлық үдерістердің сапасы да әсер етеді. мұндай үдерістерге жобалау-сметалық жұмыстар, ғимараттар мен құрылыстарды салудағы технологиялық операциялар, монтаждау, ғимраттар мен құрылыстарды эксплуатациялау, құрылыс материалдарын сақтау және тасымалдау, өнімді өткізу және тазалық жұмыстары.

Әр түрлі салалар менеджментінде қолданылатын халықаралық стандарттардың озық тәжірибелеріне – ИСО 9001 сапа менеджменті жүйесі, ИСО 14001 экологиялық менеджменті және т.б. жатады. Аталған стандарттардың талаптарын ескере отырып, сапаны жүйелі басқару және кәсіпкерлікті тұрақты дамыту стратегиясына сәйкес құрылыс кәсіпорындарында заманауи сапа менеджменті жүйесін енгізуге болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Айгужинова Д.З. Система управления качетвом строительтва в современ-ных условиях развития Казахстана // Вестник КазНУ. Серия экономическая. 2012. №6.

2 Международные стандарты серии 9000:2000:9004:2000.-М.: Изд-во стандартов, 2000.