Утегенова К.А.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің
аға оқытушысы, э.ғ.к.
Айдарбек М.Қ.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің
магистранты
кәсіпорындарды
басқарудың ұйымдық құрылымын
жетілдірудің тиімділігі
Нарық жағдайында кәсіпорындар
қызметінің тиімділігін арттыру үшін қысқа мерзім ішінде
кадрларға байланысты жұмыс жүйесін – кадрларды бағалау
және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату;
жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен
қайта құру керек. Барлық деңгейдегі жетекшілер
өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің
потенциалын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс
жүзінде жауапкершілігін күшейту керек.
Қызметкерлердi басқарудың сапасын көтеру үшiн
қызметкерлердi басқару жүйесiндегi өзгерiстерге
байланысты бiрқатар түйткiлдердi шешу қажет. Осыған
орай қызметкерлердi басқарудың тиiмдiлiгiн көтеру
айрықша маңызға ие болады және оның
тәжiрибелiк мәнi арта түседi. Бұл уақытқа
дейiн мұндай түсiнiк басқару тәжiрибесiнде болмады,
алайда, әрбiр ұйымда қызметкерлердi басқарудың
кiшi жүйесi (кадр бөлiмi) жұмыс iстедi. Оның мiндетiне
қызметкерлердi жұмысқа қабылдау және
жұмыстан босату, кадрларды оқыту және қайта даярлау
және басқалар ендi, бiрақ, кадр бөлiмдерiнiң
ұйымдастыру мәртебесi де, кәсiби деңгейi де төмен
едi. Олар кадрларды басқару функцияларын орындайтын басқа да
бөлiмшелермен (еңбек және жалақы бөлiмi,
заң бөлiмi) құрылымдық жағынан байланысты
болды. Сол себептi ұйымдастырудың кадр жұмысының
әдiстемелiк те, ақпараттық та, үйлестiрушi де
орталығы бола алмады.
Қызметкерлердi басқару әкiмшiлiк әдiстерге
неғұрлым азырақ негiзделiп, мемлекеттiк қызметшi мен
мемлекеттiк басқару органдарының мүдделерiнiң
жүйесiне негiздiлген саналы кадр саясатына көбiрек бағытталуы
тиiс. Сондықтан адам ресурстарын басқару саласында жаңа
ғылыми бiлiмдер және тиiмдi технологиялар, еңбек ұжымын
қалыптастыру және басқару әдiстерi, кадрлармен
жұмыстың инновациялық технологияларын игеру қажет.
Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне
толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы
факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу.
«Ең қолайлы құрылым – бұл ұйымның
сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік
беретін, өз қызметкерлерінің күш – жігерін
өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайты, сол
арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып,
жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым».
Ұйымдық құрылымды
қалыптастырған кезде, отандық және шет елдік көп жылғы басқару
практикасында оны құрудың ұйымдық принцптерін
басшылыққа алу қажет.Басқарудың
ұйымдық құрлымын қалптастырғанда мына
төмендегілер қолданылады.
Сызықтық және функционалдық басшылықтың
аралығындағы дәл шекараны анықтау принцпі.
Сызықтық басшылық өндіріс өнімдерін
басқарды жүзеге асыруы, ал функционалдық –
сызықтық басшылыққа жәрдем көрсетуі, оны
қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен т.б. жабдықтауы
тиіс.
Бақылаудың өрістеу принципі. Бір адам тиімді басшылық ете алатын
бағынышты адамдар санын, яғни басқара алу нормасын
дұрыс анықтау қажет.
Функционалдық нақты шектеу принципі. Әрбір өндірістік және
функционалдық звеноның айқын белгіленген функциясы болуы,
басқа бөлімшелердің функциясына басшылықтың
барлық деңгейінде араласпауы тиіс. Мұндай жағдайда
диалектикалық функция тұтастығы мен басқару
құрылымы бөлімдерінің, бюроның және
басқа да ұйымдық бөлімшелердің белгілі бір
санының қалыптасуымен көрінеді.
Әрбір звено басқарушысы мен лауазымды адамның
правосының, міндеті мен жауапкершілігінің сәйкес келу
принципі. Тек осындай сәйкестік қана қолайлы шешімді
қабылдауға және жүзеге асыруға нақты
жағдай жасайды.
Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық
құрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерін
ең аз шығынмен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу
қасиеті болуы тиіс.
Жоғарыда аталған принциптермен қоса, басқару
құрылымын жасауға ішкі
және сыртқы факторлар да ықпал етеді.
Ұйымдық жүйелердің тиімді құрылымы
тұтастай және басқару жүйелері жекелей тиімді
басқару үшін қажетті жағдай болып саналады.
Құрылым ұйымдағы байланыстырушы буын болып саналады,
жоспарлаудың формалары мен ұйымдастырылуына, жұмысты
бөлу және оны үйлестіру әдістеріне ықпал етеді,
әрбір басқару звеносының, әрбір бөлімшенің,
өз жұмысын қалай істейтіндігін өлшеуге мүмкіндік
береді. Құрылым белгілі бір дәрежеде басқару
технологиясын да алдын ала айқындайды, ақпарат айналымының
жолына және басқаруда техникаларды пайдалану әдістеріне
ықпал етеді, кадрларды іріктеу мен орналастыру жөнінде міндеттер
қояды.
Нақты ұйымдық жүйелерде басқару
құрлымының айырмашылығына қарамастан,
әдетте, олар екі классикалық құрылым типінің –
линиялық және функционалдық типтердің үйлесімі
болып табылады.
Басқарудың линиялық жүйесінің ерекшелігі сол,
әрбір бөліміне жоғары орындағы басқарманың
біреуіне ғана бағынып, тек сонда ғана тиісті
нұсқаулар алады. Соның нәтижесінде ол өзіне
бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп,
барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады. Басқарудың
функционалдық құрылым жүйесі, әдетте,
құрылымның дербес түрі ретінде қарастырылады.
Мәселелерді тиімді шешу үшін әрбір
кәсіпорынға осыған барынша жарамды жұмыскерлер
қажет. Оларды іріктеу және дамыту керек. Кадрларды дамыту бірінші кезекте
тұруы қажет, ол үшін оқуға ынталы жұмыскерлерді
қолдау; білімдер мен озат тәжірибелерді тарату; жас білікті
қызметкерлерді оқыту; басқарушы персоналдың қызметкерлерді дамытудың
маңыздылығын түсінуі; кадрлар тұрақсыздығын
төмендету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Ғ.Есім. Қазақ елі: пән және
бағдарлама // Егемен Қазақстан. – 2013, 24
қыркүйек. –5 б.
2 Д.Төлебаев. «Болашақ» иегерлері белгілі болды // http://anatili.kz