ӘОЖ 631.95

СейітқазиеваҚ.Ә., Қуандықова Г.Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз  мемлекеттік университеті,Тараз ,қ.

Топырақтың ластануындағы су-тұз алмасуын экологиялық  бағалау

Топырақтың тозуы табиғатта әр түрлі себептерге әкеледі, экологиялық бүлінудің ең қауіптілері, олардың кең көлемде өрістеуі, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяси  тұрғыда зиян келтіреді.

Топырақтың тозуы табиғатта бақыланатын биологиялық, физикалық, химиялық, физикалық-химиялық және көптеген басқа құбылыстардың белгілерімен сипатталады.

Топырақтың физикалық-химиялық нашарлауындағы  құбылыстар әртүрлі себептерге тікелей тәуелді  [1]:

-         жел, су және ауамен жарамсыздануы;

-         шөлейттену  және құрғақшылық,

-         агротехникалық тәсілдерге қарсы (топырақты суғарғанда, малдарды жаю және т.б);

-         химиялық қасиеттердің өзгеруі;

-         ормандарды отау және орман өрттері;

-         топыраққа қышқылды жаңбырдың түсуі,

-         гербицидтерді қолдану;

-         ластаушылармен шығарындылар, қалдықтар (қатты, сұйық және газтәріздес);

-         ауыр металдардың әсер және т.б.

Топырақтың су-тұз алмасуын болжамдап құру үшін, ондағы тұздардың  негізгі қозғалу теңдеуін пайдаланамыз [1-2]:

  ,                                                               (1)

мұндағы С-тұздарды есептеу (болжамдау) құрамы, г/л, %; t –уақыт, тәулік; х-жер бетінен есептеу тереңдігі; м; -шекті ерітінді концентрациясы, г/л, %;   алмасу коэффициенті (ерітінді және кристалды), 1/тәу; конвективті диффузия коэффициенті, м²/тәу; топырақтағы ылғал қозғалысының нақты жылдамдығы, м²/тәу. Бұл төмендегі формуламен анықталады:

                                                                                                    (2)

мұндағы сүзілу жылдамдығы,м/тәу; топырақтағы өтімді кезектілік, үлеспен.

Жоғарыдағы (1) теңдеуге көптеген көрсеткіштер енеді, оларға тәжірибеден алынған мәліметтердің маңыздылығы мен анықтау дәлдігіне тікелей байланысты. Сондықтанда, көптеген нақты мәліметтердің негізіндегі (1) теңдеуге енетін гидрохимиялық көрсеткіштерді анықтау сауалдары ғылыми және тәжірибелік тұрғыдағы өзекті мәселе болып отыр.

Көпшілік жағдайларда, топырақтың толық қанығу кезіндегі жылдамдықты (Vқ) мына формуламен анықтайды [3]:

Vқ = Нγβетыс /100·nө·t        ,                                                                     (3)

мұндағы Н –есептеу қабаты,м; γ – топырақтың тығыздығы, т/м³; βетыс – топырақтағы ең төменгі ылғал сыйымдылығы,%; nө - өтімді кеуектілік, үлеспен; t- шаю ұзақтығы, тәулік.

Пайдаланылған мәліметтер, мұнда топарақтағы тұздар тасымалының гидрохимиялық көрсеткіштері нәтижесінде алынған, есептеулерді жүргізу үшін (1-кесте) түрінде келтірілген.

(1-кесте) мәліметтерінен байқағанымыз топырақтағы ылғалдылық сүзілу жылдамдығы (V) және нақты қанығу кезіндегі жылдамдықтардың (Vн) қозғалыстары топырақтың механикалық құрамының ауырлығына сәйкес (V) мәнінің азаятындағы белгілі болды.

1-кесте. Әр түрлі топырақ топтарына сәйкес шаю мөлшерлері

Топырақ топтары

Бастапқы тұздану,Sб,%

Мүмкін тұздану, Sn,%

Шаюға берілген су, Nнт

Шаю ұзақтығы,t,тәу

Өтімді кеуектілік

Пө

Қанығудағы сүзілу коэффициенті,Vқ, м/тәу

Тұздың қайтарылуы, α

Керізге келген су, л/с.га

Шаю мөлшерлері, Nнт, м³/га

І

0.56

0,25

0.4

38

0,37

0,012

1.14

122

4000

ІІ

0.65

0,34

0.45

43

0,36

0,013

1.61

121

4500

ІІІ

0.70

0,45

0.5

48

0,35

0,015

2.63

121

5000

ІV

0.78

0,48

0.6

60

0,35

0,015

2.86

116

6000

V

0.90

0,55

0.75

72

0,34

0,014

3.57

121

7500

Қазіргі уақытта экологиялық–мелиоративтік шараларды дұрыс ұйымдастырып, толық шешімін табу үшін арнайы зерттеулерді талап етеді. Әсіресе, ыза суы жақын орналасқан аймақтардағы мәселелерді анықтауда: ыза суының бетінен булануы, суғару және шаю аралықтарындағы тұздың алмасуын болжамдау, ыза суының сынақты деңгейін, басқада зерттеулерге бақылау жүргізу қажеттілігі туындайды.

Қорыта айтсақ, тұзданған топырақтарға су бергенде, есептеу қабатындағы ылғалдылықтың қанығу шамасын керіздер аралығындағы топырақтың су өткізгіштік қабілетін, каналдарға келген судың көлемін, жер асты ыза суының көтерілу деңгейін, басқа да сулы-физикалық, химиялық құбылыстарды жүйелі зерттеу арқылы өсімдікке, топыраққа қажетті тиімді ылғалдылықтың мөлшерін нақты анықтауға болады.

Әдебиет

1.     Аверьянов С.Ф. Борьба с засолением орошаемых земель.- М.: Колос, 1978, -288с.

2.     Волобуев В.Р. Расчет промывки засоленных почв, -М.: 1975, -71с.

3.     Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың су-тұз алмасуы., Тараз, 2010,-294 б.