Б.Момышұлы атындағы  №45 қазақ классикалық гимназия

Пән: Өзін-өзі тану

Тақырып: ТӘРТІП ПЕН ПАРЫЗ

Құндылық: Дұрыс әрекет құндылығы.

Қасиеттер: Адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік

Мұғалiм:Ахметова Тамара Уразбаевна

Cыныбы:  1                                                            

 

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарын түсіңдіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік; «Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру.

Дамытушылық; оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту

Тәрбиелік; оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, тәртіпті, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,

Татулық ережесін еске түсіру

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үлкендердің көмегімен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының тәртіп,парыз туралы айтқан дана сөздерімен танысыңдар.

Ескертулер:

 

Үй тапсырмасын өте жақсы орындап келген оқушыларды мадақтап,смайликтер беремін.

3. Дәйексөз.

 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы »

-Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

 

4. Әңгiмелеу (сұхбат). 

Мұғалімнің сыйы

"Алғыс" Мәдіхат Төрежанов

 

-Неліктен барлығы алғысты басқаларға айту керек деп шешті?

-Балалар бұл оқиғадан қандай сабақ алды?

-Сендер кімдерге және нелерге алғыс білдірер едіңдер?

-Адамның қандай парыздары бар?

-Адам неліктен парызын дұрыс орындауы керек?

-Әркім өз парызын қалай өтеуі тиіс?Неліктен?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

-Өзімізді аялап өсіріп отырған ата-анамызға алғысымызды айтып оны іспен көрсетуіміз керек. Себебі олар бізге ең дәмді,ең әдемі нәрселердің барлығын береді.Әр адамның өз отбасы,өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.Адам өзін парызға арнап,парызға сәкес әрекет етуі тиіс. Сонда барлық іс-әрекеті дұрыс болады.

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Мәтін  бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1-топ: Бірлік                    2-топ: Достық

3-топ: Болашақ               4-топ: Жалын

Топтық тапсырма.  1тапсырма

Оқулықтағы суреттерге қараңдар.Олардың алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп беріңдер  (Отбасы,ұстаз,Отан,дос)

Дәптермен жұмыс Дәптердегі тапсырманы орында.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

6. Топпен ән айту.

«Атамекен»

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

                  Қайырмасы

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.

7. Үй тапсырмасы.

Ар-ұждан,әдептілік туралы мақал мәтел жаттап келу