Өскемен қаласы С.
Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік Университеті
«Психология және
педагогикалық коррекция»
кафедрасының аға
оқытушысы, магистрі Матаева
Б.Ү.
«Қазақ тілі
әдебиет» мамандығының 2 курс студенті Кожаназыров И.
Күншіл адам əрқашанда мұңшыл
адам
Күншілідік деген «қызыл
көз» бәле көбеймесе, азаятын түрі жоқ.
Қайта желді күнгі өрттей өзінен – өзі лапылдап,
өршіп барады емес пе? Заман жақсарып елдің дәулетті
артқан сайын кейбіреулердің пейілі тарылып, бірін – бірі күндеуі
арта бере ме деп қаламын.
Сыртай
қарағанда күншілдік пен қызғаншақтық
екеуі бір – біріне жақын, тіпті өзара ұқсас құбылыстар
болып көрінуі де ықтимал. Ал шындығында олар үш
қайнаса бір – біріне сорпасы қосылмайтын, мүлдем екі
түрлі нәрсе деуге болады. Қызғаншақ адам
өзінің қолында бар нәрсені басқалардан
қызғанады. Қызғаншақ адамның мұндай
пенделігін түсіну қиын емес. Күншілдің мүлдем
жөні бөлек. Күншіл адам өз қолындағы бар
бұйымды емес, өз қолында жоқ, бірақ басқа
біреудің қолында бар нәрсені қызғанады.
Құдайдың
адам баласы маңдайына тумай жатып жазып қойған «жеті күнәсінің» ішіндегі
ең ауыры, қауіптісі, зияндысы, озбыры, абыройдан жұрдай ететіні
– күншілдік екені мәлім. Қалған алтауын атап
көрсетер болсам. Қызғаншақтық,
тәкәппарлық, ашущан – ызақорлық,
жалқаулық, қанағатсыздық, сезім
құштарлығы. Әлемнің дәстүрлі
діндерінің көпшілігі дерлік осы «жеті күнәға»
адам бойындағы «жеті қайрымды» істі қарсы қояды. Олар:
Ақыл – парасат, сабырлық, әділдік, шыдамдылық, сенім,
үміт, мейрімділік.
Қазақ
жұрты да соларға жақын пікірде болған. Мәселен,
атақты Бөлтірік шешен бұл туралы:
Күншілдік
деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік
деген бар, содан сақтан.
Астамшылдық
деген бар, одан алыс жүр.
Қараулық
деген бар, одан таза бол.
●
Бәле
қор деген бар, одан сақ бол,
Ынсапсыздық
деген бар, содан аман бол, - деген екен.
Кез
келген адам осы жеті күнәнің алтауын мойындауға белгілі
бір іштей
әзір тұрады екен. Ал күншілдікті мойындауға ешкім,
ешқашан әзір болмаған.
күншіл екенің ішітар адамдар қолынан келгенше
жасыруға, өзгелерге білдірмеуге тырысқан.
«Азап
шеккің келмесе, күншіл болма», - деп көне заман данышпаны
Унсури әл- Малии тектен – текке айтпаса керек. Күншіл адамдар бар
мақсатына қолы жетіп біткен кезде ол тағы бір өзінен
мықтыны іздей бастайды. Өзінен бай немесе қызметі
жоғары, әйтпесе әйелі көріктілеу біреуді іздеп
жүріп тауып алады. Тауып алады да, табанда өзін сол адаммен
салыстырады. Салыстырады да, өзінен әлгі «қарсыласынан»
әлсіз екеніне көз жеткізеді. Күншілдің «күресі» осы
жерден басталады. Ендігі мақсат – өзі ойлап тапқан әлгі
«дұшпаннан» қалайда озып шығу. Егер озып шықса, ол
бұл жеңіске қанағат тұтпайды. Енді ол
өзінен «мықты» тағы бір «дұшпан» іздейді. Оны да
табады. Онымен де күреседі. Алда – жалда жеңіліп қалса, онда
күншіл адам қарсыласын жеңіп шығудың жаңа
«тәсілін» іздейді. Өйткені ол енді «қарсыласын» жеңе
алмайтының біледі. Сондықтан қызғаныш обьектісі
болған затты, әлеуметтік жағдайды яки
дұшпанның құртып жіберуге әрекет жасайды.
Сондағысы: «менде болмаған дүние, атақ - дәреже,
қызмет т.б. басқаларда болмауы керек» деген түсінік. Ол
үшін маңыздысы – өзінде жоқ дүниені басқа
біреуде де болдырмау.
Күншіл
адамдар, ең алдымен күндейтің адамдары:
Мол
дәулетті, мал – мүлкі көп, байлықтың мықты
қорын жасап қойған дәулетті адамдарды күндейді;
Сондай-
ақ олар ерекше дарынды, бойында асқан қабілеттілік
қасиеттері бар, талантты жандарды күндейді;
Күншілдердің
көздейтін тағы бір нысаны – кескін – келбеті, көрікті,
ажарлы, өңді, сәнді, әсем сұлу жанадар.
Күншілдердің,
әсіресе, сұлу жандарды іштей қатты күндеп,
өзектері өртеніп жүретінің жазушы Әбдіжамал
Нұрпейісов өзінің
«Ымырт» романында психологиялық тұрғыдан зор
шеберлікпен жеткізе білген: «Биылғы жыл, шынында да, Ақбалаға
ауыр тиіп жүр. Балықшылар ауылына келін боп түскелі
құсаланып бітті. Еш нәрсеге зауқы шаппады. Жұмысы
болмаса көрші отырған үйдің біріне бас
сұқпады. Онан сайын ауыл ішінде Ақбалаға алакөз
көбейді. Күндес әйелдер оның жүрген – тұрғанына дейін сықақ қылды.
Қарақатын секілділер Ақбаланың ажарын да күндеді.
Оның әлі күнге қыз кезіндегі сәні мен салтанатын
сақтап, бұл ауылдың бетке ұстар қыз, келіншегінен
озып киінгенің өсек етті. Бұның бәрі
Ақбалаға жетіп жатты. «Тәкәппар», «менмен» деп өзіне
таққан талай атақты есітті; бірақ Ақбала бұның бірін
құлағына ілмеді. Қайта, ол өзіне құдай
берген ажар – көрікті көре алмай, күндеп жүрген
қатындардың алдында әрқашан тәккаппар басын тік
ұстап өтетін. Осы романда,
осы бір үзінді де күншілдік сипатты жақсы сипатталған.
Күншілдік
– шығармашылық саласындағы адамдарға – ақың
– жазушыларға, суретшілерге, композиторларға, мүсіншілерге,
актерларға т.б. өнер мен әдебиет адамдарының бойында
күншілдік ауруына қарсы тұратын иммунитет жоқтың
қасы.
Әдебиет
пен өнер қайраткерлерінде күншілдіктің күйігі,
жан азабы басқалардан гөрі күштірек, ащырақ болады.
Өйткені олар өздерінің ел арасында кең тараған
атақ – даңқын ешкіммен бөліскісі келмейді. « Ең
дарынды жазушы», «ең шебер суретші», «ең шебер актер» т.б. деп
жазылып қойған биік тұғырдан тірі тұрғанда
өз еркімен түспейді. Мұндай да ол өліспей беріспейді.
Турасын
айтқанда, олар кейде «дарынды тең бөліп бермеген»
Жаратқанның өзіне жармасып, құдайдың
өзін «әділетсіздер» қатарына қосып қояды.
Мәселен, мұндай көріністі орыстың ұлы ақыны
А.С.Пушкиннің «Моцарт пен Сальери» деген пьесасынан (ауд.
Қ.Шаңғытбаев) аңғару қиын емес.
Ақынның осы трагедиясында әлемдегі музыка
өнерінің шыңына шығып, сол өнердің
«құдайына» айналған екі алпауыт дарынның ортасына
түскен күншілдік отының әкелген қайғы –
қасіретті философиялық, поэтикалық, психологиялық
тұрғыдан мейлінше терең талданып, іштарлықтың
туындау себептері, күндестіктің қайнар – бастаулары, зарлы
зардаптары тайға таңба басқандай етіп көрсетілген.
Пьесада
Сальери өзінен де дарынды Моцарт бар екенін іштей мойындағысы
келмей қиналады. Іштарлықтан запыран жұтқандай
сарғайып, күйзеліп кетеді. Ал Моцарт өзінің жан досы,
әріптесі Сальериге мүлтіксіз сенеді. Ол тіпті әйіліне
айтпаған пікірлерін досынан жасырмайды.
Сальери
мына жарық дүниеде жалғыз досы Моцарт екенің
жақсы біледі. Сөйте тұрып, Сальери одан
құтылудың жолын іздей бастайды. Ақыры Моцартты
өлтіруге шешім қабылдайды. Енді ол «мен бұл өмірге
музыка үшін емес, Моцартты өлтіру үшін келгенмін. Бұл
менің тағдырыма жазылған» деп ойлайды:
Жоқ!
Жүре алман тағдырыма бойсынбай,
Мен
келіппін бұл дүниеге әлгінің
Бар
тілегін кесу үшін, әйтпесе,
Даңқы
шала жалғыз ғана мен емес,
Музыканын
бір пендесі құрымақ...
Міне,
осындай зымиян зерделеуден кейін Сальери шарап ішіп отырған
Моцарттың стаканына у тастап жібереді. Сол сәтте Сальери: «Досыма
арналған осы уды мен он сегіз жыл бойы сақтап келген едім», - деп
рахаттана күледі. У, ішіп, ажал аузында жатқан досы Моцартқа
қарап тұрып Сальери:
Мәңгі
Моцарт!
Емеспін
бе мен дана?
Даналық
пен жауыздық
Екі
арасы кереғар...
Ұлы
ақынның айтуы бойынша, адам ешқашан да өз
бойындағы адами сезімдерді өзінен жасыра алмайды екен, яғни
адам өзін – өзі алдай алмайды. Адам бойындағы табиғи
сезімді теріске шығару күншілдердің күншілі
Сальеридің де қолынан келмейді.
Досына
жауыздық жасаудың алдында ғана Сальери өзі туралы:
Жоқ!
Ешқашан күншілдікті білмедім,
Кім
айталар бір кезде өр Сальери
Жиіркенерлік
күншіл пенде болды деп,
Талай
табан таптап өткен дәрменсіз
Құмды
қапқан шұбар жылан болды деп?
Айтпас
ешкім! Өзім айтам – бұ күнде –
Күншіл
жанмын, бұ күнде мен күндеймін.
Жаным
күйіп күндеймін. О, Тәңірім!
Шындық
қайда от боп жанып сүйсем де,
Тілек
етіп еңбек етем ынтамен,
Жалбарынып
жалынсам да келгенмен
Киелі
сый, бақи жасар даналық.
Есуас
енжар қыдырманға қай күні
Бақыт
болып қонбақшы? О,Моцарт! Моцарт!
Күншілдіктің
жиіркенішті жаратылысын бұдан артық бинелеп көрсету
мүмкін емес шығар, сірә.
Күншілдік
дегеніміз жан азабы. Күншіл адам осылайша минут сайын, сағат сайын,
күн сайын, яғни өмір бойы өзін – өзі аяусыз
жазалап жүреді. Жаны жайдары, пейлі кең, жүрегі дархан
адамдармен кездесіп қалудан
қорқып жүреді. Үркіп жүреді. Өзінің
бейшаралығын, дәрменсіздігін, құдай алдында да, адам
алдында да күнәлі екенің іштей біліп жүреді. «Менен
ешкім озып кеткен жоқ па, әйтеуір» деп жан – жағын тінтіп
жүреді. Тіміскілеп жүреді. Күншіл адам қашанда
мұңшыл адам болып келеді.
Күншіл
адам қолы жетпеген биіктікке, ең болмағанда қиялды
қару етіп шығару керек. Демек ол өз қиялына
сиятың обьектіні ғана күндейді. Күншіл адам бейне бір
«мәңгілік двигатель» іспеттес болып келеді. Ешқашан
тоқтамайды. Толастамайды. Күндестік әдетін қоймайды.
Жамандық атаулыға тоймайды. Қашанда жамандық жасауды
ойлайды. Мұндай адамның
дерті «пәленше менен озып кетті» дейді де тұрады ғой. Ол
өзін көштен қалып қойған жетім ботадай сезінеді.
Сосын ол «Ойбай, біз пәленшелерден қалып қойдық. Намыс
қайда ағайындар?! Аттанындар!» деп бір рудың адамдарын
екіншісіне айтақтап салатын болған. Бұған жазушы
Мұхтар Мағауиннің «Аласапран» атты тарихи романында
нақты деректер келтірілген.Осы бір романнан қысқа
үзінді. « Көк Ордада аласапыран, ойран – топыр басталды.
Бұрын таласса да тартысқа түспеген екі әулет – Шибан
ұрпағ мен Орыс хан ұрпағы ашық майданға
шықты. Тағы да сарқырап қан ақты.
Бөтеннің емес. Арғын мен қыпшақтың, алшын
мен дулаттың, керей мен найманның, үйсін мен
қоңыраттың қаны. Ақыры, бір ру екіге, бар ру жікке
бөлінді. Бірақ бұл да қан төгіс
қырғының, ағаға іні оқ атқан
қатігез заманның ақыры емес екен.
Күншілдік
дегеніміз екі адамның арасында болатын әншейін ұрыс – керіс
емес, кейде ол рулар, ұлыстар, ұлттар, халықтар арасында от
салып жіберетін, әншейінде көзге көріне қоймайтың
жын –пері алты басты айдаһар деуге болады.
Күншілдіктен
адамын, тазамын, жұрдаймын деп ешбір тірі пенде айта алмас. Бар
мәселе сол жұлқынып тұрған,
жамандыққа қарай ұмтылып тұрған жеті басты
жалмауыздың тізгінің мықтап ұстай білуде болса керек.