Балалар үйіндегі қиын балаларды
адамгершілікке тәрбиелеудің
қажеттілігінің маңызы
Монтайбаева Райхан Амангелдиевна
біліктілігі жоғары І санатты
тәрбиеші
Жоломанова Жанар Тлеухановна
біліктілігі жоғары І санатты
тәрбиеші
Қарағанды облысы
білім басқармасының«Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға
арналған балалар үйі» КММ
Қазақстан
Республикасында соңғы жылдары балалар үйінде
тәрбиеленетін балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни
олардың қамқорлығынсыз қалған
балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл
мәселе Қазақстан Республикасының
«Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар
үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір
ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші
факторы адамгершілік тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар
тәрбиесіне қазіргі кезде адамгершілік тәрбие
тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды
тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі
күн талабы. Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке
тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының
өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен
тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында
артта қалушылықты, масылдықты, жеке басы еркін
ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Сонымен
қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары
және «әлеуметтендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп
қарастырылады.
Жетім балаларды
әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық
ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып,
теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі
педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп
болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің
тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек
көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер
қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды.
Соның ішінде тәртібі қиын балаларды тәрбиелеу
және оқыту қазіргі таңда
әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн
тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның
өзі «қиын балалар» санының жылдан-жылға өсіп
отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын
балаларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса,
бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да
осы категорияға жататындар аз емес. «Тәртібі қиын балаларды»
тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды
орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы
болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын
ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны
қалыптастырудағы алатын орны мен ролі өте зор деп
айтуға болады.
Адамзат тарихында жас
ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің
педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ
ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім.
Олардың құнды идеялары атадан балаға беріліп, ұрпақтан
ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
«Қиын» балалар қатарына
психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ,
уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында
психопатиялық формалар кездесетін, дәрі-дәрмек беру
арқылы қозу күйін тежейтін балаларды жатқызады.Сонымен
қатар ол қиын балалардың адамгершілік сапаларының
төмендеуіне отбасы тәрбиесінде кеткен қателіктермен
қатар, педагог пен олардың арасындағы
қарым-қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді де бөліп
көрсетеді.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты
ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты
міндет. Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде
ерекшелігін ескеруге оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға
бағытталуы тиіс. Қазіргі таңда балалар үйінде
тәрбиешілерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Ал
«қиын» балалар дегеніміз – балалар үйі мен мектеп тарапынан ерекше,
қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге
қарсылық білдіретін балалар.Сонымен қоса,білім деңгейі
төмен,тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын,
тәрбиешілердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі
төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым
мәселелері қызықтырмайтын балалар, ойлау қабілеті кейін
қалған, ашуланшақ балаларды қиын балалар қатарына
жатқызып жүрміз. Жасөспірім бойындағы жағымды
қасиеттерді дамытуда әлеуметтік – педагогикалық,
психологиялық әдістерді қолданып, тәрбиені ерікті ,
зорлықсыз түрде іске асыру керек.
Қиын жасөспіріммен жұмыс істегенде,
тәрбиешілер оны жеке
тұлға ретінде танып, біліп қана қоймай, мынадай
үш кезеңдерді ескеруіп, оның дамуын көре білуі
қажет: бұрынғысын, қазіргісін, болашағын.
Баланың бойындағы мінез–құқының
ерекшеліктерін анықтау барысында төмендегілерге көңіл
бөлгенміз жөн: баланың тәртібін балалар үйінде
және сабақтан тыс кезеңде бақылау; оның
қызметін талдау; баладан оны не қызықтырады және
жақсы көретін сабақтарын, немен айналысқанды
ұнататыны жөнінде әңгімелесу; баланың достарымен
,сыныптастарымен әңгіме жүргізу; жазалау мен көтермелеу
әдістерін қатар қолдану – педогогтің негізгі
құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс –
тәсілдер баланы өз қылығына басқаша
қаратып, мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс.
Орынды қолданылған әдіс – тәсілдер оқу –
тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын
бала мен педагогтың арсында қарым – қатынас
жақсартатыны сөзсіз.
Тәрбие сағаттары,
мерекелік іс-шаралар, мәдени орталықтарға саяхат,
үйірме жұмыстары, сайыстар, әңгіме-сұхбат.Демалыс
күндері, каникул кездерінде мұражайларға , демалыс
орындарына, циркке, қалалық кітапханаларға,
қуыршақ театрларына, кинотеатрларға саяхат жасап қана
қоймай, оларды әлеуметтік
ортаға, қоғамға бейімдеу ең басты мәселе
болады.Даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың адамгершілік қағидалар мен
мақсат-мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алып
өмір сүретін тұлға қалыптастыруға
даналыққа толы мақал-мәтелдер,
жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері,
ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды.
Сонымен адамгершілік - адамның рухани арқауы демекші , оны
тәртібі қиын балалар тәрбиесінде қалыптастыруда
ғалым - педагогтардың , қиын балаларды зерттеуші -
ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып , жұмыс
істеудің маңызы зор. Сөзімді түйіндей келе айтарымыз,
педагогтар тәртібі қиын балаларды адамгершілікке тәрбиелеу -
әлеуметтік - педагогикалық проблема екендігін түсіне отырып,
балалармен, олардың ата - аналарымен , қоғамдық
мекемелермен тығыз байланыста болып тәрбие жұмыстарын
жүргізу қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1
.Қазақстан Республикасының білім туралы.Заңы-(27.07.2007,-№319)
2
.Қазақстан Республикасының «Кемтар
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы».- 2002 жылғы 11 шілдедегі, -№343-ІІ
Заңы
3 .Керімов
Л.К. «Қиын» оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу,
Алматы.-9б.
4 .Гулнур
Ысқақ. Бала тәрбиесі «Қиын бала деген қандай
бала». 2016. №1-5 бет.