Ахметжанова Ж.Б. филология ғылымдарының кандидаты, доцент,

Байдалиева А.Р., Қапият А.Ж.  ДФ-32 тобының студенттері

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

Сөйлеу ТІЛІ бұзылған балаларды үйретуДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, жылдан жылға сөйлеу тілінің кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде. Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді.

Тіл кемістіктерінің себебі – сыртқы және ішкі зиянды күштердің, себептердің (факторлардың) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі.

Сөйлеу – адамға ғана тән ең маңызды псиxикалық функция. Сөйлесудің арқасында барлық адамның санасында әлемдегі көрініс үнемі толықтырылып, қоғамдық санада көрініс тапқан нәрселермен байытылған, адамзаттың әлеуметтік және рухани мәдениетінің жетістіктерімен байланысты. Осылайша, сөйлеу – белгілі бір тіл арқылы жүзеге асырылатын коммуникативтік функцияның негізі. Осының арқасында біз көркем әдебиет тіліндегі шығармаларды, ғылым тіліндегі теориялық терминдерді пайдаланамыз [1;89 б.].

Ал сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда, қалыпты есту мен ақыл-ойы кем балаларда, сөйлеу дамуында ауытқулары бар балаларда бұл ұғымдарды немесе шығармаларды оқып-түсіну қиынға соғады. Осыдан келіп, сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларда сөйлеудің бұзылуы әртүрлі болып, сөздердің бұзылуымен қатар, сөйлеудің грамматикалық құрылымы, лексикалық қоры кеміп, сөйлеудің жылдамдығы азаяды, сонымен бірге ойлау мен сөйлеу тілінің тегістігі бұзылады.

Бұндай ауруға шалдыққан балаларға жалпы білім беретін мектептерде оқу қиындыққа соғады, мүмкіндігі шектеліп, тек арнайы білім беруді талап ететін мектептерде ғана оқуға мүмкіндік туады. Сөйлеу жағдайлары бұзылған жағдайда балалар жалпы ақыл-есі түзу балаларға арналған жаппай мекемелерде білім ала алмайды, сондықтан осындай балаларға арналған арнайы балабақшалар мен мектептер бар. Тіл мүкістігі, кеміс балаларда алалия, афазия, ринолалия және әртүрлі дисартрия түрлері жиі кездеседі. Тіл мүкістігі, кеміс балаларда, егер бұл ақаулық балаға жалпы білім беретін мектепте оқуға мүмкіндік бермесе, арнайы мектептерде оқытуға тура келеді [2;154 б.].

Сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық кемістіктеріне байланысты дауыс тембрінің және дыбыс түзеуінің бұзылуы бар балаларға, пренатальды немесе баланың ерте даму кезеңдерінде ми қыртысындағы  тіл аймақтарының органикалық зақымдануына байланысты сөйлеу қызметінің дамымауы немесе мүлде болмауы, бас миының локальді зақымдануымен (ми тамырларының бұзылулары, қабыну процесстері, бас ми жарақаттарына) байланысты қалыптасқан тілдің толығымен немесе жартылай жойылуы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат бар. Әрбір арнайы мектеп жоғарыда көрсетілгендей  әртүрлі ауруға шалдыққан балалардың сөйлеулерінде қатты бұзылуларын назарға ала отырып, ерекшеліктерін ескеріп, қалыпты есту және жан-жақты дамуына мамандардың көмегімен қоғамдағы толыққанды балалардың қатарына қосуға тырысады және сол үшін еңбектенеді. Сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру – логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты. Неғұрлым толық хабар алу үшін кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық диагностика қажет. Осыдан кейін арнай мектептерге топтастырып, олармен логопед-мұғалімдер арнайы жаттығулар, түрлі экспериметтер жасау арқылы машықтандырады. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланудың арқасында ауытқулардың ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей топтарға бөліп оқытады.

Бірінші топқа, жалпыға ортақ гипоплазиясы (алалилдер, афазиялар, күрделі кебулер, дисартерия, ринолилдер) бар балаларды қабылдайды. Екінші топқа қалыпты сөйлеуді дамыта отырып, ми тамырларының бұзылулары, қабыну процесстері, бас ми жарақаттары бар балаларды қабылдайды. Ең алдымен сөйлеу дамуындағы олқылықтарды толтыруға бағытталған оқытудың нақты тәсілдері мен әдістерін, пайдалану көзделеді. Балалардың сөйлеу дамуына терең үңіле отырып, арнайы мектеп аясында, ғалымдар мен мамандардың, студенттердің толық негізде оқып-үйренуге жағдай жасалып, емдік-профилактикалық іс-шаралардың жүйелі дамуын жүзеге асырады. Жүйелі түзеу жұмыстардың арқасында, сөйлеу дамуы түрлі бұзылған балалардың көпшілігі арнайы балабақшада немесе жаппай балабақшадан сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы дайындық топтарында білім алады. Бұндай ауруға шалдыққан балалар өз деңгейіне байланысты іріктеліп, 7-8 жыл дайындық сыныбының бірінші тобында оқиды.

Жоғарыда айтылғанға қарағанда қысқа мерзімде сөйлеу кемшілігін жеңіп шыққан балалар белгілі бір білім мен дағдыларға ие болса, жалпы білім беретін мектептің тиісті сыныптарына қабылданады  [3; 48б.].

Әрбір сыныпта 12-ден 14-ке дейінгі оқушы білім алады. Мұндай сыныпты толтыру қабілетінің бірегей сипатына байланысты, сөйлеу кемшіліктерін жеңу және сыныптарды даралау арқылы жүзеге асырылады. Ауызша сөйлеу бұзылулары бар балаларға арналған арнайы мектептерге жіберу республикалық, провинциялық немесе қалалық медициналық-педагогикалық комиссиялар туралы Үлгі ережесіне сәйкес арнайы жүргізіледі. Оның алғашқылары болып, балалармен сөздік жұмыс, олардың белсенді және пассивті резервін кеңейту үшін сөздер мағынасын түсінуге нақтылау, келісілген өрнек салу, сөздерді тұжырымдау және пайдалану мүмкіндігін меңгеруге бағытталған болса [4;146 б.], арнайы балаларға арналған лексикалық жұмыс түрлері: сөздерді іріктеу, сөздермен жұмыс істеу, олардың семантикалық аспектісін бөлу, салыстыру, бағалау қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Осылайша мектеп оқушысында монологтық сөйлеу қалыптасады. Бала сөз жасау үшін тілдік құралдарды таңдап үйренеді. Лексикалық жұмыс мектеп балаларымен өткізілетін әдіс-тәсілдермен, жүргізілетін арнайы жұмыстармен тығыз байланысты. Бір жағынан грамматикалық түзілу мен қалыптастыру, ал екіншіден сөздердің анық айтылуы және оның қатесін жөндеу арқылы да жүзеге асырылады.

Сәйкестендіру саласын дамытуға бағытталған жаттығулар сабақтың құрылымына еніп, білім беру және тәрбиелеу саласында немесе ойындар, әңгімелер және жаттығулар түрінде жүзеге асырылуы тиіс. Танымдық процестер бір-бірімен тығыз байланысты дамитындықтан және күрделі қалыптастыру жүйесі болғандықтан, әрбір жаттығу, анық бір танымдық үдеріске бағытталған, бірмезетте басқа да үдерістерге әсер етеді [5;162 б.].

Сөйлеу ақаулары бар балалардың басым көпшілігі жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Көбінесе, мектеп жасында сөйлеу ақаулары анық көрінбегендіктен, ата-ана тарапынан бақылау болмағандықтан, әлеуметтік жағынан еленбегендіктен мұғалімдерге мұндай балаларды үйретуге қиындық туғызады. Бұл балалар мұғалімдер тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Мүмкіншілігі шектеулі балалар туралы мәліметтерді алудың маңызды көзі болып, олардың іс-әрекет нәтижелерін, психикалық ерекшеліктерін, қоршаған орта туралы көріністерін сипаттайтын жазбаша жұмыстарын, суреттерін, түрлі бұйымдарын талдау болып саналады. Бұл әдіс оқушылардың даралығын, олардың бейімділігі мен қабілеттерін бейнелейді. Аномальді балаларды зерттеудің құнды құралдары болып әлеуметтану және психологиялық әдістер саналады. Олардың ішінде – сауалнама – сауалнама көмегімен материалды жаппай жинақтау әдісі. Тұлғаның өзін-өзі бағалауын және талаптануын зерттеу әдістері, социометрия – топтағы тұлғалар арасындағы қатынасты зерттеу, сонымен қоса математикалық әдістер, зерттелетін сипаттамалардың сандық көрсеткіштерін анықтайды. Түрлі әдістерді кешенді қолдану нәтижелердің сенімділігін көрсетеді.

Осылайша қоғамда жоғарыда айтылған мүмкіншілігі шектеулі балалар толыққанды балалардың санатына қосу үшін, ғалымдар, педагогтар, дәрігерлер, писхологтар тарапынан жүргізілеген жұмыстардың орны ерекше. Бізде келешете өз үлесімізді қоссақ деген үміттеміз.

Қазіргі жаһандану заманында 30 елдің қатарына енеміз десек, ең алдымен осындай балаларды ел қатарына қосып, күнде шарықтап дамып жатқан жаңа ғылыми технологияларды меңгерулеріне мүмкіндік туғызсақ нұр үстіне нұр болар еді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Выготский Л.С. Основы дефектологии. (Учебники для вузов. Специальная литература) -СПб.: Лань, 2003. -654 с. -

2. Бенилова, С. Ю. Логопедия. Системные нарушения речи у детей (этиопатогенез, классификации, коррекция, профилактика) / С.Ю. Бенилова, Л.Р. Давидович. - М.: МОДЭК, НОУ ВПО Московский психолого-социальный университет, 2014. -536 c.

3. Лалаева Р.И., Серебрякова Н.В. Формирование правильной разговорной речи у дошкольников -Ростов н/Дону: Феникс, 2004. -224 с.

4. Стребелева Е.А. Специальная дошкольная педагогика. - М., 2002.

5. Белякова Л. И. Логопедия. Заикание: Учебник для студ. Вузов, обуч. По спец. / Л. И. Белякова, Е. А. Дьякова. -М.: Академия, 2003. -208 с.