ӘОЖ 37.013.43

Бастауыш сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылымы материалдар негізіндеде дамытудың педагогикалык шарттары

 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы. М. Әуезов атындағы ОҚМУ

А.У. Губайдуллин, К.К. Төлегенова, Д.А. Мұсақұлова, Г.Т. Атемова, М.Н. Саухамбаева

 

Резюме

В данной статье раскрыты и научно обоснованы педагогические условия развития компетентности учащихся начальных классов в сфере казахских народных традиций и обычаев на основе народного традиционного материала

 

Summary

In this article are disclosed and scientifically substantiated the pedagogical conditions for the development of the competence of primary school students in the field of folk traditions and customs based on traditional folk material

 

Заман талабына сай қазіргі уақытта білім мекемелерінің алдында түрган басты мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту. Ал, оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз оның дене бітіміжағынан өсіп-жетілуі ғана емес, сондай-ақ баланыц жан-дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен бейімділігі анықталып, ой-өрісі, парасаттылық, көзқарастарының қалыптасуы болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы» қазіргі таңда «бойында ұлттық психология қалыптасқан, ұлттық салт-дәстүрді меңгерген, дені сау, тілі түзу» ұл мен қыз өсіруді мектептердің негізгі міндеті етіп қойып отырды[1]. Сондықтан, бала тәрбиелеуде негізгі тірек - халықтық педагогиканың бай мұрасы, оның басты белгі халықтың ұлттык рухтың болуы мектептің тіршілік тынысы мен тәрбие жұмысының барлык саласынан айқын көрініс табуда.

Салт ұғымының мәні дәстүр ұғымына ұқсас, бірақ салттың дәстүрге қарағанда қамту аумағы кішірек. Салт көбінесе адамдардың тұрмысымен өндірістік емес өмір сферасында, тілде кең тараған[2].

Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Сондықтан балалардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлтык-мәдениетті тұлға болып қалыптасу үрдісінде қазақ салт-дәстүр негізінде тәлім-тәрбие мен ұлттық әдет-ғұрыптар асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.

Ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуал деңгейі биік, дүниетаным деңгейі жоғары қалыптасқан азамат тәрбиелеуде бастапқы буын сыныптағы білім мен тәрбиенің маңызы зор.

Халықтық салт-дәстүр негізінде тәрбие мен білім беру - көп сатылы үрдіс. Біріншіден, өскелен ұрпақтың қоғамға әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми-педагогикалық жүйесіне негізделеді.  Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік,  ізеттілік дүниетанымын тәрбиелейді.


Шарт - белгілі бір обьектінің қызмет етуінің негізі болып табылады және кез-келген ғылым аясында шарттар объективті және субъективті, қажетті және жеткілікті болатындығын ескере отырып, біз бастауыш сынып оқушылардың салт-дәстүр туралы білімдерін педагогикалық аясында дамыту шарттарын былайша жіктедік:

1.Халық тағылымдар материалдарын талдау принциптері;

2.Халық тағылымдар материалдарын бір ізбен жүйелеу;

3.Оқушылардың қазақ салт-дәстүр туралы білімдерін халық тагылымы негізінде дамыту педагогикалық моделі;

4.Оқушылардың салт-дәстүр туралы білімдерін халықтық тағылымы арқылы арнайы таңдау курсында, сыныптан тыс тәрбие жүмыстарында дамыту әдістері мен тәсілдері;

5.Оқушылардың салт-дәстүр туралы білімдерін дамыту үрдісінде мектептік (сыныптан тыс, мектептен тыс) іс-шара ұйымдастыру.

Зерттеу контекстімізде қазақ халық тағылымы негізінде балаларға арналған білім мен тәрбие мақсаты - бастауыш сынып окушыларда салт-дәстүрге деген қызығушылығын, ұлттық мәдениетті қүрметтеу көзқарасын, ұлтқа, елге деген парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру мәселесін көрсетеміз.

Бүгінгі таңда болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен әлемдік рухани құндылықтардан нәр алуымен ұштастырып жүргізуді талап етеді.

Заман талабына сай казіргі уакытта білім мекемелерінің алдында тұрған басты мақсат - бастауыш сынып оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту. Ал, оларды ұлттық, мәдени жағынан дамыту - оның дене бітімі жағынан өсіп-жетілуі емес, баланың жан-дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен бейімділігі анықталып, ой-өрісі, парасаттылық, көзқарастарының қалыптасуы болып саналады[3].

Наурыз, Ораза айт, Қүрбан айт сияқты ұлттық мерекелер мектепте қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, адам және қоғам, география, өзін-өзі тану пәндері апталықтарында халық тағылымдарын пайдалану оқушыларға халықтың рухани мәдениетінен мол мағлұмат береді.

Өткен сабақтарда оқушылар өздерін іс-әрекет үстінде еркін сезініп, өзіндік ой-пайымдаулар жасауға дағдыланады. Оқушының ойлау жүйесі реттеліп, іс-әрекетінің нәтижесін көруге деген ұмтылыстары қалыптасады. Оқушылардың рухани жан-дүниесі молайып, өзін, өзгені құрметтеуге, санаса білуге деген саналы көзқарастары байқалады.

Салт-дәстүр туралы ұғымдарын қазақ халық тағылымдар негізінде дамытуға әсер ететін оқу пәндері мазмүнына сай, тиімді қолдана білген жағдайда ғана оқушылар жалпы салт, дәстүр, ұлттық салт-дәстүр, әлемдік салт-дәстүр туралы жалпы-қарапайым деңгейде (балалардың жасына сай) білімдер негізін отбасымен қызыға отырып меңгергендігі анықталады.

 

Әдебиеттер

 

1.       Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы

2.       Қалиев С, Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика: Оқулық. -Астана: Фолиант, 2007.-Б. 63.

3.       Байсарина С.С. Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары. //п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. Авторефераты. -Түркістан, 2007