ӘОЖ 37.091.3:78

Музыкалық-педагогикалық ізденістердің теориялық негіздері

 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

О.Т. Дүйсенбаев, Б.Б. Мейірбеков, А.У. Губайдуллин

 

Резюме

В данной статье рассматриваются проблемы учебно-методического обеспечения в педагогических исследованиях теории и методики музыкального образования

Summary

In this article is considered in problems of an educational-methodological support in pedagogical researches of the theory and technique of musical educated

 

Жалпы білім беретін орта жоғары оқу орындарда музыкалық педагогика саласы бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады.  Негізінде тек музыкалық білім беретін оқытушының ғылыми ізденістерді қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана жарық көреді. Бірақ та  жаңа заман талабына сай  істелген  бұл жұмыстар  саны болашақ  музыка  мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі ғылыми ізденістің нәтижесі - оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары жоғарғы оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын  музыка пәні мұғалімдерде ғана кездеседі. Ал болашақ музыка мамандарына музыка пәні  оқытушыларына әдістемелік көмек өте қажет.[1]  Оларға жаңа, ауқымды музыкалық-педагогикалық ізденістің теориялық негізделген әдіснамалығы керек  болып отырғандықтан, үш дәрежені ұсынуға болады:

1. Ізденістің жалпы білім беру барысында жүйе құрып, оқушылар музыкалық өнерді біртұтас қабылдап, меңгеруіне педагогикалық әдістемелік шарттарды анықтау;  

2. Музыкалық білімінің өмірмен байланысы арқылы ғылыми тану теориясын таңдау;

3. Оқу-әдістемелік ұсыныстарда теорияны қолдану және эмпирикалық деңгейінде жүзеге асыру.

Эмпирикалық себептердің анықталуы, жинақтауы, ізденіс мәселелерінің ақпараттар нәтижесіне және нәтижесі - теориялық деңгейде әдіснамалық талдау сапалы нәтижеге жетеді. Музыка сабағын қарастырсақ: өнерге ғана ерекшеліктерді байқап табуға болады, - бейнелеушілік, эмоционалдығы, жарқын эстетикалық бейнелеушіліктің бағыты және де дидактикаға ғана жататын: педагогикалық мақсатты нақты шешу, педагогикалық логикасы және жалпы педагогиканың заңдылықтарын бұзбау, әдістемеліктің жүйелілігі.

Музыкалық білім беретін оқытушының жұмысында ғылыми-педагогикалық ізденістерде бір қатар негізгі әдістерін анықтауға болады: ой-пікір, модельдеу және құрылыс-жүйелі үйлесуі, эмпирикалық, педагогикалық байқау, салыстыру, сұрау әдістері.

Бірінші әдіс - ой-пікір диалектикасы мен синтезі әдіснамалық пікірдің сипаттамасы бола алады, оған қоса теориялық әдісі жатады - музыкалық-педагогикалық болмысы мен процесті зерттеуі.

Екінші әдіс - моделдеу негіздері жұйесін талап етеді, оның жан-жақтылығын, байланысын, функцияларын, музыкалық-педагогикалық процес қызметінің жағдайын.

Келесі үлгі ретінде әдіс болмысы оқушылардың музыкалық мәдениетінің дамуы диагностика арқылы. Бұл модельде конструктивті - техникалық функциясы оның музыкалық - педагогикалық формасы да байқалады.[2]

Үшінші әдіс – құрылыс-жүйелі үйлесуі, оның шешімі философия, жалпы ғылыми және жеке ғылыми жүрісінің біртұтастылық негізінде. Осы теориялық әдіс жүйелі сипаттамасы арқылы ізденіс объектісінің біртұтастылығы, мәселенің маңыздылығын түсіну, алатын нәтиженің дәлелдеуі мен объектівтілігі.

Музыкалық - педагогикалық мәселері құрамына кіретін теориялық әдісті қысқаша қорыта келе, кейінгі жылдары философиядан, басқадай ғылым мен өнер саласынан алынған коптеген әдіс, шешімдер пайда болды.

Сонымен, музыкалық-педагогикалық мәселелерінің әдіснамалық пікірінің сипаттамасына маңызды қосымша жасауға болады: әдіснамалық пікір деген – педагог - музыканттың қызметі, өзінің ғылымында әдіснамалық білімінің ұштастығы және де шектестік философиялық, ғылымилық, көркемдік -  өзіндік - шығармашылық кезеңде (ізденіс принциптері мен әдістері) музыкалық-педагогикалық кәсібилік негізінде қаралады, оның шешімі, ғылыми тұрғыдағы дәйектеме біртұтастылығы. 

Төртінші әдіс - музыкалық - педагогикалық ізденісте эмпирикалық әдіс - тәжірибе, практика негізнде, соған сүйену деген мағына, әдіснамалық пікірдің маңызды болмыстың мазмұны негізі бола алады.

Эмпирикалық тану – тәжірибе жолындағы танушылық. Эмпирикалық танудың ізденіс пәні ретінде музыкалық білім беру практикасының өзі және әрекетінің нәтижесі.

Эмпирикалық деңгейдің ізденіс нәтижесі тәжірибенің қалыптасуы, музыкалық-педагогикалық ізденістің ережесі, нормасы, фактілерді қадағалау, оның пікірі мен жүйелілігі.

Сондықтан факт, болмыс, процесс – ізденістің мазмұнды базасы, мәселенің негізін теориялық деңгейде шешу болып табылады. Музыкалық-педагогикалық ізденістің эмпирикалық әдістеріне жатады: педагогикалық байқау, әңгіме; салыстыру, педагогикалық сұрақ, музыкалық-педагогикалық тәжірибені меңгеру т.с.с.

Бесінші әдіс - педагогикалық байқау «табиғи жағдайда» (жоғары оқу орындарда - сабақта,  ЖОО - дәрісте, семинар сабақтарда және т.б.), не арнайы ұйымдастырылған жағдайда (музыкалық сабақ процесін белгілеу, музыкалық білім беру формалары мен әдістері, оқушылардың,  болашақ педагог – музыканттың музыкалық дамуының қалыптасуы, олардың байланысы және т.б.) жүргізіледі.[3]

Педагогикалық байқау өңкей не таңдаулы болады. Таңдаулы «қысаң» сұрақтарды зерттеу кезінде байқалады. Нәтиже арнайы күнделікте жазылып, «қысаң» фактілерді тіркеу кезінде.

Педагогикалық байқауды жүргізу барысында қайшылық анықталады, гипотезаны құру және оны дәлелдеу, келесідегі алмасуын, нақтыдан жалпыға керекті материалдарды береді және түрлі теориялық әдістерді қолдайды.

Балалармен, олардың мұғалімдерімен және ата-аналармен әнгімелесу – ізденушінің музыкалық-педагогикалық болмысы мен процестің негізіне кіру, сабақтың үстінде әнгіме арқылы дәлелдеуі кезіндегі фактілерді нақтылау. Әнгімені мақсатына байланысты құрастыру.

Музыкалық-педагогикалық әдісінің бірі – салыстыру: музыкалық-педагогикалық болмысты бір белгі арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын табу; музыкалық-педагогикалық болмысты бірнеше белгі арқылы салыстыру; музыкалық-педагогикалық болмыс дамуының түрлі кезеңдерде салыстыру.

Музыкалық-педагогикалық ізденісте үш объект салыстыруы көрінеді: бір белгі арқылы музыкалық-педагогикалық салыстыру көрінісі; бірнеше белгі арқылы біркелкі музыкалық-педагогикалық салыстыру; бір музыкалық-педагогикалық болмыстың түрлі кезеңдердегі дамуын салыстыру.

Салыстыру тәжірибе, эксперимент процесінің нәтижесінің объективтігін көрсететін қажетті әдіс. 

Сұрау -  музыкалық-педагогикалық әдіс ізденіс ретінде екі формада болады: жазбаша (сұрыптама) және ауызша. Музыкаға, музыка сабақтарына оқушылардың қатынасын, музыкалық-шығармашылық тәжірибесін табуы, музыкалық білімінің деңгейі, музыкалық дағдылары мен икемділіктерінің қалыптасуы, музыкалық қажеттілігі және басқадайды анықтап, сұрақтар мазмұны арқылы объективтілік деңгейін білеміз.[4] 

Музыкалық-педагогикалық ізденісте эмпирикалық әдістің бірі музыкалық-педагогикалық тәжірибені зерттеу. Бұл тәжірибені жаңашылдық, нәтижелілік, тұрақтылық деп ұғамыз. Ол, өз ісінің атақты шеберлері, әдіскерлері, ғалымдары туралы зерттеуі және де оның негізі тәжірибе. Зерттелген тәжірибе студентке қызықты да жаңа, оны насихаттау барысында зейінінің лайықтығы.

Сондықтан, жоғарыда аталған, басқадай эмпирикалық әдістер музыкалық-педагогикалық мәселелердің әдіснамалық пікірдің мазмұнды негізі деп білеміз.

 

Әдебиеттер

 

1.          Искусство. Музыкознание, музыкальнгая психология и музыкальная педагогика: Хрестоматия (Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников. – Вып. 1. Ч.2. – М., 1991

2.          Музыкальное образование в школе: Учебное пособие / Под ред. Л.В.Школяр. – М., 2001

3.          Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия / Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников – Вып. 1. – Ч.1. – М., 1991

4.          Целковников Б.М. Мировозрение педагога-музыканта: В поисках смысла. Исследование. – М., 1999