Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
Университеті
«Психология және педагогикалық
коррекция»
кафедрасының аға оқытушысы,
магистрі Матаева Б.Ү.
«Химия» мамандығының 2 курс студентіРысбекова Перизат
Оқушылардың мамандық таңдауға
даярлаудың психологиялық негіздері
Адамның
өзін-өзі тәрбиелеуі, жар таңдап, отау құру,
сөйтіп жұрт қатарына енуімен өзектесіп жататын
мәселенің бірі – мамандық таңдау. Соңғы
кезекті жүргізілген зерттеулер (анкета, сұхбат, т.б)
жастардың мамандық таңдай білуге байланысты ой – пікірлері
мен тебіреніс – толғаныстарында бұл мәселенің
қоғамдық- әлеуметтік жағынан гөрі жеке бас
мүддесіне көбірек қатыстылығы байқалып жүр.
Әрине, бұл қазіргі нарық экономикасына көшу
кезіндегі өтпелі кезең тудырған жәйт болса керек. Жеке
мүдде қазіргі кезде ел – жұрт психологиясына елеулі
әсер етіп тұрған фактор екендігі белгілі. Заман талабы
жастардың тек мал шаруашылығы, өндіріс, құрылыс
маманы ғана болмай, сауда, алыс – беріс, бизнес ісіне де көптеп
мамандануын қажет етіп отыр.
Үлкен
өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның
алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты
біреуін таңдау міндеті тұрады. Әр адамның бірнеше
кәсіппен айналысуға қабілеті болғанымен, соның
біреуіне ынтасы ерекше ауады, өйткені, әр кәсіпке
қажетті қабілеттілік деңгейі түрлі дәрежеде
болады. Мәселен, ұшқыштық қабілет тек ұщу
немесе оған жаттығу кезінде емес, спорт ойындары кезінде,
математикалық қабілет шахмат ойыны үстінде қалыптаса
бастауы мүмкін. Мамандықтың белгілі бір түріне
бағыт-бағдар беру – кәсіптік бейімделу мәселесіне келіп
тіреледі. Мәселен, өндіріске жаңадан келгендерге
тәжірибелі жұмыскерлер алғашқы кезде көбірек
көңіл бөліп, олардың әрқайсысына қамқорлық
көрсетіп, жұмыстағы кемшілік – олқылықтарын
түзеп, қабілеттерін сүйеп, демеп отырады. Бұл
жәйт жас адамның өмір жолын дұрыс таңдай алуына,
өз мүмкіндігіне сенімін нығайтып, бекіте түседі.
Кәсіпке бейімделу элементтері мектептегі оқу – тәрбие
процесінде де жүргізілсе құба – құп.
Мәселен, сабақ үстінде, әр түрлі үйірме
жұмыстары кезінде шәкірттерді практикалық мәні бар
қызметпен жәй таныстырып қоймай, оларды бұл іске
тікелей араластырған абзал. Мамандық таңдауға ерекше
көңіл бөлетін әрбір жас өскін мектепте оқып
жүрген кездерінің өзінде – ақ, бұл жөнінде
жазылған әдебиеттермен танысып отыруды ойластырады. Бұл жерде
оған мамандық таңдау жайлы жазылған психологиялық
кітаптар көп көмек көрсетеді. Мұндай басылымдарда –
жастарды кәсіптік бағдар, оларды жеке икемділіктеріне қарай
іріктеу, тиісті кеңестер беру, әртүрлі мамандықтарды
психологиялық жағынан сипаттау, бұлардың
профессиограммасын жасау, әр жастағы адамдардың
еңбектің түр – түріне қабілеттіктерін ажырату,
еңбек экспертизасының мәселелері қарастырылады.
Мамандық
таңдауда қазақ жастары Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі
және өнер таңдау» (1926) атты еңбегінен де жақсы
ақыл – кеңестер алуына болады. Автор мамандықтың жаманы
жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет,
бұл жәй күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы
емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді. «Кімде – кім
өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен
қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда
келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ... әр
өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек.
Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі,
пайдалы болуын тілейді: неғұрлым әр мүшесінің
еңбегі жемісті болса, соғұрлым әлеумет тұрмысы да
тез оңалмақ».
Жалпы білім
беру мектептерінің
тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс –
әрекет түріне баулу және әр баланың
психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін
анықтауға мүмкіндік беру қажет екені
анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте
әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық
қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік
психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын
мәнінде бұл қызмет көпқырлы және
көпсырлы болуға тиісті.
Оқушыларды
алдын – ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын зерттеу
үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық
әдістемелер жасалған. Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың
темпераментті өлшеу тестері, Бине – Симон жасаған
интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы,
Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық,
математикалық және техникалық субтестілері, Филипстің баланың
мазасыздану деңгейін анықтау тесті, коммикациялық және
ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол
сияқты көптеген әдістемелер. Олалдың нәтижесін
кәсіби бағдарлауда қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес, т.б.
анықтаған.
Бұл
жұмыстың мазмұны жеке адамның психофизиологиялық
қасиеттерін жан – жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша
мағлұмат алудан тұрады:
-
мінез-құлқының жеке – даралық ерекшеліктерін
анықтау;
-
жүйке қызметінің жеке – даралық ерекшеліктерін
анықтау;
-
қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби
ниеттері туралы мағлұматтар алу;
-
құндылық бағдарлануы;
-
білімі, іскерлігі және дағдылары.
Кәсіби бағдарлауды жүргізуге негіз
болатын идеялар жастарға білім беру тұжырымдамасында
анықталады. Мектеп тұжырымдамасында кәсіби
бағдарлау идеясы әр адамға
мамандықты дұрыс таңдауға қажетті
қабілеттері мен қызығушылығын анықтауды
ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема
оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау
жұмысын жүргізудің даралық ұстанымы жатады.
Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және
кәсіби жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру
жұмысын жүргізу негізінде оларға бағдар беру
программасы анықталады.
Кәсіби
бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда
құндылықтардың қалыптасуына үлкен
әсерін тигізетін нәрсе — мотивтер екенін ескеру қажет.
Мамандықтарды таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге
болады:
- жалпы
мотивировка;
-
мамандықтың романтикасы;
-
танымдық сипатындағы мотивтер;
-
қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві;
- беделге,
үлгіге сүйену;
-
мотивацияланбаған таңдау.
Барлық
мотивтері сипаты бойынша төрт топқа бөлеміз: а) нақты
еңбекке бағытталған, мақсаты анықталған,
дәлелге негізделген мотивтер; б) нақты емес, жеткіліксіз
себептестірілген мотивациялар; в) сенімсіз, негізсіз мотивациялар; г)
ешқандай негізі жоқ мотивациялар.
Өзінің
қажеттілігін қанағаттандыруға
ұмтыла отырып, адам өз алдына нақты бір мақсат
қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен
жүрмейді, ол адамның бағыттылығымен тығыз
байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің
бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді,
қызығушылықтарды қанағаттандыру, мақсатын
жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз, сәйкесінеше
жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір
жағдайда адам объект, құбылыс немесе іс-әрекет
түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке адамның
қажеттілігін өтейді.
Мамандық
таңдау мотивтерін анықтауға арналған көптеген
әдістемелер бар. Оларды қолданып зерттеу жүргізу
нәтижесінде балалардың мектеп бітіру шағында
мотивациялық сферасы өте нашар көрініс беретіндігі
анықталған. Бұл жағдай мектеп түлектерінің
қалаулары анықталмастан, болашақ өмір жолын анықтауға
өздері үлес қосуға шамасы келмейтіндігін көрсетіп
отыр.
Жеке
адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара
тығыз байланыста болады. Осы байланыстылықты былайша
көрсетуге болады: қажеттіліктер - қызығушылықтар
- объективті құндылықтар — мотивтер - мақсат —
таңдау.
Сапалы білім
беру – қай кезде де болмасын қоғамның басты
құндылықтарының бірінен саналады. Ал бүгінгі
қоғамның әлеуметтік және ғылыми –
техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда
адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім
деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның
шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби
бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Психология негіздері /
Б.Жарықбаев. – өңд.толық.6-шы бас.-Алматы: Эверо,2005. -
464б.
2. Жалпы психология
/ Алдамұратов Ә. - Алматы, 1996.
3.
Балабақшада
психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру/ Бектенгалиева
С.Х., Дцгарова Н.Қ. - Алматы,
2003.
4.
Жантанунегіздері/ Бап-Баба С. -
Алматы, 1998.