Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
Университеті
«Психология және педагогикалық
коррекция»
кафедрасының аға оқытушысы,
магистрі Матаева Б.Ү.
«Химия» мамандығының 2 курс студентіРысбекова Перизат
Жасөспірімдердің агрессивті мінез
құлқын
алдын алу және оларға көмек
көрсету
Агрессивтілік
мінез-құлық адам өмірінде маңызды рөл
атқарады. Ол барлық адамдарға тән: балаларға
және олардың ата-аналарына, өмірді жаңа бастаған
жасөспірім қыздар мен ұлдарға, ересек, орта жіне
кәрі жастағы адамдарға, әртүрлі мамандық
иелері мен әртүрлі жағдайдағы
мінез-құлыққа байланысты агрессия туындап отырады.
Психологиялық-педагогикалық
мiндеттердiң бiрi жеткiншектердiң психикалық дамуындағы
өзгерiстердiң себептерiн тауып қана қоймай,
оны түзету мен алдын алу
жұмыстарын жүргiзу де өте
маңызды. Сондықтан да бұл
жеткіншектерді анықтау мақсатында тек агрессивтіліктің
деңгейін анықтап қана қоймай, сонымен бірге
агрессивті мінез-құлықтың
алдын алу және түзету
жұмыстарын жүйелі түрде
жүргізген жөн.
Бала агрессивтілігінің
алдын алу - бұл балалар мінез - құлығындағы
агрессияны туындататын негізгі себептер мен жағдайларды
жоюға бағытталған мемлекеттік,
қоғамдық, әлеуметтік-дәрігерлік және
ұйымдастырушылық - тәрбиелік іс-шаралардың
әсер ету үдерісі.
Психолог А.А. Реан
"агрессия" және "агрессиялылық" деген екі
ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек
мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде
адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп, тура
бағышталған қиянат.
Агрессиялылық – бұл
жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық,
агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе,
мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл
әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке
дайындық.
Адамдағы агрессия мәселесі
қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды
мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан
террор жәбірлеудің өсуі сияқты
әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты
белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің
негізгі объектісі болып отыр.
Агрессия құбылысы
сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық
қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі
көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса, басқаларда
шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен
конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы
конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке
әкеледі.
Агрессивтіліктің көріну
ауыртпашылығы бірқатар параметрлермен анықталады
(П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі;
агрессия туындайтын ситуацияның адекватты емес дәрежесі;
агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі.
Агрессия жеңіл ситуацияда вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық
аиуто және гетеро агрессия түрінде көрінеді.
Жеткіншектік ортада
агрессивтілік тенденцияларының өсуі біздің
қоғамымыздың əлеуметтік
мəселелерінің ең бастыларының
бірі. Соңғы жылдары жастар арасында
қылмыстар жасау көбеюде, соның
ішінде жеткіншектердің қылмыс жасауы ерекше назарда.
Қатігездік мінездегі топтық төбелестер болатын
жағдайлар жиілеп кетті. Бұл бірнеше
жағымсыз факторлардың жиынтығынан тұрады:
-Балалардың əлеуметтік
өмір жағдайларының төмендеуі;
-Отбасылық тəрбие
дағдарысы;
-Паталогиялық
босанулардың нəтижесінде баланың бас
миына зақым келгендіктен;
-Мектептегі балалардың
жүйкелік-психикалық жағдайларына назар
аудармауынан;
Агрессивті балалар - ең аз
басқарылатын жəне терапияға нашар берілетін балалар
контингенті. Агрессивтіліктің көрінуі көбінесе психикалық
ауруларға шалдыққанда білінеді. Агрессивтілік
ғылымда кездесетін ең бір
өзекті де қиын мəселелердің
бірі. Бұл жағдайды түсіндіруде
ғалымдар көптеген көзқарастарға
сүйенеді. Психология ғылымының дамуында
адамдар агрессивтілігі түсінігі
маңыздыөзгерістергеұшырапотырды.
Адамның тұлға
болып қалыптасуы қоғам дамуының кез келген
кезеңіндегі өзекті мәселе. Оның үйлесімді
дамуының қажетті шарты адамгершілік сана, сезім және мінез –
құлық жиынтығын көрсететін рухани – адамгершілік
тәрбие болып табылады.
Агрессивті мінез –
құлық – қоғамдағы қалыптасқан
нормалар мен ережелерге қарсы, басқаға кедергі келтіру
мақсатына бағытталған деструктивті мінез –
құлық. Агрессия – бұл адамның физикалық
және сөздік (вербалды) формадағы арнайы әрекеті.
Агресивтілік – адамның тұрақты қасиеті ретінде
агрессивті мінез – құлыққа дайындығы.
Агрессияның табиғатын
зерттеудің қазіргі заманғы теорияларында агрессивті мінез –
құлық детерминанты ретінде қатысатын адамның
тұлғалық ерекшеліктеріне баса назар аударылады. Бұл
агрессиялық мінез – құлық құбылысын
зерттеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады және ол туралы
білімді кеңейтеді, мұнда тұлғаның жеке дара
және психологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады
(Массен П., Конджер Дж., Каган Дж., Хьюстон А.)
Сондықтан
әдебиеттерді талдау психология ғылымында агрессия детерминанты
және агрессивті мінез – құлық формасын бақылау
мәселесін екі тұрғыдан қарастырады деп
тұжырымдауға мүмкіндік берді. Бір жағынан, агрессия
сыртқы факторлар арқылы анықталса, екіншіден, ол
әлеуметтену үрдісінде қалыптасады және
тұлғаның ішкі қасиеттерімен негізделеді.
Мінез –
құлықтың агрессивті формасын көрсететін
сыртқы факторларға орта және жағдаяттар жатады, ал ішкі
факторларына танымдық, эмоционалдық және мінез-
құлықтық (өзін-өзі реттейтін) аспектілерді
енгізетін өзара байланысты, өзара дәлелденген тұлғалық
және жеке – психологиялық ерекшеліктер жатады. Олардың
жиынтығы агрессивті мінез – құлықтың компонентті
құрамы мен оны ұстап тұратын механизмдерден тұрады.
Әлеуметтену үрдісінде
агрессивті мінез – құлықтың құрылымында
өзгерістер болады. Жасына қарай жеткіншектер агрессияның
физикалық формасынан жанама, сөздік және негативті формасына
өте отырып, әлеуметтенудің тәсілдерін көрсетуді
үйренеді. Бұл интериоризация механизмінің мүмкін
құралы болып, өскен сайын өзінің мінез –
құлқын басқару тәсілін де меңгереді.
Жеткіншектегі агрессиялық
және агрессиялық емес мінез – құлық моделі
әлеуметтену үдерісінің тікелей көрінісі болады. Мінез –
құлықтың ауытқушылығы немесе әлеуметтік
дезадаптация әлеуметтік мақұлдамаушы мінез –
құлық формасының туындауынан көрінеді.
Сондықтан агрессияның
пайда болуы мен көрінуінің сезімтал кезеңі жеткіншектік
кезең болып табылады. Ол бірқатар себептермен дәлелденеді.
Біріншіден, бұл жаста осы мінез – құлық формасының
пайда болуына ықпал ететін тұлғаның тұрақты
қасиеті қалыптасқан және жеткілікті болады. Екіншіден,
жеткіншектік кезеңге эмоционалды сезімталдық пен
қызбалық тән, ол импулсивті әрекеттің,
соның ішінде агрессивті әрекеттің сипатын көрсетуге
себепші болады. Үшіншіден, осы жастық кезең сыртқы
детерминация түріндегі агрессивті мінез – құлық моделі
ретінде құрдастары арасында белсенділіктің табысты формасы
әрі жоғары маңызға ие болады. Бұл факторлар
жиынтығы жеткіншектер арасында агрессивті мінез – құлықтың
пайда болуына және оны қолдауға ықпал етеді.
Қазіргі таңда білім
беру мекемелерінде, соның ішінде мектептерде жеткіншек жастағы
оқушылардың мінез құлқындағы агрессивті
беталысты анықтау, түзету жұмыстары жүргізілуде.
Мұнда мектеп психологының атқаратын қызметі
жоғары. Сонымен қатар сынып жетекші және ата ананың
бірлескен жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл
балалардың ата аналарымен сөйлестім және оларға
қоғамдық жұмыстар тапсырдым. «Мен қандаймын»
деген психологиялық тест алдым, психологиялық тренингтерге
қатыстырдым. Мектепте өткізілген қоғамдық
жұмыстарға , спорттық сайыстарға қатыстырдым,
жауапкершілікті сезіне бастады. Қазір бұл оқушылар
бұрынғыдай емес, ортаға үйреністі, тәртіптері де,
мінез құлқыда жақсарып келеді.
Психолог маман
мұғалімдер мен ата-аналарға агрессияның не екендігін,
оның көрініс беру факторларын, агрессивті баланың
қандай күйде болатындығын жете түсіндіруі қажет.
Жеткіншектің агрессивті мінез-құлқының
жоғары деңгейін байқаған сәттен мектеп психологі,
сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және ата-аналар осы
бағытта бірігіп тығыз жұмыс жасауы қажет.
Оқушылардың агрессивтілігінің
алдын алуын қамтамасыз ету мақсатында
мектеп басшылығы пән
мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің,
әлеуметтік педагогтар мен психологтардың
агрессивті және «тәуекел топтардағы»
балаларды ертерек анықтау бойынша
тығыз өзара әрекеттестігін
қамтамасыз етуі керек. Өкінішке орай,
көп жағдайда психологиялық
жұмыстар оқушылар мен пән
мұғалімдерімен шектеліп жатады. Ал ата-аналар жұмыс
бастылыққа мойын болған осынау нарық
заманында мектепке сирек бас сұғатын
болғандықтан, психологиялық кеңестер
мен көмектерден қалыс қалып
жатады. Сондықтан да мектептегі
психологиялық
көмекті тек кана оқушылармен, пән
мұғалімдерімен шектемей , ата-аналарға
берілетін кеңесті күшейту керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Жолмаханов Б. “Қиын”оқушыны тәрбиелеу // Бала
тәрбиесі № 5 , 2005, 40-бет.
2. Аязбекова Г. “ Қиын ”баланы тәрбиелеу жолдары // Білімдегі
жаңалықтар №1, 2005, 30-бет.
3.Сұлтанбекова А., Малдыбаева А. Агрессивті
мінез-құлық //Қазақстан мектебі 2005 №5-6
мамыр-маусым , 27 бет.