Педагогические науки/3.Методические основы
воспитательного
процесса
Еркебаев Д.Қ. Куненова П.С.
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Республикасы
Мәдениет — бір тұтас
құбылыс.
Елбасымыз
«Қай халықтың болмасын өзге жұртқа
ұқсамайтын бөлек табиғи болмысын даралап, өзіндік
тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениет. Мәдениет –
ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты.
Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын
ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік
мәдениеттің алтын қорына қосқан
үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек
өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы
ғана басқаға танылады…» деген сөзі, сөзі
Қазақстан мемлекетінің қашан да ұлттар
арасындағы татулық, тең
құқықтық, толеранттықты көздей отырып
ұлттық рухтың күшеюін қолдайтындығын
айғақтайды.
Өткен
уақыт мәдениеті – халықтық мұра, ол адамның
өзі, оның өткен жолы, болашағының сатысы. Ендеше
бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана
дәрежесі негізінде қоғамның осы заманғы
қалпына сәйкес бағалау жан-жақты ойлауды қажет
етеді.
Мәдениет
философиялық, психологиялық, педагогикалық
ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық
мәнді ұғымдарынан тұрады. Сондықтан да
мәдениет ұғымы қоғам өмірінің
түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Әрбір тарихи
дәуірдің өзіндік мәдениеті болатыны сияқты
халықтың өзіне ғана тән мәдени
дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп
түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске
шығарады деген қорытынды жасауға болмайды. «Мәдениет
туралы» ҚР Заңы еліміздегі мәдениетті жасау, қайта
түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді
және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік
және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Заңындағы
6-тарауынның 32-бабында мәдени құндылықтар жайлы
айтылған:
1. Көне
және бiрегей музыкалық аспаптар;
2. Дыбыс, фото,
бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда,
мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар,
сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;
3.Тарихи-мәдени маңызы бар
өнер туындылары;
4. Этнографиялық,
антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық
материалдар;
5. Айрықша тарихи және
мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз
жылдан асқан көне заттар;
Қазақстан
Республикасы халқының өмiрiндегi тарихи
оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен,
ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнектi ғылым,
мемлекет, мәдениет қайраткерлерiнiң өмiрiмен байланысты
объектiлер жатады.
Тарихсыз, мәдениетсіз,
дәстүрсіз ел болмайды. Мәдениет — бір тұтас
құбылыс. Мәдениетті екі тұрғыда
қолдануға болады:
– мәдениет
қоғамның, оның әрбір саласының
сапалық сипаттамасы ретінде;
– мәдениет жүйе
ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін
бөліктер, элементтер, олардың арасындағы
байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салалары
ретінде. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени
құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жалпы
мәдениеттің құрылымын екі үлкен бөлік
ретінде қарастыруға болады:
– материалдық
мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту,
қайта құру процесімен байланысты;
– рухани мәдениет.
Бұл адамның рухани дүниесін және оның
әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің
мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз
байланысты.
Халықта
бар тарих пен мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу
– ел парызы. Азаматтардың ұлттық-мәдени шараларға
қатысуы, шетелдердегi отандастармен мәдени байланыстарды
кеңейтуі, ұлттық және мәдени өзiндiк
ерекшелiгiн қорғау мен дамытуы қамтамасыз етіледі.
Өткенді зерделемей,
мықты мемлекет бола алмаймыз. «Халық тарих толқынында»
бағдарламасының негізгі мақсаты – тәуелсіз
мемлекеттің қазіргі заман тарихын зерделеу. Халықтың
тарихи дүниетанымын ұлттық тарихымыз арқылы
кемелдендіру, әрі әлемдік тарихнамадағы сан
ғасырлық қазақ тарихының көкжиегін
кеңейтудің аса маңыздылығы – мемлекетіміздің
алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі.
Ұлт тарихы – ұлт
мүддесі. Ендеше Елбасы ұсынып отырған – «Тарих
толқынындағы халық» бағдарламасы халық санасын
жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей
дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік
бәсекесіне төтеп беретін өзіндік даму зердесі деңгейін
қалыптастыру арманынан туындайды.
Уақыт талабы – заманауи тарихи
сананы жаңғыртуға қалың көпшіліктен бастап
ғалымдарға дейінгі жұртшылық атсалысуы қажет
екендігін ескертуде. Сондықтан да бұл өмірлік мәні бар
тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен
қазақстандық менің болашағым үшін
қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады.
Қазақстан туралы біздегі және
шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға,
жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу –
Қазақстанның әрбір азаматының парызы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Жамбыл – Тараз «Мәңгілік ел – дамудың жаңа сатысы»
- №43. 25қазан 2017ж 3 бет.
2. Арай жастар газеті «Мәңгілік ел – мәңгілік
мұрат», -№42. 26 қазан 2017ж 3 бет.
3. Қ. Мұхамеджан «Өнер жайлы ойлар» алматы «Атамұра»,
1998ж.268-269
4.
М.Әлімбаев
«Өмір. Өнар.Өнерпаз.Алматы
«Өнер» 1990.178-186б