Педагогические науки/3.Методические основы
воспитательного процесса
Молдазимова А.Е., Еркебаев Д.
М.Х.
Дулaти aтындaғы Тaрaз мемлекеттік университеті, Қaзaқстaн.
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"
Елбасының
бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты
рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте
кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани
жаңғыру бағдарламасы деуге
болады. Елбасы ғылым, білім,
мәдениет пен тарихты тұтастай
қамтитын ұлттық рухани жаңғыру
бағдарламасын халық назарына ұсынып
отыр. Мемлекет басшысы ХХІ
ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа
қазақтың феноменін анықтап беріп отыр.
Елбасының мақсаты –
ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің
бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық
ойға, іске сілкініс
әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен
ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту.
Мемлекет басшысы
қазақтың ежелгі
«дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»
қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен
қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі
– ұлттық код, ұлттық мәдениет
сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін
ұлттың дамуына кедергі
болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы
нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті
сақтай отырып, заман
ағымына қарай оның сипаттарын
өзгерту, «білім культін»
қалыптастыру, мемлекет пен
қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни
әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге
құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени
қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын
бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана
еңсере алады. Осы тұрғыда
Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы
түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік
Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы
жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік,
ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын
отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі
болмақ.Сондай-ақ,«Қазақстанның
киелі жерлерінің географиясы» жобасы
жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі
жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік
инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру
Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы
дүние жүзіне танытатын көптеген
таланттарға жол ашады.«Қазақстандағы 100
жаңа есім» жобасы
бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын
үлгісі болады. Бұл тапсырмалар
мемлекеттің және азаматтық қоғамның
барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді
перспективадағы негізі болады.
Мақсатқа жету үшін
біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын
жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және
экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана
қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл
бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында
Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды
жаңғырттық.Жаңғыру атаулы
бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен
ұлттық дәстүрлерге шекеден
қарамауға тиіс. Керісінше,
замана сынынан
сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды
алғышарттарына айналдыра білу
қажет. Егер жаңғыру елдің
ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың
түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып,
жарастыра алатын
құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан
тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен
жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді
сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен
халқымның тағылымы мол тарихы мен
ықылым заманнан арқауы үзілмеген
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы
өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір
қадамын нық басуын, болашаққа
сеніммен бет алуын
қалаймын. Бұл ретте, тұтас
қоғамның және әрбір
қазақстандықтың санасын
жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім. Ұлттық
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық
рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы,
Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының
күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен
бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір
парасы ғана.
Пайдаланған
әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – А.,
«Атамұра», 1999.
2. Атабаев Қ.
Мерзімді басылым ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың
басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде. – Алматы:
«Қазақ университеті», 1998.
3. Ижанов З. “Қазақ”
газетін шығаруға арналған баспахананың тағдыры
туралы дерек // «Егемен
Қазақстан» газеті, 27 ақпан 2002 жыл.
4. Бөкейханов
Ә. Таңдамалы. Редакциялаған: Р.Нұрғали. – Алматы:
Қазақ энциклопедиясы, 1995. –
475 б.
5. Ж.
Қасымбаев Қазақстан тарихы . Алматы «мектеп» баспасы 2004 .
6. Мақпырұлы
С. Қазақ әдебиеті . Алматы «мектеп» баспасы , 2004.
7. Мырзатай
Жолдасбекұлы. Елтұтқа Астана «Kul Tegin» баспасы 2001
8. Мәмбет
Қойгелдиев. Ұлттық саяси элита. «Жалын баспасы» Алматы 2004