Қазақ
тілі сабағында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер
Уашева Жанагуль Сериковна, Тулеева Айгуль Закариановна
№ 30 ЖББОМ КММ
Қарағанды қаласы
Әрбір адамға ойлау
қабілетінің белгілі бір дағдылары мен жеке тұлғалық қасиеттері керек. Сарапатама жасай
білу, салыстыра білу, негізгісін
анықтай білу, мәселені шеше
білу, өзін-өзі баламалы
бағалай білу, жауапты болу, өз бетінше жұмыс істей білу – міне,
жоғарыда аталғандардың барлығы балаға өмір жолын бастауға
қажеттіліктер деп атасақ та болады. Мұғалімнің
міндеті барлық ақпаратты айтып немесе көрсетіп қана
қоймау керек, сонымен қатар оқушыны ойлауға
үйрету керек, сол тапқан ақпараттарын практика жүзінде
қолдана білуге үйрету керек.
ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
осыған жағдай жасайды.
Белсенділіктің 3
деңгейі:
• Қайта жаңғырту белсенділігі — оқушының білімді
түсінуге, есте сақтауға, қайта
жаңғыртуға тырысуы, яғни, үлгі бойынша пайдалану
тәсілдерін меңгеруі
• Интерпретация белсенділігі —
оқушының
оқытылған материалдың мәнін түсінуге, осы ақпараттардың
арасындағы байланысты түсінуге тырысуы, яғни, ақпаратты
(білімді) үлгі бойынша емес, өзгертілген жағдайда пайдалану
тәсілдерін меңгеруі
• Шығармашылық белсенділік —
оқушының мәселені шешу жолдарын өз бетінше іздеуі,
яғни, танымдық қызығушылығын көрсете
білуі.
Он сұрақ ойыны. Мұғалім
бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына
негізгі сөз жазылған стикерді жабыстырады. Қатысушы
сыныпқа он сұрақ қоя алады, оқушылар “иә”
немесе “жоқ” деп қана жауап бере алады. Осылайша оқушы
маңдайында жазылып тұрған сөзді анықтауы
керек. Мұғалім бір
оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі
сөз жазылған стикерді жабыстырады. Қатысушы сыныпқа он
сұрақ қоя алады, оқушылар “иә” немесе “жоқ”
деп қана жауап бере алады. Осылайша оқушы маңдайында жазылып
тұрған сөзді анықтауы керек.
Белсенді
әдіс-тәсілдер – қарым-қатынас пен
біріккен әрекетті танудың жолдары мен тәсілдеріне
меңзейді, белсенді диалог негізінде құрылады.
Қатысушылар:
-
бірігіп жұмыс жасауға үйренеді;
- өз
ойларын ортаға салып, пікірталасқа түседі;
- өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерді анықтайды:
- өзін-өзі
бақылай, бағалай білуге машықтанады.
Олардың
қатарында өзіміз тәжірибеде қолданып жүрген
мынадай әдістерді атап өтуге болады: «миға
шабуылы», «дөңгелек үстел» рольдік және іскерлік
ойындар, медитация, дискуссия, тренингтік жаттығулар және т.б.
Іскерлік ойындары - бұл да
белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл
түрі әр түрлі практикалық жағдайларды
көрсету арқылы жүзеге асады. Бұл ойын
қызығушылықты тудырып, шет тілін оқыту кезінде
қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Ойында ойыншынын
кәсіби — педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның
басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік ойынның негізі-
проблемалық жағдаяттарды
тудыру және оларды әр түрлі проблемалық рольдік
шешу жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармен
салыстырғанда мәселелік
жағдайларды шешуші фактор ретінде қарастырады. Ойыншы
белгілі ережелерді қолдана отырып, ойынның толық
мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді
жобалап отыруы қажет.
Іскерлік ойындардың
өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық,
операциялық, рөлдерді орындау,
іскерлік театр, психо және социодрамалар.һ
«Әуе шары» ойыны барысында оқушылардың:
- бірлесе жұмыс жасау
дағдысы;
- ойлау қабілеті мен
өз бетінше шешім қабылдау дағдысы;
- ақпараттарды
басқара білу дадысы қалыптасады.
Осы әдіс арқылы
оқушылардың мәселелерді салыстыра білу дағдысын
қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Берілген тақырып
төңірегінде бірнеше сұрақ беріледі. Мысалы: -Осы әуе шарында кім болу керек? (Оқушылар шар аспанға көтерілу үшін қажетті
тұлғаларды атап шығады).
-Осы жоба (яғни, біздің шарымыз) табысты болу үшін не
болу керек? (Шардың суреті көрсетілген суретке оқушылар
керекті заттарды қоса салады).
-Жобаның табысты болуына
не кедергі келтіреді? (шардың қасына жобаның табысты болуына
кедергі келтіретін жағдайларды атап көрсетеді).
-Шардың жоғары
жылдамдықпен ұшуына жағдай жасайтын нәрселер.
(Оқушылар шарға тікелей қатысы жоқ, бірақ
соған қарамастан оның жоғары жылдамдықта
ұшуына жағдай жасайтын факторларды атап өтеді).
-Не шарды жерге құлатуы мүмкін?
(шардың екі жағына жобаны орындау барысында болуы мүмкін
мәселелерді атап өтеді).
Оқушылар тапсырмаларды орындап болғаннан
кейін оларға жұмыстарын салыстыруға мүмкіндік беріледі.
Салыстыра отыра, олар өз
ақпараттарын толықтыра алады. Яғни, жобалау үдерісін
жақсартуға мүмкіндік алады.
«Арқаға арқа» әдісі. Қатысушылар берілген екі орындыққа
отыру керек. Біреуі тақтаға қарап отыру керек, екіншісі
тақтаға қарама-қарсы жаққа қарап
отыру керек. Мұғалім түсіндіру үшін бір сөзді
береді. Бірінші қатысушының берілген сөзді түсіндіру
үшін бірнеше минуты бар
«МЮНСТЕРБЕРГ»
әдісі, тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызу
және көптеген әріптердің арасынан бірнеше тұтас сөздер табу «Көршіңізге айтыңыз»
әдісі оқушыларға өз ойын дауыстап айтуға
мүмкіндік береді.
Оқушыға сұрақ беріп, ойлануға уақыт
беріңіз, содан кейін оқушыдан өз ойын көршісімен
бөлісуді өтініңіз. Оқушыларға жаңа
тақырыпты атаңыз және осы тақырып
төңірегінде не білетінін өзінің көршісіне айтуды
өтініңіз. Осылайша оқушылар бірінің білімін екіншісі
толықтырады. Қазіргі кезде егеменді елімізде білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу
кеңістігіне бағытталуда. ХХІ ғасырдың жан-жақты
зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы
білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Оқытудың белсенді
әдістері – білім беру үдерісіндегі
әрекетшіл және құзіретті қадам.