Қазақ тілін оқытуда инновациялық
технологияларды қолдану
Филология ғылымдарының кандидаты ,профессор Кабатаева К.Т.
Педагогика
ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Келмаганбетова Ш.С.
Қарағанды
қ.,Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті
Бүгінгі таңда
қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің
алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі де бірегейі –
мамандарды даярлау жөніндегі мемлдекеттік тапсырысты сапалы
деңгейде орындау жолындағы жаңашыл ізденістер мен білім
берудің инновациялық технологияларын енгізу.
Бұл мәселе білім беруге
байланысты барлық дерлік құжаттарда көрсетіліп келеді.
Арнайы тоқталып өтетін
болсақ, жоғары оқу орындарының инновациялық
бағытта қызмет етіп жатқандығын, оқылатын етіп
жатқандығын, оқылатын пәндердің
инновациялық мазмұндылығын белгілі бір өзіндік кейкі
анықталатынын көреміз.
Ол түрлі мынадай ерекшеліктерден
тұрады:
-
инновациялық
бағытты ұстанған жоғары оқу орны нарық
заманына толық бейімделген болып келеді:
-
ондай жоғары
оқу орнында интеграциялық кіріккен білім беру
бағдарламаларының рөлі жоғарылайды.
-
білім беру
қызметін жоғары оқу орнынан тыс жерлерде де көрсете
алады;
-
құзіретті
мамндармен толық қамтамасыз етілген болып келеді;
Өз болмысынан инновациялық
жоғары оқу орны көшбасшылық рөл тақаратыны
белгілі инновациялық бағытта қызмет ететін жоғары
оқу орындарында студент пен оқытушылық-профессорлық
құрамының білім алып, оқыту барысы өте жайлы,
қауіпсіз, денсаулық сақтау шаралары бар, яғни
дәрігерлік көмек, тамақтану, спорт, психологиялық
көмек беру, ақпараттық орталық тегіс қызмет етіп,
студенттерг жайлылық жағдай т олық жасалынады.
Инновациялық бағыттағы
жоғары оқу орнында тек сырттан алып келінгенн инновациялық
өнімдерді ғана қолданылып қоймайды. Онда өзіндік
жаңа инновациялық өнім әзірлеп шығару
жұмыстары да жолға қойылып жатады.
Бұл ретте электрондық
оқу құралы, қашықтан оқыту жүйесі,
компьютерлік тестілеу тағы басқа толып жатқан университет
мамндарының көмегімен даярланатын өнімдерді атауға
болады.
Соның арқасында жоғары
оқу орны – білім ордасы ғана емес, өзі де жаңалықтарды
игере отырып білім алатын орын бола алады.
1)
Курстар мен
пәндерді оқытудың мазмұнын жаңалау. Яғни
студент білім мазмұын біліп қоймайды, өз бетімен білімін
өмір бойы жалғастыру әдістерін меңгеріп, соған
лайық құзіреттерді дамытуға бейімделген болуы тиіс.
2)
Студенттің
барлық дерлік пән бойынша тек «бағынышты тыңдаушы»
ретінде емес, өзі алып жатқан білімін өзі оқытушымен
тығыз араласа отырып меңгеруге қабілетті және
ықыласты болуын мүмкін ету.
3)
Пәндерді
оқытуда ғылым мен техниканың соңғы жаңа
нәтижелері болып табылатын жаңа технологияны кең түрде
қолдану. Яғни ақпараттық, технологиялық,
ұйымдастырушылық коммуникациялық компоненттерді жоғары
оқу орындарында оқыту үдерісінің тұрақты
компоненттері ретінде қалыптастыру.
Инновациялық технологиялардың
жетістіктерін қазақ тілі сабақтарында қолданудың
кейбір жолдарына тоқталайық.
Қазақ тілін оқытуда
ғаламторды пайдаланудың тиімділігі ерекше. Ғаламтордың
сабақта қолданатын екі қыры да маңызды болып саналады:
оның біріншісі – ғаламтордың телекоммуникациялық мүмкіншіліктері,
ал екіншісі – компьютер арқылы мультимедиялық мүмкіншілктері.
Қазақ тілін экономика мамандығын
меңгеріп жатқан студенттерге оқытуда ғаламторды
оның бірінші қызметін пайдалану барысында оқу және әдістемелік
материалдарды тез, әрі артығымен табуға болады.
Қазақ тілі сабағында «Еуразиялық
экономикалық интеграция» тақырыбын меңгерту барысында
студенттерге компьютер арқылы мультимедиялық мүмкіншіліктерді
қарауды ұсынуға болады. «Еуразиялық экономикалық
интеграцияның даму кезеңдері» тақырыбындағы
мәтінді ашу, көшіру, оқу және сөздік
жұмысын жасау тапсырмалары ұсынылды. Бұл
түпнұсқа мәтін болғандықтан оқытушы
алдын ала өзі де дайындалып, мүмкіндігінше аудиоматериал ретінде
жазып алуы қажет. Сонда ғаламтордың компьютерлік - телекоммуникациялық
мүмкіндіктері бірден пайдаланылады.
Қазақ
тілінен онлайн сабақтар ұйымдастырудың да өзіндік
ерекшеліктері мол. Онлайн сабаққа дайындауда оқытушы студент
үшін арнайы файл дайындайды. Ол файлда тілдік және лексикалық
материалдар,қазақша бейне және аудио материалдар,
мәтіндер, лингводидактикалық тестілер болады.
«Қазақстан
жастарының бейнесі» тақырыбындағы онлайн сабақтың
құрылымын көрсетуге болады.
Сабақтың барысы:
«Қазақстан жастарының
бейнесі» тақырыбына байланысты жаңа лексикамен таныстыру. Ол
үшін дыбысталған слайдтарды қолдануды ұсынамыз.
Өйткені онда бейнефильмді де, суретті де, сөздерді де
орналастыруға болатыны белгілі.
Жаттықтыру жұмыстары:
1. Жаңа лексиканың айтылуын,
оқылуын фонетикалық жаттықтыру: сенемін, айбатты,
қайратты, күшті қанатты, от ойнар, жалын бар, ар, жас
қырандар, ұмтылған т.б.
2. Жаңа лексиканың түрлі
жағдаяттарда айтылуына жаттықтыру.
3. Жаңа лексиканы мәтінге
қатысты талдау. Өлең мәтінімен тыңдау, оқу,
жазу, сөйлесу жаттығуларын орындау.
4. Жаңа лексиканы түрлі
коммуникативтік жағдаяттарда қолдануға үйретуші
жаттығулар орындату. Сұхбаттар құрастыру.
Сұхбаттар арқылы жаңа лексиканы толығымен
қолдануға жаттықтыру. Барлық сұхбаттар
оқытушы өзі, не болмаса арнайы аудио арқылыи әзірленіп
тыңдалады.
5. Керекті грамматикалық
тақырыпқа байланысты және лексиканы жаттықтыру.
Грамматикалық жаттығулар орындау.
6. қазақтілінің теориялық
және қолданбалы граммтикасынан материалдар беру. Ондағы
ережелер мен мәтіндегі сол ережеге лайық лексианы
сәйкестендіру.
7. Тестілер орындату.
8. Үй тапсырмасын беру.
9. Барлық орындалған
жаттығулар мен тапсырмаларды студент оқытушыға тапсыруы тиіс.
Оқытушы тексеріп, бағалап, студентке кейбірін ойланып тағы
дұрыстап орындауға, ал кейбірін тікелей орындауына қарап
бағалайды.
10. Барлық онлайн
сабақтардың өзіндік әдістемелік қоры алдын ала
әзірленуі де студентке олардың атаулары мен оларды қай жерден
алуға болатыны көрсетіледі. Әдістемелік қорда
қазақша бейнефильмдер, аудиоматериалдар, лексикалық
және граммтаикалық жаттығулар жинағы, мәтіндер
жэинағы жинақтаулы болады.
Қазақ тілін оқытуда
«қашықтықтан оқыту технологиясын»
қолданудың дақазіргі кезде қажеттілігі мен маңызы
айқындалып келеді.
Қашықтықтан
оқытуда ұйымдастырудың қазіргі кезде
қазақстандық жоғары білім беру жүйесіне ену
барысы әлі де көптеген жұмыс атқарылуы тиіс.
Өйткені қашықтан оқыту жүйесін қалыптастыру
және толыққанды түрде оқыту үдерісінде
қолданудың шешілуі тиіс бірнеше қырлары әлі де анықтала
түсуін қажет етеді.
Қашықтан оқыту
жүйесінің дүниетанымдық қыры танылуы аса
маңызды. Өйткені білім мазмұны – өзгермейтін
догмалық сипаттағы қалыпта қалмайды. адам
танымының көкжиегі қаншалықты кеңейген сайын, ол
жаңалықтар жоғары білім беру жүйесінің мазмұнына
еніп отыруы керек. Иноовациясыз университеттге білім мен шынайы
өмірдің өзара сәйкессіздігі орын алып, білім өмір
талаптарына жауап бере алмайтын халге түседі. Қазіргі кездегі
заңгерлер мен экономистердің мамандығына байланысты
қызмет таба алмауы арқылы көрінеді.
Қашықтан оқыту
жүйесінің заңдылық-
құқықтық қыры осы қашықтан
оқыту жүйесінің заңмен байланысты көптеген
мәселелерінің шешілуін талап етеді. Оқылатын сағат
саны, емтихан, курстан курсқа көшу мәселесі, диплом
оқытушының еңбекақысы т.б. мәселелер анықталуын
керек етуде.
Әрине, қашықтан
оқыту технологиясы оқу материалының біртұтас
жинақталып берілуінен және техникалық құралдарды
тиімді қолдану есебінен дәстүрлі оқытудан арзан болар
еді және білім алушылар аудиториясының санаулылығын,
шектеулілігін жояр еді.
Қашықтан оқыту
технологиясының тиімділігін мынадай ерекшеліктерінен айқын тани
аламыз: білім берудегі икемділігі, модульдігі, білім алушының
атқарып жүрген басты кәсібімен байланыстырыла берілуі,
рентабельділігі, яғни экономикалық тиімділігі оқыту
уақытының бір уақыт пен мезгілге тәуелді еместігі,
ақпараттық технологияны кең жүйеде қолдану
мүмкіндігі (тіпті қажеттілігі).
Бұл ретте
қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде
қолданыла бастаған виртуалдық білім беру жүйесін атап
кету керек.
Қазақ тілін оқытуда
оқу телевизиясын қолданудың да табыстылығы үлкен.
Елімізде қабылданған Оқу телевизиясын қолдану туралы
тұжырымдамасының негізінде ашылған «Білім» арнасы – білім
беру үдерісінде оқу телевизиясын қолданудың
көрінісі.
Оқу телевизиясы – көретін
және еститін оөқу аппаратын ашық, не тұйық
телевизиялық жүйе арқылы қашықтан жеткізу
тәсілі. Негізінде телевизияның өзі синтетикалық
өнер түрі ретінде, кадрлардың коспозициясы арқылы, ірі
және жалпы үлкейте көрсетілуі арқылы моетаждық
мол мүмкіндігі арқылы көрген адамға ерекше эмоциясыт
әсер бере алады.
Қазақ тілін оқытуда
инновациялық технологияларды қолданудың мәселелері
өте кең.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Формирование новой образовательныйй системы
Республики Казахстан эпоху информационных технологии (Национальный доклад
Казахстан на ІІ Международном конгрессе ЮНЕСКО «Образование и информатика»
2. Концепция
создания и развития учебного телевидения в Республике Казахстана.
3.
Құрман Н., Әбушәріп Ә. Оқытудың
инновациялық технологиялары// Астана, 2014-150б.
4. «Ұлағат» журналы, №3, 2008. 116-118 б.
5. Харисов
Ф. Национальная культура и образование. М., «Педагогика», 2000.
125 – б.