Набидуллин А.С., Байнатова А., Жұман Қ.

Ы.Алтынсарин ат. №159 МГ

Aibosha@mil.ru

Аударматану теориясындағы метафораның зерттелуі және классификациясы

Қазіргі аударматану ғылымында аударма мәдени жанама қарым-қатынастың түрі ретінде қарастырылады. Аударма – бұл тіл арқылы жүзеге асатын қарым-қатынастың бір түрі, дегенмен, аударма процесі мұнымен шектелмейді. Оның тиімді жүзеге асуы үшін өзара қарым-қатынас жасаушы адамдардың мәдени ерекшеліктерін де ескеру қажет. Аударма теориясы мен практикасы мәдениеттанумен ұштасады, себебі аударма – бір тілден екінші тілге сөздер мен сөз тіркестерін тасымалдау ғана емес, сондай-ақ мәдениеттердің де өзара қарым-қатынасы. Мәдениет тілде, әлемнің тілдік бейнесінде айқын көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда, аударманы тек қана тіларалық қарым-қатынастың ғана емес, мәдениетаралық қарым-қатынастың құралы ретінде де тану қажет.

Қай кезеңде болмасын, қоғам өмірінің ілгері жылжып, дами түсуіне аударма өнерінің қосқан үлесі айрықша. Себебі, әдебиет, мәдениет, экономика,білім беру, халық шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина және т.б. аудармаарқылы қанаттанып, қалыптасып отырған. Көркем аударма – лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы көркем әдебиеттің міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Қазіргі таңда көркем аударманы зерттеу әдістемесінде көркем шығарманы аудару мен талқылау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. ХХ ғ. Аударма теориясында мәтінді аудару мен талқылау зерттеушілердің ұдайы назарынантыс қалған емес. Аударма қызметі – аса қиын, жауапты қызмет. Аудармаға қойылатын бірнеше талаптарды атап көрсетейік: аударма түпнұсқа сияқты оқылып, түпнұсқа сияқты түсінікті болуы тиіс; аудармада түпнұсқаның ұлттық колоритін сақтау – маңызды міндеттердің бірі; аудару барысында түпнұсқадағы образдардың рухани-психологиялық әлеміне терең үңілу қажет; аударма үдерісінде көркемдік-бейнелеу құралдарын барынша дәлме-дәл беруге қол жеткізу; аударма стилі түпнұсқаның стилімен сәйкес келуі тиіс; түпнұсқаның басты идеясын сақтау керек; аудармада толықтырулар мен қысқартуларға жол бермеу қажет.

Көркем шығармада құбылтудың бір түрі болып саналатын метафора тіл білімнің әлемде өмір сүруі мен қалыптасуының маңызды құралдарының бірі. Метафора мәселесі ойшылдарды сонау ықылым заманнан бері мазалап келе жатыр. Тілдің күнделікті қатысымдық қызметінде көбінесе қолданылатын метафора шынайы өмірдегі нысандарды атауда тиімді тәсілі. Адам күнделікті тілдік қолданыста өзінің тәжірибиесі арқылы жинақтаған білім қорын кеңінен қолдана алады. Заттар мен құбылыстар ұқсастығы арқылы метафора жинақталған білім қорын белгілі бір мақсатта аталым қажеттілігіне сай қолдануға көмектеседі. Қазіргі тіл білімінде енді зерделене бастаған мәселелерінің бірі метафораның аталымдық сипатын ашу болып табылады.

Когнитивтік талдау ойдың өрелігімен, рухани білімнің қуаттылығын қажет етеді және жаңа ақпараттар арқылы  үнемі өзгеріске түсіп отыратын «ішкі әлемнің» үлгісін жасауға жәрдемдеседі, сонымен қатар, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарындағы келісімдер мен қарама-қайшылықтарды анықтауда таптырмайтын әдіс болып табылады.

Шарлотта Бронтенің «Jane Eyre» романындағы танымның бір түрі болып саналатын метафораларды танымдық тұрғыда талдаудың негізінде олардың табиғатымен танысуға болады. Метафоралық тіркестердің құрылымдық-семантикалық сараптамасы денотаттарды зерттеу шеңберінде жүргізіледі.Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, тілдегі метафоралық ауысулар нақты заңдылыққа бағынады. Жазушы дүниені ерекше байқағыштығы мен өте күшті сезімталдығын, сол сезген, байқаған, көрген дүниесін  сөзбен суреттеп жеткізу қабілеттерінің күштілігін танытады.  Белгілі бір ұғымды түсіндірудегі қолданған сөз айшықтарынан оның дүниеге деген көзқарасын байқауға болады. Жазушыға тән ерекшелік-абстрактілі ұғымдарды ой елегінен өткізіп метафоралар арқылы бейнелеп жеткізеді.Тілді танымдық тұрғыдан зерттеу мәселесі көптеген ғылыми сала әдістерінің кешенді гармониясымен және ойлау, ой түю, қабылдау, түйсіну, қорытындылау, тану, танымдық талдау тәрізді деректі-дерексіздік құбылыстарды нақтыландыру әдісі тұрғысынан қарастырылады.

Ш.Бронтенің «Jane Eyre» романындағы табиғатқа, әртүрлі кейіпкерлерге және салыстырмалы құрылымдарға негізделген метафоралардың аудармаларына танымдық талдау жасап көрелік.

Мысалы: I could not see into the interior; and both my eyes and spirit seemed drawn from the gloomy house-from the grey-hollow filled with rayless cells, as it appeared to me-to that sky expanded before me,-a blue sea absolved from taint of cloud; the moon ascending it in solemn march; for those trembling stars that followed her course; they made my heart tremble, my veins glow when I viewed them.

Sky was a blue sea absolved from taint of cloud – аспан ешқандай бұлттары жоқ, тазартылған көк теңіз болатын. Автор аспанның каншалықты ашық екенін оқырманға жеткізу үшін аталған метафораны қолданған. Когнитивтік метафораның айқын мысалы, зат→физикалық әлем  бағытында жүргізілген метафоралық ауысу үлгісі предикат кызметіндегі  етістік арқылы жүзеге асып тұр. Негіз-фрейм «taint-індет» жаңа мағына қолданылып, табиғат құбылысына байланысты мақсат-фреймге ауысып, ұғымды вербалдайды. Мақсат фреймге бұлттардың болмағаны арқылы аспанның ашық екенін білдіргісі келген. Бұл ауысуда мақсат-фреймнің ұяшығы жаңа ақпаратпен толықты. Көбінесе індет сөзі аурумен байланысты қолданғандықтан, бұл тіркесті ешқандай бұлттары жоқ деген мағынада түсіндіріліп тұр.

I could not see into the interior; and both my eyes and spirit seemed drawn from the gloomy house-from the grey-hollow filled with rayless cells, as it appeared to me-to that sky expanded before me,-a blue sea absolved from taint of cloud; the moon ascending it in solemn march; for those trembling stars that followed her course; they made my heart tremble, my veins glow when I viewed them.

Trembling stars made my heart tremble – дірілдеген жұлдыздар менің жүргімнің мазасын кетірді. Когнитивті метафора, физикалық әлем→психикалық әлем  үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есім арқылы жасалып тұр. Автор «tremble-дірілдеген» деген сөзді қолдану арқылы оқырманды өзіне қарату үшін қолданған. Негізгі фрейм «trembling stars» арқылы Джен Эйрдің жүрегінің дірілдегенін,яғни қыздың сенімсіздігін  білдіргісі келген. 

He lifted his gaze, too, from the daisies, and turned it on her. An unsmiling, a searching, a meaning gaze it was. She answered it with a second laugh, and laughter well became her youth, her roses, her dimples, her bright eyes.

Bright eyes – жарқын көздер. Бұл когнитивтік метафорадағы метафоралық ауысу сын есім арқылы жасалып тұр. Зат→психикалық әлем үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу.  «Bright» сын есімінің бастапқы мағынасы «жарқын, жарқыраған» бірақ, «eyes – көздер» зат есімімен жаңа мағынада қолданылып, «бақытты, есте қаларлық» мағынасына ие болады. «Bright» сын есімі «happy, shining eyes» ұғымын  вербалдайды. 

"Well, well! who knows what may happen?" said Mr. Lloyd, as he got up. "The child ought to have change of air and scene," he added, speaking to himself; "nerves not in a good state."

The child ought to have change of air and sceneбала ауа мен көріністі өзгертуге тиіс. Бұл когнитивтік метафорадағы метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есім арқылы жүзеге асады. Зат→физикалық әлем үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу. «Air and scene» зат есімінің бастапқы мағынасы «ауа мен көрініс» бірақ, ол балаға байланысты жаңа мағынада  «жер,орын» мағынасына ие болады. Метафора баланың тұрып жатқан жерін өзгертуді сипаттау үшін қолданылып тұр. Сондықтан бұл метафораның орнына «The child ought to have change place»- ті қолдануға болар еді.

"That proves you have a wicked heart; and you must pray to God to change it: to give you a new and clean one: to take away your heart of stone and give you a heart of flesh."

Heart of stone -  тас жүрек. Когнитивті метафора, атрибуттық құрылым жасайтын «heart of stone-тас жүрек» тіркесі ауыспалы мағынада қолданылған. Бұл тіркес «ruthless, heartless – мейірімсіз, рақымсыз» ұғымын вербалдайды. Зат→физикалық үлгі бойынша жасалған метафоралық ауысу. Когнитивтік концептуалды деривация үдерісі  жүреді.

"That proves you have a wicked heart; and you must pray to God to change it: to give you a new and clean one: to take away your heart of stone and give you a heart of flesh."

Jane's tongue to my ear – менің құлағыма жеткен Дженнің тілі. Метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есімді қолдану арқылы  жүзеге асып тұр. Зат→зат үлгісінде жасалған метафоралық ауысу. «tongue» зат есімінің бастапқы мағынасы «тіл» бірақ, «my ear – менің құлағым» зат есімімен жаңа мағынада қолданылып, «voice-дауыс» мағынасына ие болады. «tongue» зат есімі «voice» ұғымын  вербалдайды.  

I heard one of your kind an hour ago, singing high over the wood: but its song had no music for me, any more than the rising sun had rays. All the melody on earth is concentrated in my Jane's tongue to my ear (I am glad it is not naturally a silent one): all the sunshine I can feel is in her presence."

All the sunshine I can feel is in her presenceмен оның қатысуы кезінде бүкіл күншуақты сезінемін. Когнитивтік метафора, метафоралық ауысым  заттарға атау беру арқылы жүзеге асып тұр.Зат→зат үлгісінде жасалған метафоралық ауысу. "Күн" атты бүкіл әлемді жылытатын, дүниені тірілтетін нұрлы алып планетадан жылылық, мейірімділік, тазалық күтеді. Соған байәланысты күншуақ ол шашырап тұрған сәуле, яғни бүкіл тіршілікті қыздырып, жарқыратып тұрған планета. Мұнда аталым ретінде «sunshine –күншуақ» зат есіммен берілген, «жылылық, мейірімділік – warmth, kindness, mercy»  ұғымын  вербалдайды,  «күншуақ» деген сөз мұнда «жылылық, мейірімділік» мағынасында берілген.

Тілде ауыспалы мағына — әмбебап құбылыс, оның әмбебаптылығы құрылым, кеңістік пен уақыттан көрініс табады. Метафора түп нүсқаға қарағанда, сөздің лексикалық мағынасының ерекшеліктерін тауып, адам ақылының сыртқы қабылдауына эмоционалды және суреттеп, көркемдеп көрсететін экспрессивті әсер түрі.