Менеджмент- Дене тәрбиесі және спорт саласы  жүйесіндегі Қызметі 

 

Демеубаева А.О., Утегенов К.Д., Андакул М.Х.

 

Басқару жүйесі дегеніміз- басқару функцияларының іске асырылуы. Басқару жүйесінің моделі екі элементтің өзара байланысынан тұрады: объект және субъект. Объектке- жүйенің басқарушы бөлігі, субъектке- басқарылушы бөлігі жатады. Мысалы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мұғалімдерді басқарушы субъект болса, директорға қатысты ол объект болады. ДТМС басқару жүйесіндегі субъектке жататындар: атқарушы орган, т.б. Объектке: әртүрлі деңгейдегі және сипаттағы ДШС ұйымдары жатады.

         Басқару органдарының ДШС ұйымдарына әсер ету процесі нақты-уақытша сипатта және біршама шектелген болады. Мысалы: атқарушы органдар тек нақты территорияда орналасқан және өз құзыры шеңберінде ғана ДШС ұйымдарына әсер ете алады. Спорт түрлері бойынша федерациялар да өзіне қатысты спорт түрлеріне байланысты ұйымдарға әсер ете алады. Әсер етудегі мақсаттың, сонымен қатар басқару субъекті мен объекттің нақты сипатына да байланысты өзгешелігі болады. Егер Олимпиада Комитеті жоғары спорттық жетістіктерді дамыту саясатын қамтамасыз етеді, ал спорт түрі бойынша федерациялар спорттың нақты түрі бойынша барлық деңгейде, яғни жалпыдан ең жоғары спорттық жетістікке жеткізуді көздейді. ДШС менеджменті жүйесінде ұйымның басшысы субъект болып табылады, оның орынбасары немесе жекелеген бөлімше басшылары да субъект болып табылады. Ал объектісіне- ұйымның (бөлімшелердің) ұжымы немесе жекелеген орындаушылар жатады. Субъекттің объектке әсер етуі процесін шектеуші болып ДШ ұйымдары немесе оның ұйымдық-құқықтық формалары біліктілігі мен әртүрлі дәрежедегі басшылар мен орындаушы лары, сонымен қатар т.б. факторлар есептеле алады.

         Әсер ету мақсаты нақты жағдайларға байланысты өзгеріп отырады: пайда алудан (коммерциялық ДШ ұйымдары) әлеуметтік миссияны орындағанға дейін (коммерциялық емес ДШ ұйымдары) болады.

ДШС менеджментінің мақсаты дегеніміз- ДШ ұйымдары қол жеткізе алуы мүмкін қалаулы, мүмкін және қажетті жағдайы. Көп жағдайда ДШ ұйымдарының мақсаты "саясат", "философия", "миссия" деген терминдермен алмаса береді. Мақсатты анықтау ДТМС менеджментінің процесінің бастапқы этапы болып табылады.  Өйткені онда мақсатты бағыт сипатталады. ДТМС менеджментінің мақсаты таңдалып алынған критерийлерге байланысты қалыптасып, мақсат иерархиясы түзіледі. Яғни "мақсат ағашы" деген атауға лайық. Ол бір жағынан мақсатты және міндетті (подзадачи) және екінші жағынан қолда бар ресурстарды ескере отырып оған қол жеткізудің мүмкін болуы.

Нақты механизмдердің көмегімен субьект және обьекттің өзара әсері ретінде менеджментпроцесі орындалады. ДШС менеджментінің механизмі дегеніміз- ДШ ұйымдарының мақсатын қызметкерлерінің және әлеуметтік-мәдени қызметтерді өндіруші тұтынушылардың қажеттілігін толығымен тиімді жүзеге асратын әдістер, құралдар мен формалар кешені.

         ДШС функциясы дегеніміз- басқарушылық әсер етуді жүзеге асыруға жағдай туғызатын басқару іскерлігінің ерекше бағыты. Менеджмент функциясы негізгі және нақты болып бөлінеді. Менеджменттің нақты функциясы: халық шаруашылығының кешенінің барлық салаларында қолданылады;  ДШС мекемелерінің (халықаралық, ұлттық немесе аймақтық, коммерциялық, коммерциялық емес, кіші, орта немесе ірі) кез келген түрінде қолданылады.

Олар бір бірін алмастыра алады, яғни менеджменттің негізгі фукнцияларының құрамы мен мазмұны қандай жағдай болмасын өзгермейді, басқаруды қамтамасыз етеді, яғни шектелген ресурстар жағдайындағы берілген уақыт аралығында менеджмент мақсатына жетеді.

Қазіргі уақытта мамандар менеджменттің негізгі функцияларының құрамына келесідей тоқтап отыр:

-                Ұйымдастыру, яғни жаңа және сапалы етіп бұрыннан қалыптасқан және қызмет көрсетіп жүрген кез келген типтегі жүйеге сәйкестендіріліп өзгеріп отыратын ішкі және сыртқы жағдайлармен іскерлік құру.

-                Жоспарлау, яғни менеджмент объектісін дамыту үшін мақсатты бағытталған, динамикалы және қатар әртүрлі жоспарларды жетілдіру.

-                Ынталандыру, яғни жетілдірілген жоспарларға сәйкес қызметкерлердің тиімді еңбек етуін ұйымдастыру үшін белсендіруші және ықпал етуші стимулдар жүйесін құру қызметі.

-                Бақылау, яғни менеджмент объектісіндегі процестер ағымын бақылап отыру қызметі. Берілген бағдарламаның бақыланушы параметрлерінің өлшемін салыстыру және бағдарламадан ауытқуды оның орны мен уақытын, себебі мен мінезін анықтау.

-                Үйлестіру (координация), яғни менеджмент процесінің үздіксіз болуын қамтамасыз ету. Ұйымның, бөлімшенің және жекелеген орындаушылардың  арасындағы байланысты тиімді орнату арқылы ұйымның жұмысын жетістіктерге жетелеу.

Менеджменттің негізгі функциялары өзара тығыз байланыста.  Ол басқарушылық әсер теу механизмін сипаттаушы біртұтас процесс. ДШС менеджментінің нақты функциялары дегеніміз- басқарушы еңбегінің динамикалы дамуыныңы нәтижесі. ДШС басқарудың нақты функциялары нақты бір объектке басқарушылық әсер етудің мазмұнын сипаттап және анықтап береді. ДШС саласында мынадай нақты басқару функциялары бар:

-           Жастарды спортқа баулу (физвоспит. молодежи)

-           ДШС халықпен жұмысын ұйымдастыру

-           Спорт түрлері бойынша жоғары білікті спортшыларды даярлау

-           Спорт резервін даярлау

-           Профессионалды спортты дамыту

-           Спорттық жарыстар мен спорттық-көркем іс шараларды өткізу

-           Спорттық тәрбие мен спортты дамытуға ғылыми және бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыз ету

-           Спорт тауарларының өндірісіні ұйымдастыру

-           Халықаралық спорт байланыстарын жүзеге асыру т.б.

ДШС менеджментінің нақты функциялары сәйкес орган немесе басшы арқылы іске асырылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1. Вилькин Я.Р., “Экономика физической культуры и спорта”, Минск. 1993г.

2. Мескон., “Менеджмент негіздері”, Москва.1998г.

3. Сыздыков И.С., Мауленкулова Г.Е.,  “Менеджмент негіздері”. Шымкент 2008 ж.