Е.А. Мамытова

      М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

Жамбыл облысының беттік су ресурстарының сапасы  және оларды  тиімді пайдалану жолдары

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 144,26 мың. км3 алқапты құрайды. Облыс орталығы – Тараз қаласы. Облыс тұрғындарының саны  1031,114  мың адам, соның ішінде 432,438 мың қала тұрғындары және 598,706 ауыл тұрғындары, орналасу тығыздығы 7,15 ад./км2 .Жалпы  суға деген қажеттілік 142,13 мың.м3/сут,немесе бір адамға шаққанда 0,14 м3. Облыста  10 аудан бар Байзақ, Жамбыл, Жуалы,  Қордай, Тұрар Рысқұлов, Мерке, Мойынқұм,  Сарысу, Талас, Шу, 4 қала (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу), 14 аудан, 400 жуық  шағын ауылдық округтер. Жамбыл облысы аумағында бар су қорларын пайдалану көлемі, облыстың көптеген аудандарын сумен қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандырмайды. Осы жағдайға байланысты осы өзендердің су қорларын анықтау басты міндеттердің бірі болып табылады Су ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату мәселелерін шешу үшін, Жамбыл облысының су ресурстары деректерін жан-жақты және терең талдау арқылы, облыстың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын ескеріп, қауіпсіз шешімдер іздеу керек. Жамбыл облысының территориясы трансшекаралық өзендердің орналасқан аймағын алып жатыр. Шу-Талас гидрографиялық алабы, Қазақстан Республикасын су ресурстарымен қамтамасыз ететін, негізгі сегіз өзендердің бірі болып табылады, су өтімінің мөлшері аз болғанымен, су ресурстарын пайдалану, сақтау, тазарту және экологиялық су жіберу сұрақтарына маңызды көзқараспен қарауды талап етеді. Жамбыл облысы аумағына қарайтын Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігіндегі қоршаған ортаның табиғатын және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін аталған су көздері болып келеді. Жамбыл облысы бойынша су ресурстарының сапасы мен пайдалану жағдайы келесідей сипатталады. Талас өзені алабының жер беті суларының мониторингісіне сүйенетін болсақ, Талас өзені алабында 12 су қойма бар, оның 11 сиымдылығы 1 млн м3 төмен, тоғызы тікелей бас өзенде, үшеуі алапта орналасқан. Су қойманың жалпы пайдалы сиымдылығы 14,5 млн. м3. Барлық су қоймалары мен суаттар ағынды маусымдық реттеуді іске асырады және суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін балық шаруашылық мақсатта пайдалануға болады.

Шу-талас БИ және «Таразводхоз» РМК мәліметтері бойынша алапта біршама гидротехникалық нысандар магистралды және шаруашылықаралық каналдар, су тораптары, құрылымдар т. б бар. Шу-Талас алабында, гидрографиялық тұрғыда 3 үлкен өзен (Шу, Талас және Аса), 242 кіші өзен (соңын ішінде Шу өзенінің алабы бойынша – 158, Талас өзенінің алабы бойынша – 20, Аса өзенінің алабы бойынша – 64), 35 көл, Шу өзенінде орналасқан Тасөткел су қоймасы, жобалық көлемі – 620 млн.м3, Аса өзенінің негізгі тармақтарының бірі болып саналатын Теріс өзенінде орналасқан Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, көлемі – 158 млн.м3 және Аса өзенінің алабы болып саналатын Шабақты өзенінде орналасқан Ынталы су қоймасы, көлемі – 30 млн.м3, көлемі 1 ден 10 млн.м3 дейін жететін 39 кіші су қойма (қосынды көлемі – 130,6 млн.м3) мен 164 тоған (барлық көлемі 72,2 млн.м3) бар. Жоғарыда аталған суаттардың барлығы (су қоймалары, көлдер, тоғандар) дерлік, өздерінің су ресурстарын басқа жақтан алады, яғни үлкен және кіші өзендердің ағыны келуімен, таулардағы су көздерінен еритін сулармен толысады.

Гидрографиялық алаптың жер беті су ресурстары : Қырғыстан республикасы территориясынан ағып келетін жер беті сулары -710,7 млн м3; Жамбыл облысы территориясында түзіілетін ағын -802,7 млн м3. Алаптың су ресурстарының шама бөлігі  ауылшаруашылығы қажеттілігіне жұмсалады, негізінен суармалы егіншілікке. Халық санының тұрақты өсуі және мал басының артуы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді көп қажет етеді, бұл суармалы егіншілік жерлердің аудандарын арттыру және қалпына келтіру арқылы іске асырылады.

 

 

 

Сурет 2 . –Талас, Аса, Шу өзендері

Кесте № 3– Жамбыл облысының өзендерінің  ресурстары  бойынша су қабылдау көрсеткіштері млн. м3

 

Су қабылдау көлемі

Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Жалпы су қабылдау көлемі

2776,6

2268,5

2246,9

2288,9

2061,3

1219,9

2078,9

1612,1

Ауыл шаруашылығы бойынша

2564,1

2039,4

2182,4

2227,2

1993,1

1146,3

2010,7

1542,0

Жалпы % көлемде

92,3

89,9

97,1

97,3

96,7

94,0

96,7

95,6

 

Сурет 3 . – Аса-Талас және Шу  өзендері бассейіндеріндегі су көлемінің қабылдануының динамикасы.

Жамбыл облысының барлық экономикалық-салаларында үнемдеу және суды сақтау технологиясын пайдалану проблемалары, қазіргі уақытта басты міндеттердің бірі болып есептеледі.Су қорларын тиімді пайдалану, келесі мәселелерді шешуді талап етеді :

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде суды жұмсау мүмкіндігін негіздеу жұмыстарын жалғастыру;

2. Аса, Талас, Шу өзендерінің ағынын қайырымсыз алуына баға беру;

3. Су қорларын қалпына келтіру және суды сақтау технологиясына көшудің негізгі бағыттарын түзу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Т. Ибраев, М. Ли;Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы трансшекаралық өзендер суының сапасы. .- ТАРАЗ,2013, -162 с.

2. ВагаповаА.Р.,  Ли М.А ., Джабаев К.Е . Качественный анализ воды в бассейнах рек Шу, Аса, Талас. Труды КазНИИВХ.

3. Сатенбаев Е.Н., Б.М. Баджанов, Т.Т. Ибраев к вопросу использования вод трансграничных рек Казахстана. Современные проблемы Шу-Таласского бассейна, информационный бюллетень №4., Тараз 2006. 

4. Годовые отчеты по водопользованию Казводхоз и ГГМИ,     2010-2015 гг.

5.  Vishpolski F., Qadir M., Karimov A., Mukhamedjanov H., Bekbaev U., Paroda R., Aw-Hassan A., Rarajeh F. Enhancing the productivity of high-maganesium soil and water resources in central asia through the application of phosphogypsum. –Land Degradation Development, 19.45-56 (2008) Dol: 10.1002/fdr.814.