Өңірлік табиғи парктің Боралдай
филиалының бірегей сирек экожүйелері туралы
(Мошқалов
Б.М., Төлеміс Е.Х., Жанқонысова А.Қ)
Сырдария
– Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі
Шымкент,
Қазақстан
Резюме
В статье приводятся краткие
характеристики уникальных редких экологических систем Боралдайского филиала
Сырдарья-Туркестанского государственного регионального природного парка
находящихся в хребтах Боралдайтау горы Каратау Южно-Казахстанской области. Излагается
виды режима природопользования установленные в охранной зоне регионального
парка для защиты его экологических систем от неблагоприятного внешнего
воздействия.
Resume
The article summarizes the unique
characteristics of rare ecological systems Boraldayskogo branch Syr - Turkestan
State Regional Natural Park located in the ridges Boraldaytau Karatau Mountains
of South Kazakhstan region . It sets out the regime of wildlife species in the
protection zone established regional park to protect its ecosystems from the
adverse external influences.
Сырдария – Түркістан мемлекеттік
өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының
аумағы 36 255гектарды құрайды. Бұл аумақта
Қаратау тауының Боралдайтау жоталары орналасқан, оның
табиғи кешендері парктің бас аумағына салыстырғанда
флорасының құрамы алуантүрлілігімен, бірегейлілігімен
ерекшеленеді. Мұнда жоғары түтікті
өсімдіктердің
83 тұқымдасына кіретін 600 түрден астамы кездееді,
яғни бүкіл Қаратау тауы флорасының 35 пайызын
құрап отыр.
Өңірлік табиғи
парктің негізгі қызметтерінің бірі – оның
аумағында экожүйелердің қорғалуы, олардың
жай-күйіне мониторингтер жүргізу, оларға теріс әсер
ететін табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің
түрлеріне жол берілмеуін немесе шектеу қойылуын қамтамасыз
ету шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Табиғи
экожүйелер деп заттар мен энергиялардың сыртқы және
ішкі айналымдары жүретін, абиотикалық орта мен биоталар
сияқты екі негізгі бөліктерден тұратын табиғи –
аумақтар кешендерін түсінуге болады (Брагина Т.М., Гельдыева Г.В.,
Огарь Н.П., 2012 ж. 37б). Көрсетілген авторлар экожүйелерді
аумақтық бірлік ретінде «биогеоценоз» немесе «биотоп»
түсініктеріне сәйкес келеді деп тұжырымдайды. Орманшы –
ғалым Гуриков Д.Е (1990 ж, 50б) «экожүйе» мен «биогеоценоз»
терминдерінің өзара өте жақын екендігі және
бірін-бірі ауыстыра алатындығын атап көрсеткен. Өсімдіктер
қауымы – экожүйелердің нақты жер
жағдайындағы кеңістікте таралуында, оларды танып-білуде
сенімді индикатор болып табылады. Сондықтан бұл мақаламызда
экожүйелерді сипаттауда өсімдіктердің түрлеріне басты
назар аударылып отыр.
Кейбір авторлар Боралдай филиалында
арша ормандарының экожүйелерінің бар екендігін
көрсетіп, онда негізінен зеравшан аршасының алқаптары
кездесетіндігін атап өткен (Брагина Т.М., Гельдыева Г.В., Огарь Н.П., 2012 ж). Біздің ойымыз бойынша
өңірлік парктің бұл филиалында зеравшан аршасының
сирек ормандары тіркелген емес және бұрын бұл аумақта жүргізілген
орманды орналастыру материалдарында зеравшан аршасының сирек ормандары
туралы мәліметтер келтірілмеген. Біздің пікірімізше арша
ормандарының алқаптарының солтүстіктегі шекарасы
Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің
аумағындағы Бозторғай өзенінің жоғарғы
бөлігінде өңірлік парктің аумағына жетпей
аяқталатын сияқты. Осыған байланысты арша ормандарынан басқа
(осы өңірде таралған) экожүйелерге тоқталып
отырмыз.
Жаңғақ
жемісті ормандардың экожүйелері – кәдімгі пісте (Pistia
vera) селеу ормандарына тұрады, беткейлердің төменгі
бөліктерінде жабайы жемісті түрлерден Сиверс алмасы (Malus
Sivversii ledeb), Регель алмұрты (Purus regelii Rehder) топтанып
өседі. Бұл селеу ормандарының шөп жамылғысы
бұтақтардың Тянь-Шань майқарағаны (Calophaca
tianshanica), Петунников бадамы (Amygdalus petunnikovii) сияқты сирек
түрлерінің қатысуымен биік болып өсетін астық
тұқымдастар мен басқа шөптесін өсімдіктер
саваннойдтарынан тұрады.
Бұл аймақ кәдімгі
пісте ағашының өзінің таралу ареалының ең
шеткі шекарасы болып табылады. Кәдімгі пісте, Сиверс алмасы сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген
өсімдіктер ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген. сонымен ғылыми және шаруашылық маңызы бар
өсімдіктерге жатады. 2007 жылы бұл экожүйелерден белгілі
ғалым А.Ж. Жанғалиевтің
басшылығымен кәдімгі пістенің 25 дана, Сиверс алмасының
3 дана артықшылығы бар (плюстік) ағаштары
анықталған. Алдағы кезде оларды генетикалық
қорлар ретінде алманың, кәдімгі пістенің жаңа
сорттарын шығару үшін селекцияда қолдануға болады.
Регель алмұртын да
республиканың ботаник ғалымдары Оңтүстік
Қазақстанда сирек түрде кездесетін және,
құрғақшылыққа төзімді өсімдік
ретінде селекциялық мақсатта қолдануды ұсынып отыр.
Жапырақты
долана ормандары мен селдір ормандарының экожүйелері –
Қаратау тауының Боралдай жоталарында айтарлықтай
көлемде таралған көп жинақталған түркістан
доланасының (Crataegus turkestanica) ормандары және селеу
ормандарынан тұрады. Сол сияқты Боралдай филиалының
құрғақ беткейлерінде және жондардың
беттерінде понтий доланасының (C. pontica) селдір ормандары бар. Бұл
ағаштардың екі түрі де экологиялық қасиеті
бойынша ксеромезофитке жатады. Түркістан доланасы ареалы бойынша таулы
Орта Азиялық типке жатса, понтий доланасы Иран – Орта Азиялық ареалдық типіне кіреді.
Бұл өсімдік осы өңірде өзінің таралу
ареалының шеткі шекарасында болып отыр. Олар шаруашылық сипаты
жағынан тағамдық, омарталық дәрумендік
маңызы бар топтарға жатқызылған.
Жайылма
ормандардың (тау тоғайлары) экожүйелері – Боралдай
өзенінің жағалауында таралған ең бірегейі болып
табылады. Қаратау мен Батыс Тянь-Шанның басқа тау
аңғарларында салыстырғанда мұнда ағаштар мен
бұталардың көптеген түрлері өседі.
Басымдылықтағы ағаш тұқымдасы болып,
Қазақстанның Қызыл кітабына енген реликті түрге
жататын соғды шағаны немесе ылғал сүйгіш шаған
(Fraxinus cogdiana) болып табылады. Ондаған миллиондар жыл бұрын
өскен бұл ағаш қазіргі уақытқа дейін жетіп
отыр. Бұл өсімдіктің көгалдандыру үшін
сәндік маңызы бар, сол сияқты жақсы құрылыс
материалдарын алуға болады.
Мұнда жабайы жемісті
өсімдіктерден Сиверс алмасы (M. siversii), ақ тұт (Morus alba), соғды алшасы (Prunus
sogdiana), жабайы жүзім (Vitis vinifera), парсы шетені (Sorbus persica
Hede), түркістан доланасы (Crataegus turkestanica) сияқты
әртүрлі түрлері енеді. Сиверс алмасымен қатар жабайы
жүзім, парсы шетені Қазақстанның Қызыл кітабына
ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер ретінде де
енгізілген. Шаруашылық сипаты жағынан ақ тұт,
соғды алшасы, жабайы жүзім, түркістан доланасы, Сиверс алмасы
өсімдіктерінің тағамдық маңызы айтарлықтай.
Бұл экожүйелерде сирек кездесетін және құрып кету
қаупі төнген реликті түрге жататын кавказ таудағаны
(Celtis саuсаsіcа) мен эндемикалық түрге жататын өзбекстан
терегінің (Populus usbekistanica) жекелеген шоқ тоғайлары
кездеседі. Кавказ таудағаны тасты беткейлерде, шөгінділерде,
құздарға және тау өзендерінің
аңғарларында өседі. Оның техникалық және
көгалдандыруға енгізу үшін маңызы бар.
Умбеллярлар
экожүйелері – мұнда жіңішке сасыр (Ferula tenuisecta)
және Қаратау сасыры (Ferula karativica), сағақты
гүлкекіре (Centaurea phyllopoda) сияқты өсімдіктері
түрлерінің қатысуымен өзіндік ерекшелігі бар мал
азықтық прангостың (Prangos pabularia) қопалары
кездеседі. Бұл көпжылдық өсімдік таудың
жұмсақ шөптесін беткейлері мен субальпі белдеуіне дейін
өседі. Оның мал азықтық және эфир майын алу
үшін шаруашылық маңызы бар.
Фриганоидтар
экожүйелерінде – таудың жоғары бөліктері мен
жазық беттерінде қаратау лепидолофасы (Lepidolopha karatavica),
Комаров лепидолофасы (L. komarovii) сияқты бұтаның
эндемикалық реликті түрлерінің қопалары, сол
сияқты тілшікті трихантемис (Trichanthemic radiata), қаратау
трихантемисі (T. кaratavinsis), тарақша ольгеясы (Olgaea pectinata L.),
үшжүйе ибериделласы (Iberidella tinervia) сияқты реликті
түрлердің қатысуымен қоғамдастықтары
кездеседі. Сонымен қатар дарабас криптокодон (Criptocodon monocephalus),
Северцов жалған шөлмасағы (Pseudoerem ostachys sewertzowii)
сияқты бір типті туыстардың сирек өкілдерінің
аралдық шағын популяциялары бар. Жоғарыдағы
аталған өсімдіктерден қаратау лепидолофасы, дарабас криптокодон, Северцов жалған шөлмасағы сияқты
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген
түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қаратау лепидолофасы экологиялық қасиеті бойынша ксерофитке
жатса, ал дарабас криптокодон мезофит болып есептеледі. Северцов жалған шөлмасағы
тасты және құзды беткейлерде, қиыршық тасты
төбелерде өседі. Жалпы фриганоидтар экожүйелерін
құрғақшылыққа төзімді жартылай
бұтақтар мен бұтақшылардың сиретілген
өсімдіктер қауымының әртүрлі типтерінің
жиынтығы деп есептеуге болады.
Тасты
шөгінділердің экожүйелері – қаратау рапонтикумы
(Rhaponticum karatavinse), күйік жуасы (Allium kujukense), биік жуа (A. oreoprasoides), кәдімгі
таусағыз (Scorronera tausaghyz), Северцов жалған
шөлмасағы (Pseudoeremostachus sewerzowii), Попов танацетопсисі
(Tanacetopsis popovii) сияқты реликті және эндемикалық
өсімдіктерден тұрады. Сонымен қатар тар шеңбердегі
аумақта ғана өсетін ақжолақ сасыр (Ferula
leucographa), түстес бидайық (Leymus aemulans), қаратау
бочанцевиясы (Botschantzewia karatavica), сияқты эндемиктер кездеседі.
Аталған өсімдіктерден
қаратау рапонтикумы, кәдімгі таусағыз, Северцов жалған
шөлмасағы, ақжолақ сасыр, қаратау бочанцевиясы
сияқты эндемикалық өсімдіктердің сирек кездесетін
және құрып кету қаупі төнген түрлер ретінде республиканың Қызыл
кітабына енгізілгендіктен, өңірлік парктің аумағында
қорғауға алынып отыр. Сол сияқты бұл
аталған сирек өсімдіктер белгілі ботаник ғалым Р.В.
Камелиннің мәліметі бойынша көне заманның миоцен,
плиоцен, плейстоцен дәуірлерінен бастап, яғни он миллиондаған
жылдан астам сақталып келе жатқан үлкен ғылыми
маңызды түрлерге жатады.
Экожүйелерде
сүтқоректілер, құстар, омыртқасыздар және
басқа да жабайы жануарлар әлемінің топтары тіршілік етеді.
Сондықтан экожүйелерде биологиялық құбылыстарға,
ауа-райының жағдайларына кешенді бақылаулар жүргізіп,
табиғат қорғау шараларының орындалуына баса назар
аударылуда. Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету
мен қорғауды қамтамасыз ету үшін өңірлік
табиғи парктің айналасында Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №82
қаулысымен шекарасының ені екі шақырымнан жалпы ауданы
263 092,5 гектарда қорғау аймағы мен онда табиғат
пайдаланудың режим түрлері, тәртібі белгіленді. Атап
айтқанда осы қаулыға сәйкес өңірлік
парктің аумағындағы экологиялық жүйелердің
жай-күйіне, олардың қалпына келтіруге теріс әсер ететін
мынадай бірқатар қызметтерге: экологиялық жүйелерге
зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға; жобалауға,
салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі улы
химикаттар, тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы
мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;
атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы
заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге,
қалдықтарды орналастыруға; пайдалы қазбалар
өндіруге; радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп
қалдықтарын көмуге; өңірлік парктің
экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін
өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар,
гидротехникалық құрылыстар және табиғи су
ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп
соғатын басқа да объектілер салуға); жабайы жануарлар мен
жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге жол
берілмейтін болды. Қазіргі таңда өңірлік табиғи
парктің қызметкерлері тарапынан жергілікті тұрғындар
мен демалушылар, туристер, кәсіпкерлер, бизнес өкілдері арасында
қорғау аймағында белгіленген табиғат қорғау
режим түрлері мен тәртібін сақтау жөнінде
түсіндіру шаралары кеңінен жүргізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Государственный
кадастр растений Южно-Казахстанской области. Книга первая. Конспект видов
высших сосудистых растений. (Коллектив авторов Н.К. Аралбаев, Г.М. Кудабаева,
П.В. Веселова, М.П. Данилов, Р.О.
Закирова, А.К. Жамангара, С.А. Нигматова, В.А. Самойлова, Н.В. Шадрина, С.К. Мухтубаева,
А.А. Курмантаева, Е.Б. Исаев,
А.Е. Сихымбаев) Научно-издательский центр «Ғылым». Алматы-2002 г.
2.
Р.В. Камелин Флора
Сырдарьинского Каратау «Наука» Ленинград, 1990 г.
3.
С.
Арыстанғалиев Қазақстан өсімдіктерінің
қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі, Алматы, 2002 ж.
4.
Естественно- научное
и технико-экономическое обоснование создания Сырдария-Туркестанского
государственного регионального природного парка. Книга 1 (Разработчики: Н.П.
Огарь, Л.К. Белоусова, А.А. Иващенко, Ю.Н. Грачев, Ю.С. Лобачев, А. Байбулов,
А. Шпарфов, С.А. Потапов, А.А.
Акназаров). Алматы, 2011 г.
5.
Т.М. Брагина, Г.В.
Гельдыева, Н.П. Огарь. Ключевые природные территории экологической сети
Казахстанской части Арало-Сырдарьинского бассейна. Алматы, 2012 г.
6.
Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 заңы. Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы. Астана, 2014 ж.
7.
Оңтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1
сәуірдегі №82
«Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау
аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат
пайдаланудың мөлшері, шекарасы,режим түрлері және
тәртібі турлы» қаулысы. «Оңтүстік
Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси
газетінің 2015 жылғы 16 мамырдағы 74-75 санды нөмірі.