Байтугелов О.Б., э.ғ.к., доцент

Елдесбаев Г.А., магистрант

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АУТСОРСИНГТІ ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТЫРЫ

 

Россиядағы өндірістік аутсорсингтің дамыту тәжірибелерін, сонымен бірге, осы облыстағы ірі компаниялар-қызметпен жабдықтаушылар өз кезегінде шағын бизнестен бастаған деп  ұйғарған әлемдік тәжірибені   жинақтап қорыту, жақын болашақта Қазақстанда аутсорсинг келесі облыстарда дамитындығын көрсетті (мұнда шағын бизнес потенциалын ірі өндірістік компаниялармен әрекеттестіруге болатынын есепке алу қажет):

- өндірістік және офистік – ғимараттарды тазалау;

- ғимарат, құрал-жабдықтарды – жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- күрделі емес өнімдерді дайындап шығару (құймалы күрделі емес дайындамалар, өнімдердің ішкі элементтері)

- өндірістік қоқыстарды тазалау;

- тозған құралдарды утилизациялау;

- жергілікті тасулар;

- тапсырыс берушінің өндірісіндегі мерзімді жұмыстарды орындау т.б.

Аутсорсингтің басқа қарапайым контрактілерден негізгі ерекше белгісі қызметтің өзі емес, тапсырыс берушінің қызметтен алған әсеріне акценті болып табылады. Басқаша айтқанда, аутсорсинг бойынша контрактте тапсырыс берушінің не алғысы келетіндігі және қандай критерилер бойынша ол аутсорсердің жұмысын бағалайтындығын максималды түрде толық сипатталуы керек, қаражаттарды таңдау – аутсорсингтің қызметін жабдықтаушыға жүктеледі [1].

Аутсорсингтің екінші маңызды кезеңі – қызметті жабдықтаушы мен тапсырыс беруші арасындағы өте тығыз байланыстар. Аутсорсингке берілетін функциялар тапсырыс беруші үшін басты болмаса да, бірақ оларды барабар орындамау көп проблемалар тудыруы мүмкін. Бұдан басқа аутсорсер коммерциялық құнды ішкі ақпараттарға  кіруге мүмкіндігі бар. Мұның барлығы тығыз интеграцияға және аутсорсинг қызметінің тапсырыс берушісі мен жабдықтаушысы арасындағы сенімділіктің қажеттілігіне алып келеді.

Әрқашан сенімділіктің белгісі болып кең тұтынушылық базаға ие болу саналған – провайдерде табысты жобалар көп болған сайын, ол сонша үлкен нарыққа танымалы болады, тұтынушының талаптарына ол бірдей көңіл бөліп, олармен жұмыс істеу методологиясы да жақсы өңделеді.

Аутсорсерді таңдау барысында потенциалды серіктестердің олардың мүмкіншіліктері жайында толық көрініс берілген, мінездемелеріне мұқият көңіл бөлу керек. Ол үшін потенциалды аутсорсердің алдыңғы тұтынушылармен аутсорсингтік әрекеттестіктерінің нәтижелерін зерттеп, олардың тұтынушылардың талаптарын түсіну барабарлығын бағалау қажет.

 Сонымен қатар, назар аударылған аутсорсердің жаңа шыққан технологияларды уақытылы іздеп табатын және тұтынушының сұранысына сай жылдам өзгере алу мүмкіншілігін беретін ұзақ мерзімді глобалды көрінісі болуы керек.

Бастапқы кезеңнен бастап, аутсорсердің технологиялық мүмкіншіліктері, инновациялық потенциалдағы және қажетті сұрақтар бойынша қызметкерлердің квалификациясының деңгейі туралы көрініс болуы қажет, аутсорсердің тұрақты жұмыс қатынастарын жүргізуге дайындығын және ол үшін тұтынушыларға қатысты коммуникабелділіктің қандай мәнге ие екендігін білу қажет.

 Сонымен бірге аутсорсердің әрекеттестікке отыру үшін шарттарын білу керек: бағасы қанша, көрсетілетін қызметтердің көлемі, меншікті және бақылауды  бөлу. Аутсорсер-компаниясының қаржылық тұрақтылығына көз жеукізіп және оның контрактінің орындалуы мерзімі барысында нарықта тұрақты тұратындығына мүмкіншілігі бар екндігін түсініп алу қажет.

Көптеген потенциалды аутсорсерлерді тартып, араларында бәсекелестік құру үшін конкурс өткізу қажет. Бұған қоса, нарықтың мүмкіншіліктеріне скептистік көзқараспен қарау керек: өйткені компанияға қажетті қызметті немесе өнімді ешкім де ұсына алмауы мүмкін. Конкурс нәтижесі бойынша тапсырмаларды бөлу туралы алдын ала қабылданған шешімге байланысты компания бір немесе бірнеше аутсорсерлерді таңдау қажет.

Аутсорсерлер саны бойынша диллема шешімсіз болуда: себебі, аутсорсерлер саны көп болған сайын олармен жұмыс істеу икемділігі жоғары болады, бірақ аз санды аутсорсерлерді бақылау оңай болып табылады.

Сыртқы мердігерлермен қатынас жасау арқасында, бөлек алатын болсақ келісім-шарт шарттарын өзгерту қарапайымдылығы (профсоюздар мен өз менеджерлеріне қарсы болмау керек) арқасында фирма үшін маңызды болып табылатын қосымша икемділікке қол жеткізуге болады, бірақ сонымен қатар бақылаудан айрылып қалмау керек [2].

Бұдан басқа бірнеше аутсорлермен бірден контракт жасау қызмет көрсетудің сапалылығын көтеріп және атқарушылар арасындағы тұрақты бәсекелестіктің арқасында құнның «қымбаттауынан» құтылуға болады. Бірақ мұндай вариантта басқарушылар үшін қосымша қиыншылықтардың толық қатары пайда болады: бұл жағдайда таңдап алынған аутсорсерлердің бір топ болып жұмыс істей алатындықтарына сенімді болу керек; қайталау болмас үшін және сол арқылы тапсырманың орындалу құнын көтемеу үшін аутсорсерлердің бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстарын үзіліссіз координациялау қажет, бір аутсорсермен жұмыс істеуге қарағанда, бірнеше аутсорсерлермен жұмыс істеу барысында  бақылау бойынша сұрақтар өткіррек болады.

Аутсорсингпен контракт жасасқанда оның аутсорсинг тәуекелдігін максималды төмендетуін қамтамасыз етуі керек [3]. Бұл үшін ол барлық жасырын шығындарын анықтайтын, бастапқы стадиясында қысқа мерзімді болуы және тұрақты бақылау мен аутсорсерлармен әрекеттестікті қарастыруы қажет. Бұдан басқа, контаркттың атқарушыларды тұрақты ынталандыруын қарастыратын және сапасыз орындалу жағдайында тапсырысты жоғалту тәуекелдігінен басқа, ол «win-win» стратегиясын, яғни бірлескен жұмыстан екі жақта табыс көруі керек [4]. Контракт өзгермелі шарттарға тәуелді көрсетілетін қызметтердің де өзгеріп тұруын қамтамасыз етуі үшін, жеткілікті дәрежеде икемді болуы керек, сонымен қатар стандартты контракттарға қол қоюдың қажеті жоқ, әсіресе,  олада таныс емес технологиялар болатын болса, өйткені олар көп жасырын шығындардан құралуы мүмкін.

Тиімді контрактқа отыру үшін ірі компанияда менеджерлер және тапсырылатын функциялар бойынша мамандар, эксперттер, квалификацияланған заңгерлерден тұратын, бірлесіп жұмыс жүргізетін команда болу керек. Жағдайды тұрақты бақылап отыру үшін контрактының орындалуын бақылайтын команда және  технологияның өзгерісін бақылайтын мамандар қажет.

Сонымен қатар, компанияның ішінде болып жатқан өзгерістерді түсіну атмосферасын құру қажет. Ұйымдастырушылық мәдениетке – ұйым мүшелерінің арасында бөлінетін және осы арқылы тәжірибе ұйымдар бойынша менеджерлердің бір ұрпағынан басқасына таратылатын, бірлестік жағдайларға  сүйене отырып, жұмыс жасау қажет. Нақ осы этапта компанияның негізгі қызметін дамыту қажеттігін және оған көп көңіл бөлуге аутсорсинг көмек беретіндігі туралы ойды сендіру қажет.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеу барысында олардың арасында өзара тәуелді белгілі іскерлік қатынастар  пайда болады. Осы қатынастар мен оларды  реттеудегі мемлекеттің ролінің тек шағын және орта бизнесті ғана емес, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын дайындау арқылы дұрыс орналастырылуының ескерілуі нарықтық экономикаға өту үрдісін жылдамдатуда маңызы өте зор [5].

Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің мүдделерінің үйлесімділігі, әсіресе, ірі және шағын бизнес арасында  ынтымақтастық жүйесін құру бойынша  ынталандырушы шаралары алдын-ала қарастырылған  болуы керек.

Ынтымақтастық жүйесінің  орнатылуы мен ірі кәсіпорындары өз мүдделері үшін  өндіріс саласындағы шағын кәсіпорындардың дамуын ынталандырады, бұл біздің елдегі кәсіпкерлік қызметінің құрылымдық қайта қалыптасуын  өткеруге жақсы ықпал жасайды. Атап айтқанда, олар өз маркаларын ұсынады, керек болған жағдайда оған жеңілдетілген түрде несие береді, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне  кеңес беру қызметтерін көрсетеді және оларға ғимараттарды, машиналарды, құрал жабдықтарды және т.б. жалға береді.

Мұндай көмектер мен мемлекеттік қолдауға бір уақытта ие бола отырып, шағын бизнес  міндетті түрде өзінің жағдайын тұрақтандыра  түседі, сан жағынан өсіп,тұрақты түрде  өндіріс саласында дамиды, бұл өндірілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасы мен ассортиментінің көбеюіне алып келеді. Ірі кәсіпорындардың өздері болса, қажетті жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер мен технологиялық үрдістерінің жекелеген сатыларындағы өнімдердің өндірісін шағын кәсіпорындарға тапсыра отырып, өндірісін ұлғайтып, жаңа бұйымдарды құрастыру мен жобалауға көбірек көңіл бөледі.

Сондықтан  үкіметтің кәсіпкерлік саласын құру мен кеңейту  бойынша мақсатқа бағытталған саясатында  бизнестің әртүрлі түрлері арасындағы орнатылатын өзара-қарым-қатынастар мен оларды ынталандырушы шаралар көрініс табуы керек, бұл кәсіпкерлікті дамытудың қосымша көзі ретінде соларға негізделген ынтымақтастықты пайдалану үшін қажет.

Кәсіпкерліктің түрлері арасында  бір-біріне өзара толықтырушы ретінде қызмет ететін өзара алғы шарттарды белгілеуші байланыстардың ескерілмеуі және нарықтық қатынастарды қалыптастыруда олардың әрқайсысының ролі мен мәнін бағалау кезінде есепте жіберілген жаңылысулар шағын кәсіпкерлік нысандарының пайда болу және даму үрдісіне кідіртпелі ықпал жасайды.

Сондықтан  шағын, орта және ірі кәсіпкерлік проблемасының кешенді шешімін табу үшін олардың өзара тәуелді түрде дамуын ұйғаратын жалпы бағдарламаның дайындалуы қажет. Бұл бағдарлама шағын, орта және ірі кәсіпкерлік арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының барлық жағын қамтуы керек. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікпен айналысатын  тұлғалардың саны  миллиондармен есептелуі керек. Тек сонда ғана  нарықтық экономикасы бар басқа дамыған  елдердегідей шағын бизнестің  ел экономикасындағы ролі  мен мәнін жоғарылатуға болады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Информационные технологии управления: Учебное пособие / Под ред. Ю.М. Черкасова. - М.: ИНФРА-М, 2001.-216 с.

2.     Гринберг А.С, Король И.А. Информационный менеджмент: Учебное пособие. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. - 415 с.

3.     Законодательные условия РК в сфере информатизации и развития Интернет, 1999г.

4.     Каренов Р.С, Дюсембаев А.Д., Андарова Р.К. Региональная экономика: (проблемы, концепции, решения). - Алматы: Гылым, 1997. - 224 с.

5. Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательста: концептуальный подход с позиций менеджмента. Алматы. Ғылым 307с