Магистрант Байталяков К.А., з.ғ.к., Балгимбеков Д.У.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті, Қазақстан
Қазақстан
Республикасының кеден қызметі: теориясы мен практикасы
Бұл
тақырыптың актуалдылығы Қазақстан
Республикасының кеден қызметінің түбегейлі
өзгеріске ұшырауында. Таңдау себебім, мені қазіргі
таңда Қазақстан Республикасында кеден органның болмауы
қатты аландатып отыр. Сондықтан бұл тақырыпты тандауды
жөн көрдім.
Өздеріңіз
білетіндей кеден органдары «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан
әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы
7 қарашадағы № 248-V заңы бойынша орган мәртебесінен айырылып,құқық
қорғау органдары қатарынан шығарылды.Кезінде кеден органдары құқық қорғау
органдары ретінде еліміздің экономикалық мүддесін
әрдайым қорғауда болатын.
Кеден органдары
кеден саласындағы қылмыстармен күресіп, жедел-іздестіру
қызметін орындап, шұғыл тергеу әрекеттерін
ұйымдастырып,істі сотқа дейін тергейтін
[1].
Жалпы
тәуелсіздік алғаннан бергі оншақты жылдар ішінде кеден
органдары күрделі ұйымдастырушылық құрылым
ретінде қалыптасу дәуірін бастан өткерді. Бүгінгі
таңда еліміздің кедендік қызметінің
қарқынды дамуы жаңа деңгейге түсуде.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі,
инвестициялық жағдайының жақсаруы, сондай-ақ
Кеден кодексінің халықаралық стандарттарға
сәйкестендіруі де осыған дәлел. Осыған орай, 2007
жылғы 26 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының
Кеден кодексіне бірталай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар кеден процедураларын
оңайлатуға көзделген.
Қазақстан Республикасында
ұлттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ерекше
маңызға ие. Демек, экономикалық контрабанда, кеден
төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, шетелдік валютадағы
каражатты шетелден кайтармау, айналыстан алынған немесе айналысы
шектелген заттардың контрабандасы, жаппай зақымдау қаруын,
каружарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын
технологияларды, ғылыми техникалық ақпаратты және
қызметтерді заңсыз экспорттау құрамы секілді кедендік
бақылау аясында жасалатын қылмыс құрамдарымен күрестің
маңызы өте зор [3].
Экономикалық
қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде
кеден қызметі аса маңызды рөлге ие, ол аталған
саладағы негізгі құқық қорғаушы
институттардың бірі болып табылатын. Сыртқы сауда айналымын, жалпы
алғанда, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге
қатыса отырып және фискалды қызмет атқара отырып, кеден
қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы
экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ететін.
Бүгінгі күні кеден
қызметінің негізгі бағыттарының бірі контрабанда
және кеден ережелерінің бұзылуымен, есірткі,
қару-жарақтың, оқ-дәрілердің заңсыз
айналымымен, халықтың мәдени және тарихи
мұраларын заңсыз алып кетумен күрестен бастап,
валюталық бақылауға, стратегиялық материалдарды алып
кетуге экспорттық бақылауға, адам өмірі мен
денсаулығына, флора мен фаунаның экологиялық
тазалығьна,қоршаған ортаға қауіпті заттарды алып
келуге жол бермеуге бақылау жасау болу керек
[4; 115].
Бірақ
жоғарыда айтылған міндеттерді қазір еліміздің кеден
қызметтері «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан
әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы
7 қарашадағы № 248-V заңы бойынша
орындай алмайды. Себебі бізде кеден органдарымыз жоқ. Жаңа
заң бойынша бұрынғы кеден органдарымыз Қазақстан
Республикасының қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитетінің құрамына кіріп, ҚР-ның кеден
қызметтері болып қайта құрылды
[5].
Қазір кеден
қызметтері жаңа заң бойынша келесідей қызметтермен
айналысады:1)Кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу пункттерінде
ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер
карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін
үйлестіру;2) Кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және
санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;3) Кеден
одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
радиациялық бақылау жүргізу;4) кедендік
операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді,
оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету
шеңберінде жүргізу;5) кедендік статистика
жүргізу;6) тауарларды шығарғаннан кейін
кедендік бақылауды жүзеге асыру;7) трансферттік
баға қолдану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру;8) этил спиртінің, алкоголь өнімінің,
темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және
биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру және
т.б [2].
Көріп
отырғанымыздай кеден қызметтері бұрынғыдай кеден
қылмыстарымен күресе алмайды. Яғни кеден қылмыстарына
төтеп беру мүмкіншілігі жойылды. Қазір кеден
саласындағы қылмыстармен экономикалық тергеу қызметі
айналысады. Ол орган жаңа құқық
қорғау органы ретінде пайда болды.
Менің ойымша
жоғарыда айтылып кеткен міндеттердің барлығын
Қазақстан Республикасының кеден қызметтері атқару
керек. Тез арада кеден қызметтерін кеден органдарына
айналдырып,құқық қорғау функцияларымен
қамтамасыз ету, жөн болар. Себебі, қазір еліміздің
экономикалық мүддесін ҚР-ның қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитетінің экономикалық тергеу қызметі қорғап
жатыр. Ол жай ғана комитеттің құрылымы болып саналады,
және комитеттің басты мақсаты ол кеден қылмыстарымен
күрес емес,ал экономикалық қылмыстарды алдын алу болып
саналады. Олар: жалған кәсіпкерлік,жалған банкроттық,
алаяқтық және т.б. Сондықтан еліміздің экономикалық
және қоғамдық қауіпсіздігімізді мемлекеттік ірі
орган қамтамасыз ету керек. Ол орган- кеден органдары. Басқа мемлекеттерге көз жүгіртетін
болсақ, барлық елде өздерінің кеден органдары бар.
Алысқа кетпей,көршілес Ресей және Белорусь елдеріне
қарасақ, оларда да кеден органдары өз қызметін
жүзеге асыруда. Керісінше кеден органдарын күшейткен орнына, біз
оларды жойып тастадық.Қорыта айтатын болсам, кеден органдарын
қайтадан құрып, құқық
қорғау органдары қатарына енгізу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.«Жедел-iздестiру қызметi туралы», Қазақстан
Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы.
2.«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», Қазақстан
Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі.
3.«Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексi», Қазақстан
Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
4.Ларичев
В.Д., Гильмутдинова Н.С. Таможенные преступления. - М.: «Экзамен», 2001.- Б.
608.
5.«Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан
әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы
7 қарашадағы № 248-V заңы.