Айткулова Гульмира
Абдималиковна, магистрант
Психология ғылымындағы креативтіліктің байқалу
механизмдері
Психология ғылымының тұтастай
алғандағы даму барысына қарай, оның
құрылымдары мен шығармашылық механизмдері туралы
көзқарастары өзгерді. М.Г. Ярошевский атап
көрсеткендей: «танымдық механиздер мен шығармашылық
процестердің деңгейі психологияның жалпы түсіндіру
схемалары мен зерттеу проблемаларына байланысты. Бұл схемалар мен
бағдарламалардың өзегін категориялық
құрылымдар жасайды ...»
Креативтіліктің проблемасын
қарастыра отырып, біз «психологияны жалпы түсіндіру
схемасының» динамикасын және шығармашылық
процестің механизмдерін (антикалық заманнан бізге дейін) эксвизитті
атап өттік, себебі біріншісі екіншісіне әсер етеді және
шығармашылықтың феноменін анықтайды.
Ғылыми жаңалық ашу теориясын
әзірлеуде Б.М. Кедровтың үлкен үлесінің бар
екендігін айтқан жоқ. Ол да Я.А. Понамарев сияқты
шығармашылықтың даму механизмін құруда,
динамикалық таным принципіне сүйенеді. Я,А, Понамарев негізге
алған жүйелік – құрылымдық көзқарас,
шығармашылық процестің үлгісін құруда
ғалым аппеляциялаған диалектикалық қисынның
бірлік (Б), ерекше (Е), жалпы (Ж) категорияларына Б.М. Кедровпен қарастырылады.
Осы моделді құрудың өзекті аспектісі болып ойдың
шындыққа қарай классикалық философиялық
қозғалыстың процесі болып табылады: танымның
төменгі сатысынан жоғары сатысына өтуі. Осы
өткелдің белгілі бір кезеңінде қандай да бір
танымдық психологиялық феномен, яғни тосқауыл пайда
болады, оны біз шығармашылықтың ғылыми –
техникалық механизмдері сезімінің сезгіштік және индукциялық
қатынасы деп атаймыз [1].
М.Г. Ярошевский проекцияның
трансформациялау механизмінің алгоритмделмегеніне, оның тек сезу
аймағында жатқандығына назар аударады. Бірақ
ғылыми зерттеудің детерминдік практикасы «инсайт»
құбылысынан иррационалдықты алып тастау мәселесін
қозғайды [2].
Ғылыми мәтінге жаңа пікірлер,
теориялар, жаңалықтар түрінде жазылғандарды қайта
кодтауда, әрі қарай өмір субъектісіне тәуелсіз
жүретін психикалық тілде заттың жаңа бейнесін жасайтын
эвристикаларды іздеу қажет. Креативтілік механизмінің феномені
«қисын түйсік» (немесе логика - интуиция) антиомиясына:
үйреншікті көзқарасты түбегейлі өзгертуде талап
етеді, мұның бәрі М.Г. Ярошевскийге осындай қорытынды
жасауға негіздеме береді.
Д.Б. Богоявленскаяның
шығармашылық процесін зерттеген бірқатар ресейлік және
шетелдік психологтар мен педагогтерден айырмашылығы
басқатырмақ тапсырмаларды шешкендей, эксперименттің
жаңа моделін жасайды, осылайша ол осы феномен туралы жаңа
психологиялық – педагогикалық көзқарасты сапалы
әзірлейді [3].
Бұл модель (осы міндетті орындауда)
көлемді болуы керек (проблемалық ахуал моделінен ерекшелігі, ой бір
жазықтықта қозғалғандай болады). Мұнда осы
міндетті шешу шегінен тыс ойдың қозғалу барысына ілесу
үшін жазықтық (облыс, кеңістік) пайда болуы керек.
Осы модель «креативтілік өріс» әдісі
деген атауға ие болды. «креативтілік өрісі» әдісінің
көмегімен интеллектуалдық белсенділіктің деңгейі
анықталады:
а) репродуктивті;
б) шығармашылық;
в) креативтілік.
Репродуктивті деңгейі эксперименттелуші,
оның әрекетінің алғашқы табылған
тәсілінде белгілеу өзгермеген жағдайда көрсетеді.
Интеллектуалдық белсенділіктің
шығармашылық деңгейінде дайын үлгі, дайын тәсілге
арқа сүйемей, логикалық талдау жолымен «неғұрлым
даңғыл жол тапқан» эксперименттелуші сипатталады.
Креативтілік деңгейі –
интеллектуалдық белсенділікті
көрсетудің ең жоғары деңгейі. Бұл
деңгейде «заңдылықтың эмпириялық табылуы, ойлау процесінің
ақырғы пункті болып қалмайды, ол өз бетінше зерттеу мақсатының
проблемасы болады [4].
Олай болса, бұл деңгейлер
ойдың қозғалысын көрсетеді, ол бірлік талдаудан
(өнімді ынталандыру деңгей) арқылы жалпылама (креативтілік
деңгейі) деңгейге біртіндеп жылжиды. Бұл бөліну
«спонтанды» ашылу механизмін - проблема қою феноменін
анықтауға мүмкіндік береді.
Танымдық тұлғаның
компонентінің өзі оларға тұлғаның
шығармашылық дамуының генезистік процесінде күрделілігі
әр түрлі формада көрсетілген. Ол бастапқы
кезеңнен бастап – жаңалық атаулыға, оны өзгертуге
қатысы бойынша анықталынатын баланың талғампаздығы,
іздеу белсенділігінен бастап, проблемалық кезеңге дейін.
Шығармашылық
тұлғаның қалыптасуы мен дамуының
психологиялық алғышарттары туралы мәселені қоя отырып,
А.М. Матюшкин оның келесі құрылымдық компоненттерін
саралап жіктейді:
1. Танымдық
уәждің басымдық рөлі:
2. Проблемаларды қою
мен шешудің жаңаны анықтау қабілетінде
көрсетілетін зерттеушілік шығармашылық белсенділігі;
3. Түпнұсқалық
шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігі
4. Болжау мен
таңдандыру мүмкіндігі
5. Жоғары
эстетикалық, адамгершілік және интеллектуалдық бағалауды
қамтамасыз ететін, идеалдық эталондарды жасау қабілеттілігі.
Осы құрылымдық компоненттер -
тұлғаның шығармашылық түйсігінің
детерминанттары [5].
В.А. Моляко шығармашылық міндет деп
мыналарды санайды: арнаулы іздестіру, әр түрлі ой –
еңбектері, оны шешудің жаңа жолдары шығармашылық
процесті ол үш циклге бөлінеді:
1. Тапсырманың
шарттарын түсіндіру.
2. Болжам құру.
3. Болжамды алдын - ала шешу және тексеру.
В.А. Моляконың зерттеулерінде
ойлаудың рөлі бірінші сатыда басым. Бірақ бұл сатыда
ойлау толығымен шығармашылық деңгейде бола алмайды,
себебі бірінші деңгейдің психикалық мәні автордың
ойы бойынша жаңа ақпараттық субъектідегі эталондармен сәйкестендіру процесіне
теңестіріледі. Дегенмен, осы сатыда түсінік - кейіпкер көру образы қиялы
ойлардың қызмет етуін білдірсе де соңындағылардан басым
ерекше болады. Шығармашылық процестің компоненттерінің
анықтаушысы ретінде дәстүрлі қарастырылады да
қиялдануға мүмкіндік береді. Екінші кезең - болжамдардың қалыптасуы. Ойлау
операциясының қызмет етуінің креативтілік деңгейін
жанамалдайды.
Л. Рубинштейн атап өткендей «...
тапсырманы ойлау процесінің нәтижесінде шешу үшін адекватты
санаға келу қажет». Яғни, ойлау процесінің әр
түрлі операцияларын пайдалану керек. Осы операциялар В.А. Моляконың
зерттеулерінде дәстүрлі жазылған талдаумен,
жинақтаумен, жүйеленумен, бірақ ойлау және
қиялдану жұмыстары әрі қарай субъект жадында «білім,
білік, дағды» белгілі бір тұрақтылар болғанда жасалады,
олар неғұрлым берік мағыналық байланыс жасайды
және пиғылдардың тууына жағдай жасайды. Осы процестің
нәтижесінде психологиялық механизмнің болжамдық құрылуы, белгілі бір
құрылымдық тізбекпен жасалады [6].
1.
Шарттардағы
бағдарларды ажырату.
2.
Бағдарларға
қолданылатын белгілерді іздеу.
3.
Конструкцияның
белгілерін бағдарлардың белгілерімен салыстыру.
4.
Нақты
құрылымға немесе функцияға жарайтындығы немесе
жарамайтындығы жайлы шешім қабылдау.
Процестің құрылымдық
сипаттамасында шығармашылық тапсырманың шешімі болжамды
тексеру болып табылады. Бұл – үшінші цикл.
Эксперименттік мәліметтерді және
сыналу есептерін ескере келе, В.А. Моляко интуитивті ойлау негізіне салыстыру
механизмі жатады деген қорытындыға келеді. Осы іс - әрекет
негізіне салыстыру механизмі, комбинаторика және қарсы тұру
жатады.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.
2. Психология творчества / Я.А Пономарев- Л., Издательство «НАУКА> МОСКВА 1976
3. Энциклопедия психологических тестов. Общение, лидерство, межличностные
тношения / Под ред. А.Карелина. – М., 1997.
4. Психология творческих
способностей/ Под ред. Д.Б. Богоявленская. – М., 2002.
5. Матюшкин А.М.
Концепция творческой одаренности // Вопросы психологии. 1989, N 6,
с. 29 - 33.
6. Основы
общей психологии/С.Л.Рубинштейн– М., 1998.