Педагогика

 

Ахметова Зәуре, Сулейменова Әсел

Қарағанды қ. «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешілері, Қазақстан

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

 

Кілт сөздер: педагогикалық үдеріс, мұғалім, оқушы, тәрбие, оқыту, тұлға, тұлғааралық қатынастар.

 

Тәрбие туралы білімдер ең ежелгі болып саналады және олар қоғам дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы адамдардың өздерінде бала тәрбиесі туралы білімдер болды және олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа салт-дәстүрлер, ойындар, тыйымдар, өмірлік ережелер түрінде беріліп отырды. Педагогиканың пайда болу себебі – тәрбиеге деген объективті әлеуметтік  қажеттілік. Ол – жинақталған әлеуметтік тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі  қажеттілігі. Педагогика ғылымының тәрбие туралы күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы – тәрбие, білім беру облыстарындағы құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашу.

Оқыту мен тәрбие ықпалдары арқылы адам дамуында қандай өзгерістер жүреді және олар  немен байланысты екендігін түсіндіреді.  Педагогика алғашқы кезде барлық ғылымдар сияқты философия аясында дамыды. Ежелгі дүниенің дамыған елдері Қытайда, Египетте, Индияда, Грецияда тәрбие тәжірибелерін қорытудың, теориялық тұжырымдар құрудың алғашқы қадамдары жасалды. Батыс Европа тәрбие жүйесінің негізі ежелгі грек философиясы болды. Грек философтары адам, қоғам өмірінің барлық жақтары туралы білімдер жүйесін құрды. Олардан адам тәрбиесі мәселелері де тыс қалған жоқ.

Ежелгі Грекияның ұлы ойшылдары Сократ, Аристотель, Платон, Демокриттің еңбектерінен адам тәрбиесіне, тұлға қалыптасуына байланысты идеялар  мен қағидаларды кездестіруге болады. Педагогика жеке ғылым ретінде философиялық ғылымдар жүйесінен ХХVII ғасырда бөлініп шықты. Оған негізгі еңбек сіңірген ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский. Оның белгілі еңбегі «Ұлы дидактикада» оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оны ұйымдастырудың жолдары қарастырылды. Өз еңбектерінде Я.А.Коменский тәрбие мәселелеріне де үлкен мән берді. Ол «Аналар мектебі» атты еңбегінде отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын жария етті. Я.А.Коменскийдің ізімен педагогика ғылымына зор үлес қосқан ғалымдар шықты (Джон Локк,. Жан Жак Руссо, Иоганн Генрих Песталоцци, Иоганн Фридрих Гербарт, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов). 

Педагогика объектісі мен пәнін анықтауда қазіргі кезде ортақ пікір жоқ. Педагогикада  көптен қалыптасқан және кең тараған пікірлердің бірі бойынша, педагогика – тәрбие туралы ғылым.  Бұл жағдайда оның зерттеу объектісі мен пәні жеке бөлініп қарастырылмайды және «тәрбие» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Ең кең мағынада тәрбие – бүкіл жиналған әлеуметтік тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі деп қарастырылса,  тар мағынада нақты тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған тәрбие жұмысы процесі және нәтижесі деп анықталады.

Қазіргі кезде педагогиканың  объектісіне деген басқаша да көзқарас қалыптасып келеді. Ол көзқарас бойынша педагогиканың объектісі тұлғаға әлеуметтік тәжірибені меңгертуге және оны дамытуға бағытталған қоғамның мақсатты іс-әрекеті. Оны білім беру деп   атайды. Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, экономика, әлеуметтану, психология ғылымдары да зерттейді. Осы ғылымдардың білім беруді зерттейтін өз салалары бар. Мысалы, білім беру философиясы, педагогикалық психология, білім беру эконмикасы, білім беру әлеуметтану және т.б.. Бірақ әр ғылым білім беруді өз тұрғысынан, өз позициясынан қарастырады.  

Арнайы әлеуметтік институттарда (оқу-тәрбие мекемелері, отбасы) мақсатты ұйымдастырылатын нақты тұтас педагогикалық процесс немесе үдерісте тұлғааралық қатынастар маңызды орынға ие. Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді.  Педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы дамуының тиімді жағдайларын анықтайды және зерттейді.  Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын  ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік. 

«Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берілген анықтамалар өте көп:

1) Адам (биологиялық түсінік ретінде) - тіршілік иесі, өкілі, фило- және онтогенетикалық даму өнімі.

2) Адам – адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін меңгеретін,  табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі.

Күнделікті тұрмыста  индивид  деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуыының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұрқтылыығын, белсенділігін айтуға болады. Әр адам – индивид. Даралық, қысқаша айтқанда, бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік. Даралық мінез және темперамент, шығармашылық іс-әрекет және қабілеттер ерекшелігімен көрінеді. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни әр адамды өзіндік ерекшіктері (психикалық, әлеуметтік) негізінде даралық ретінде қарауымыз керек. Педагогикада және психологияда тұлға және оның дамуы проблемасы бойынша үш бағыт болды: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік. Биологиялық (преформистер) бағыт өкілдері тұлғаны тек қана табиғи өнім ретінде қарастыра отырып адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын туа біткен қажеттіліктер, инстинктер  ықпалы деп түсіндіреді (З.Фрейд).

Адам қоғам талаптарына бағынауға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін үнемі басып отыруға мәжбүр. Ол өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска киеді» немесе қанағатандырылмаған табиғи қажеттіліктерін басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады дейді. З.Фрейд адамның жүріс-тұрысы толығымен жыныстық инстинктен (либидо) тәуелді деп есептеді.  Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір сүру барысында өзі қарым-қатынасқа түскен әлеуметтік топтардың ықпалы арқылы біртіндеп әлеуметтенеді деп есептейді. Тұлғаның даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым онда биологиялық ерекшеліктері анық көрінеді, бірінші кезекте иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т.б. инстинктер. Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық процестер (түйсік, қабылда, ойлау және т.б.) биологиялық негіде, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылықтары, қабілеттері әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасады деп түсіндіреді. 

Педагогикалық үдерістің теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенің нәтижесіне қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі қалыптасқан көзқарас бойынша, әсіресе жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі.

Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдын мазмұнымен байланыстырады немесе оқушыларда қайсарлықгы, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Сөзсіз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден менгерілетін пәннің мазмұны қаншалықгы қоғамның даму денгейіне, оның мүддесіне сай келетіндегіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықты табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік зандылықгарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.

Кезінде А.С. Макаренко тұлға кемшілігі оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшітіктерімен байланысты деген болатын. Демек, процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушылардың қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн.

Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір -бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғалімнің маңызы зор,ол үшін мұғалім білімінің, беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор, оның жетістіктері қаңдай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушыларды бірте-бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинақталады,тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмеңдмейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды.

Бірақта зерттеулердің (А.С. Макаренко, Т.Е. Конникова, Л.И. Новикова, М.Н. Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақгастығында балаларға еркіндік берумен іс-әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе-тендіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдасуға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықты, қадір-құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да) және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді. Бұл мұғалім мен окушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оның өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.

Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығында кем емес. А.С.Макаренко «ұтаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек» дейді.

Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиеленушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатынастардың өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолданылуы мүмкін.

Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс-әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, арнайы ұйымдастырылған ерекше бір іс-әрекет ретіндегі олардың коллективтік қатынастары оқушыларда бір-бірін тұлғалық қабылдау мәдениетін максатты тәрбиелеу, оқушылардың өзін -өзі тану процесі барысында оларға жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзінін жүріс-тұрысын өзі реттеу және әлеуметтік тиімді өз орнын табуымен байланысты.

Оқушылардың өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бұл тетік, бірінші көрсетілген тетік сияқгы, тек іс-әрекет болғанда ғана пайда болатынында және қызмет атқаруында. Сонымен қатар іс-әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақтастық пен жауапкершілік қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалынады.

Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекетпен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіңдік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыра алса, онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Почепцов Г.Г. Теория коммуникации. – М., 2003.

2. Мұхамеджанова Ә. Оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасын басқару // Білім. – №10. – 2006. – Б. 18-29.

3. Смелкова З.С. Педагогическое общение. М., 1999. – 232 с.

4. Подласый И. Педагогика. Кн.1. – М., 2000.

5. Подласый И. Педагогика. Кн. 2. – М.: Владос, 2000.