Кульниязова Кульмараш
Жумабаевна
№ 260 орта мектебінің
бастауыш сынып оқытушысы
КАЗАХСТАН, Қызылорда
облысы, Арал қаласы
Ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың
адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелеу жолдары
Бастауыш
сынып оқушылары ана тілі сабақтарында адамгершілікке
тәрбиелеудің маңызды педагогикалық негіздері -
оқушылардың белсенді өміршілік позициясын
қоғамдық борышқа саналы көзқарасын,
сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан
ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол бала
дамуының, жеке бастың адамгершілік қасиеттерін дамытудың
аса маңызды саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға,
ұжымға, қоғамға, отанға, еңбеке қатынасын
анықтайды.
Ұстаз шәкірттерге
жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды
себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілеп, бір мақсатқа,
бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіру.
Сонда ғана шәкірттердің ізгі - ниеттілігін қалыптастырады.
Адамның адамгершілік қасиеттерінің дамып жетілуі
өмір бойына созылатын процесс болғандықтан, адам бойындағы
моральдық қасиеттердің негізгі сипаттары балалық
кезеңде жинақталады. Олардың есейгендегі мінез-
құлық әдеттері, адамгершілігі, еңбекке
бейімділігі, түрлі қабілеті осы кезден бастап бекиді. Осыған
орай білім ошақтары мен мектептердің міндеті – жас ұландарды
бастауыш сыныптардан бастап ғылымның терең және берік
негіздерімен қаруландыру, ана тілін оқыту арқылы, халық
педагогикасы мен ұлттық үрдісті оқыту арқылы жеке
тұлғаның бойына адамгершілікті қалыптастыра аламыз.
Ана тілі пәні арқылы
кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту,
тәрбиелеудің мүмкіндіктері: ана тілі пәнінің
мектепте өтілетін басқа пәндерге қарағанда
өмір таныту, адам таныту құралы ретіндегі маңызы
ерекше. “Ана тілі пәнінің негізгі материалы - сөз. Ол
алған әсерлеріміздің, сезіміміздің, ойымыздың
барлығын көркем тілмен береді. Ана тілі- сөз арқылы
пластикалық, бейне жасайтын көркем өнер”.
Балалардың санасында ізгіліктің шырағын жаға
білудің тағы бірнеше жолдарына тоқталып өтейік: Ана
тілі оқулығындағы шығарманың мәтінінің сан
қилылығын аша отырып, ондағы кейіпкерлердің
жақсы-жаман қасиеттерін салыстыра отырып, жақсыға
баулып, жаманнан аулақ болуының жан-жақты тәсілдермен
балалардың бойына сіңіру керек. Бұл әрекет шын
мәнінде білімнің мұғалімнен оқушыға берілуі
(әдеттегі сабақтарда
болатындай) емес, қандай болмасын бір адамгершілік міндеттрді өз ой
елегінен өткізетін ояту әрекеті болады. Мәселен ана тілі
кітабынан бір суретті салуды суретші шеберлігіне үйрету емес,
баланың сезіміне әсер етіп, оның ішкі дүниесін
оятудың және дамудың тәсілі ретінде түсіну керек:
Олар:
1.
Тыныштықта отыру.
2.
Жағымды ойларға бейімдеу.
3.
Үлгі аларлық оқиғаларды,
нақыл сөздерді, еретгілерді тыңдау және талқылау.
4.
Топтық қызмет.
Осы әрекеттердің кез-келгенін
сабақтарды өткізудің алғашқы тәсілдері
ретінде пайдалнуға болады.
Қазақ ауыз әдебиетінің
асыл үлгілері: ертегілер,
эпостық жырлар, ақындар айтысы туралы көптеген аса
құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазған академик-жазушымыз
М. Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние
жүзі халықтарының қосқан өзіндік
үлесін сөз ете келе: “Гректер атақты храмдарын, египеттіктер
пирамидаларын, қытайлықтар фарфор бұйымдары мен
мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндерін,
итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын,
француздар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ
елі аса бай өлең-жыр мұрасын
қалдырды.
Ана тілі сабағын оқыта отырып баланы
тәрбиелеу ісіне қажетті мүмкіндіктер ауыз әдебиеті
үлгілерінен табылып, халықтың шығармаларды оқып-
танысы барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-
мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат
әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа
ұшырататынына көз жеткізеді.
Сан
ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген
халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы
уақытқа дейін өзінің педагогикалық
мүмкіндіктерін мәні зор екендігін дәлелдеп келді.
Халық
ауыз әдебиеті үлгілері балаларға мейлінше жақын,
барынша түсінікті дүние болғандықтан, ол арқылы
балалар айнала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың
сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік,
әсемдік, әдептілік жайлы ұғымдарын бойына
сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр,
әдеп-ғұрып туралы түсінік алады.
Ауыз әдебиетінің қай жанрын
алсақта, оның педагогикалық тұрғыдан
тәрбиелік-білімдік мүмкіндіктерінің сан-алуандығы
көрінеді.
Ауыз әдебиетінің адамгершілік
тұрғыда тәрбиелеуде мақал- мәтелдер
өмірдің сан алуан құбылыстарын кеңінен
қамтып,қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар
мәселелерді, яки адамгершілік, еркіндік, әділеттілік, өнер,
білім, тіл т.б. турасында ықшамды, мағыналы, көркем тілмен
айтылған өмір тәжірибелері, ой қорытындылары мен
тұжырымдарының тереңдігін айқындайды.
Мысалы:
Жақсы ой мен күндей,
Әлемге бірдей
Үлкенге
құрмет- кішіге міндет.
Ел үмітін - ер ақтар
Ер атағын - ел сақтар - дейтін мақал - мәтелдердің
балалар үшін танымдық, тәрбиелік мәні зор.
Ал, ертегілер
арқылы оқушылардың адамгершілік және эстетикалық
тәлім- тәрбиесінің дамуына ықпал жасалады. Баланы
мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке,
әділеттілікке, әрекеттілікке үйретеді. Өмірде
кездесетін жайыттардың, яғни, жақсылық пен
жамандықтың, мейірімділік пен қатігездіктің,
шындық пен өтіріктің, әділеттілік етуші
ғалым А. Байтұрсынов: “Ертегінің қадірі қанша деп
сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
1)
Халықтың ұмытылған
сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса ертегі тіл жағынан
керек нәрсе.
2)
Бала әдебиеті жоқ жерде
баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе.
Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйрету.
3)
Бұрынғылардың сана - саңылау, қалпы - салты жағына дерек берумен керегі бар нәрсе”- деп айтқан балатын.
Ахметке дейін осы ертегі образдарының тәрбие үшін тиімділігін пайымдаған орыс педагогы А. В. Сухомлинский: “Ертегі- халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі”- деп орынды айтқан.
Адамгершілік тәрбиесі оқу тәрбие үрдісінің барлық салларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, мектепке алғаш келу - баланың өміріндегі маңызды оның өсіп жетілуі мен тәрбиесіне терең із қалдыратын кезең. Баланың бұған дейінгі тәрбиесіне енді негізгі іс-әрекет оқу енеді. Баланың оқу әрекетіне араласуы өмірдің жаңа тәртібіне енуі оңайға түспейді.
Халықтық ұғымында әдеп сөзі тәртіп деген мағынаны білдіреді. Өйткені әдеп сақтай білген бала да міндетті түрде әдепті болады.
Адамдардыњ бір-біріне инабаттылық танытулары, өзара ізеттілік кµрсетулері, сыйлы-құрметті, қадірлі-қастерлі болулары тіпті жан-жануарлар және өсімдік әлемімен нәзік байланыста болулары, оларға қамқорлық жасаулары, әлбетте тәртіптілік пен әдептілікке негізделеді.
Сондай-ақ әдеп сақтау туған халықты, елді, жерді, отанды және жалпы адамзатты ардақтау болып табылады.
Баланы жақсыға үйретіп, жаманнан жирендіріп, жалпы оны жеке жєне қоғамдық өмірге баулитын, оның жағымды мінезін шыңдайтын да осы әдеп.
Адам аты болған сон, ата-ананың, елінің, Отанның перзенті. Отан алдындағы парызы- ең ұлы жауапкершілік. Адам болып қалыптасу үшін Абай атаның айтқанындай:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмаќ жүгірмек.
Ақылымен ойлан сөйлемек,
Ақыл
керек, ес керек, мінез керек.
Ана
тілі оқулығында берілген А.Құнанбаевтың өлең,
әңгімелері жаман әдеттерді үйренуге насихаттайды. Ана
тілі оқулығында берілетін мақал-мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаш - баланың тілін дамыту, дүние танымын кеңейту,
әрі тәрбиелеу де маңызы зор.
Әдептілік
сақтауды үйрету - этикет, мінез-құлық, қарым-қатынастың
қалыптасқан халықтық ереже. Ол ереже бұзылса халықтың
дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан
келтіреді.
Әдептілік-
имандылық, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз.
Қазіргі
заманғы тәжірибеде жеке тұлға дегеніміз-қоғам
өкілі саналатын адам, ол өз станымын µзгелер арасында еркін табиѓи
кейіпінде анықтай алады. Жеке тұлға-адами
қиндылық, соның
нәтижесінде қоғам дамиды. өмірлік жолын таңдау
мүмкіншілігіне ие саналы адам жеке тұлға дамуының
түпкі негіздері мен қозғалмалы күші бірлескен
іс-әрекет және қарым-қатынастан көрінеді.
Қорыта келе
айтатыным: Жас
ұрпақтың рухани дүниесі, адамгершілік қасиеттері;
идеялық көзқарасы санаға сөз арқылы
әсер ететін ана тілі (мақал- мәтел, әңгіме,
ертегі, аңыздар, жырлар, шешендік сөздер) өнерінің
табыстарына негізделіп қалыптасады. Өйткені ана тіліндегі
шығармалар бұл кіші жастағы балаларға өте
қатты әсер етіп, ұмытылмас із қалдырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Бержанов Қ. Мусин Қ. Педагогика тарихы, Алматы, 1975ж.
2.
Дербісалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы, 1990ж.
3.
Есімов Ғ. Кәкім
Абай. Алматы, 1994ж.